15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қазақстан-майдан арсеналы" сыныптан тыс шара 9 сынып
9 сынып Қазақстан тарихы. Улмесекова Назым Даутбековна
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан майдан арсеналы»
Сабақтың мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға, «Бабалар жері-кейінгі ұрпаққа аманат» екенін саналарына сіңдіру;
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан ата-бабаларыздың ерлігі мен еңбегін бағалап, құрметтеу;
Дамытушылық
мақсаты: Оқушылардың
тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу,
іздену, шығармашылық жұмыс істеу
қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік
мақсаты: Өз
Отанын шексіз сүйетін патриот, ұлтжанды
ұрпақ ретінде қалыптастыру, батыр
бабаларымыздың есімдері мен ерлігін
құрметтеуге тәрбиелеу;
Мұғалім сөзі: Қадірлі қонақтар, оқушылар! Сіздерді алдағы 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға береке-бірлік тілеймін! Бүгінгі 9-сынып оқушыларымен ұйымдастырылған «Қазақстан майдан арсеналы» атты шараға қош келдіңіздер!
1 бөлім: дөңгелек үстел ұйымдастыру арқылы Тәуелсіз Қазақстанның тарихына, Елорда-Астананың гүлденуіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, еліміздің дамуына байланысты өз болжам-ойымен бөлісу.
Сонау ықылым заманнан бері-ақ ата-бабаларымыз қасиетті жерімізді кие тұтып, ат үстінде ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен дархан далаға дұшпан табанын дарытпай, қорғап келді. Сол жанқиярлықтың арқасында Алатаудан Арқаға дейін, Алтайдан Атырауға дейін қанатын жайып жатқан қазақ жерін сақтап қалып, аталар ісін алға апаратын ұлтжанды отансүйгіш, дархан мінезді, пейілі кең, иманжүзді, жүрегіне мейірім ұялаған адал ұрпақ өсіп келеді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол- Тәуелсіз Қазақстан» деген еді. Осы аталы сөз біздің бойтұмарымыздай болуы тиіс.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары еліміздің шекарасын айқындап, түпқазығын қақтық, іргемізді бекіттік. Сол шекарамыздың бекемдігі, аспанымыздың ашық болуы, ел бақытының баянды болуы Отан қорғаушылар қолында екені бәрімізге белгілі, келер ұрпақтың еншісі екені анық. Тәуелсіздігіміздің тіргеі бекем, тұғыры биік болуы үшін жас ұрпақты білімді де саналы етіп өсіру алдыңғы буын ағаларға парыз.
Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқы ертеден-ақ үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өтіпті. Олар туған ел, туған жер, ана тілі. Ертеден ақындардың ел-жұртын, өзінің туып-өскен жерін жырға қосуы, батырлардың туған ел топырағында өлсем деп арман етуі тегін емес.
Жұмыр жерді мекендеген жұмырбасты пенделердің ұлт пен ұлыстың барлығына бірдей жазылмаған бақыт-мемлекеттілік. Кейбірінің елі бар, бірақ еркі жоқ, біреудің боданы. Яғни бұл ретте шүкіршілік айтуымыз керек. Көреген бабаларымыз болашақты ойлапты, алмағайып заманда елін, жерін сақтапты, ешкімнен кем қылмапты. Бүгінде жер көлемі жағынан 9-орында тұрған елміз, ұлан-ғайыр даламыз бар, асты-үсті қазынаға толы бабалар аманаттаған сол жерді сақтау бүгін өзін қазақпын деп сезінетін әрбір азаматтың парызы.
Балалар, қазір мен сіздерге сұрақ қоямын, сіздер жауап бересіздер!
Жеріміздің аумағы қанша: 2724,9 мың км
Облыс саны: 14
10 мемлекетті атап жіберсек: Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Аргентина, Қазақстан, Алжир.
Қазақстанның ең ұзын шекарасы: Ресеймен арада.
Қазақстан құрлықта 5 мемлекетпен шектеседі: Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан.
Каспий теңізі бойынша көршілеріміз: Әзірбайжан мен Иран.
Дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайтын құрлықішілік мемлекет болып табылады.
Еліміздегі халық саны: 17,2 млн.
Мұғалім сөзі: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жастарға арнаған сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа!», деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен деген заңды сұрақ туындайды. Алдағы мерекеге байланысты жастардың отансүйгіштік сезімінің қандай екенін, ойларын білу үшін ұл-қыздарымызды сөзге тартсақ:
Балғын, Қазақстанның тарихында болашақ ұрпағы үшін «ақ найзаның ұшы мен ақ білектің күшін» аямай, туған елі, жері үшін жанын шүберекке түйген ерлер аз болмаған.
-Аса көрнекті мемлекет қайраткері, саясаткер, дипломат, қазақ жерін біріктіруші Абылайдың өмір жолы, ерлік даңқы, ақылы мен айласы, қолбасшылық қабілеті бүкіл қзақққа аңыз болып тараған. Қазақтың бірде-бір ханы оған дейін де, Абылайдан кейін де шексіз билікке ие болып халық құрметіне бөленген емес. Абылай хан парасаты-атамекені үшін күрескен барша қазақтың ұраны болды.
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі-Отаншылдықтың айшықты түрі.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Талаай-талай қас батырлар жанын қиып қорғап қалған, талай арулар махаббат қорғаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің күәгері болған қасиетті Отанымыз-Қазақстан!
Халқымыздың ата-құлқы, ана сүтімен сіңген осы осы отаншылдық ерлік, намыскерлік мінез кешегі сұрапыл соғыста ерекше көзге түспеді ме?
Тілек, әрине, осы жерде Ұлы Отан соғысын айтпай кету мүмкін емес!
1945 жылы мамырдың 9-да Ұлы Отан соғысы Кеңес елінің жеңісімен аяқталды. Биыл мамырдың 9-да неміс-фашист басқыншыларының екінші дүниежүзілік соғыста қайта бас көтерместей жеңілгеніне 74 жыл толады.
Бұл Ұлы Жеңіс бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының «Барлығы майдан үшін, барлығы-Жеңіс үшін!» деп жанқиярлықпен шайқасқан ұлы ерлігінің арқасында қамтамасыз етілді. Ұлт пен ұлыстың, үлкен мен кішінің патриоттық сезімі буырқана оянып, ата-ана мен аға-іні үшін, қара орман мен қалың ел үшін мың қиындық пен бір сынға түскен боздақтардың қанымен келген Ұлы Жеңіс бұл. Бұл қуанышты көру-біреуге бұйырыпты, біреуге бұйырмапты. Көптеген ардагерлеріміз өмірден озып, о дүниелік болып кетті. Қазір олардың қатары сиреп қалды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында барлығы 11600 жауынгерлер мен офицерлерге Кеңес Одағының батыры атағы берілді, солардың 497-сі қазақстандықтар. Олардың ішінде 100 батыр-қазақтар. Ұлы Отан соғысының батыры атағы алғаш рет 1941 жылғы 22 шілдеде 19-танк дивизиясының командирі, генерал-майор К.А.Семенченкоға берілді. Соңғы Кеңес Одағының Батыры атағы 1991 жылы 11 желтоқсанда аты аңызға айналған ержүрек жауынгер Бауыржан Момышұлына берілді. Қазақ қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова-Шығыс қыздарынан тұңғыш рет батыр атағын алды. Бұл атаққа Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Сергей Луганский, Иван Павлов екі мәрте ие болды.
Қанеки, Аңсар біздің жерлестеріміздің қаншасы соғысқа қатысыпты?
Ұлы Отан соғысына Шығыс Қазақстаннан 100 мыңнан астам адам қатысты. Гитлерлік басқыншылармен ерліктері үшін төрт мыңнан аса біздің жерлестеріміз ордендер және медальдармен марапатталған. Ұлы Отан соғысының қаһарман жылдары одан ары алыстап барады. Соғыс жылдары дегенге көп нәрсе сияды: сұрапыл соғыс сындары, жеңістің ащы қасіреті, қуанышы мен бақыты, қан мйдандардағы қайсарлық, қарапайым еңбек адамдарының ерен ерліктері.
Нұрәлі, мектеп қабырғасында патриоттық сезім неден бастау алады деп ойлайсың?
Әр дүйсенбі сайын біз Әнұранымызды жүрек тұсын тұсына ұстап, шынайы көңілімізбен орындаймыз. Міне, нағыз Отаншылдық осыдан басталатын сияқты. Жастар мектеп партасынан бастап отаншыл да сергек, шымыр, шыншыл болуы үшін Елбасы мен Үкіметіміздің қолдауымен ұйымдастырылып жатқан «Жас Отан», «Жас қыран», «Жас ұлан» сияқты қоғамдық ұйымдарды айтуға болады. Осындай патриоттыққа тәрбиелейтін ұйымдардан ұшқан ұлдарымыз еліміздің намысын, абыройын, тыныштығын сақтап қалуға әр уақытта дайын болатындығын түсінемін. «Дайын болу» дегенді қалай түсінуге болады? Меніңше, ол мектепті жақсы аяқтап, әрі қарай жоғары оқу орнына түсу ғана емес, сонымен қатар әр азаматтың әскери міндетін өтеуі.
Тілек, Отан қорғау үшін ер жігітте қандай қасиет болу керек деп ойлайсың?
«Үлкен түйенің жүрегі ауыр дегендей» әскерде жүрген ер азаматтарымызға қойылатын талап та орасан. Қайрат, қайсарлық сияқты жігіттңк қасиеттерден басқа көркем мінез де сұралады. Осындай ұлдары бар Қазақстан ешкімге, еш уақытта тәуелді болуға тиісті емес...
Адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отаанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Отанын сүйе білген, Отанын көркейту үшін аянбай еңбек еткен адам да , бәрі де: үй-жай да , құрмет те,, қызмет те, алға жетелейтін шексіз арман да болады.
Айдана, қазақ халқы басынан қандай жағдайларды басынан өткерді?
-Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркінді пен тәуелсіздік таңын аңсап өтті. Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. 1916 жылығы көтерілістен бастап күштеп ұйымдастыру, 20 жылдардағы аштық, 30 жылдардағы тоталитарлық жүйе, Ұлы Отан соғысы, Семей ядролық полигоны, Арал қасіреті, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жазылмас ауыр жаза салды. Оны ұмытуға, айтпауға болмайды. Міне, енді еліміз егемендік алып, жаңа өмір салтына қызмет ете бастады. Ғасырлар бойғы бойы арман-мақсаты орындалды, ата-баба алдындағы апрыз өтелді деуге болады. Тәуелсіз ел ретінде бүкіл әлем халқы тани бастады. Дүниежүзілік ірі ұйымдарға мүшелікке қабылданды., экономикамыз нарық жолына қарай бағытталды.
Ақмарал, сіз бүгінгі Қазақстанға қандай баға бересіз?
-Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыздың бейбіт өмірде еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі. Тәуелсіздік, еркіндік-ежелден ел бақыты. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі. Бүгінгі Қазақстан-өлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін жері де, елі де бай ел.
Аяулым, өз өлкеңді мақтан тұтасың ба?
-Мен жер шарының ең сұлу, бай өлкесінде тұрамын және оны мақтан етемін. Ол-менің туған Отаным. Туған Отанымды, халқымды, Бобровка ауылын, туған тілімді құрмет тұтамын. Менің туған өлкем- ауылы. Туған өлке адамның жүрегіне қажетті бір нәрсе сияқты. Ос туған өлкені құрметтеп, сыйлап, аялаған сайын, ол гүлдене береді. Маған туған өлкем ыстық көрінеді. Ол табиғаттағы күннің шуағынан төгілегн ыстық емес, туған өлкеге деген махаббатын лаулап жанған ыстық оты.
Балғын, еліміздің жер байлығы туралы айтсаң?
-Бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған өркениетті елдер мойындаған тәуелсіз мемлекетке айналдық. Тәуелсіздік деген тәтті ұғым, қастерлі сөз. Әлемде соңғы жылдар ішінде тәуелсіздік туын ұстап алға басқан ел-Қазақстан. Қазақ халқы ғасырлар бойы талай-талай қиын кезеңдерден өтті. Біздің жеріміздің өткен тарихына үңілсек, кең байтақ жерімізде қаншама қантөгіс, қаншама зорлық, ата-бабаларымыздың қайғы-мұңдары кешілді. Ата-бабаларымыз біздің жеріміздің тұтастығын сақтап қалды. Олардың ерлік күші, батылдығы мәңі жадымызда. Біздің жеріміз кең байтақ жер.Қазақстнның жері бай. Оның шалғынды, құнарлы жері, табиғаты да ешқандай жермен тең емес. Қазақстн Республикасы табиғатымен қатар, қаншама өнеркәсіп орындары, өндіргіш күштергі бай. Қазақстанда мұнай, газ да, пайдалы қазбалар да өндіріледі. Қазақстан өзінің үлкен арманына жетті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің көркеюіне бар күшін салуда.
Дильназ, осы айтылып жатқанның бәрі ненің нәтижесі деп ойлайсың?
-Менің елім-менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді еліміздің әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ.... Өйткені, біздер асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп-өніп,, мекен етіп, береке-бірлікте, достық қарым-қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс-тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан-жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрегін ақыл-парасатының, азаматық саясатының нәтижесі деп білеміз.
Әйгерім, осы орайда сіздің ойыңызды білсек?
-«Отан үшін отқа түс -күймейсің» деп Бауыржан атамыз айтқандай, азаттық жолында құрбан болған, азап шегіп, қасірет тартқан аға-апаларымыздың ерлігін қалай ұмытармыз!
Әрине, біз кейінгі ұрпақ халқымыздың ерлік дәстүрін әрі қарай жалғастырамыз. Аңсап жеткен Тәуелсіздігіміз орнықты, аспан түстес көк туымыз бейбітшілік көгінде желбіреп, Әнұранымыз асқақтата шырқалуда. Алғашқы жылдардағы аласапыран тірлік қалыпты өмірге ұласты. Халқымыз өтпелі кезеңнен абыройлы өтіп, экономикамыз өрлеу жолына түсті.
Елназ, Отан алдындағы парыз туралы түсінігің қандай?
Қазақстандықтар өздерінің қорғаны-Қарулы Күштерімен мақтана алады. Кең байтақ Отанымыздың тыныштығын кірпік қақпай күзету, тәуелсіз мемлекетімізді көздің қарашығындай қорғау әрбір қазақстандық үшін зор абырой. Бұл орайда, еліміздің ертеңгі болашағы-жастарға, жас ұрпаққа үлкен мәртебе болары анық. Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп айқын жазылған. Демек, еліміздің азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскер қызметін атқару барысында бір ғана мақсатты көздейді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бері Қазақстанды әлемнің 100-ден астам елі таныды.
2 бөлім: интеллектуалдық ойын
Стикерлер арқылы топқа бөліну
1 кезең: Біліміңді сына
Сайыскерлерге төмендегі сұрақтар қойылады, қайсысы бірінші әрі дұрыс жауап берсе, соған ұпай беріледі. Бір сұрақ 1 ұпаймен бағаланады.
І топ оқушыларына сұрақ:
1939жылы Қазақстан тұрғындарының саны қанша болды?
Гитлердің КСРО-ны жаулап алу мақсатындағы жоспары қалай аталады?
Фашистік Германияның экономикалық, саяси мақсаттары?
«Үлкен Түркістан» отарының құрамына қай елдер кіргізілді?
1942 ж Қазақстан Одақта өндірілген қорғасын, көмір, молибден, октанды, мұнайдың қанша мөлшерін берді?
ІІ топ оқушыларына сұрақ
Ұлы Отан соғысы жылдары?
Батыс аудандардан Қазақстанға көшірілген зауыт-фабрика саны?
Соғыс жылдары тылда еңбек еткен атақты жұмысшылар?
Қазақстанда жасақталған 48-атқыштар дивизиясы қай қаланы қорғауға қатысты?
Ленинград қоршауы қанша күнге созылды?
2 кезең: Тарихқа саяхат
316-атқыштар дивизиясының қолбасшысы?
«Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік»,- деп Мәскеу үшін болған шайқастарды еске алады?
3 кезең сәтті кезең сұрақтары: Мақалды жалғастыр
Сумен ойнама батарсың, ........
Елу жылда -........
Ер салмағын ел көтереді, ........
Өз білмегеніңді кісіден сұра, ........
4 кезең:Тұлғаны таны
Бұл бөлімде экранда көрсетілген ұяшықтарды таңдайсыздар. Бірінші болып ұпайы төмен топ бастайды.
Сандарды таңдау арқылы тұлғаларды табу
5 кезең: Сырсандық құпиясы
Киіз үйдің құрылымын ата:
Киіз үй жиһаздарын атаңдар:
1. Киім және тағы басқа үй мүліктерін ілуге арналған жиһаз. (Адалбақан)
2. Тамақ пен ыдыс – аяқ сақтауға арналған үй жиһазы. (Асадал)
3. Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым. (Жүкаяқ)
4. Ас, тағам салуға арналып ағаштан жасалған үлкен сандық. (Кебеже)
5. Әр түрлі бұйым салуға арналып ағаштан немесе металдан жасалған үй жиһазы. (Сандық)
«Тәуелсіздіктің
27 жылдық тойы-той тойлау үшін емес,
тәуелсіздіктен тағылым алу үшін керек»
деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай,
бүгінгі ұйымдастырған «Қазақстан майдан
арсеналы» тақырыбындағы интеллектуалдық
ойыны -Тәуелсіздік тойына қосқан өз
үлесіміз деп білеміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген