жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақстан мен шет елдердегі мейірбикенің қызметтерін салыстыру
Семей медициналық колледжі
"Қазақстан мен шет елдердегі мейійербикенің қызметтерін салыстыру"
тақырыбына баяндама
Баяндаушы: Құдайбергенов Ринат Нұрланұлы
Семей 2021
Қазақстанда емдеу үрдісінде мейірбике қызметкерлерінің атқаратын жұмысының көлемі өте ауқымды болғанымен, қоғамда алатын мәртебесі олардың атқаратын қызметтеріне сәйкес емес. Функционалды қызыметтеріне көп жағдайда кәсіби дайындықты талап етпейтін, техникалық жұмыстарды орындау жатады. Көп жағдайда мейірбикелер дәрігердің нұсқаулықтары бойынша ғана орындаушы болып табылады және заңды түрде бекітілген жеке құқықтардың, міндеттер мен жауапкершіліктің тәуелсіз жүйесіне ие емес.Сол себепті медициналық ұйымдардағы мейірбике қызметкерлерінің маңызы мен рөлін асыра бағалау қиын. Алайда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мейірбикелік қызметкерлерді халықтың қолжетімді және білікті медициналық қызметтерге деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін нақты әлеует ретінде қарастырады, оған алғашқы көмекті көрсету, аурулардың алдын алу және оңалтудағы жетекші рөлді алып тұрғаны дәлел бола алады. Қазақстандағы мейірбикелерге қарағанда шетелдік әріптестері жоғарғы дәрежедегі дербес жұмыстарға және жауапкершілікке ие. [1]
АҚШ-та мейірбике ісі беделді және еңбек ақысы жоғары мамандық. Соған сәйкес қоғам оған өз тарапынан талаптар қояды. Мейірбикелік еңбек сапалы клиникалық ойлау деңгейін, соның ішінде дәлелді медицина білімін, пациенттердің жағдайын дербес бағалай алу мен жауапкершіліктің жоғары деңгейін , науқастардың күтімі және күтімді жоспарлау, науқастар мен олардың туыстарына кеңес беруді талап етеді. Бұл мемлекет пен қоғам тарапынан мейірбикенің қызметіне мүлдем басқа көзқараспен түсіндіріледі. АҚШ-та мейірбикелік практиканың екі түрі бар. Практикалық мейірбике (Nurse Practitioner) - практикада болуы мүмкін медицина практикасының көптеген салаларында мейірбикелік қызмет атқара алады. Практикалық мейірбике таңдаған саласында науқастарды емдеп, дәрілік заттарды жазып бере алады. Олар ауруханаларда, емханаларда, ал кейбір штаттарда жеке меншік кәсіпкерлер ретінде жұмыс істейді. Мұндай тәсілде мейірбикенің жауапкершілік аймағына - симптоматикалық бақылау, алғашқы кеңес беру, пациентті тиісті деңгейде емдеу кіреді. Екінші түрі - "Patientcentered nursing" (науқасқа бағытталған орталық күтім), мейірбике емдеу үшін жауап береді, өйткені, науқасы туралы толық ақпаратты, яғни, симптоматикасын, диагнозын, клиникалық көрсеткіштерін, зертханалық талдаулардың нәтижелерін, тағайындалған дәрілік заттарды, рәсімдер және басқа да мамандандырылған емдеу түрлерін, сондай-ақ отбасылық жағдайы туралы толық ақпаратты меңгерген, жоғары біліктілігі бар, өз ісінің маманы дегенді білдіреді.
Австрия елінде мейірбикенің атқаратын рөлінің аясы бүгінгі таңда күннен-күнге кеңею үстінде. Мысалы, дәрілік препараттардың шектеулі санын тағайындау немесе медициналық зерттеулер, иммундау жүргізу, репродуктивті денсаулық саласындағы бақылау және денсаулықты қорғау мәселелері бойынша консультация беру қызметтерін еркін түрде және жоғары деңгейде атқара алады. Ұлыбританияда жалпы практика дәрігерлері арнайы білім алған және дербес практикаға құқығы бар (олардың қызметі ерекше хаттамамен реттеледі) тәжірибедегі мейірбикелерді медициналық проблемалары аз пациенттерге көмек көрсету үшін жалдайды. 1998 жылдан бастап мейірбикелерге дәрілік препараттарды шектеулі тізімнен жазып беру құқығы берілген. 2006 жылы бұл тізім кеңейтілді және енді айналымын мемлекет бақылайтын препараттардан басқа барлық дәрілік заттарды қамтиды. Ұлыбританияда алдын ала жазылусыз жүгінуге болатын медициналық көмек орталықтары көп. Сондай орталықтарға негізінен мейірбикелер басшылық қызмет атқарады. Ауыр дәрежедегі созылмалы аурулары бар науқастарға көмек көрсететін бас мейірбикелер жүйесі біртіндеп енгізілуде.
Финляндия. Дәрігерлердің көмегінен басқа, мейірбикелер науқастармен өз бетінше жұмыс істейді. Мысалы, респираторлық инфекциялары бар науқастарға медициналық көмек көрсетеді, артериялық қысымды өлшейді, санитарлық ағарту бағдарламаларына жауап береді, отбасын жоспарлау мәселелері бойынша кеңес береді, оқушылардың денсаулығын және т.б. қорғауды қамтамасыз етеді. Арнайы оқытылған мейірбикелер ана мен балаға көмек көрсетеді. Жоғары медициналық білімі бар мейірбикелер арнайы кабинеттерде отырып «Дербес мейірбикелік көмек» көрсетіп, созылмалы аурулары бар науқастарға дәрі-дәрмек жазып бере алады. Швецияның Денсаулық сақтау жүйесінде аудандық аймақтағы мейірбикелер негізгі рөлдердің бірін ойнайды, себебі олар жалпы практика дәрігеріне немесе ауруханаға науқасты бағыттамас бұрын пациентті қабылдап, мейірбикелік тексеруден өткізеді. Аудандық мейірбикелер егде жастағы адамдарға медициналық көмек көрсетуге қатысады, науқастардың үйіне барып көмек көрсетеді, шектеулі көлемде дәрі-дәрмектер (контрацептивтер жазып беретін акушерлер сияқты) жазып береді. Дәрігердің бақылауымен мейірбике ұсыныс береді және ем жүргізеді, сонымен қатар созылмалы және күрделі аурулармен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге жиі қатысады. Швецияда мейірбикелік клиникалар диабет, өкпенің созылмалы обструктивтік аурулары, неврологиялық бұзылулар және т.б. көптеген осы сияқты созылмалы аурулармен ауыратын науқастарға көмек көрсетеді. Нидерланды. Мейірбикелер алғашқы буында, негізінен денсаулық сақтаудың муниципалды жүйесінде маңызды рөл атқарады. Жұқпалы аурулар кезінде көмек көрсетеді, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шараларға қатысады (мысалы, балаларды иммундау жүргізеді), сондай-ақ санитарлық ағартудың кейбір аспектілерімен айналысады. Мейірбикелер хаттамаға сәйкес диагностиканы және дәрігердің бақылауымен кейбір ауруларды емдеп, физикалық және зертханалық зерттеулерді жүргізеді.
Қазақстандағы мейірбике ісінің қазіргі жағдайы жайлы айтқан кезде «Мейірбике –дәрігердің көмекшісі ма әлде жеке мамандық иесі ма?» деген сұрақ туындайды. Халықаралық анықтамада мейірбике- барлық жастағы, отбасылардағы, топтардағы және қауымдастықтардағы, барлық жағдайлардағы науқас немесе дені сау адамдарға дербес және бірлескен күтім көрсететін, салауатты өмір салтын насихаттауды, аурулардың алдын-алуды және науқастардың, мүгедектердің күтімін жүзеге асыратын мамандық иесі. Сондай-ақ мейірбикелік насихаттау жұмыстарын жүргізу, қауіпсіз қоршаған ортаны ілгерілету, өз мамандығына байланысты ғылыми зерттеулер жүргізу, денсаулық сақтау саясатын қалыптастыруға белсенді түрде қатысу, денсаулық сақтау жүйелерін басқару, мейірбике ісі бойынша білім беру саласында негізгі рөлдерді атқарады.(Халықаралық медбикелер Кеңесі ICN) Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінен 64 медициналық ұйымдардан (емханалар, стационарлар, республикалық медициналық ұйымдар) жалпы саны 695 мейірбике қатысқан 2014 жылғы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша республикадағы мейірбикелердің негізгі атқаратын күнделікті дағдылары анықталған. Олар: пациенттің жеке басының гигиенасы, асептика, инъекция, анализдерге қан және басқа да материалдарды алу, дәрілерді орналастыру және тарату, диагностикалық емдеуге байланысты дәрігерлік ісшаралар кезінде дәрігерге көмек көрсету, салауатты өмір салты бойынша ақпараттандыру, статистикалық талондарды толтыру, әкімшілік жұмыстар бойынша құжаттарды толтыру. Осылайша, Қазақстан Республикасындағы мейірбикелер дәрігерлік тағайындауларға сәйкес тек қана дәрігердің көмекшісі ретінде қызмет атқарады, бірақ халықаралық анықтамаларға жауап беретін мейірбике ісінің тәуелсіз практикасын жүзеге асырмайды. 2015 жылдан бастап Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзінің дамуында оң реформалар мен денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламалары іс-шараларын іске асырудың арқасында айтарлықтай ұмтылыс жасады. Қазіргі таңда Қазақстанда мейірбике ісін реформалау жүзеге асырылуда, соған байланысты еуропалық директиваларға сәйкес, кеңейтілген тәуелсіз мейірбикелік практиканы жүргізу үшін мейірбике ісінің қолданбалы бакалаврларын дайындау басталды. Мейірбикелік істің даму үрдістері заманауи денсаулық сақтау жүйесінде мейірбикенің рөлін күшейтеді. Бастапқыда мейірбике орта медицина қызметкеріне жатқызылып, дәрігерлердің көмекшісі болып саналып, дәрігердің тағайындауы бойынша мейірбикелік күтімді жүзеге асырды. Қазіргі уақытта ғылыми тәсілге және дәлелді медицинаға негізделген мейірбикелік істің қазіргі заманғы теориялары мейірбикені дәрігердің тең құқылы серіктесі ретінде ұсынады, ол өз бетінше мейірбикелік шешім қабылдайды, оны мейірбикелік құжаттамада көрсете отырып, дәлелді мейірбикелік күтімді жоспарлайды және жүзеге асырады. Қазір дәрігер мен мейірбикенің серіктестігі - дәрігер пациентке дәрігерлік көмек, ал мейірбике-мейірбикелік көмек көрсетеді, денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде медициналық көмек сапасының тиімділігін арттыру үшін денсаулық сақтау мамандарының мультипрофессиялық тобы шеңберінде жұмыс істейді. Сондықтан да бүкіл әлемде мейірбике ісінің мамандары қазіргі уақытта тек бастапқы техникалық және кәсіптік білім деңгейінде ғана емес, сонымен қатар мейірбике ісі бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура шеңберінде де дайындықтан өтеді. Қазақстан Республикасында мейірбике ісін реформалау жоғары медициналық колледждердің санын көбейтуді және келешекте медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарындағы қолданбалы және академиялық бакалавриат деңгейіндегі мейірбиклердің кем дегенде 40% үлесіне қол жеткізуді қамтиды. Жұмыс істейтін мейірбикелерге қолданбалы бакалавр дипломдарын бере отырып, қайта оқытудың әзірленген жылдам траекториясы жоспарланған индикаторларға қол жеткізуге ықпал етуі тиіс, алайда бұл процесс елімізде енді ғана басталды, алғашқы мейірбике ісінің қолданбалы бакалаврлары (309 адам) МСАК жұмысына 2018 жылдан бастап крісті. Олардың үлесі жылдан-жылға қарқынды түрде өсетін болады. ҚР-да мейірбикелік істі реформалаудың негізі болатын алғышарттарға келсек: - Емдеу процесінде мейірбикелік персоналдың рөлін тиісті деңгейде бағаламау - Мамандықтың төмен беделі - Қазақстан Республикасында мейірбикелік ғылымның даму деңгейінің төмен болуы - Мейірбикелердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жетілмегендігі - Мейірбикелік білім беру, ғылым және тәжірибе жүйесінің еуропалық директиваларға сәйкес келмеуі[5] Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014-2020 жылдарға арналған іс - шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 752 қаулысы бойынша барлық деңгейдегі мейірбике ісі мамандарын даярлау жүйесін (қолданбалы бакалавриат, академиялық бакалавриат, магистратура, PhD докторантура) еуропалық директиваларға сәйкес келтіру. Қазақстан Республикасындағы мейірбике ісін дамыту саласында тиімді дамуға және мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге кедергі келтіретін мәселелер:
- Республикада практикалық денсаулық сақтау ұйымдарында мейірбикелік қызметті басқарудың тиімсіз жүйесі
- Мейірбикелік білім беру, ғылым және тәжірибе жүйесі қызметінің еуропалық директиваларға сәйкес келмеуі
- Қазіргі заманғы мейірбике қызметінің қажеттіліктеріне жауап беретін, қызметін реттейтін нормативтікқұқықтық актілердің жетілдірілмеуі.
Қазақстан үшін мейірбике ісі жүйесін дамыту білім берудің барлық деңгейлерінде оның дамуын, халықаралық стандарттар деңгейінде білім сапасын бақылауды, институт практикасына білім деңгейіне сәйкес түрлі лауазымдық позициялары бар мейірбике ісі мамандарын енгізуді білдіреді.[6] Мейірбикелік білім беруді реформалаумен қатар, тең құқықты дәрігерлік және мейірбикелік ұйымдық құрылымдары бар медициналық ұйымдардың жұмыс істеуінің жаңа тетіктерін енгізу, мейірбике ісі және мейірбике құжаттары мамандарының тіркелімін енгізу, инновациялық мейірбикелік технологияларды енгізу, заманауи мейірбикелік дәлелді практикаларды, іргелі және қолданбалы мейірбике ғылымын дамыту, дәрігерлер мен түрлі деңгейдегі медбикелер арасындағы функционалдық міндеттерді қайта бөлу және нақты ажырату көзделіп отыр.
Қазақстанда мейірбике ісінің дамуына шетелдік орта медицина қызметкерлерінің тәжірибесін қолдана отырып, реформалауды жүзеге асыру мен білім беру жүйесіне де өзгерістер мен жаңалықтар енгізіледі. Мейірбике қызметкерлерін ұтымды пайдалану медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын айтарлықтай жақсартуға, сондай-ақ денсаулық сақтауда қаржылық және адами ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануға әкеледі. Осындай өзгерістерге бет бұру арқылы ''Мейірбике ісі'' мамандығының маңыздылығы артып, қоғамдағы мәртебесі жоғарлайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Тарасенко Е.А. «Перспективные направления организации работы сестринского персонала: зарубежный опыт и уроки для России» // Здравоохранение. - 2014. - №8. - С. 94-101.
-
Егорова И.В. «Практика медицинской сестры в США» // Медицинская сестра. - 2013. - №3. - С. 36-39.
-
Новокрещенкова И.Г., Чунакова В.В. «Роль среднего медицинского персонала в развитии первичной медикосанитарной помощи» // Bulletin of Medical Internet conferences. - 2014. - V.4. – Р. 10-16.
-
Егорова И.В. «Деятельность медицинской сестры в одном из учреждений здравоохранения Франции» // Главная медицинская сестра. - 2009. - №7. - С. 113-120.
-
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы 27 шілдедегі №461 бұйрығы
-
Байгожина З.А. «Формирование новой модели сестринской службы в условиях реформирования сестринского дела в РК»//РГП РЦЗ- Актобе, 22 мая 2019г.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген