400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қазақстан-менің Отаным»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру. Балалардың тіл байлығын, сөздерді байланыстырып сөйлеуін дамыту, Отанды, жерді, елді сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аққу» жекеменшік балабақшасы













«Қазақстан-менің Отаным»

(ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті)













Тәрбиеші: Сагиева Б.







2026ж















Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру. Балалардың тіл байлығын, сөздерді байланыстырып сөйлеуін дамыту, Отанды, жерді, елді сүюге тәрбиелеу.

« Шаттық шеңбері»

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Біз бақытты баламыз,-дей отырып, « Менің Отаным- Қазақстан» атты ұйымдастырылған ашық оқу қызметімізді ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

«Әнұран»

Тәрбиеші: Балалар, біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз-тәуелсіз мемлекет. Біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан: өзіміздің мемлекеттік әнұранымыз, елтаңбамыз және өзіміздің мемлекеттік туымыз бар. Біздің ұлттық тіліміз-қазақ тілі. Республикамыздың президенті – Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев.

Тәрбиеші: Балалар, мынау біздің еліміз-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы-көгілдір түсті тіктөртбұрышты кездеме. Тудың ортасында 32 күн сәулесі, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Сабына бекітілгкен тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелеген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек-алтын түсті.

Тәрбиеші: Балалар тудан ненің бейнесін көріп тұрсыңдар?

Балалар: Күн, құс пен оюдың бейнесін көріп тұрмыз.

Тәрбиеші: Иә, өте жақсы, дұрыс айтасыңдар. Балалар, біздің мемлекетіміздің туының түсі қандай?

Балалар: Мемлекетіміздің туының түсі көк, көгілдір.

Тәрбиеші: Неге ұқсайды?

Балалар: Ашық аспанымызға ұқсайды.

Тәрбиеші: Мынау біздің - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Рәміздік тұрғыдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі- шаңырақ. Ол- Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ- мемлекеттің түп негізі- отбасының негізі. Шаңырақ- Күн шеңбері. Қанатты Тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бес бұрышты жұлдыз- Елтаңбаның тәжі іспетті.

Тәрбиеші: Енді балалардың Отанымызға арналған тақпақтарына кезек берейік.

Ақжібек: Менің елім-Қазақстан,

Туым әдемі, көк аспан.

Отанымды сүйемін,

Қазына: Менің Отаным- Қазақстан,

Кең дала, әсем аспан.

Анам мен әкем қасымда

Бақыттымын мен онда.

Инаят: Кең жазық Отан мекенім,

Сен де өсіп келемін,

Сені қорғау парызым,

Мұны білу парызым.

Мариям: Қазақстан -кең дала,

Гүлдер өсер жан-жақта.

Бұл-менің Отаным,

Жақсы көрем мен оны.

Сұлтан: Қазақстан-туған жер,

Жасыл дала, көк өркен.

Күн күледі аспанда,

Мен ойнаймын шаттана.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Алі енді біз бір сергіп алайық.

«Сергіту сәті»

Тәрбиеші: Отаны жоқ адамдар бақытсыз адамдар екен. Ал, біз қазақ халқы бақ қонған халықпыз деп қуана айта аламыз. Өзіміздің Отанымыз, мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.

Тәрбиеші: Олай болса ендігі кезекті патриот балаларымыздың биіне берейік.

Би « Жаса бер Қазақстан »

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ал, енді тапсырма орындайық. Аспанымыз ашық болсын, күніміз жарық болсын-деп, күніміздің сәулелерін толықтыратын боламыз.

«Күн сәулесін толтыру»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар енді Отанымызға арнап ән айтамыз.

Ән «Менің елім- Қазақстан»

Тәрбиеші: Жарайсыңдар енді, бәріміз бірге туған жерімізге гүл егейік.

Ойын «Туған жерді гүлдендір»

Тәрбиеші: Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл-қызы міне, сендерсіздер. Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең етететін сендер. Осымен «Қазақстан- менің Отаным» атты ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
35
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі