Қазақстан мұсылмандыр діни басқармасының қызыметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан мұсылмандыр діни басқармасының қызыметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дінтану пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге арналған мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының

қызыметі.


Сабақтың мақсаты: Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының

қызыметі мен тарихы жайында жалпылама мәлімет

бере отырып білімділігін арттыру.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының қазіргі

қоғамдағы жұргізіп отырған жұмыстарына тоқтала

отырып оқушылардың дүниетанымын қалыптастру.

Оқушыларға білім бере отырып имандылыққа

тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: Аралас сабақ.


Сабаққтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте және кеспе қағаздар,

кітап.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Жаңа сабақ.

Жоспары


Қазақстандағы діни басқармалардың қызыметі



DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1

Патша өкіметі тұсындағы діни ахуал

Кеңес үкіметі тұсындағы діни ахуал

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының тарихы мен қызыметі







қызыметі.





XVIII ғасырдағы Қазақстанның діни істері Екатерина II –нің жарлығымен 1788 жылы 22 қыркүйекте Уфа қаласында құрылды.

1797 жылы Орынбор муфтлигі деп аталды. Патша өкіметі Қазақстандағы діни істерді осы мұфтлиг арқылы басқарып отырды. Діни істерді басқаратын аймақтық қазылар мен молдаларды тағайындап отырды. 1867-1868 жылдары патша саяси әкімшілік реформалар жүргізіп Түркістан өлкесінің мұсылман халықтарының діни істерін Орынбор муфтлигінің құрамынан алып тасталынып, жергілікті басқарманың қолына көшті. «Далалық Ереженің» 97-98 бабына сәйкес әр болыстық өз ішінен бір адамды діни қызыметкер етіп сайлап , оны губернатор бекітіп отырды.Алайда әр болыстықтағы молдалар бүкіл болыстықтағы ауылдарды қамтуы мүмкін емес еді. Өйткені көшпелі өмір сүрген қазақ ауылдары әрқайсы әр жерде көшіп -қонып жүретін еді. Сол себепті әр ауылдағы төрт бес үй бірігіп бір имам ұстады.

Кеңес үкіметі тұсында мұсылман халқтары дінді биліке қарсы пайдалануы мүмкін деп қауіптеніп діни қалдықтарды жоюдың түрлері мен әдіс- тәсілдерін жасау қажет деген шешім қабылдап , оны 1923 жылғы РКП(б) XII съзінде бекітті. 1924 жылы мұсылмандардың діни істерін шектеу шараларынан кейін мешіттер мен медреселер жабыла бастайды. Дін қайраткерлері түрлі сылтаумен қудаланып жер аударылады.1926 жылы ҚазКСР –нің мұсылмандар дінге қарсы насихат туралы тезисінде « Ислам таптық езушілік құралы ,байларға қызымет етеді»деп теріс айдар тақты.

Кеңес үкіметі Ұлы Отан соғысы кезінде діни істерді реттеуге тырысты. Халықтың патриоттық сезімін оятуда, жеңіске деген үмітін арттыруда, діннің атқарар ролі ерекше екенін мойындады. Осындай саяси қолдау мен Орта Азия мұсылмандар діни басқармасын деру құруды қолға алды. Ол кезде діни кадрларды даярлайтын оқу орны Бұхарада ғана болды. 1943 жылы Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының құрылтайы ұйымдастырылып Діни басқарма құрылды. Әр республикада қазия тағайындалды.

Қазия - Діни басқарманың жергілікті жердегі өкілі. Ол Республикадағы барлық діни істерді бақылап исламмның насихатталуын қадағалады. Осы құрылтайда Қазақстанның қазиятының өкілі болып Абд әл Ғаффар Шамсутдинов тағайындалды.


1.Абд әл Ғаффар Шамсутдинов (1884-1952 жж) Қазандағы «Касимия» медіресесінде білім алып әкесі қайтыс болғаннан кейін 1904 жылы Өскеменге келіп мектеп ашып балаларға дәріс бере басьтайды.1920 жылы Семейде мұғалім болып жұмыс істеп жұрген кезде де медресе уақытша Кеңес үкіметінің оқу бөлімінің қарамағына алынады.1926 жылға дейін мұғалімдік қызымет атқарады.Одан кейінгі жылдары ел арасында діни қызыметші мухтасиб болып елге қызымет етеді.1930 жылы Семейге көшіп келіп үш мешітте имам қызыметін атқарады.1942 жылы Орта Азия мұсылмандарының құрылтайында, Қазақстанның қазиі болып тағайындалады. Ол Құранды жатқа оқып,ел арасында адамгершілікті насихаттап, Қазақстандағы діни істердің негізін қалап мешіттер мен медіреселердің ашылуын қолдау көрсеткен.1952 жылы ауыр науқасқа шалдығуына байланысты орнына Сәдуақас Ғылманиді тағайындайды.


2.Сәдуақас Ғылмани (1890-1972 жж) ауыл молдасында білім алып сауатын ашып, ұзақ жылдар бала оқытып, медресе ұстайды.1944 жылы Ташкенттегі діни басқарманың жарлығымен,Ақмола халқының қолдауымен өңірдің имамы кейінен Қазақстанның қазиы болып қызымет атқарған.Ол діни сауаты өте жоғары құранды жатқа білетін болған.Артынан құнды діни еңбектержазып қалдырған. Одан кейін інісі Жақия қажы Бейсенбаев Қазақстанның қазиы болып тағайындалады.


3.Жақия қажы Бейсенбаев (1932-1997 жж) 1973-1980 жылдары Қазақстанның қазиы қызыметін атқарды.Ол еліміздегі діни істерді жүйелеуде бірқатар істер атқарды.1980 жылы Ташкенттегі Діни басқарма Құранды жаттқа білетін, шариғатты терең меңгерген Разбек қажы Сыздықбаевты Қазақстанның бас қазиы етіп тағайндады.

4.Разбек қажы Сыздықбаев (1902-1996 жж) Разбек қажы атеизм үстемдік құрып тұрған кезеңде қазият қызыметін атқарған.Ол мешіт имамдарынна дәріс беріп олардың қызыметін бақылап отырған.Діни мерекелердің, рәсімдердің, жоралғылардың дұрыс өтуіне күш салған.

Қазақстан Ташкенттен бөлініп жеке Діни басқарма құруға тек 1990 жылы ғана мүмкіндік алды.Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бірінші қазия болып қазияның хатшысы қызыметін атқарған Рәтбек қажы Нысанбаев тағайындалды.


5.Рәтбек қажы Нысанбаев 1991 жылдан -2000жылға дейін Қазақстан діни басқармасының бас мүфтиді қызыметін атқарған. Тәуелсіздік алған жылдары Діни басқрма жұмысын қалыптастырып. Діни сенім бостандығы мен адам құқығы Ата Заңмен қорғалған діни бірлестіктер құруға қүш салды.Жер жерден мешіттер салынып,діни оқу орындары ашылды.


6.Әбсаттар қажы Дербісаәлі 2000 жылдан бері Қазақстан діни басқармасының бас мүфтиді.Қазақстан Діни басқармасының қызыметін қазіргі заман талабына сайетіп қайта құрды.Қазіргі Діни басқарма төмендегідей бағыт бойынша қызымет атқарады.


Қазақстандағы діни басқарманың қызыметі


1.Шариғат және пәтуа бөлімі: Еліміздегі исламдық мейрамдардың мерзімін анықтап,өткізу тәртібін белгілейді.

2.Діни уағыз насихат бөлімі: Қазақстандағы ислам дінінің насихатталуын қадағалау.

3.Діни істер бөлімі: Имамдардың қызыметтерін қадағалап, діни іс шараларға байланысты муфтиятқа нақтылы ұсыныстар жасап, діни істерді жандандыруға ықпал етеді

4.Халықаралық қатынастар және хаттама бөлімі: Қазақстанда діни мамандарды даярлауға байланысты шетелдік діни оқу-ағарту ұйымдарымен байланыс жасайды

5.Мешіт істері бөлімі: Қазақстандағы мешіттер және олардың құрылысы.

6.Қажылық бөлімі: Қажылық сапарын қамтамасыз ету.

7.Діни сараптама бөлімі:

8.Баспасөз бөлімі: Исламды уағыздайтын газет ,журналдар шығару.


3.Тақырыпты пысықтау сұрақтары.


1.ҚМДБ Қай жылы құрылды?

2.Қазір Қазақстанда қанша мешіт бар?

3.Діни басқарма басшысының қызыметі қандай?

4.Қазақстанның қай қалаларында діни медреселер бар?


4. Қорытынды.


DrawObject4

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы

Жангелдин орта мектебі















Тарихшылардың семинары Боранқұл орта мектебі 9 сынып Дінтану пәнінен

Тақырыбы: Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының қызыметі.

Өткізген : Тарих-география пәнінің мұғалімі Есиркепова Нұржамал












2012 жыл











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
966
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі