Ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық
картасы
Ересектер
тобы №7
Білім
беру саласы: Таным.
Бөлімі:
Қоршаған
ортамен танысу.
Тақырыбы:
Қазақстан
– ортақ үйіміз.
Мақсаты:
Балаларға
бірлік, достық туралы түсіндіру.Қазақстанда
тұрып жатқан көп ұлт өкілдері туралы
түсініктерін дамыту,кеңейту. Балаларды
достыққа бірлікке тәрбиелеу;
Білімділік:
Тәуелсіз
еліміз туралы білімдерін толықтыру.
Сыйластық, татулық, достық ұғымдары
туралы түсініктерін кеңейту;
Дамытушылық:
Көпұлтты
республикамызда татулық, достық орын
алғандығын түсіндіру,топтағы ұлт
өкілдерімен өзара жағымды қарым-қатынасты
дамыту;
Тәрбиелік:
өзара
достыққа,бірлікке Отансүйгіштікке
тәрбиелеу;
Әдіс-
тәсілдері: әңгімелеу,
көрсету, сергіту сәт .
Көрнекіліктер:
:
Қазақстанның рәміздерінің суреттері,
елімізде тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық
киімдерімен суреттері, күн,әртүрлі
гүлдер суреттері.
Қостілдік
компонент:
ынтымақ- согласие, достық-дружба,
бірлік-единство
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеттері
|
Балалардың
іс-әрекеттері
|
Мотивациялық
-қозғаушылық
|
Ынтымағы
жарасқан береке күн,
Білдіреді
болашақ ел ертеңін.
Татулық
пен достығың арта берсін.
Құтты
болсын бүгінгі мереке күн.
-Сәлеметсіздер
ме балалар?
-Балалар
бүгінгі іс-әрекетіміз біздің көңіл
күйімізге байланысты.Олай болса
бүгінгі сәтті күніміз үшін бір-бірімізге
жылы лебізімізді арнайық..
|
Балалар
тәрбиешімен бірге өлең жолдарын
қайталап айтады. Бір-біріне жақсы
тілек, лебіздерін айтады.
|
Ұйымдастыру
-іздестіру
|
«Қай
ұлт?» дидактикалық ойыны.
Шарты:
әр ұлт өкілдері бейнеленген сурет
немесе фотоны көрсетеді, балалар оның
қай ұлт өкілі, оны қалай білгенін
айтады.
-Қазақстанда
жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері
бір қолдың саласындай, бір үйдің
баласындай тату-тәтті өмір сүріп
жатыр.
Мысалы:
жергілікті ұлт – қазақ халқы және
сонымен қатар орыс, корей, түрік, ұйғыр,
т.б. Сондықтан Қазақстан Республикасын
көпұлтты мемлекет дейміз. Көп ұлтты
мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет.
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ
тілі.
С.Оспановтың
«Тілейміз» - бейбіт күн» деген өлеңін
мәнерлеп оқу. Мазмұнын түсіндіру.
Өлеңдегі
«Дос құшағын елге ашқан» деген жолдың
мағынасын түсіндіру:
-Қазақ
халқы – бауырмал халық. Біздің елімізде
тұрып жатқан орыс, корей, түрік, ұйғыр,
т.б. біздің жерімізге көшіп келген
кезде, оларға байтақ жерімізден жер
беріп, жылы құшақпен қарсы алған.
Сергіту
сәті
Бір
шаңырақ астында
Тату-тәтті
тұрамыз.
Бірге
ішеміз асты да,
Бірге
сайран құрамыз.
Ортақ
болып ісіміз,
Еңбек
десе тынбаймыз.
Үлкен
сыйлап кішіні,
Аға
ақылын тыңдаймыз.
|
Балалар
сурет бойынша Қазақстан Республикасында
тұратын ұлт өкілдері туралы әңгімелейді.
Балалар
тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.
Балалар
өлеңді зейін қойып тыңдайды.
Өлең
мазмұнын түсінеді.
Балалар
өз елінде көптеген ұлттардың тұратынын
біледі.
Балалар
өлең жолдарын тәрбиешімен бірге
қайталап,қимыл-қозғалыс жасайды.
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
Қорытындылау
Барлық
ұлттар,елдер бір –бірімен тату-тәтті
өмір сүруі керек. Елімізде тыныштық
бейбітшілік болсын.
Хормен:
Ақпыз,
қара, сарымыз,
Ағайынбыз
бәріміз.
Ортақ
болсын асар тау,
Жеміс
толы бақша- бау.
Болсын
жер мен су ортақ,
Болсын
бізге ну ортақ.
Ақпыз,
қара, сарымыз,
Ағайынбыз
бәріміз!
|
Балалар
тәрбиешімен келіседі,топта тату-тәтті
бірлікшіл болуға уәде береді.
Балалар
өлең жолдарын хормен айтады.
|
Күтілетін
нәтиже: көпұлтты
республикамыздың тыныс-тіршілігі туралы
ұғымдарының қалыптасуы;
Нені
біледі: әр
ұлт өкілдерімен тату – тәтті қарым-қатынаста
болу керектігін.
Игереді:
Сыйластық,
татулық, достық ұғымдары туралы ,достықты
қадірлеу керектігі;
Меңгереді:
әр
уақытта айналасындағы адамдарды
алаламай, сыйластық қарым-қатынаста
болуы;