Материалдар / «Қазақстан» Қасым Аманжолов
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақстан» Қасым Аманжолов

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстан» Қасым Аманжолов
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
531
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әдебиеттік оқу 2 -сынып
Тақырыбы: «Қазақстан» Қасым Аманжолов
Мақсаты:
Білімдік
:  Қазақтың тарихын таныстыру. Тәуелсіздік бағаларын түсіндіру. Ақын өмірінен мағлұмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын меңгеріп тақырыбы мен идеясын аша білуге, өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету.
Дамытушылық: Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау.
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, сөз өнерін бағалап, туған жерді қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу. Елін, жерін, Отанын сүюге ықпал ету.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
Көрнекілігі:Видеопроектор, магнитті тақта, фломастер, оқулық, дәптер,суреттер,үнтаспа.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағымды ахуал туғызу.
2.
Әнұран-16 желтоқсан , «Тәуелсіздікке -25 жыл» эссе ,Қайрат Рысқұлбеков туралы мәлімет. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту
3.
Ту- Жаңа сабақ тақырыбын ашу :«Сөзжұмбақ» шешу.
4.
Елтаңба- Автор туралы мәлімет.
5.
Ата заң-Өлеңмен жұмыс
6.
Бас қала-Сөздік жұмыс Дәптермен жұмыс 7. Сергіту сәті «Мен қазақпын» 8.Алтын адам-«Бірге ойланайық!» бекіту
9
. Бәйтерек- Қорытынды. Не түсіндік, не ұқтық?
10
. Домбыра-Үй тапсырмасын түртіп алу,бағалау
11.
Кері байланыс














Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық ахуал туғызу
- Сәлеметсіздер ме балалар! Қане, амандасып алайық.
- Сабағымызға келгендер,
Сәлем бердік, бәріңе.
Ізгілікке сенгендер,
Өз бақытын өзгемен
Тең бөлісе білгендер
Сәлем бердік бәріңе!
Бір - біріне қарап: Сәтті өтсін сабағымыз, Ашық болсын қабағымыз!
- Мен де сендердің қабақтарыңның ашық болуына тілектеспін! Рахмет, балалар отыра қойыңдар. Ендеше, сөз асылын, тіл тазалығын сезінетін әдебиеттік оқу сабағымызды бастайық. - Бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздік күніне байланысты болмақ. Мектебіміз әр сыныпқа түрлі тапсырмалар беріп тәуелсіздік күніне орай дайындық шараларын бастап кетіпті. Міне, бізге берілген тапсырмалар мемлекетіміздің рәміздерін,тарихи құндылықтарын қорғау болатын. Ол үшін біздің біліміміз сыналмақ. Ол үшін біздерге берілген тапсырмалар бар екен, сол тапсырмаларды орындайық. Әр тапсырманы орындағанда өз еліміздің байлықтарын ,рәміздерін қорғап қаламыз. Топқа бөлу(әділ бөлу) . Алтын адам,Бәйтерек,Ту,Елтаңба суреттері арқылы бөлу.
2. Үй тапсырмасын тексеру 16 желтоқсан бейнебаянын көрсету . (1 минут )үнсіздік.Тәуелсіздік тақырыбында жазған эсселері мен Қ.Рысқұлбеков туралы жазған мәліметтерін тексеру және оқыту.
3. Жаңа сабақты түсіндіру. Сабақтың тақырыбын ашу. «Сөзжұмбақ» шешу .

1.Біздің ұлтымыз. 2.Рәміз . 3.Туысқан ел . 4.Дәнді дақыл . 5.Ғарыш айлағы . 6.Бас қала . 7.Байрақ . 8.Жазғы қоныс . 9.Балапан қанат қақты әңгімесінің авторы .





т








 

ә

 

 

 




 

 

у

 

 

 





 

е

 

 






 

л

 

 

 

 


 

 

 

с








 

і

 




 

 

 

 

З

 

 





 

 

Д

 




 

 

 

 

І

 






 

 

к

 

 

 

 
















1.Рәміз.

2.Қазақтың ханы.

3.Жыл басы.

4.Киелі сан.

5.Бұрынғы астана.

6.Ресей халқы.

7.Алып жануар.

8.Қасиетті ай.

9.Мұз айдыны.

10.Жыртқыш құс.

11.Қазақстан қаласы.

Құпия сөз:"Қазақстан" , «Тәуелсіздік».


4. Автор туралы түсінік.

(Слайд - шоудан автор туралы видеоны көрсету және сызбадан түсінік беру). Қасым Аманжолов — (1911-1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны.

Туған кездегі есімі

Қасым Рақымжанұлы Аманжолов

Туған күні

10 қазан 1911

Туған жері

Қарқаралы ауданы,Қарағанды облысы

Ұлты

қазақ

Мансабы

поэт,аудармашы






5. Мұғалімнің сабақты түсіндіруі:
Балаларға өлеңді мәнерлеп,дауыстап оқыту.
Қазақстан
Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,
Баршы өзің, көңіл қойып қарашы!
Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,
Жеріміз бар қасиетті, киелі,
Сен бақытты, атам қазақ баласы
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз!
Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз,
Ел намысын ешбір жауға бермейміз.
Сертің осы азат жігіт, азат қыз!


6.Дәптермен жұмыс .Түсініксіз сөздермен жұмыс.
Түсініксіз сөздерді өлеңді оқыту арқылы таптыра отырып, талдау жүргізу.Түртіп алу әдісі бойынша Балқаш,қас тағдырдың қиқаңы сөздерінің мағынасын түсіндіру.
Дәптермен жұмыс. Шығармашылық тапсырма.
Ақын сөздерін берілген сөздермен сәйкестендіру.
Дәптерлеріне орындаған сөз тіркестерін жазу.


7. Сергіту сәті. «Мен қазақпын» орындату.


8. Бекіту
(Сұрақ - жауап арқылы алған білімдеріне қорытынды жасалынады)
Сұрақтар:
- Қ. Аманжолов деген кім?
- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Қазақстан өлеңінде не туралы айтылған?
- Өлең неше шумақтан тұрады?
9. Қорыту. Не түсіндік, не ұқтық?
4 жол өлең жолдарын тақтадағы берілген тірек сөздермен құрастырады және жеке оқытылып мадақталады.
Мәселен: -
-------------------------- барамын.
--------------------------- саламын
--------------------------- аламын.
--------------------------- баламын





Мақалды жалғастыр

1.     Бірлік болмай, ... (тірлік болмас)

2.     Басшысын сыйлаған ... (ел озады)

3.     Хан тірегі - ...(халық)

4.     Әрекет болмай - ...(берекет жоқ)

5.     Кісі елінде сұлтан болғанша, ...(өз еліңде ұлтан бол)

6.     Отанға опасыздық еткенің, ...(өз түбіңе жеткенің)

7.     Күш – білімде, ...(білім – кітапта)

8. Байлықтың атасы - ...(еңбек)

9 .    Әркімнің өз жері... (жұмақ)




10. Үйге тапсырма. Үй тапсырмасын мұғалім нұсқауымен түртіп алу.
- Қазақстан өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу.
- Қазақстан туралы әңгіме жазып келу. 

Бағалау. (Жинаған фишкаларға байланысты бағалау) Әр топбасшының бағалау парағын жинап,қорытындылау.

Атамекен әнін орындау.


11. Рефлексиялық кезең. Тапсырманың орындалуы және мектеп айналасын Тәуелсіздік күніне орай безендіру.


















Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы

«№124 негізгі орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әдебиеттік оқу

2 -сынып
Ашық сабақ

Тақырыбы: «Қазақстан»





Мадибекова Айнұр Бердібекқызы

2016-2017 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!