400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан қорықтары. Ө.Тұрманжанов «Қарлығаш, дәуіт, жылан»

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты ашып көрсету. 2. Тірек сөздерді анықтау, тірек сөздер негізінде көтерілген мәселені болжау. 3. Сөйлем ішінен тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді анықтау, ойын әсерлі әрі мазмұнды жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім. Қазақстан қорықтары. Ө.Тұрманжанов «Қарлығаш, дәуіт, жылан»

Мұғалімнің аты-жөні: Карипжанова Светлана Кабылбековна

Мектеп: ЖББ № 10 орта мектеп, Балқаш қаласы

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Ең алғашқы қорықты білесің бе?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.1.1.Тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау;

6.2.1.1.Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу.

Сабақ мақсаты

  1. Мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты ашып көрсету.

  2. Тірек сөздерді анықтау, тірек сөздер негізінде көтерілген мәселені болжау.

  1. Сөйлем ішінен тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді анықтау, ойын әсерлі әрі мазмұнды жеткізу.

Бағалау критерийі

  • мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдайды, тақырыпты ашып көрсетеді;

  • тірек сөздер арқылы көтерілген мәселені болжайды;

  • сөйлемнен тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді табады, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізеді.

Тілдік мақсаттар

Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді тыңдайды, тірек сөздерді және тақырыпты ашып көрсетеді, көтерілетін мәселені болжайды, өзара сұхбаттасады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен сөз тіркестері: қорық, алуан, аң-құс, таутеке, суыр, кесіртке, мекендейді, шөлейт, ну.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қандай қорықтарды білесіңдер?

  • Қорықта қандай аң – құстар мекендейді?

Не себепті... деп ойлайсыз?

Неліктен «Қызыл кітап» маңызды?

Ишара: қимыл, мимика, шаттану қимылы

Құндылықтарға баулу

  • Табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты аялау, қамқор болу, туған жерін сүюге тәрбиелеу

  • ынтымақтастыққа шақыру

  • өз елінің тарихын білу, құрметтеу

Пәнаралық байланыс

Информатика – АКТ пайдалану, жаратылыстану – қоршаған орта, жан-жануарлар, қорықтар, биология – өсімдіктер әлемімен байланыстыру.

Алдыңғы білім

Табиғат, аң-құстар, өсімдіктер туралы білімдері бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин


Психологиялық ахуал орнату

СЖ. Оқушылар бір-бірімен қазақша амандасады

Мақсаты: ынтымақтастық орта қалыптастыру, бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлау

Жүру тәртібі:

  1. Оқушылар парталасымен қарама-қарсы тұрады;

  2. Бір-бірімен амандасады

-Сәлем,достым!( амандасады)
-
Қалің қалай? (иықтарыңнан қағады)
-
Қалай демалдың?(құлақтарыңнан қағады)
-
Мен сені сағындым (қолдарын жүректеріне қояды)
-
Қош келдің! (қолдарын жаяды)
-
Күніміз сәтті болсын! (құшақтайды)

СЖ. Топқа біріктіру – «Визуалды айғақтар» әдісі

Мақсаты: бейнелі суреттер арқылы шағын топқа біріктіру, суреттер негізінде ой қозғау.

1-топ «Аңдар»

2-топ «Құстар»

3-топ «Өсімдіктер»

СЖ. «Кластер» әдісі

Мақсаты: алдыңғы білімге кері байланыс жасау

  1. Ой шақыру:

  • Сирек кездесетін аң-құстар қайда мекендейді?

  • Қандай қорғау орталықтарын білесіңдер?

  • Қорықта қандай аң-құстар бар?

  1. Ойды жинақтау:

Схема 1

Оқушылармен бірлесіп сабақтың тақырыбын анықтау. Сабақтың мақсатымен таныстыру, оқушыларды мақсат қоюға, нені үйрену қажеттігіне тарту.


ҚБ.: «Жарайсың! Жақсы! Тамаша!» мадақтау сөздері арқылы оқушылардың ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру.


Тренинг жазылған парақша














Бейнелі суреттер:

аңдар, құстар, қорықтың суреті


А4 парағы, флипчарт, түрлі-түсті маркерлер









Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер Оқу құралы. А.Қ. Әлімов/ «НЗМ» ДББҰ ПШО, Астана 2014 78-84 б.

Сабақтың ортасы

25 мин


Мәтіналды жұмыс

СЖ. «Стоп, кадр!» әдісі

Мақсаты: Кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тарту.

Жүру тәртібі:

  • Оқушыларға «Қорықтар» бейнебаяны көрсетіледі;

  • Түсінбеген, сұрақ туындаған сәтті бейнебаян тоқтатылып, түсінік және қосымша ақпарат ұсынылады;

  • Талқылау сұрақтарына жауап береді...

Тапсырма: Бейнебаянды мұқият көріп, сұрақтарға жауап бер. Жауабыңды дәлелде.

Cұрақтар:

  • Бейнебаян не туралы?

  • Қандай қорықтардың аттарын естідіңдер?

  • Ең алғашқы қорық қалай аталады?


Мәтінмен жұмыс

ТЖ. «Ойлан/жұптас/талқыла» әдісі

Мақсаты: сұрақтар қою арқылы мәтінді талқылау, көтерілетін мәселені болжау.

Тапсырма: Мәтінді тыңда. Бастапқы бөлігі арқылы мәтіннің тақырыбын анықта. Берілген сұрақтарға жауап бер. Мәтіннің қалған бөлігіне жоспар құрастыр.

Тыңдалым мәтіні:

Ақсу – Жабағылы қорығы алуан түрлі реликтілі өсімдікке бай. Мұнда жеміс – жидек, Альпі шалғыны, дәрілік өсімдіктер т.б. өседі. Қорықтың символы – грейс қызғалдағы. Қызғалдақ, сарғалдақ алғаш Ақсу – Жабағылыда өсірілген.

Қорықтың таулы бөлігі – мәңгілік мұздықтар. Ондағы түпсіз, көгілдір, мұздай тау көлдері айнадай шағылысады. Тік жартастардан сарқырамалар ағады.

Қорық аң – құсқа бай. Онда таутеке, елік, марал, қар барысы, аю, борсық, мензбир суыры, ондатр т.б. аңдар мекендейді; Гималай ұлары, кекілік, бүркіт, қарақұтан, бозторғай, сарыторғай, шымшық т.б. құстар; сарыбауыр кесіртке, жылан, құрбақалар мекендейді. Қорықтың ландшафы ерекше. Онда шөлейттер де, ылғалды жазықтар да аршалы ну ормандар да бар.

Сұрақтар:

  • Тыңдаған мәтіннің бастапқы бөлігінде не туралы айтылды?

  • Мәтіннің тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?

Дескриптор:

  • мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыбын анықтайды

  • сұрақтарға жауап береді

  • мәтіннің қалған бөлігіне жоспар құрастырады


ҚБ.: «Post-It» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау.
Не нәрсе оңай болды?
Не нәрсе қиын болды?
Не білгіңіз келеді?


ТЖ. «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі

Мақсаты: Тірек сөздер арқылы көтерілген мәселені болжау.

Тапсырма: мәтіннен тірек сөздерді анықта, сол арқылы көтерілетін мәселені болжап, «Екі түрлі түсініктеме күнделігіне» жаз.


Мәтіннің бастапқы бөлігінде кездесетін тірек сөздер

Көтерілген мәселе

Ақсу – Жабағылы қорығы


Дәрілік өсімдіктер

Грейс қызғалдағы



Дескриптор:

  • тірек сөздерді табады

  • көтерілген мәселені болжайды

  • «Екі түрлі түсініктеме күнделігін» толтырады


ҚБ.: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір-бірін өзара бағалайды. Екі жұлдыз-жұмыс бойынша екі ұнаған нәрсе, мәтіннен тірек сөздерді анықтау және сол арқылы көтерілетін мәселені болжап, «Екі түрлі түсініктеме күнделігіне» дұрыс толтырып жазған оқушыға беріледі. Бір тілек-жақсартуды қажет етеді. Мақсаты: оқушылардың қызығушылықтарын, ынтасын арттыру.

ҚБ.: «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы өзін-өзі бағалау

Надпись 6

Жасай аламын




Надпись 2

Түсінемін, жасауға тырысамын




Надпись 1

Білемін, бірақ жасай алмаймын




«Қорықтар» бейнебаяны


















Орыс тілінде білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған оқулық «Бәйшешек» Ф.Оразбаева,

Ж.Дәулетбекова, А.Рауандина, Р.Рахметова, А.Юсуп /Көкжиек-Горизонт, 2018.

122бет


Интербелсенді тақта, бейнематериал

















































Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия - «Бес саусақ» әдісі

Мақсаты: сабақ барысында игерген білімге кері байланыс жасау, оқушының бір-бірімен бес саусақтай бірігуіне ықпал ету.

Орындалу тәртібі: Қағазға алақандарын қойып қолдарының суретін салады. Әр саусаққа берілген нұсқа бойынша жауап жазады.


«Бас бармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

«Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

«Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

«Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?

«Кішкентай бөбек» - көңіл-күй ахуалы

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

«Бес саусақ» әдісі

Үй жұмысы: Мәтінге сүйеніп қорықта кездесетін өсімдік, аң-құс, жәндік түрлерін кестеге жаз

өсімдіктер

құстар

аңдар

жәндіктер









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
983
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі