«Қазақстан-құтты мекен» авторлық бағдарламасының тиімділігі
Аңдатпа
Мақалада «Туған жерім – Қазақстан» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үдерісіндегі маңызы мен тиімділігі қарастырылады. Бағдарлама оқушылардың елжандылық сезімін қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды меңгеруіне, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Автор өз тарапынанбағдарламаны іске асыру барысында қолданылған әдіс-тәсілдерге, пәнаралық байланысқа және тәжірибелік нәтижелерге талдау жасайды.
Түйін сөздер: туған жер, ел, авторлық бағдарлама, патриоттық тәрбие, ұлттық құндылықтар, шығармашылық даму, пәнаралық байланыс.
Кіріспе
Қазіргі жаһандану жағдайында өскелең ұрпақтың ұлттық болмысын сақтап, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру – білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі. Оқушылардың ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін терең танып-білуі олардың тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Осы тұрғыда білім беру мен тәрбиені ұштастыратын, ұлттық мазмұнға негізделген бағдарламалардың рөлі ерекше болады. Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан «Біртұтас тәрбие» идеясы мен «Туған жер» бағыты білім беру мазмұнына өлкетану, ұлттық тәрбие элементтерін енгізудің маңыздылығын айқындап отыр. Осы талаптарға сай әзірленген «Қазақстан-құтты мекен» авторлық бағдарламасы оқушылардың туған өлкеге деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Бұл мақаланың мақсаты – «Қазақстан-құтты мекен» авторлық бағдарламасының тиімділігін айқындап, оны оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың педагогикалық мүмкіндіктерін көрсету
Негізгі бөлім
Авторлық бағдарламаның мақсаты мен міндеттері «Қазақстан-құтты мекен» авторлық бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды туған жерінің тарихын, табиғатын, мәдени мұрасын құрметтейтін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, белсенді азамат ретінде тәрбиелеу.
Бағдарламаның міндеттері:
-
оқушылардың туған жер туралы білімін кеңейту;
-
ұлттық салт-дәстүрге, мәдениетке қызығушылығын арттыру;
-
патриоттық және азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
-
шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамыту;
-
пәнаралық байланыс арқылы білімді жүйелі меңгерту.
Бұл бағдарлама мазмұны жағынан оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылып, теориялық білім мен практикалық әрекетті өзара ұштастырып байланыстырады.
Бағдарламаны іске асырудағы негізгі әдіс-тәсілдер Бағдарламаның тиімді жүзеге асуы үшін заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақ барысында оқушылардың белсенді әрекетке қатысуына жағдай жасалды.
Негізгі қолданылған әдістер:
-
жобалық жұмыс (туған өлке туралы шағын жобалар, презентациялар);
-
зерттеу жұмыстары (өлкетану материалдарын жинақтау, сұхбат алу);
-
шығармашылық тапсырмалар (эссе, өлең, сурет салу, постер жасау);
-
топтық және жұптық жұмыс;
-
пікірталас, ойтолғау, рефлексия;
-
пәнаралық байланыс (қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, география, көркем еңбек, музыка).
Аталған әдістер оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, өз ойын еркін, толық жеткізуіне, сыни тұрғыдан ойлауына мүмкіндік берді.
Бағдарламаның тиімділігі және тәжірибелік нәтижелері
Бағдарламаны оқу үдерісінде жүйелі қолдану бірқатар оң нәтижелерді көрсетті. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігі артып, пәнге деген қызығушылығы жоғарылады. Олар туған жер туралы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, оны құрметтеу, қорғау қажеттігін түсіне бастады.
Тәжірибе нәтижесінде оқушыларда:
-
отансүйгіштік және азаматтық көзқарас қалыптасты;
-
ұлттық құндылықтарға деген қызығушылық артты;
-
шығармашылық ойлау қабілеті дамыды;
-
өз ойын жүйелі, дәлелді жеткізу дағдысы қалыптасты;
-
топпен жұмыс жасау, бірін-бірі тыңдау мәдениеті нығайды.
Сонымен қатар ата-аналар тарапынан да оң пікірлер байқалып, оқушылардың туған жер туралы әңгімелерге қызығушылығы артқаны анықталды. Бұл бағдарлама мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтуға да ықпал етті.
Қорытынды
Қорыта келе, «Қазақстан-құтты мекен» авторлық бағдарламасы оқу-тәрбие үдерісінде өте жоғары тиімділік көрсеткен бағдарлама болып табылады. Оған көп дәлел келтіруге болады. Ол оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, тұлғалық және шығармашылық дамуына ықпал етеді. Бағдарламаның мазмұны мен қолданылған әдіс-тәсілдер қазіргі білім беру талаптарына сай келеді және оны бастауыш және орта буын сыныптарында кеңінен қолдануға болады. «Қазақстан-құтты мекен» авторлық бағдарламасын білім беру ұйымдарында жүйелі түрде енгізу – жас ұрпақты елін, жерін сүйетін, саналы азамат етіп тәрбиелеудің тиімді жолы болып табылады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қазақстан-құтты мекен"

шағым қалдыра аласыз