400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Қазақстан қызғалдақтың отаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарламаны сыныптан тыс жұмысқа қолдануға өте қолайлы.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«№47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейі» КММ





Бекітемін:

мектеп-лицей директоры: ________ С.К.Нурманова

«____»________2020 ж







«Қазақстан – қызғалдақтың отаны»

бағдарламаның тақырыбы







10 А сынып

Сынып











Құрастырған: Жансариева Жансая Серікханқызы

















2020-2021 оқу жылы





Кіріспе


ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ

Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.

Қазақстан- қызғалдақтың отаны

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған.

Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.

Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.



Н.Ә.Назарбаев

Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» бөлімінде «Қазақстан – қызғалдақ пен алманың отаны» деп ерекше атап өткен тақырыбын басшылыққа ал отырып құрастырылды.

Бағдарламаның мақсаты:

  • «Қазақстан – қызғалдақтың отаны» атты жобада оқушылар қызғалдақтың шыққан жері Қазақстан екенін және оның бүкіл әлемге біздің елден тарағанын, қызғалдақтың шығу тарихымен, қызғалдақтың түрлерімен таныстыру.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар қызғалдақ гүлінің шығу тарихын, түрлері мен топтарын, қызғалдақтың отаны Қазақстан екенін, Голландияға ұзатылған қызғалдақты, қызғалдақ сөзін ғалымдардың қалай түсіндіретінін, қызғалдақтың ауруларын, қызғалдақты үйде өсіру жолдарын, қызғалдақты өсіру және көбейту жолдарын, қазақтың ақын-жазушыларының қызғалдақ туралы өлең жолдарымен танысып, патриоттық сезімдері оянып, өз елінің тахимен танысып, тарихи санасы қалыптасады.













«Қазақстан – қызғалдақтың отаны»

34 сағат

Тақырыптар

Жұмыс түрі

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе

Бағдарламаның барысымен таныстыру

1


2

Қызғалдақ қандай гүл?

Ізденіс сабақ

1


3

Қызғалдақ гүлінің қасиеті мен маңызы.

Танымдық сабақ

1


4

Қызғалдақтың шығу тарихы

Танымдық сабақ

1


5

Қызғалдақты отырғызу және көбейту жолдары

Зертханалық жұмыс

1


6

Қазақ өнеріндегі қызғалдақтар

Танымдық сабақ

1


7

Қызғалдақтың отаны Голландия емес Қазақстан

Дебат

1


8

Голландияға ұзатылған Қызғалдақ

Танымдық сабақ

2


9

Қызғалдақ сөзін ғалымдар қалай түсіндіріп жүр?

Таныстырылым сабақ

1


10

Қызғалдақ гүлінің түрлері мен топтары

Ізденіс сабақ

3


11

Альберт қызғалдағы

Ізденіс сабақ

1


12

Шренк қызғалдағы

Ізденіс сабақ

1


13

Кауфман қызғалдағы

Ізденіс сабақ

1


14

Грейг қызғалдағы

Ізденіс сабақ

1


15

Кеш қызғалдағы

Ізденіс сабақ

1


16

Қызғалдақты үйде өсіру үшін не істеу қажет?

Тәжірибе жасау

1


17

Қызғалдақтың аурулары

Танымдық сабақ

1


18

Қызғалдақ жайлы қызықты деректер

Ізденіс сабақ

1


19

Қызғалдақтар қиырда құлпырады

Сайын даланы жұпарға толтырады

Дөңгелек стөл

1


20

«Қызғалдақ ғұмыр»

Бейнефильм көрсету

1


21

Қазақ ақын-жазушыларының қызғалдақ жайлы өлең шумақтарын оқып, талдау жасау

Ақын-жазушылардың өлең жолдарын оқып, талқылап, жатқа жаттап алу.

2


22

«Көктем көркі - қызғалдақ» саяхат жасау

Саяхатқа шығу

1


23

«Қызғалдақ сұлулықтың символы» эсселер байқауы

Эссе жазу

2


24

«Қазақстан -қызғалдақтың отаны» презентация байқауы

Презентация жасау

2


25

«Қызғалдақ гүлі» кез-келген бір қызғалдақ түрін алып ғылыми жоба жазу

Жоба қорғау

3


26

Қорытынды сабақ

Жыл бойы өтілген материалдарды қорытындылау.

1



Жалпы сағат саны

34






Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан эндемик өсімдіктері оқулығы

2. Энциклопедия өсімдіктер бөлімі

3. Маңғыстау энциклопедиясы.Алматы 1997

4.Батыс Қазақстан энциклопедиясы. Алматы «Арыс» баспасы 2002 жыл

5. Балалар энциклопедиясы 6 том

6. https://kk.wikipedia.org/wiki/Қызғалдақ

7. https://ust.kz/word/qazaqstan___qyzgaldaqtyng_otany-218008.html

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10.02.2021
784
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі