400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан рәміздері

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып ұстаздарына көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

3В бөлім: «Салт-дәстүр және әдебиет»

Тақырып: Қазақстан рәміздері

Мектеп: 91

Күні : 27. 02. 2019 ж

Мұғалімнің есімі: Нұрмаханова

СЫНЫП: 1

Қатысқандар саны:13

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату

1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу

Бағалау критерииі:

Барлық оқушылар:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын сипаттап айта алады;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • сұрақтарға жауап таба алады;

  • тудағы бейненің беретін мән-мағынасын біледі;

Кейбір оқушылар:


  • Сабақта алған білімдерін қолдана алады;

  • Батырларымыздың қазақ халқының тарихындағы орнын түсінеді, алған ақпараттары бойынша өз пікірлерін білдіреді.

Тілдік зерттеу мақсаты

Өткен мен қазіргі уақытта мемлекеттік рәміздерге қатысты арнайы тіл, сөздер мен сөз тіркестерінің қоры.

Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы топта және жұптасып талқылай алады. Бұндай талқылаулар басқаларды тыңдауға, өз кезегін күтуге және нәтижемен келісуге көмектеседі.


Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:


  • мемлекеттік рәміздер туралы ойланыңыз;

  • кітап мазмұны мен көрсетілген беттерін қараңыз;

  • ҚР-ның рәміздерінде бейнеленген суреттерді зерттеңіз;


Талқылауға арналған тақырып:


Біздің еліміздің Туын көкке көтеру үшін өздерің не істей аласындар?


Сіз неге... екенін айта аласыз ба…?


Бұрынғы кезде қазақ халқына ту не үшін қажет болды?

Ал қазіргі кезде тудың рөлі қандай? Қай кезде біз оны биікке көтереміз?

Алдыңғы сабақ

Мен қазақпын

Жоспарланатын

уақыт

Жоспарланған әрекет (төменде көрсетілгендер

орнына өз тапсырмаңызды жазыңыз)

Ресурстар

басталуы




  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. «ҚР-ның әнұраны»

  • Осы әнұранды орындаған кезде қандай сезімде болдыңдар?

  • Біз бүгінгі сабақта не туралы айтуымыз мүмкін деп ойлайсыңдар?


ортасы








  1. Суреттермен жұмыс (презентация боыйнша).

Оқушыларға иллюстрациядағы бүркіттің және күннің суретіне қарап тұрып, сұрақтарға жауап беруі тапсырылады.

  1. (Ж) «Анықта»: Оқушылар иллюстрацияға қарап отырып, жұпта бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

Бұл жұмыстан кейін мұғалім сұрақтар қояды:

Бұл суреттер қай жерде бейнеленген?

Олардың әрқайсысы нені білдіреді, қалай ойлайсыңдар?

Ерте заманда тулар әскери ерліктің белгісі болған. Туға ерекше құрмет көрсетілген. Біздің заманымызда ол елдің тәуелсіздігін білдіреді.

Қазақстанның Туы көгілдір түсті. Көгілдір түс еліміздегі береке мен бейбітшілікті білдіреді.

-Біздің еліміздің Туын көкке көтеру үшін өздерінне істей аласындар?

6. (Т) Оқушыларды үш топқа бөлу.

«Тусыз бірлік болмас, қарусыз жігіт болмас»? мақалды қалай түсінесің?

Топтық жұмыс: бір топқа әуенін тыңдау, екінші топқа декорациясын қарау, ал үшінші топқа адамдардың әрекетін бақылау тапсырылады. Сосын әр топтың бір мүшесін алып, оларды біреуі сазын, екіншісі декорациясын, ал үшіншісі адамдардың әрекетін сипаттайтындай етіп, бір топқа отырғызады. Оқушылардың міндеті – аталмыш фильм мақалды қалай растайтынын айту.

-Бұрынғы кезде қазақ халқына ту не үшін қажет болды?

-Ал қазіргі кезде тудың рөлі қандай? Қай кезде біз оны биікке көтереміз?

7.Оқушыларға мәтінді өз беттерінше оқу тапсырылады.

Әрбір елдің мемлекеттік рәміздері бар. Оған Елтаңба, Ту және Гимн жатады. Қазақстанның рәміздері еліміздің тарихы туралы айтып бере алады. Олар еліміздегі барша халықты біріктіреді.

8. Сен білесің бе?

Абылай ханның әскери туының түсі ақ болған. Осы тудың астында ұлы ханның қолы жоңғарларды талай талқандаған.

Оқушыларға қазақтың атақты ханы Абылайдың портреті көрсетіледі. Абылай ханның қазақ халқына өте ауыр болған кезде өмір сүргенін және қазақ қолының жоңғарларға қарсы соғыстарына он бес жасынан бастап қатысқандығын айту керек. Абылай ханның ең үлкен еңбегі – қазақтың үш жүзінің басын бір тудың астына біріктіре алғандығы екендігін баса айту қажет. Бір оқушыға айдардың мәтінін дауыстап оқу тапсырылады. «Жеті жебе» әдісін қолдана отырып, ақпаратты байытуға да болады. Портреттің айналасына жеті жебе сызылады. Әр жебенің тұсына оқушылар тарихи тұлғаны сипаттайтын бір-бір сын есім жазады.

Жауап: ержүрек, батыр, дана

мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат, гимннің дыбыс жазбасы, «ту», «гимн», «елтаңба» сөздері жазылған карточкалар,

«Бәйтерек», «Алтын адам» суреттері, флипчарт, түсті маркерлер, «Мемлекеттік Ту» тақырыбында таныстырылым, түсті қағаз, желім, қайшы, ҚР-ның рәміздерінің элементтері бейнеленген суреттер (бүркіт, жұлдыз, күн, шаңырақ, қанатты пырақ), жапсырмалар, өрнек-жапсырмалар,


Соңы

Рефлексия




Тексерілді:






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі