400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қазақстан Ресей империясының құрамында"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың жоспары: 1. Әбілқайыр ханның басты мақсаты. 2. Орыс өкіметінің Қазақстан жөніндегі жоспары. 3. ХYIII ғ.30-40 жылдардағы Кіші және Орта жүздің жағдайы. 1. Ресеймен сенімді байланыс орнатып бар күшті жоңғарларға қарсы күреске жұмылдыру қалмақтар мен башқұрттардың Қазақстанды мазалауын тоқтату. Сонымен қатар Ресейге арқа сүйеп өзінің жеке қарсыластарының жеңіп, өз беделін көтеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

«ЖББ және әлеуметтік экономика

ПЦК төрайымы:

_________ Ж.Б.Шамгонова

«_____» ________________201_ж.

Пәні: Қазақстан тарихы

Оқытушы: __________________________________________________________________________

Тобы:_______________________________________________________________________________

Аудитория: _________________________________________________________________________

Күні: _______________________________________________________________________________

Уақыты: ____________________________________________________________________________

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Ресей империясының құрамында.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Оқушыларға Қазақстанның Ресейге қосылуы не себептен, қазақстанның сыртқы саясаты туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Қазақстанның Ресейге қосылуы бүгінгі Егемен еліміздің тарихындағы алатын орны.

Тәрбиелік: Оқушылардың отансүйгіштікке, адамгершілікке, ізгілікке, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Әдіс-тәсілдері: баяндау

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, сұрақ-жауап слайдтар, қосымша деректер, бейнежазбалар.

Пәнаралық байланыс: дүниежүзі тарихы, география.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақ IV. Жаңа сабақты бекіту

V. Қорытындылау VI. Бағалау. Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

· Оқушылармен амандасу

· Оқу құралын тексеріп түгелдеу

· Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен тақырыпты қайталау.

  1. Жоңғар хандығының құрылуы

  2. Қазақ- жоңғар қатынастары

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сабақтың жоспары:

1. Әбілқайыр ханның басты мақсаты.

2. Орыс өкіметінің Қазақстан жөніндегі жоспары.

3. ХYIII ғ.30-40 жылдардағы Кіші және Орта жүздің жағдайы.


1. Ресеймен сенімді байланыс орнатып бар күшті жоңғарларға қарсы күреске жұмылдыру қалмақтар мен башқұрттардың Қазақстанды мазалауын тоқтату.

Сонымен қатар Ресейге арқа сүйеп өзінің жеке қарсыластарының жеңіп, өз беделін көтеру.

Жайық, Есіл, Ертіс өзендері бойындағы қазақ руларына мал шаруашылығын дамыту үшін бейбіт өмір қажет болды .Ресей және басқа елдерге өтетін керуен жолының қауіпсіздігін қалпына келтіру үшін Ресеймен келісімге келу керек болды.

2. Ал орыс өкіметінің қазақтардың жоңғарлармен соғысып жатқанын пайдаланып қазақ жеріне бекіністер салу арқылы біртіндеп жаулап алу еді. 1731ж қазанның 10-ы күні Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған 29 старшина Ресейдің қол астына кіруге ант қабылдады. Әбілқайырдың бұл ойы қазақ елінің империя құрамына қосылуының алғашқы қадамы болды.

1740 ж.Орта жүз билеушілері Абылай мен Әбілмәмбет те Ресей билігіне қарауға ант берді.

Орта жүз әліде өз дербестігін сақтады. Саяси жағдайдан туған айла - Ресеймен жақындасып Орта жүзге жоңғар шабуылдарын әлсіретуді көздеген еді.

3. Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Цэреннің 1741-1742 ж.Орта жүз бен кіші жүзге жасаған шабуылы «ақтабан шұбырындыдан» кем түспеді. Жоңғария екі жүздің билеушілерінен қалмақтардың билігін мойындауды және қазақтарға қонтайшы белгілеп берген жерде ғана көшіп-қонуын талап етті. Осы кезде орыс үкіметінің Ресейдің билігіндегі қазақтарды қорғауға дайын екендігін ескертуі қалмақтардың әскери қимылдарына біршама шек қойды.

1742 ж мамыр айының 20-сы күні Ресейдің сенаты қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау жөнінде арнайы жарлық шығарды.1742 ж қыркүйек айында Орынбор комиссиясының бастығы И.Неплюев Қалдан Церенге жолдаған хатында қазақтарға қысым жасамауды талап етті, алайда жоңғар билеушілері бұл талаптарға құлақ аспады.

Әбілқайыр ханның 1731 ж қазан айының 10-ы Ресей билігін мойындауы нәтижесінде жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығына біршама шек қойды. Құжатқа сай Ресей империясының құрамына Кіші жүз саяси-территориялық бірлестігі ғана енді. Патша үкіметі бұл қадамды Қазақстан мен Орта Азияны отарлаудың бастамасы ретінде қарады.

Хронологиялық кесте

- 1714-1720ж Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Кереку, Өскемен бекіністері тұрғызылды.

- 1726 ж Әбілқайырдың империя құрамына кіруге талпынған ұсынысы жауапсыз қалды.

- 1730 ж Кіші жүздің ықпалды билері Әбилқайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен келіссөз жүргізуді тапсырды.

- 1730 ж Әбілқайыр Ресейге әскери одақ құруды емес, Ресейдің қол астына кіруді қуаттайтын құжатқа қол қою үшін елшілігін аттандырды.

- 1731 ж ақпанның 19-ы күні қазақ елшілері С.Қодағұлұлы мен Қ.Қоштайұлының Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы ұсынысын патшайым Анна Иоановна қабыл алды.

- 1742 ж Мамыр айының 20-да Ресей сенаты қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау жөнінде арнайы жарлық қабылдады.


IV. Сабақты бекіту тапсырмалары:

1. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы?

2. Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігін басқарып келген?

V.Сабақты қорытындылау. Тақырып бойынша қорытындылау.

VІ. Бағалау:


Үй тапсырмасы: Берілген тақырып бойынша қосымша материалдар дайындау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1713
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі