400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қазақстан Республикам менің " 3 сынып тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН – МЕНІҢ РЕСПУБЛИКАМ !. 

( тәрбие сағаты)

Мақсаты: Оқушыларға аға ұрпақтың ерлік істерін үлгі ете отырып, Отанын, елін сүюге деген патриоттық сезімдерге баулу. Тәуелсіздікті сақтап,Отанды, елді, жерді қорғауға және көркейтуге деген жауапкершілік сезімдерін ояту. Бо-лашаққа сенімдерін қалыптастыру, саналы да білімді азамат болуға ттәрбиелеу. 

Көрнекілік: Н?Назарбаев суреті, Қазақстан картасы, Отан, ел жайлы мақал-мә - телдер, нақыл сөздер, “Желтоқсан құрбандары” буклет. 

Кіріспе әңгіме: Біздің ата-бабамызжанқиярлықпен табанды күрес арқасында өзінің елін, жерін, бірлік – берекесін сақтады. Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз-дікке де қол жеткізді. Еркін де ерікті ел болды. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қазақстан – біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи Отаны”дей-ді. Сол тарихи Отанымызды әлем мемлекеттерінің бәрі дерліктей танып отыр. 1992 жылы Қазақстан дүние жүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым – Бірік-кен Ұлттар ұйымына мүше болды. Содан бері Қазақстанды 120-дан астам ел та-нып, 130-дан астам ұлт бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

“Өзіңдікі елің де, өзіңдікі жерің де, 

Өзіңді - өзің етпе бос, Тәуелсіздік төрінде!”,-деп айқай салғың келеді. 

Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталған ірі империя құрамында еді. Халық еркіндікті 2,5 ғасырдан аса уақыт тосты. Ел тәуелсіздігі үшін күрес жолында көптеген адамдар, саяси-қай-керлер, ғалымдар, қатардағы бұқара өкілдері құрбан болды. 1991 жыл халқы-мызға егемендігін ала келді. Сөйтіп, 1991 жылдың 16 желтоқсаны ел тарихына ал-тын әріптермен жазылды. Сол тәуелсіздігіміздің арқасында өз Туымыз, өз Елтаң-бамыз, Әнұранымыз бар. 1993 ж 28 қаңтарда еліміздің тұңғыш Конституциясы қа-былданып, осы жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

Біздің тәуелсіздігімізді алған жылдар ішінде еліміздің қарыштап дамуы, әлемге танымал мемлекет бола бастауы, бұның бәрі сонау 1986 жылғы 16 желтоқсанда болған қанды оқиғамен тығыз байланысты. Ол жылы отты оқиға болды. Сол оқи-ғада көптеген жастарымыз құрбан болды. Егемендік жолында құрбан болған ұл-қыздарымызды мәңгі ұмытпай, есте сақтап, құрметтеуіміз керек. Бүгінгі саба-ғымызда ерлерді еске ала отырып, аруағына бас ие отырып, оларды ешқашан ұмытпас, естен шығармас мақсатымен сіздерді “Қазақстан – менің респуьликам!” деген тақырыппен өткелі Тәуелсіздіктің 19 жылдығына арналған 

саяхат сабағымызды көрермені және қатысушылары болуға шақырамыз: 

Өзіңдікі – Туың да, от пен ауа, суың да, 

Жаса, Қазақстаным, белді бекем буын да! 

Көк аспандай тулардың, желбірейтін кұні бұл, 

Елім деген ұлдардың, елжірейтін күні бұл! 


  1. Анель: Әнұраным – жан ұраным, 


Айтар әнім – сөйлер сөзім. 

Туған жерім – сағынарым, 

Мәңгі-бақи шырқалады, Республика Әнұраны. ( Әнұран орындау) 


  1. Оқушылардан ойыншылар іріктеп, топ құру. 


  2. Саяхат жоспарымен таныстыру. 



Ел тарихы” аялдамасы: 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігн қашан алды? 


  • Қазақстан Республикасының Елбасы кім? 


  • ҚР-ның рәміздерін ата. 


  • Елорда қай қала? Қай жылдан? 


  • ҚР-ның ұлттық теңгесі қай жылы қабылданды? 


  • Ата заң қай жылы қабылданды? 


  • Қазақ тілі қай жылы статус алды? 


  • Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? 


  • Әнұранның авторларын ата. 



Мақал-мәтелдер сайысы:”. 

Өнерпаз” аялдамасы: 1. Мәнерлеп өлең оқу. 

2. Қазақша би билеу. 

3. Ән айту (тақырыпқа сай) 


Тіл - өнер” аялдамасы: 


  1. ... етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. ( еңбек, труд) 


  2. Тиіскенді түйреген, Киімі бар инеден. ( кірпі, еж) 


  3. ... – кеме, білім –теңіз.( мектеп, школа) 


  4. Мектебің – мынау, ... 


Осында он жыл тұрасың. 

Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың. (класс, сынып) 



  1. Бүгін киген ақ тоны, ертең болар қара тон. 


Қара тоны аздан соң, болып кетер ала тон.( жер, земля) 


Бастаушы: “Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,

Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді”- деп І.Жансүгіров атамыз айтқандай, бұларға қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. Желтоқсан -ерлік тарихымыз. 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік. 

... Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын, 

Туды күнім әділетті арлы шың. 

Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып,

Келдің бе сен,Азаттығым, армысың! 

Болсын осы ар алдында сөз ақтық, 

Қан мен намыс болса бойда қазақтық, 

Қайтпас қайсар, қасиетті күреспен, 

Алыппыз біз мәңгі теңдік, азаттық! Ән: “Желтоқсан желі”. 

Соңы: Ұпай санын есептеп, жеңімпаздарды марапаттау. 





























«Менің Қазақстаным – менің болашағым»
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды. 
Қазақстан дейтін менің бар елім
Жатыр алып жарты дүние әлемін
Бұл даланы анам жаспен суарған
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада жылап келіп уанғам
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Қазақ жері көп шеккен қасіретті
Қазақ жері өнерлі, өсиетті
Египетті билеген Бейбарыстай
Елі текті, киелі, қасиетті.

Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім
Азап жүгін ел жауын қуған ері
Әділет пен бірлікке жанын қиып
Әділ өткен билердің туған жері

Қазақ жері – қонақжай төрлер жері
Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі
Елі кедей болмаған, жері байтақ
Едігедей, Бабырдай шерлер елі

Мәнге толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы

Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала
Шуақ болып шашылмай жылына ма
Сүй, Отанды
Шынымен сүйіп өт те
Гүл боп қадал, ойына, қырына да

Ел болдың ерік алдың астаналы
Енді кімнен қазағым, жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Сөзжұмбақ «Отан»

1. Ұлттардың бірлігі, татулығы Достық
2. Елордамыз қай қала Астана
3. Біз қай ұлтпыз? Қазақ 
4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі Әнұран

Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып дауыстап айт.

Отаным, туған жерім, Атамекенім, туған өлкем, туған елім.
Менің - Қазақстан

Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы.



Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз. 
Еліміздің рәміздерін атайық. 
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны)
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. 
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді. 
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков 
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған. 
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. 


Біздің еліміз
Қазақстан Туымен тұғырлы
Елтаңбасымен еңселі
Әнұранымен айбатты
Еліміздің рәміздері туралы не білесіз?
Әнұраным, жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Мәңгі бақи шырқалады 
Республикам – Әнұраным

Шексіз көк аспанды жамылады
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі
Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын
Әнұран – Мемлекеттің халық әні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
- Еліміздің Туы. Елтаңбасы туралы не айтамыз?

Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы, 
Оны халық қашанда. Биікке іліп қояды.
Көк аспанда алтын күн. Көк аспанда жас қыран,
Естілгендей біздің үн. Сол ғарыштың астынан.

Туымызға жас туған,
Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк тудың астында,
Көгереміз көктейміз.

Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй

Бұл - таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Мұнда да бір ерлігім
Мұнда да бар жер күші

Қара –шаңырақ – ел күні. Асқақтатып тұр мұны
Елтаңбасы – елдігім. Елдің тыныш тірлігі

Ән. Елтаңбасы елімнің
Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі. 
Ақын – жазушыларымыз 
Қандай сұлу, қандай көркем, 
Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған. 

Әйнегі күн – шатыры аспан
Кең дала, төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан
Қазақстан – Республикам менің!

Айқаста жаудың алқымын сыққан
Ажалға қимай намысты елін
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан
Қазақстан – Республикам менің 

Абай туған, Сәкен Туған
Құрметте досттым қазақтың жерін
Қамбаға жылда мол астық құйған
Қазақстан – Республикам менің!

Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем

Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің, туған өлкем!

Ер еңбегі шалқып тасқан
Ел еркіндей бақыт тапқан
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем!

Ән. Отаным Қазақстан!
- Мен. Қазақпын мың өліп, мың тірілген 
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген.

Біз, қазақ – мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз
Басымыздан құт-береке қашпасын деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзамызға үкі таққан елміз
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат
«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей біз өз ұлтымызды мақтаныш етеміз. 

Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске 
Айта бергім келеді, айта бергім.


Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен 
Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген

Көк байрағын көтеріп
Желбіреткен қазақпыз

Түбі бірге бауырды
Елжіреткен қазақпыз

Бостандықты сағынып 
Қолына алған қазақпыз 

Жұлдызымыз жарқырап
Жолы болған қазақпыз

Би «Қара жорға»

Туған тілім – тірлігімнің тірегі

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдыретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақ тілі – атадан балаға мирас болып қалған қасиетті мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға тиіс. 


Қымбат маған анам тілі, бал тілім
Қымбат маған дана тілім, ар тілім
Ақ сүтімен бірге сеңген бойыма
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.

Ана тілін жырлап өткен талайлар
Жырлап өткен Ыбырай мен абайлар
Қасиетті менің ана тілімде
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.

Ана тілім бәрін сөйлер шежірем
Тілсіз нені білдіре алам не білем
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем

Өлең жырмен арайланса таң күліп
Ардақтымды жырлап өтем мәңгілік 
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын
Жалғастырып жаза берем мәңгілік
Ән «Айналдым ана тілімнен»

Өткен тарихымыздан аздаған түсінік
ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық Алайда Қазақ елі бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан –байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. Жұрт қасиетті Қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Оларды Төле би бірлікке шақырады. 

Көрініс Үш бидің даналығы. 
Жерімді гүлдендірген аңыз өлкен 
Данышпан даналары аңыз еткен 
Үш жүздің басын қосып біріктірген 
Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер



Қазақ биі (Әмірбекова Ақерке)
Отанымыздың жүрегі
Тәуелсіздік тірегі
Жеріміздің кіндігі
Халқымыздың бірлігі – Астана
Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті
Астана – 1997 жылы 10 желтоқсанда Тәуелсіз еліміздің астанасы болып бекітілді. Бүгінгі Астана – азат елдің бас қаласы. 
Астана кеше ғана басқа қала 
Айналды бәйтеректі Астанаға

Астана туралы өлең шумақтары

Осынау елде бақ табам. 
Осынау елде шат балам 
Мерейін елдің артырған 
Астанам – менің Астанам

Байтақ дала – жерім менің
Арта берсін кенің сенің
Көк байрағың желбіресін 
Егеменді елім менің
Ән «Бала тілегі» (Әбдіхалықова Лиза)

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз. 

Жаса Қазақстаным,
Жаса, менің ұлы елім!

Көрініс

Астана кеше ғана басқа қала
Айналды бәйтеректі Астанаға
Астана қаласы – Біздің Отанымыздың жүрегі:
Жаса Қазақстан,
Жаса, менің ұлы елім!

Жаса Қазақстан, жаса менің қазағым
Артта қалды қиындық пен азабың 


Жаса Қазақстан, жаса менің ұлы елім
Атқан таңдай ашық болсын ажарың

Жаса Қазақстан, алаш жұртым ардағым
Алтын бесік байтақ дала – арманым

Жаса Қазақстан, атамекен тұрағым
Көк аспанда желбіресін байрағың

Жарқын көңіл, жайсаң елім қазағым
Өз ұраның айтылсын өз әнің

Ана тілдің айбыны асқақтап
Болсын таза дін

Батыр ұлың ел көшіп бастаған
Жасымасын жас ұрпақ, жаса балаң

Ашық аспан астында 
Мәртебең ассын басқадан

Байтақ дала – жерім менің
Арта берсін жерің сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
Ән «Атамекен»
Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
8224
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі