Қазақстан Республикасының Ата
Заңы күні - ұлық мереке
Биыл Қазақстан Республикасы
Конституциясының қабылданғанына 25 жыл болды.Еліміздегі басты құжат
1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған.Содан
бері 30 тамыз мемлекеттік мереке болып саналады.Жас ұрпаққа білім
беру және тәрбиелеу саласында ,мектепте мұғалім болып еңбек етіп
жүргеніме де биыл 25 жыл толып отыр.Оқу орыс тілінде жүргізілетін
сыныптарда мемлекеттік тіліміз,ана тіліміз –қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі болғандықтан , Ата Заңымыздың Жалпы ережелер деп
аталатын І бөліміндегі 7-бабына назарларыңызды аударғым
келеді.Себебі,әрбір жаңа оқу жылында шәкірттеріме Заңдағы осы бапты
бірінші сабақта естеріне түсіріп,дауыстап оқып,балаларға да
оқытып,мемлекеттік тілді оқудың үлкен жауапкершілікті талап
ететінін ұғындырамын.
І бөлім.Жалпы
ережелер
7-бап
1.Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік тіл - қазақ тілі.
Жас ұрпақ ,жас өспірім балалар
мектеп қабырғасында мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін ұғынса,бұл
бір жағынан Ата Заңға деген ,ал екінші жағынан мемлекеттік тілге
деген құрмет деп түсінемін.
Ата-бабаларымыздың ерен ерлігі
мен жанқиярлығының арқасында негізі қаланған мемлекетіміздің Ата
Заңы өте әділетті әрі жасампаз мазмұнға ие .
ІІ бөлім,Адам және
азамат
15-бап
1.Әркімнің өмір сүруге құқығы
бар.
17-бап
1.Адамның қадір-қасиетіне қол
сұғылмайды
2.Ешкімді азаптауға,оған
зорлық-зомбылық жасауға,басқадай қатыгездік немесе адамдық
қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға
болмайды.
Қасиетті Ата Заңымыздың
осындай маңызды баптарын жас ұрпақтың санасына мектепте әр түрлі
жағдаяттарға сәйкес түсіндіріп ,тәрбиелей отырып оқыту үдерісін
жүргізіп отырсақ,саналы,адал азаматтардың өсіп шығатынына сенімім
мол.
Қадірлі менің оқырмандарым,Ата
Заңымыздың тарихына көз жүгіртіп көрейін.Қасым ханның қасқа жолынан
бастап қысқаша шолу жасайын.Қасым ханның қасқа жолы –қазақ халқының
хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы.Қасым
хан хандық құрған кезде ,1511-1523 жылдары ел басқару ісінде
қолданылған.Негізі ортағасырларда Қыпшақ,Шағатай ұлыстары қолданған
«ярғу» заңынан ,қазақша «жарғы»-хақиқат деген ұғымды
білдіреді.Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының
этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа
сүйеді.Тіпті шариғат қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандарда
да Қасым ханның қол астына өткен соң ,әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық
биліктерге жүгіне бастады.Қасым хан өз заңында Құран талаптарына
қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады.Мысалы,жеті
атаға дейін үйленбеу,әмеңгерлік,құдалық жол-жоралар,қазылық
билік,т.б.Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан
билік дәстүрді,әдет-ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып ,күшейтті.Бұл
заңға енген ережелер:
-
мүлік заңы
-
қылмыс заңы
-
әскери заң
-
елшілік
жоралары
Бұл халық арасында ілтипатпен
«Қасым ханның қасқа жолы» деп аталып кетті. «Қасқа жолдың»
қағидалары өзгерусіз ХVІІ ғасырға жетіп,Есім хандық құрған тұста
,1598-1645 жылдары «Есім ханның ескі жолы» деген жаңа атқа ие
болды.Тәуке ханның тұсында, 1680-1708 жылдары бұл заң әлі де
шариғат қағидасымен боялмай , ежелгі билер жасаған қалпын жақсы
сақтады. «Жеті жарғы» - Жеті хақиқат деп аталған.
Сонау хандар дәуірінен бастау
алған Ата заңымыз алғаш рет 1926 жылы 18 ақпанда қабылданған .
Екінші рет 1937 жылдың 26 наурызында Х бүкіл қазақтар құрылтай
кеңесінде қабылданған еді. 1978 жылы 20 сәуірде заң тағы
қабылданған еді.1993 жылы 28 қаңтарда 4 бөлімнен ,21 тараудан және
31 баптан тұратын тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы
қабылданды,Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған
сәттен бергі көптеген құқықтық норманы:халықтық егемендік,мемлекет
тәуелсіздігі,билікті бөлісу принципі,қазақ тілін мемлекеттік тіл
деп тану және басқаларды қамтыды.1995 жылғы Конституция Қазақстан
Республикасының қазіргі қолданыстағы Қонституциясы 1995 жылы 30
тамызда республикалық референдумда қабылданды.Конституция 9
тараудан,98 баптан тұрады.
Қадірлі оқырман,көз жүгіртіп
осы мақаланы оқып шыққан болсаңыз ,Ата Заңымыздың қандай маңызды
,елдің елдігін,бүтіндігін,адамдардың бостандығы мен бақытты
өмірінің негізі және қорғаны екеніне ,құрмет пен мақтаныш
етіп,оқып-үйренуге ,баптары мен талаптарын қатаң сақтау
–әрбіріміздің азаматтық ,адамдық борышымыз екеніне көз
жеткіздіңіздер деп ойлаймын.
Ұлық мереке құтты болғай
...
Шымкент қаласындағы
№20 Титов атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі –Калчабекова Акбупе Батыровна