Материалдар / Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы күшін жойған
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы күшін жойған

Материал туралы қысқаша түсінік
өзге ұстазға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қазан 2018
384
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы күшін жойған.Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен
  • Ресми жарияланым
  • Басқа
Жинақталған:
      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 153 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) Жарлығымен.      Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемiн:      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекiтiлсiн2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.      Қазақстан Республикасының       ПрезидентiҚазақстан Республикасы  Президентiнiң      2005 жылғы 3 мамырдағы  N 1567 Жарлығымен    бекiтілген       Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі(Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары)      Ескерту. Ар-намыс кодексі жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.04.01 N 1180 Жарлығымен.1. Жалпы ережелер      1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.      Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) (бұдан әрі - Кодекс) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының З, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.      3. Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда - орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда - орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.      4. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн мерзімде осы Кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы тиіс.      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.10.2013 № 651 Жарлығымен.2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары      5. Мемлекеттік қызметшілер:      1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;      2) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;      3) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;      4) мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;      5) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;      6) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;      7) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;      9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;      10) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; өзінің қызметтік міндеттерін адал, турашыл және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;      11) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;      12) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;      13) кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;      14) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың қызметтік міндеттерінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге; басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар жасауға мәжбүрлемеуге;      15) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет  нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және олардың жолын кесуге;      16) өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;      17) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!