400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері

Қазақстан қарулы күштері


Қазақстанның Қарулы күштерінің рәмізі

Құрылғаны

1992

Күштер тараулары

Құрлық күштері
Әуе қорғанысы күштері
Әскери-теңіз күштері
Аэроұтқыр әскерлері
Ракета әскерлері мен артиллериясы
Арнайы әскерлер

Басшылық

Жоғарғы Бас Қолбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қорғаныс министрі

Сәкен Жасұзақов[1]

Штаб бастықтары комитетінің төрағасы

Мұрат Майкеев

Әскери қызметі

Әскери қызмет жасы

18

Әскери қызметке шақыруы

12 ай (ең кемінде)

Әскери қызметке
қытынаулылар

3,758,255 ер, жасы 15–49 (2005сарап.),
3,822,845 әйел, жасы 15–49 (
2005сарап.)

Әскери қызметке
жарайтындар

2,473,529 ер, жасы 15–49 (2005сарап.),
3,168,048 әйел, жасы 15–49 (
2005сарап.)

Шақыруға жасы жеткендер,
жыл сайын

173,129 ер (2005сарап.),
168,697 әйел (
2005сарап.)

Шығындары

Бюджеті

1 498 999 781 (FY01)

ЖІӨ пайызы

3.5% (2010 сарап.)

Қатысты баптар

Дәрежелер

1

Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.

Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.

Shape1 Міндеттері

«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.

Бейбiт кезеңде

Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:

  • әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;

  • әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемллекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;

  • маңызды әскери нысандарды күзету;

  • елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;

  • халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.

Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.

Әскери доктринасы


Қазақстан аэроұтқыр әскері

Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда.

  • 2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемле­кеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыс­тар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралым­дарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көз­қарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республи­касының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.

Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстан­ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республика­сы­ның заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысу­шысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды.

Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіп­сіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қа­зақстан Республикасының бейбітшілікке бейілді­лігін айқындайды, асимметриялық қатерлер­ге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.

  • Әскери доктрина ережелерін іске асыру әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байла­ныс­ты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Өңірлік қолбасшылықтар

Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы

«Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасады. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағынысты бөлімдер мен Әуе қорғанысы күштері әскерлерінен басқа аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы — Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысы Ставкасының резерві.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семейқаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті — Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумақтық тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті — елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ағымдық қару-жарағы

Құрлық күштері

Жауынгерлік қолдау бөлімдерінің санын көбейту және заманауи қару мен әскери техниканы сатып алу. 99 арнайы мамандандырылған компанияларды қамтитын 10 логистикалық база мен 9 барлау полисі құрылды.

3 млрд тенгеге келесі заманауи қарулар сатып алынды:

  • Биологиялық заттарды таба алатын жаңа құралдар

  • КПО-1М үлгілеу жинақтағыштары

  • Портативті спетрометлердің жиынтығы және т.б

ТанктерТ-72БА- 650;

Мотоәскер көліктеріБМП-1 - 730;

Сауытты көліктер

Артиллерия

Сүйретілетін артилерия

Моторлы зеңбіректер

Дүркін артиллерия

Әуе қорғанысы күштері

Су-25 (Su-25)

Қазақстан Республикасының әуе қорғаныс күштері 1998 жылы 1 маусымда құрылды.

Мақсаттары:

  • Қазақстан Республикасының әуе шебі қорғанысын қамтамасыз ету

  • Мемлекеттік, әскери және әкімшілік нысандарды әуе шабуылынан қорғау

  • Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің басқа құрылымдарына авиациялық көмек көрсету



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
1 мамыр
896
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі