400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары" тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары. Төмендегі оқу мақсаттарын қамтиды: 1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құрылымдарының жалпыəскери жарғыларының əскери ұжым қызметі мен тұрмыс-тіршілігіндегі маңызын түсіну. 2. Əскери кызметшілердің жалпы міндеттерін білу. 3. Əскери атақтар және айырым белгілерін ажырата алу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар

    Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары

Бөлім:

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құрылымдарының жалпыəскери жарғыларының əскери ұжым қызметі мен тұрмыс-тіршілігіндегі маңызын түсіну.

2. Əскери кызметшілердің жалпы міндеттерін білу.

3. Əскери атақтар және айырым белгілерін ажырата алу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Жалпыәскери жарғылардың түрлерін біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Әскери қызметшілердің міндеттерін біледі, түсіндіре алады

Кейбір оқушылар:

Әскери атақтар және айырым белгілерін толықтай ажыратады.

Құндылықтарға баулу

Қоғам игілігі үшін қызмет ету

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресур-р

Басы

5'

Амандасу, түгелдеу, оқушылардың сырт көріністерін тексеру.


Взвод командирінің орынбасары оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға сабаққа дайындығы жөнінде баяндама жасайды.



5'

Саптық жаттығулар.

Саптан шығу және сапқа қайта тұру. Жаттығуларды орындап болғасын кабинетке кіргіземін.

Қимыл-қозғалыс әрекеттерін дұрыс жасауға тырысады. Кабинетке кіріп, орындарына отырады.



Ортасы

2'


Білу

Жалпыәскери жарғылардың қандай түрлерін білесіңдер? Жауап беру арқылы диалогқа түседі. Әрі қарай сұрақтарды оқушылардың жауап беру деңгейіне қарай қоямын. Жалпыәскери жарғылар туралы мағлұмат беріп кетемін.

Сұрақтарға жауап беру арқылы диалогқа түседі.



Қалыптастырушы бағалау

АӘТД электронды оқулығы

8'


Түсіну

Оқулық мәтінін пайдалана отырып, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін анықтап, түсіндіріп беруді тапсырамын.

Оқулық мәтінін пайдалана отырып, әскери қызметшілердің жалпы міндеттерін анықтап, түсіндіріп береді.



Қалыптастырушы бағалау

АӘТД электронды оқулығы

5'


Қолдану

Бастықтар мен бағыныштыларға, аға және кіші шенділерге кімдер жатады?

Оқулық мәтінін пайдалана отырып анықтайды.

-Генералдар кімге бастық болатынын анықтайды;

-Аға офицерлер кімге бастық болатынын анықтайды;

- Кіші офицерлер кімге бастық болатынын анықтайды;

- Сержанттар кімге бастық болатынын анықтайды;

Қалыптастырушы бағалау

АӘТД оқулығы

5'


Талдау

1. Лейтенанттың шені үлкен бе, майордың шені үлкен бе, неліктен?

2. Генерал-майордың шені үлкен бе, әлде генерал-лейтенанттың шені үлкен бе, не себепті?



-Лейтенант пен майор шендерінің үлкендік және кішілік дәрежесін анықтайды;

-Генерал-майор мен генерал-лейтенант шендерінің үлкендік және кішілік дәрежесін анықтайды.


Қалыптастырушы бағалау

АӘТД оқулығы


5'


Жинақтау

Әскери және кемедегі әскери қызметшілер үшін бекітілген әскери атақтардың түрлерін атауға және көрсетуге тапсырма беремін.

Әскери атақтарды атайды және көрсетеді.

Қалыптастырушы бағалау

АӘТД оқулығы

Аяқталуы

5'


Кері байланыс

«Плюс-минус-қызықты» тәсілі.

«П» - «плюс» бағанына- сабақта ұнағанның бәрі жазылады: жақсы көңіл күй сыйлаған немесе пайдалы болған ақпарат және жұмыс түрі.

«М» - «минус» бағанына – сабақта ұнамаған жайттар: жағымсыз әсер қалдырған, түсініксіз болған немесе пайдасы болмаған ақпарат жазылады.

«Қ» - бағанына – сабақта жаңадан білген «қызықты» мәліметтер, бұл тақырыпта тағы білгілері келетін мағлұматтар және мұғалімге қойылатын сұрақтар жазылады.

Кестені толтырады.

Бөлімше командирлері жақсы жұмыс жасаған жас сарбаздар мен бөлімшелерді атап өтеді.


Үйге тапсырма беру

Әскери атақтар мен айырым белгілерін жаттау



АӘТД оқулығы

     




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қыркүйек
108
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі