Материалдар / Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың қандай құқықтары мен міндеттері бар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың қандай құқықтары мен міндеттері бар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың қандай құқықтары мен міндеттері бар ҚР Конституциясын талдау арқылы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін анықтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2022
326
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ – 9 сынып


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.1B Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары

Мектеп: Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин жалпы білім беретін мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан Республикасында адам мен азаматтың қандай құқықтары мен міндеттері бар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.1.2 ­ ҚР Конституциясын талдау арқылы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін анықтау

Сабақ мақсаттары

ҚР Конституциясын талдау;

Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттерін анықтау.

Бағалау критерийлері

Дағдылар

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Қолдану


Конституция баптарын қолдана отырып, адам және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін ажыратып, кесте толтыру.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Бейнебаянға комментарий жазады (тыңдалым, жазылым, айтылым дағдылары)

Конституция баптарын оқып, пікір білдіреді (оқылым, айтылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Конституция, конституциялық құқық, азамат, адам, азаматтық, конституциялық құқықтар мен бостандықтар, жеке адамның конституциялық міндеттері.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Конституция дегеніміз...

ҚР Конституциясының қабылдауына келесі жағдайлар әсер етті...

Конституция... кепілдік береді

Адам мен азаматтың құқықтарына/бостандықтарына/міндеттеріне жататыны: ...

Адам және азаматтың негізгі құқықтары келесі баптарға сүйенеді...

Адам мен азаматтар міндетті: ...

Құндылықтарды

дарыту

Өмірлік құндылықтарды айта отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Пәнаралық

байланыстар

Тақырып мазмұны тарих, қазақ тілі, география пәндерімен байланысты.

АКТ қолдану

Берілген ғаламтор ресурстарымен қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу дағдылары

Бастапқы білім


Оқушылар бұған дейін тарих курсынан алған білімдеріне және күнделікті өмірдегі іс тәжірибелері мен медиа жаңалықтарының әр түрлі көздерінен берілетін адам құқығы жайлы ақпараттарға сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Сәлемдесу. Сабақ тақырыбымен таныстыру.

Сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақ жоспарымен таныстыру.

Презентация РР


Сабақтың ортасы

2 минут


5 минут



5 минут





10 минут





















10 минут


М. «Миға шабуыл»: «Конституция» деген не?


ҚР Конституциясының тарихы мен құрылымы жайлы бейнебаян көрсетіледі.


О. Бейнебаянға комментарий жазады. Пікір білдіреді.

М. Түсініктеме беру.


М/О. Терминдермен танысу. Қосымша № 1.

Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституциялық құқық-ҚР конституциялық құрылысының, адам мен азаматтың мәртебесінің, мемлекет құрылымының, мемлекеттік билік органдары жүйесінің, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқарудың негіздерін реттейтін, құқық нормаларының жиынтығынан тұратын құқықтың бір саласы.

О. Конституция баптарын оқып, пікір білдіреді.

О. Мәтінмен жұмыс. Қосымша № 2.

Кесте толтыру.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Оқушы

Конституция баптарын қолдана отырып, адам және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін ажыратып, кесте толтырады.

Конституция ұғымын түсіндіре алады.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды ажырата алады.

Конституциялық міндеттерді анықтайды.


Презентация РР





https://www.youtube.com/watch?v=MHbl8CyJAgk







ҚР Конституциясы

http://adilet.zan.kz


















Сабақтың соңы:

5 минут

Қорытынды:

Кері байланыс:





Үйге тапсырма:

Сабақты қорытындылау. Жетістік критерийлеріне оралу.

Сабақтың басты сұрақтары:

Конституция дегеніміз не?

Конституиялық құқық несімен маңызды?

- нені білдім, нені үйрендім,

- нені толық түсінбедім,

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

ҚР Конституциясының ІІ бөлімін оқу.

Презентация РР

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Барлық оқушылар: Конституциялық құқық түсінігін біледі.

Қабілетті оқушылар: Адам және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын, міндеттерін ажырата алады.

Қабілеті төмен оқушылар: Конституция ұғымын түсінеді.

Сабақ барысында талқылау, бақылау, бағалау жұмыстары. Дескрипторлар арқылы бағалау жүргізіледі.



Денсаулыққа қауіпсіз.

Рефлексия по уроку

Были ли цели урока/цели обучения реалистичными?

Все ли учащиеся достигли ЦО?

Если нет, то почему?

Правильно ли проведена дифференциация на уроке?

Выдержаны ли были временные этапы урока?

Какие отступления были от плана урока и почему?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Қосымша № 1.

Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституциялық құқық-ҚР конституциялық құрылысының, адам мен азаматтың мәртебесінің, мемлекет құрылымының, мемлекеттік билік органдары жүйесінің, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқарудың негіздерін реттейтін, құқық нормаларының жиынтығынан тұратын құқықтың бір саласы.

Демократия-сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді.

Референдум (лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе)-мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу.

Құқықтық мемлекет-конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.

Зайырлы мемлекет- ешбір діннің үстемдігін мойындамайтын, барлық діндерге бірдей құқықтық тұрғыдан қарайтын, алуан түрлі діндердің болуына жол беретін мемлекет.

Әлеуметтік мемлекет-халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға бағытталған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет.

Дерек: https://kk.wikipedia.org



Қосымша № 2.

Конституция 1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданды. II бөлім АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ.

13-бап. 1. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.

2. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар.

15-бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.

16-бап. 1. Әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.

2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.

3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.

18-бап. 1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

2. Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар.

19-бап. 1. Әркім өзінің қай ұлтқа, ай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы.

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!