жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақстан Республикасындағы жастар арасындағы жұмыссыздықты салыстырмалы талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
Өскемен көпсалалы технология колледжі
Қазақстан Республикасындағы жастар арасындағы жұмыссыздықты салыстырмалы талдау
(зерттеу жұмысы)
Орындаған: ПБқ- 18 тобының студенттері
Кабдуалиева Алина
Карикбаева Эльвира
Тексерген: арнайы пәндер оқытушысы
Мухажанова А.А.
Өскемен, 2020
МАЗМҰНЫ
1 БӨЛІМ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ: МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ, НЫСАНДАРЫ 4
1.1. Жұмыссыздық түсінігі, мәні, түрлері 4
1.3. Жұмыссыздық нысаны, деңгейі, тигізетін зияны 7
2 БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ 10
2.1. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі 10
2.2. Жастар арасындағы жұмыссыздық және оны жою жолы 11
2.3. 2019 мәжілісте өткен Үкімет сағатында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жайында 12
2.4. Қазақстан жастары арасындағы жұмыссыздықтын маңызды сұрақтары 14
2.5. ҚР Жұмыссыздық мәселелері және оны шешу жолдары 18
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 21
КІРІСПЕ
Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады.
Қaзaқстaн экономикaсының қaзіргі, яғни өмір сүру сaпaсының төмендеуі, жaстaр денсaулығының сыр беруі, жaстaр aрaсындaғы қылмыстық мәселелердің көбеюі, жaстaрдың жеке тұлғa ретінде қaлыптaсуы мен дaмуынa кедергілердің болуы, туу көрсеткішінің aзaюы жaғдaйындa өмірге енді қaдaм бaсқaн жaс буынғa қaтысты мемлекеттік сaясaттың жүзеге aсырылуының белсенділігі тaлaп етіліп отыр.
Жұмыстың өзектілігі: Жaстaр aрaсындaғы жұмыссыздық зaмaнaуи қоғaм үшін кез келген aдaмғa әр жaқты әсер ететін әлеуметтік-экономикaлық мәселелердің бірі болып тaбылaды. Сондықтан жастар жұмыссыздығы кез келген мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: жұмыссыздықтың мағынасын, оның негізгі түрлерін, сонымен қатар зардаптары мен салдарын ашып көрсету және жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша шараларды ұсыну болып табылады.
Жоғарыда аталған мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер анықталады:
- Жұмыссыздық түсінігі, мәні, түрлері
- Жұмыссыздық себептері
- Жұмыссыздық нысаны, деңгейі, тигізетін зияны
-Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі
-2019 мәжілісте өткен Үкімет сағатында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жайында
-Жастар арасындағы жұмыссыздық және оны жою жолы
-Қазақстан жастары арасындағы жұмыссыздықтын маңызды сұрақтары
- ҚР Жұмыссыздық мәселелері және оны шешу жолдары сияқты мәселелерді ашып көрсету.
Зерттеу объектісі: Жастар арасындағы жұмыссыздықтың салдары, оның Қазақстан экономикалық жағдайына әсері.
Зерттеу пәні: қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі, себептері.
Курстық жұмыс болжамы: Жұмыссыздық деңгейі шамадан тыс артатын болса, бұл халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізеді.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі болып окулықтар мен ғылыми интернет парақшалары табылады.
1 БӨЛІМ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ: МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ, НЫСАНДАРЫ
1.1. Жұмыссыздық түсінігі, мәні, түрлері
Жұмыссыздық – еңбек нарығының құрамдас элементі болып табылады. Еңбекке қабілетті адамдар- жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге жарамды адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын - нарықтық емесе құрылымда істейтіндер (мемлекеттің әскері органдарда, милицияда, мемлекеттік аппаратта), жұмыс істеушілердің саны, жұмыссыздар саны, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдар саны сияқты көрсеткіштер сипаттайды
Қазіргі таңда жоғары білімі бар немесе жоғары оқу орнын тамамдап, өз мамандығы бойынша қызметтерге орнала алмай жүрген азаматтар қанщама. Бәрінен де күрделі жағдайға келіп тірелетін оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар. Өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан болса, бұрын соңды жұмыс істеген уақыты қажет етіледі. Осыдан барып адамдардың ағайын-туыс, жора-жолдас арқылы пара беру көмегімен жұмысқа орналасу жолдары пайда болды.
Басқа қаладан немесе ауылды жерлерден келгендері жұмыс таба алмаса өз жерлеріне қайтып, бірнеше жыл бойы оқып, ауыр еңбекпен алған дипломдары жарамсыз болып қалады. Ал енді біреулері өз мамандықтары болмаса басқа жұмыстарға орналасып, өлместің күнін көреді. Осыдан барып жоғары арнайы мамндығы бар жастардың мейрамханаларда, автокөлік жуу, тағы сол сияқты жерлерде жұмыс істеп жатқандары жиі кездесті.
Нарық жағдайындағы күрделі мәселелердің бірі жастардың еңбек нарығына тез қалыптаса алмауы. Жалпы жұмыссыздық деңгейінің азаюына қарамастан, кейбір мәселелер шешімін таба алмай отыр.
Жұмыссыздық әр мемлекетте бар және нарықта белгілі бір көлемде болып тұрады. Жұмыссыздықтың шамадан тыс болуы халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізері хақ. Ал бұл жағдай мемлекеттің араласуын талап етеді. Тәуелсіздік алғалы бері елде еңбек рыногына әсер ететін бірқатар факторлар пайда болды. Соның бірі көлеңкелі экономика. Бұл салаға бастама берген негізінен жұмысшыға жасырылған ақы төлеп немесе еңбек етуге қолайлы жағдай туғызбағандықтан мемлекетке салық төлемейтін сектор жатады. Бұған ең алдымен ел экономикасы көтерілгеннен бері елге ағылған босқындар, гасторбайтерлер жатады. Қазір нақты қанша көлемде бұндай жұмыссыздық түрі барлығын ешкім дәл тауып айта алмайды. Сонымен бірге Қазақстан үшін жастар арасындағы жұмыссыздық ең бір бас ауыртыр мәселе, елде оқымайтын және жұмыс жасамайтын жастар саны жалпы активті бөліктің сегізден бір бөлігін құрайды. Ал әйелдер ең бірінші активті топ болып табылады, бірақта онда да жұмыссыздық бар.
Жұмыссыздық дегеніміз – бұл еңбекке жарамды халықтың жұмыспен қамтылмауы. Нарықтық экономикада жұмыссыздық негізінде дағдарыстар кезінде көбейеді.
Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.
Жалпы жұмыссыздықтың бірнеше түрлері бар. Олар:
«Жасырын жұмыссыздық- өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде,олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады .
Фрикциондық жұмыссыздық –еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жорқтығының нәтижесінде болады .
Маусымдық жұмыссыздық–ауыл шаруашылығының кейбір салалағында,әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдері қолданылғанда болады.
Құрылымдық жұмыссыздық- өндіріс қуатының жетіспеуінің нәтижесінде,сондай-ақ жынысының,жасының,ұлтының,мамандығының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін .
Техналогиялық немесе өтпелі жұмыссыздық-адамдарды машинамен ауыстру нәтижесінде болады,ол жұмыскерден кәсібін өзгертуді немесе мамандықта игеруді қажет етеді .
Циклдық жұмыссыздық-өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.
1.2. Жұмыссыздық себептері
Ұзақ уақыт бойы батыстың экономикасы жұмыссыздықты еркін құбылыс деп танып келді. Жұмыссыздықтың себебі жұмыскерлердің тым аз жалақыға жұмыс істегісі келмейтіндігінен туындайды. Олардың осындай жалақыға келіспейтіндігінен жұмыссыздық пайда болады деп түсіндірді.
Марксизм теориясы мәжбүрлі жұмыссыздық мәселесін алға тартады. Жұмыссыздықты капиталдың жинақталуының нәтижесі деп білді. Жұмыс күшіне деген сұраныс капиталдың барлығымен емес, тек еңбек ресурстарын сатып алуға жұмсалған капиталдың мөлшерімен ғана анықталады. Капиталдың жинақтала беруіне байланысты капитал-еңбек қатынасы артады. Физикалық капиталдың (құрал-жабдықтар, материалдар, шикізаттар) жалпы капиталдың құрамындағы өседі, ал адам капиталының үлесі азая береді. К. Маркстің пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы жұмысшыларды ығыстырады. Бұдан басқа, өндірістің дамуының циклдік сипаты жұмысшылардың бірқатар тобын жұмыстан мәжбүрлі түрде босатып отырады, дағдарыс пен тоқырау фазаларында жұмыссыздық өседі, ал жандану мен өрлеу фазаларында ол азаяды.
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде жұмыссыздық мәселесінің мәжбүрлі сипатқа ие болатындығын алғаш мойындаған Дж. Кейнс деп айтылады. Бірақ ол жұмыссыздықтың бірқатар бөлігінің ерікті түрге ие болатындыгын да жоққа шығармаған. Кейнстік теория жұмыссыздықтың пайда болу себебін тұрғындардың тауарларға деген сұранысының жеткіліксіздігінен, олардың төлем қабілеттігінің төмен болуынан және жалақы мөлшерлемесінің тым жоғары болуынан деп түсіндіреді. Жиынтық сұраныстың жеткіліксіздігінен адамдардың жинақтауға деген бейімділігі мен инвестициялық белсенділіктері әлсіз болады.
Неоклассикалық теорияның көрнекті өкілі А. Пигу 1923 жылы жариялаған «Жұмыссыздық теориясы» еңбегінде осы мәселенің қырсырын басқаша түсіндіре алды, яғни неоклассиктердің ойынша, жұмыссыздықтың басты себебі болып жалдамалы жұмыскерлердің өз жұмыс орындарын ерікті түрде тандауы табылады. Жұмысшылар аса жоғары жалақыға ғана жұмыс істеуге дайын, сондықтан жұмыс күшіне деген сұраныс төмендейді. Монетаризм теориясы болса жұмыссыздықтың пайда болу себебін мемлекеттің ақша-несие саясатын дұрыс жүргізбеуінен деп дәлелдеуге тырысады. Елдегі ақша массасын және оның айналымын дұрыс реттей отырып, өндіріс үдерісін тиімді ұйымдастыруға болады.
Ағылшын экономисі Томас Мальтустың (1766-1834) атымен байланысты мальтузиандық теория жұмыссыздық мәселесінің туындауын елдегі халық санының өсуімен байланыстырады. Халық саны әр 25 жылда екі еселеніп отырады, ал оларга қажетті тұтыну заттары олай өсе алмайды, сол себепті тұрғындардың бір бөлігіне өмір сүру құралдары жетіспей олар кедейленеді және жұмыссыздыққа ұшырайды. Сондай-ақ, халық санының өсуімен қатар, елге сырттан имигранттардың келуі де бұл мәселені ушықтырып жіберуі мүмкін деп айтады.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халыұтың өндірісте жұмыспен қамтымауы.
Жұмыс қабілеті бар, бірақ жұмыс күшіне қосылмайтын жандар әдетте егделеу адамдар немесе жұмыстан жолы болмай жүрген адам екені аян. Осылайша жұмыссыз адамдар жұмыссыздық бірлестігін құрайды.
Адам мына төмендегі төрт түрлі себептің біріне байланысты жұмыссыз атанады:
Ол жұмыс күші қатарына жаңадан қосылуы мүмкін, яғни ол – жұмыс орнын бірінші рет іздеп жүрген адам. Немесе төрт аптаның ішінде өзіне лайықты жұмыс орнын таппай, қайтадан жұмыс күші қатарына қосылған адам.
Бұл адам басқа жұмыс орнын іздеп жұмыстан босанады, ол осылайша жұмыс орнын тапқанша жұмыссыз болып саналады.
Адамды жұмытан босатып жіберуі мүмкін. Сөйтіп жұмыстан босатылғаны жөніндегі анықтамада төлем тоқталып, жұмысшы бұл жөнінде ескертілмей, бұдан бейхабар қалады.
Жұмысшы фирманың жабылуына байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін. Ең соңғы жұмыс орнынан айырылу еріксіз жұмыстан босану деп есептелінеді.
1.3. Жұмыссыздық нысаны, деңгейі, тигізетін зияны
Жұмыссыздардың құрамына жасы мен денсаулығы бойынша жұмысқа жарамсыз адамдар, жұмысқа жарамды, бірақ белгілі бір себептерге байланысты жұмыс орнына үмітті емес адамдар (үй шаруасындағы әйелдер), жұмысқа жарамды және жұмыс іздеп жүрген, бірақ еңбек биржасында тіркелмеген адамдар кірмейді.
Жұмыссыздар екіге бөлінеді: толық және толық емес. Соңғысына толық емес жұмыс күніне немесе қандай да бір экономикалық себептерге байланысты толық емес жұмыс аптасына қамтылған азаматтар кіреді. Бұл жерде әртүрлі себептерге байланысты толық емес жұмыс күнін ерікті түрде қалайтын жұмыскерлер (мәселен, көп балалы аналар, бос уақыттың көп болуын тілейтін адамдар) жұмыспен қамтылғандардың қатарына жатады.
Статистикалық органдар екі маңызды көрсеткішті есептейді: жұмыс күшінің харекетшіл халықтағы үлесі және жұмыссыздық деңгейі.
Харекетшіл
халықтың жұмыс күшіне қатысу деңгейі
=
Жұмыс
күші / Харекетшіл халық * 100%.
Тәжірибе жүзінде, харекетшіл халықтың жұмыс күшіне қатысу деңгейі 57-66% аралығында болады.
Жұмыссыздық деңгейі екі әдіспен анықталады:
1) Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны / Жұмыс күші (жұмыспен қамтылғандар + жұмыссыздар) х 100%.
2) Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны / Харекетшіл халық (жұмыс күші + оздігінен қамтылғандар) х 100%.
Негізінен, дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейі 5% бен 12% аралығын қамтиды. Ал отандық статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі жылдан жылға төмендеп келеді. Оны төмендегі кестеден байқауға болады.
12.1-кесте.2001-2013 жылдар аралығындағы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі пайызбен
|
Сонымен, Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары мен өлшемдеріне сәйкес жұмыссыздарға халықтың экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы (15 және одан жоғары жастағылар), қаралған кезеңде:
- жұмыссыз болған (табысты жұмысы болмаған);
- оны іздеумен белсенді айналысқан;
- уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде жұмысқа кірісуге дайын болған деген үш негізгі критерийлерге бір мезгілде жауап берген адамдар кіреді.
Толық жұмысбастылық. Еңбек нарығында босаңқы жұмыс күшінің болуы сол жұмыс күшіне қосымша сұраныс білдіре отырып өндірісті кеңейтудің және дамытудың қажетті жағдайы болып табылады. Экономика ресурстарды, соның ішінде ең алдымен, еңбекті 100%-дық деңгейде қолданып әрекет ете алмайды. Экономика еңбектің, капиталдың және жердің қажетті резервіне ие болуы тиіс. Ресурстардың осындай қорына ие болып қана қоғам туындайтын мәселелерді шеше алады және өзгеретін жағдайларға тез бейімделе алады.
Табиғи жұмыссыздықдеген де ұғым бар және ол толығымен ерікті болып табылады. Нақтырақ айтсақ, табиғи жұмыссыздық деңгейі фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздыққа сәйкес келеді. Фрикциондық жұмыссыздық еркін түрде болады, ал құрылымдықты олай деуге болмайды. Қандай да бір саланың құлдырауы, мамандық пен біліктіліктің жоғалуы жұмысшыны жұмысынан айыруға алып келеді. Жаңа жұмыс орнына кіру үшін ол қайта оқытудан өтуі қажет. Бұл жерде денсаулығы және жасы бойынша шектеулер болуы мүмкін. Егер біліктілігі бар жұмысшы тым аз жалақыға және біліктілікті қажет етпейтін жұмыс орнынан бас тартса (мысалы, ыдыс-аяқ жуушы), онда оны ерікті жұмыссыздар қатарына жатқызуға болады.
Толық жұмысбастылық деңгейінен асып кететін жұмыссыздық қоғам үшін едәуір экономикалық және әлеуметтік зиян туындатады. Жұмыс күшінің белгілі бір бөлігін қолданбау ЖІӨ-нің кем өндірілуіне алып келіп, нәтижесінде нақты өндірілген ЖІӨ мен әлеуетті ЖІӨ арасында алшақтық пайда болады. Жұмыссыздық деңгейі неғұрлым жоғары болса, нақты өндірілген ЖІӨ мен әлеуетті ЖІӨ арасындағы алшақтық соғырлым үлкен болады.
Американдық экономист Артур Оукен жұмыссыздық деңгейі мен ЖІӨ-ді жоғалту арасындағы қатынасты есептеп шығарды. Бұл қатынас Оукен заңы деген атқа ие болды. Оукен заңы- жұмыссыздықтың нақты деңгейі өзінің табиғи деңгейінен 1% асқанда ЖІӨ-нің нақты өндірілген көлемі 2,5%-ға жоғалады дейтін тұжырымдама. Ал 2,5% Оукен коэффициентідеп аталады.
Оукен заңы мынадай формуламен жазылады:
Ү* - Ү / Ү* = у (u – u*),
мұндағы, Ү* - толық жұмысбастылық жағдайындағы өндірістің әлеуетті көлемі; Ү - ұлттық өндірістің нақты көлемі; u- жұмыссыздықтың нақты деңгейі; u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; у - Оукен коэффициенті. Осының нәтижесінде өндіріс көлемінің жұмыссыздықтың нақты деңгейіне тәуелді екендігін байқауға болады.
Жұмыссыздықтың қоғамға тигізетін экономикалық зардаптарынан басқа, оның әлеуметтік зияндары да бар. Олар жұмысшының өзіне жағымсыз түрде әсер етеді. Жұмыссыздықтың салдарынан адамдардың біліктілігі жоғалады, жұмысқа жарамдылығы төмендейді, өзін-өзі сыйлаудан қалады, адамгершілігі жоғалып, моральдік жағынан күйзеліске ұшырайды, өзінің атақдаңқы мен абыройынан айырылады, отбасылық ажырасуларға алып келеді, табысы жоғалғандықтан ұрлау, тонау, қарақшылық жасау, өз-өзіне қол жұмсау сияқты қылмыстық әрекеттер де орын алады.
Сондықтан жұмысбастылықты және жұмыссыздық мәселесін мемлекеттік реттеу өте маңызды болып табылады. Жұмысбастылық пен жұмыссыздықты реттеу шаралары мыналарды қамтиды: жұмыссыздық бойынша сақтандыру, кадрларды даярлау және қайта даярлау, өнеркәсіпті субсидиялау, қоғамдық қажетті жұмыстарды ұйымдастыру (мысалы, инфрақұрылым салаларын жетілдіру, жол құрылысы, т.б.), еңбек қызметінің ұзақтылығын, жұмыс аптасын және жұмыс күнін реттеу.
Сонымен қатар жұмысбастылық мәселесі мемлекетпен ғана емес, нарықпен де реттелуі мүмкін.
2 БӨЛІМ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
2.1. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық деңгейі
2017 жыл жұмыссыздық деңдейі бойынша:
2017 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның 16 аймағындағы жұмыссыздық деңгейі жеті пайызға төмендеген.
Қарағанды облысында жұмыссыздықпен күресудің ең жақсы көрсеткіштері байқалды. 2017 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша бір жыл ішінде жұмыссыздар саны 7 пайызға, яғни 32,2 мың адамға дейін қысқарды.
Сондай-ақ, Қазақстанда жұмыссыздықпен күресуде жақсы нәтиже көрсеткендердің қаратына Қостанай облысы да кіреді. Бұл аймақта жұмыссыздар саны 5% -ға, 24,5 мың адамға дейін азайды. Ал үздік үштікке кірген Ақмола облысында жұмыссыздар саны- 2,8%-ға төмендеген, ол 20,6 мың адам.
Сонымен бірге жұмыс табу ең үлкен қиындыққа айналған қала Астана. Елордада жұмыссыздар саны 6,8% -ға, яғни 23,8 мың адамға дейін өсті.
Жалпы, Қазақстанда жұмыссыздар саны бір жыл ішінде 0,4% -ға төмендеді. 2017 жылдың басынан бері жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде қалып отыр.
2018 жыл жұмыссыздық деңдейі бойынша:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қазанындағы көрсеткіш бойынша жұмыссыз адамдардың саны 442 мың адамды құраған. Бұл еліміздегі жалпы жұмыс күшінің 4,8 пайызын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика агенттігіне сілтеме жасап. Ресми көрсеткіш бойынша, қазан айында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде 142,3 мың адам тіркелген. Бұл экономикалық тұрғыда белсенді халықтың 1,6 пайызын құрайды. Жасырын жұмыссыздықтың деңгейі 2018 жылдың шілде-қыркүйек айларында жұмыс күшінің 0,3 пайызын (23,8 мың адам) құраған. Республиканың экономикасында берілген баға бойынша 8,7 млн адам (яғни, жұмыспен қамтылған) бар. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде жалдамалы жұмысшылардың саны аталмыш аралықта 6,6 млн адам немесе 75,8 пайыз. ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың ішінде өнімді түрде жұмыс істеп жүргендердің көрсеткіші 89,7 пайызды құраған.
2019 жыл жұмыссыздық деңдейі бойынша:
Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті баспасөз қызметінің қызметкерлері, Қазақстанда 2019 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны 442,5 мың адам, бұл жұмыс күшінің 4,8%-ын құрайды. Жыл басынан бері жұмыссыздар саны 0,1%-ға төмендеді, себебі 2018 жылдың желтоқсанында елдегі жұмыссыздық деңгейі еңбекке жарамды халық санынан 4,9%-ға тіркелді.
Ресми түрде осы жылғы қаңтар айының соңында Қазақстанның жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде 111 мың адам немесе елдің экономикалық белсенді халқы санының 1,2% тіркелген. 2018 жылғы қазан-желтоқсанда жасырын жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің санынан 0,3% немесе 25,1 мың адамды құрады.
2019 жылдың қаңтарында Қазақстан экономикасында 8,7 млн адам жұмысқа орналасты. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде жалдамалы қызметкерлер саны 6,6 млн адам, бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,1%-ын құрайды.
2.2. Жастар арасындағы жұмыссыздық және оны жою жолы
Қоғам және мемлекет үшін жастардың орны қашанда ерекше. Себебі жастар - елдің болашағы. Бүгінгі жастар ертеңі ел тізгінін ұстайтын азаматтар. Олар қоғамның әрбір саласында жұмыс атқарады, мемлекетіміз үшін қызмет көрсетеді. Жастардың қоғамнан өз орынын тауып, жақсы маман иесі болуы қай кезде де маңызды мәселе. Дегенмен, қай қоғамда болмасын жұмыссыздық сияқты мәселелер туындайды. Тіпті, жұмыссыздық мәселесі біздің елде ғана емес, дамыған АҚШ, Ұлыбритания сияқты елдерде де жиі кездеседі. Еліміздегі жастар түрлі қиыншылықтарға ұшырап отырады. Олардың бірі жұмыссыздық. Мәселен, қазіргі кезде ЖОО-дарында тегін оқуға түсу өте қиын. Тіптен, ақылы бөлімге түсіп оқу ақысын төлей алмаған студенттерде өте көп. Мысалы, 2016 жылғы статистикаға сәйкес 17 мың студент қалтасы көтермей оқуды тастап кеткен. Демек, оқуға түсе алмаған және оқуын тастап кеткен жастарға жұмыс табу қиын. Мұндай жастар еліміздегі жұмыссыздар қатарын толтырары сөзсіз. Сонымен қатар, жұмыссыздық санын қажетсіз мамандар қатары да арттыруы мүмкін. Мәселен, кейде абитуриенттер еңбек нарығын зерттемей, сұранысы төмен мамандықтарды таңдайды. Осыған байланысты мәжіліс депутаты Өксікбаев елімізге экономисттер немесе заңгерлер керек емес, еліміз IT мамандарға мұқтаж дейді. Мамандықты таңдағанға дейін, жастар жұмыс нарығын зерттеп, қай мамандыққа сұраныстың жоғары болатынын алдын ала біліп алуы керек. Тағы бір өзекті мәселе, ауылда жұмыс орны тапшы. Ауылдың жастары жұмыссыздық мәселесіне байланысты құрылыста немесе базарда қызмет атқарады. Ал, біздің жеріміз бен табиғатымыз ауыл шаруашылығымен айналысуға ыңғайлы. Егер біз ауыл жастарына ауылдарға қажетті мамандықтарды оқытсақ, қалай жұмыс жасау қажет екені жөнінде бағыт-бағдар берсек жұмысссыздар саны азайып, экономикамыз қарқынды дамитын еді. Қорытындылай келе, ақылы білімге қол жеткізе алмаған, еңбек нарығын дұрыс ескермей керексіз мамандық иесі болған және ауылда өсіп білім ала алмай қалған жастар жұмыссыздықтың туындауына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан, мұндай жастарға арнайы мамандықсыз-ақ кәсіпкерлік сияқты жұмыстармен айналысып немесе еңбек нарығын бағалауға үйретсек, сонымен қатар ауыл жастарын ауыл шаруашылығының қыр-сырына оқытсақ, жұмыссыздық санын азайтуға болады деген тұжырым жасауға болады.
2.3. 2019 мәжілісте өткен Үкімет сағатында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жайында
Отырысты ашқан палата Төрағасының орынбасары Г.Исимбаева мемлекеттік жастар саясаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатындағы басым бағыт екенін атап өтіп, биылғы жылдың Жастар жылы болып жариялануының маңыздылығына тоқталып, жастар арасындағы өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ Мәжіліс өткізген «Жастарға инвестиция» халықаралық конференциясында 35 елдің депутаттары Қазақстанның 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы шешімін жоғары бағалағанын атап өтті.
– Жастар жылын өткізу жөніндегі Жол картасы бойынша 80-нен астам іс-шара өткізу және оған тұтастай алғанда шамамен 130 миллиард теңге жұмсау болжанып отыр. Жұмыссыздықты азайту мақсатында Жол картасында «Жас маман», «Жас кәсіпкер» бағдарламаларын жүзеге асыру қарастырылған. 100 қажетті мамандық бойынша мамандарды дайындау жоспарлануда. Өйткені қоғамда бір жағынан, мамандар тапшылығы орын алса, екінші жағынан, жұмыс таба алмай жүрген жастар баршылық, – деді Мәжіліс Төрағасының орынбасары.
Міне, сандардың арасындағы сәйкессіздік дәл осы жерден басталады. Мәселен, жастар арасындағы жұмыссыздық, ресми статистикаға сәйкес, бүгінгі күні 82400 адамды құрайды. Ал Электронды еңбек биржасы порталында жұмысқа орналастыру бойынша 34 мыңнан астам бос орын және жұмыс берушілерден 82 мыңнан астам сұраныс орналастырылған. Сондықтан тек цифрларға сүйенсек, бос орындар жұмыссыз жастардан көп...
Үкімет сағатында негізгі баяндама жасаған Қоғамдық даму министрі Дархан Калетаевтың айтуынша, Жастар жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, білімді, волонтерлікті, ғылыми гранттарды дамыту, жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және жас отбасыларды қолдау, денсаулық және әлеуметтік инклюзив құралдарын дамытуға басымдық беріледі.
– Білім беру саласында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы жылына 100 мыңға жуық жасты оқыту, «Бизнестің жол картасы-2020» шеңберінде жас кәсіпкерлерге қосымша гранттар бөлу, жұмыспен қамтылмаған, оқымайтын және біліктілігін арттыруға бармаған жастардың санын жыл сайын 1 пайызға қысқарту, ірі бизнеспен бірлесіп жастар стартаптарын қолдау қорын құру, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға біржолғы жәрдемақы мөлшерін 100 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту және мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін мамандықтардың тізімін кеңейту және басқа да тың жобалар бар, – деді Қоғамдық даму министрі.
Д.Калетаевтың айтуына қарағанда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп жатқан жастар үшін жыл сайын кемінде мың пәтерлік жалға берілетін үй салынады. Осы мақсатта 2019-2020 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көзделген қаржыны қайта бөлу көзделген.
Бұл мәселеге байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов: «Шаршы метрі 180 мың теңге, пәтер аумағы 40 шаршы метр болады. Қазіргі кезде үш қаланың әкімдіктерімен жобаны пысықтап жатырмыз», – деді.
Баяндамашы Д.Калетаев бастауын Елбасы тапсырмаларынан алатын әрбір іс-шараның жоспарына тоқтала келе: «Жас буын Жастар жылынан көп үміт күтеді. Сауалнама жүргізу нәтижесіне сәйкес, жастардың 76,6 пайызы өз өмірі мен отбасы жағдайы жақсарады деп үміттенеді. Жастарға, олардың проблемаларына назар аудару бір жылмен ғана шектеліп қалмайды. Біз бұл жылды жастармен белсенді жұмыс жасауға бастау алған жыл деп қарауымыз тиіс, сондай-ақ жақсы іс жасауымыз, келешектегі жұмыстың бағытын қалыптастыруымыз қажет» деп атап өтті.
Дәстүрлі сұрақ-жауаптардан соң, мәселеге байланысты сөз алған депутаттар да жастарды толғандыратын жағдаяттарды барынша қамтып қалуға тырысты.
Атап айтқанда, Геннадий Щиповских жастарды жұмысшы мамандықтарына бейімдеу үшін, алдағы уақытта үлкен жұмыс атқарылуы қажет екендігіне тоқтала келе:
– Атап айтатын болсақ, еліміздің көптеген өңірлерінде ауыл шаруашылығының мамандары, дәнекерлеуші, кран жүргізушілері, құрылысшылар және білікті механиктер қажет. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін мектеп қабырғасындағы бітіруші түлектердің арасында және ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын кеңінен жүргізу, сонымен қатар өндірістік орындарға апарып көрсету керек, – деді.
Ал депутат Артур Платонов құмар ойындарға, арзан ақша табуға ынталы жастардың қатары көбейіп кеткендігіне алаңдаушылық білдірді.
– Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ойынпаздардың саны 300 мыңнан 1 миллионға дейін жететіндігі туралы сұмдық ақпараттар таралуда. Демек, біздің жастардың 30 пайызы құмар ойындардың құрбанына айналып, букмекерлік компаниялардың қаржы айналымы 250 млрд теңгеге жеткен. Бұл – еліміздің жылдық бюджетінің 2,5 пайызы, – деді А.Платонов.
Өз кезегінде депутат Бекболат Тілеухан: «Қазіргі кезде елімізге көршілес мемлекеттерден мигранттар келіп еңбек етуде, ал өзіміздің 300 мың жас жұмыссыз отыр. Олардың көбі ауыл азаматтары. Осыларды жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдарын қарастыруды ұсынамын, мысалы, жаңа құрылған Түркістан облысы сияқты жерлерге жұмыссыз жастарды тарту мәселесін қарастыру керек деп ойлаймын», деген пікірін ортаға салды.
Жастар арасындағы қылмыстық ахуалға байланысты депутат Бақытгүл Хаменова: «Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің дерегі бойынша, 2018 жылдың 6 айы ішінде 14-29 жас аралығындағы жастар жасаған 25 286 құқық бұзушылық тіркелді. Нарық қыспағына алған бүгінгі заманда ата-аналардың дені жұмысбастылықты желеу етеді. Бірақ, үш таған – ата-ана, ұстаз, оқушы бірлесіп жүйелі жұмысты жолға қою қажет. Ұлт ертеңі – қыздар тәрбиесіне тәрбиелік мәнді көбейтсек, рух ертеңі – ұлдарға айрықша көңіл бөлінуі керек. Сайып келгенде, елдің ертеңі, ұлттың қалқаны – тәрбиелі қыз бен рухты ұл болмақ», деген тұжырымын айтты.
2.4. Қазақстан жастары арасындағы жұмыссыздықтын маңызды сұрақтары
Ақпарат агенттіктерінің ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасай отырып жариялаған ақпараттарында Қазақстанда 2016-2018 жылдардағы жұмыссыздық деңгейі 4-5 пайыз аралығында тербеліп тұрғаны айтылады.
Аталмыш кезеңде жастар (15-28 жас аралығы) арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9 пайызды құраған.
Ал Халықаралық Еңбек Ұйымының әдістемесі бойынша, жастардың арасында жұмыссыздық деңгейі 7,7% жетіп тұр.
ҚР ҰЭМ Статистика Комитеті «Көрсеткіштер арасындағы айырмашылық NEET индексін есептеуде күндізгі бөлімде оқитындарды қоспағанда, жұмыс күшіне кірмейтіндердің барлығын қосудың есебінен пайда болып отыр»,– деп түсіндірді. Яғни, 3,9 пайыздық көрсеткіштегі деңгей экономикалық белсенді емес халықты ескермей есептеліп шығарылып отыр.
Аймақтардағы жағдай қалай?
Аймақтардағы жұмыссыздық деңгейінде айырмашылық үлкен. Статистика агенттігінің дерегі бойынша, 2018 жылдың ІІ тоқсанында Алматы, Астана, Қарағанды және Түркістан облыстарында жұмыссыздық деңгейі жоғары. Ал NEET индексіне сүйенсек, кері тізімде ірі мегаполистер жоқ, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі Қарағанды, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жоғары.
Ал жұмыссыздық төмен аймақтар қатарына Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары кіріпті. Алайда NEET индексінің есебі бойынша, бұл – Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Алматы облыстары.
Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімовтың айтуынша, оңтүстік астанада жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуына ЖОО түлектерінің көптігі себеп. Өйткені оқу бітірген соң, студенттердің үштен екі бөлігі Алматыда қалады, ал кеткен студенттердің басым бөлігі бір жыл өтпей-ақ қайта айналып келеді екен. Бұл жағдай еңбек нарығына үлкен әсер етеді.
Парламент депутаты Гүлмира Есімбаева Түркістан облысы жастары арасындағы жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуын аймақта халық тығыз орнласқанымен, өңірде өндіріс орындарының аздығымен байланыстырады.
Айта кету керек, халықтың табысы жоғары өңірлерде жұмыссыздық деңгейі де төмен. Мәселен, Атырау облысында 2018 жылдың ІІ тоқсаны бойынша орташа айлық жалақы 291,3 мың теңгені құраса, Маңғыстау облысында 267,9 мың теңгеге жеткен. Салыстыру үшін айтар болсақ, Қазақстандағы орташа жалақы осы кезеңде 162,8 мың теңге болған.
Жастар қайда жұмыс істейді?
Жастар арасында экономикалық қызмет түрлерінің ішінде «Қаржы және сақтандыру қызметі» сұранысқа ие, бұл салада қызмет ететіндердің 33,3 пайызының жасы 28-ден аспайды (2018ж. ІІ тоқсанында бұл салада 182,2 адам жұмыс істесе, соның 60,7 мыңы –жастар). Екінші орынды «Ақпарат және байланыс» мамандығы иеленді – 31,5 пайыз (166,4 мыңнан 52,4 мыңы). Ал үшінші орында «Басқа қызметтерді ұсыну» тұр, бұл салада жастардың үлесі – 29,6%. Төртінші және бесінші орындарда «Мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру» және «Жылжымайтын мүлік операциялары» бағыттары жайғасты, бұл салаларда жастардың үлесі сәйкесінше –27,7% және 27,3%.
Сонымен қатар, төменде келтірілген салаларда жастардың қатары аз: «Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу» – 17,6 пайыз (274,7 мың адамның 48,3 мыңы), «Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау» саласында – 19,3% (73,1 мыңның 14,1 мыңы) және «Өнеркәсіп» – 20,4 пайыз (1084,2 мың адамның 221,7мыңы).
Диплом қаншалықты маңызды?
Жастарды жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты төмендетуде білім деңгейі маңызды рөл ойнайды. Тәжірибеге сүйенсек, жоғары білім салыстырмалы түрде жоғары табысты, жақсы жұмыс табуға мүмкіндік береді.
Осы орайда, 2017 жылдың соңындағы дерек бойынша, Қазақстандағы жұмыс істеп жүрген 2,1 миллион жастың жоғары білімі бар, яғни, ел жастарының 60 пайызы оқу бітірген. Жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар жастардың арасында жұмыссыздық деңгейі – 3,3%, орта және кәсіптік (арнайы) білімге ие жастарда – 4,2%, ал негізгі, орта, жалпы, бастауыш білімге ие жастардың арасында жұмыссыздық –4,8 пайызды құрайды. Дегенмен жоғары білімі бар жас қазақстандықтардың өздері жұмысқа орналасарда бірталай мәселелермен бетпе-бет келіп жатады. Саяси ғылым кандидаты Гүлден Жоламанованың пайымдауынша, жоғары білімді жастардың жұмыс таба алмауының басты себебі – білім беру жүйесінің нарықпен тығыз байланысының болмауы.
«ЖОО-лардағы оқытушы-профессорлық құрам жылдар бойы өзгермейді, сәйкесінше оқытушылар беретін ақпарат пен білім беру бағыты бұрынғысынша қалады да, заман ағымына ілесе алмай, ескіріп жатады. Алған білімнің заман сұранысына сай болмауы, бітіушілердің еңбек тәжірибесінің жоқтығы – осының бәрі жұмыс берушінің көңілінен шықпайды, – дейді саясаттанушы.
Форсайт агенттігінің директоры Айман Тұрсынқанның айтуынша, университет мен колледждердің басым көпшілігінде «жұмысқа орналастыру кеңсесі» жұмыс істемейді. Спикердің пікірінше, Қазақстандағы білім беру – жоғары маржалы, жақсы қаржыландырылатын және беретін білімінің тиімділігі мен түлектерінің жұмысқа орналасуы үшін ешбір жауапкершілікті мойнына алмайтын бизнеске айналып кеткен.
Жастардың өзі не дейді?
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Курсивъпен» өз әлеуметтік зерттеуінің нәтижесімен бөліскен еді. Аталмыш зерттеуге сүйенсек, орталықтың сауалнамасына жауап берген жастардың басым көпшілігі (61,1%) жұмысқа орналасуда кездесетін ең басты қиындық ретінде жұмыс тәжірибесінің жоқтығын атаған. Сондай-ақ, сауалнамаға қатысқан жастардың үштен бір бөлігі ЖОО мен кәсіптік оқу орнында алған мамандық бойынша орналасудың қиын екенін айтады.
Жоғарыда айтылған себептерден бөлек, сарапшылар тағы да бірқатар мәселелерді атап өтті: жастардың іскерлік қарым-қатынас орната алмауы, таныстықтың жоқтығы, еңбек нарығы мен жұмыс іздеу әдістері туралы ақпаратының аздығы.
Осы орайда Kursiv Research Қазақстандағы беделді ЖОО-ның дипломын иеленген бірқатар жастармен сөйлесіп көрген еді. KIMEP түлегі Алма Өтеғалиеваның айтуынша, аталмыш оқу ордасында білім алу оған қомақты сомаға түскен. Университет бітірген соң, жұмысты ұзақ іздемей-ақ, бірден экономист болып орналасқан. Алайда айлық жалақысы бар-жоғы 60 мың теңгені құрады, бұл оның оқуға жұмсаған қаржысымен салыстырғанда, әлдеқайда аз еді.
Тағы бір мәселе, мектеп бітіруші түлектер болашақ кәсібі туралы ештеңе білмесе де, өз ата-анасы таңдап берген мамандыққа түсе береді. Мәселен, ҚазҰУ-дың түлегі Ұлжалғас Шымырбаева 2012 жылы «Бухгалтериялық есеп және аудит» мамандығы бойынша оқуын бітірген соң, ірі компанияға 150 мың жалақымен аудитор болып орналасады. Алайда 1 ай өткен соң өз мамандығы бойынша жұмыс істегісі келмейтінін, оны шығармашылық пен маркетинг қызықтыратынын түсінген.
Жұмыссыздар қауіп төндіре ме?
Жұмыссыз жүрген жастар – халықтың ең әлжуаз, осал буыны, ол қоғам мен мемлекетке үлкен қауіп төндіруі бек мүмкін. Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаевтың айтуынша, жастардың жағдайы мен көңіл-күйіне еңбек нарығында жұмыс орындарының жетіспеушілігі әсер етеді. Жастар әрқашан дүниеге «кірпіш болып қалануға» ұмтылады, алайда кейде өмірден өз орнын таба алмай жатады. Осыдан келіп қоғамнан жырақтау, суицидке бейімдік секілді мәселелер туындайды.
Ал саясаттанушы Гүлден Жоламанова «жұмыссыз жастардың экстремистік және террористік топтарға еруі – негізгі қауіп» деп санайды. Бүгінде халықтың осал топтарын, әсіресе жұмыссыз жастарды деструктивті құрылымдарға әлеуметтік желі немесе қолма-қол қаржылай көмек көрсету арқылы тартудың түрлі тәсілдері бар.
Ал Айман Тұрсынқанның пікіріне сүйенсек, жұмыссыздық халықтың табыс деңгейінің төмендеуі мен өмір сүру сапасының нашарлауымен тығыз байланысты, ол өз кезегінде қылмыстың өсуі және жасаруына әкеп соғады. Жастардың өз орнын таба алмауының салдары олардың қылмыс әлеміне ұрындырып, құқық бұзушылардың қатары жасарып жатыр. Сарапшының айтуынша, Алматыда 2017 жылы сотталғандардың жартысы 15-28 жастағы жастар екен.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD докторы Азимжан Хитахунов жұмыссыздық әлеуметтік және экономикалық тұрғыда да қауіп-қатер туындататынын атап өтті. Ғалымның айтуынша, егер біріншісі қылмыстың көбеюімен байланысты болса, екіншісі еңбек ресурстарын тиімді пайдаланбай жатқанын көрсетеді. Оның макроэкономикалық жағымсыз салдары болады.
Жастар жұмыссыздығы мәселесін қалай шешуге болады?
«Жастарды жұмыспен қамтамасыз етудің басты жолы – қазіргі білім жүйесін еңбек нарығы талаптарына сәйкестендіру»,– деп тұжырымдайды Айман Тұрсынқан. Сарапшының пікірінше, жастардың еңбек нарығына біртұтас интеграциялануы үшін білім беру жүйесінде әрбір кәсіби деңгей үшін бәсекелестік негіз жасалуы керек.
«7-8 сыныптан үш тілділікті емес, бағдарламалауды енгізу қажет. Айталық, Ресей мысалын негізге ала отырып, өнеркәсіп орындарының сұранысына орай, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту бағытында көп шаруа атқаруға болады. Жоғары оқу орындарында стартаптарды венчурлік қаржыландыру жүйесі дамытылып, ал білім беру жүйесінің барлық сатысы білім саласына оқушылар салатын инвестицияның өзін-өзі өтеуіне негізделуі керек», – деп пайымдайды сарапшы.
Ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылары бұл мәселені шешудің бірнеше жолын ұсынады, соның ішінде жастардың арасында еңбек құндылықтарын қалыптастыру және көтеру, жұмысшы кәсіптерді танымал етуге бағытталған ақпараттық жұмыстарды кеңінен жүргізу бар. Сарапшылардың пікірінше, жастар арасында кәсіпкерлік дағдыны қалыптастыру, университет бағдарламасы шеңберінде кәсіби тәжірибені ұйымдастыру, кәсіптік білім беру сапасын арттыру, үздіксіз білім беру принциптеріне негізделген мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың баламалы тәсілдерін қолдану сынды шаралар қалыптасқан ахуалды жақсартуы мүмкін.
Айта кету керек, жастарды жұмыспен қамту – нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамыту бағдарламасының басым бағыты. Осы бағдарлама аясында жастардың жұмыссыздық мәселесін шешу бағытында, алғашқы жұмыс орнына орналасуы үшін, жастар тәжірибесі енгізілген, бұл уақытта еңбекақыны мемлекет төлейді, жалақысы аз болса да, маманның тәжірибе жинақтап, ары қарай жұмысқа орналасып кетуіне ықпал етеді. Ал жұмыс беруші компаниялар жалақыға шығындалмай-ақ, өздеріне лайықты кандидатты таңдай алады.
2018 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша, аталмыш бағдарлама аясындағы мемлекеттік қолдауды 56 мың жас пайдаланыпты. Жастар тәжірибесіне негізінен орта және жоғары оқу орындарында оқымаған, жоғары білімі жоқ жастар тартылған. Олар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында кәсіпті тегін игеру мүмкіндігіне ие. Қазіргі кезде қысқа мерзімді курстарға жастар арасынан 6 мыңнан аса адам жіберілді. 2018 жылы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлік даму бағдарламалары және жеке бастамалар арқылы жұмыспен қамтуға мемлекеттік қолдау көрсету аясында еңбекке араласқандардың саны 171 мыңды құрайды. Бұл жалпы қамтылуы қажет жастардың 30 пайызына тең.
Жұмыссыздықпен күрес жолдары:
тапсырма биржалары мен жұмыспен қамту қызметтерінің басқа да түрлерін құру
жаңа жұмыс орындарын ашу
оқыту және жұмыссыздарды оқыту үшін мүмкіндіктер жасау
қылмысқа қарсы күрес
мінез-құлық тұрақтандыру саясаты
мемлекет үшін қосымша жұмыс орындарын құру
мұндай журналистер [4], экономистер, дизайнерлер, құрылысшылар және басқа сарапшылар кейбір профильдер, табу үшін арнайы орындарын құру
2.5. ҚР Жұмыссыздық мәселелері және оны шешу жолдары
Жалпы алғанда, ТМД елдерінде жастар жұмыссыздығы 10,4 пайыз деңгейінде болса, Еуропалық одақта осы көрсеткіш 18,1 пайызды қамтыды. Мәселен, Испанияда оның межесі 40,8 пайызға жетсе, Грекияда 43,6 пайызды құрады.
2015 жылы жалпы жұмыссыздар саны 451,9 мың адам (2012 жылы - 496,5) болды. Жұмыссыздық деңгейі 5,0% (2012 жылы – 5,8%), соның ішінде жастырдың жұмыссыздық деңгейі – 3,8%. Оның ішінде жұмыссыз ер адамдар 44,6% болса, әйел адамдар 55,4% болды. 15-28 жастағы жұмыссыз жастар деңгейі - 5,5% (2012 жылы – 5,4%).
Экономикадағы қазіргі инновациялық өзгерістер еңбек ресурсына жаңа көзқараспен қарауды талап етуде. Қазіргі әлеуметтік–экономикалық жағдайдың бағалануы, еліміздегі әлеуметтік–экономикалық дамуды сандық, сапалық жағынан талдап, бағалап, оның жалпы мемлекет экономикасындағы рөлі мен үлесін сипаттауы қажет. Осындай талдау, бағалау негізінде елдің әлеуметтік–экономикалық даму миссиясы мен басты мақсаты анықталады. Елбасымен жүктелген басты мақсаттарды орындау, оларға қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық салалар, сфералардағы іс-қызметтер, қимылдар стратегиясы жасалынады.
Осыған сәйкес мемлекетпен алдағы жылдарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдары жасалып, соған қол жеткізу мақсатында тиімді шараларды жүзеге асырады.
Еліміздің еңбек нарығында, атап айтқанда жаңа жұмыс орындарын құру, жастарды жұмыспен қамту, жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету сияқты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде және жетілдіруде шағын және орта бизнес пен іскерлік белсендікті қолдау бойынша жұмыстарды жалғастырудың маңызы зор.
Еліміздің болашағы жастардың қолында, ал жастар білімінің сапасы ұстаздардың қолында. Сондықтан еңбек нарығының сұранысы мен талаптарына сай мамандар дайындау, олардың біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту сияқты мәселелер мемлекетіміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі.
Қaзaқстaндaғы жaстaр aрaсындaғы жұмыссыздықтың себептері:
– ЖОО-дa aлынғaн біліміне сәйкес бітіруші түлектерді жұмысқa орнaлaстыру жүйесінің ұйымдaстырылмaуы;
– еңбек нaрығынa қaжетті мaмaндaр мен ЖОО- дa оқытылaтын мaмaндықтaрдың сәйкес келмеуі;
– жaстaрдың білім деңгейінің бәсекегеқaбілеттілігі деңгейінің төмен болуы және жaс мaмaндaрды жұмысқa aлғaндa жұмыс берушілердің тәуекелділікке бaруы;
– жұмыс берушілердің еңбек өтілінсіз жұмысқa aлмaуы;
– жaстaрдың еңбекaқығa қоятын тaлaптaрының жоғaры болуы;
– жaс мaмaндaрды жұмысқa орнaлaстыру бойыншa еңбекпен қaмтaмaсыз ету қызметінің қaжетті бaғдaрлaмaлық және қaржылық қaмтaмaсыз етілмеуі.
Қазіргі кезде еліміздегі жастардың жұмыссыздығы мəселесі біртіндеп шешіліп жатыр. Солардың бірі — жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін қолданылып жатқан шаралар жəне бұл шаралардың жүзеге асырылуы:
Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы аясында нақты шаралар мен міндеттер орындалуы керек. Жастардың құқығы қорғалуы керек.
Жекеменшік секторын қаржыландыру қажет.
Жастар кəсіпкерлігін қолдау тиіс.
Жалпы кəсіпкерлік секторды инвестициялау қажет.
2020 жылға дейінгі жастар саясатының тұжырымдамасы, келешек ұрпақтың белсенді өмір сүріп, ел ішіндегі əрбір істен тыс қалмауына жағдай жасайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми – техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа салаларының ашылуларының ықпалымен өндіріс құрылымының өзгеруінен туындайды. Осындай жағдайға байланысты жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс арасындағы сәйкессіздік пайда болады. Кезеңдік жұмыссыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде, кәсіпорындар жаппай күйзеліске ұшырайтын, жұмыспен қамтылғандар саны көптеп қысқаратын жағдайларда пайда болады.
Біздің республикамызда ғана емес сонымен қатар басқа да мемлекеттердегі ең негізгі мәселердің бірі ретінде осы жұмыссыздықты қарастыруда, алайда біздің мемлекетіміз жұмыссыздықпен күресу үшін көптеген бағдардамалар әзірлеуде. Сонымен қатар, жас бітіруші мамандарды жұмыспен қамту үшін жұмыс берушілер, білім беру мекемелерінің және басқа да тараптарменен байланыс болуы қажет.Бұл тараптардың әрқайсысы жас мамандарға көмек беруі қажет. Жaстaр aрaсындaғы жұмыссыздықтың негізгі себептері aнықтaлды: жұмыс жaсaу тәжірибенің аздығы, жалақының төмен болуы, тұрғылықты орналасатын жерлері болмауы мен қатар бәсекелестіктің төмен болуынан зардап шегуде. Жұмыспен қaмту мәселелерін тиімді шешу үшін бірқaтaр шaрaлaр қaбылдaу, соның ішінде зaңнaмaлық тұрғыдa қaбылдaну керек.
«Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір»,- дейді дана халқымыз. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Біздің әлеуметтік- эканомикалық даму жолындағы қарқынымыз, жастардың қоғамдық – саяси өмірдегі ұстанымына олардың ертеңгі күнге деген сенімі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Ендігі кезекте тәрбие мазмұны мен жастарды тәрбиелеу ісі олардың дүниетанымын қалыптастыру және ақпараттық- саяси мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға тиіспіз. Әрбір қазақ жастары өздерін ұлтжандымын деп ұғынып,өн бойларында ұлттық намысын жоғары қою керек. Еліміздің бейбітшілік аспанында қазақ жастары тәуелсіз елдің айқын мақсаттарымен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуға жұмыс жасаймыз. Ел сенімін, үмітін ақтау-жастардың қолында.
Зерттеу жұмыстың өзектелігі, міндеттері, мақсаты толық қарастырылды. Зерттеу жұмыстың құрамы кіріспе, 2 бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстық мазмұнын ашуда көптеген ақпарат көздері қолданылды. Жұмыссыздыққа жалпы түсінік беріліп, түрлері қарастырылды. Оның себептері мен оны шешу, жою жолдары айтылды. Қазақстан Республикасындағы Жұмыссыздық мәселелері, жастар арасындағы жұмыссыздық, оның пайда болуы, әсері, оны жою жолдары ұсынылды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚР Ұлттық экономикa министрлігі Стaтистикa комитетінің мaтериaлдaры/ ҚР Ұлттық экономикa министрлігі Стaтистикa комитетінің ресми сaйт
Қазақстандағы жастар жұмыссыздығы, www.inform.kz
Байжолова Р.А., Абылкасимова Ж.А. Дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының еңбек нарығының жағдайы мен даму болашағы // Экономика и статитика - 2015. - №1. - С. 45-50.
Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты // [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: enbek.gov.kz
Омаров Н. Барлық жерлерде жұмысыздық жөнінде жаған ақбар беру жаман әдетке айналған // Айқын – 2005 -28 маусым.
Көнкесенұлы Б. Бізде жұмыссыздар жоқ // Қазақ елі – 2005 – 7 қыркүйек.
«Халықты жұмыспен қамту туралы 2020»Қазақстан Республикасының 2011ж,1 шілдедегі бағдарламасы//Ана тілі газеті-2015ж,6 мамыр,№22,10-бет
Интернет парақшалар:
https://startinfo.kz/buisness/shymusduk-jane-naruktuk-economica/
https://helpiks.org/7-75726.html
https://moluch.ru/archive/191/48225/
https://kursiv.kz/kz/news/tendencii-i-issledovaniya/2018-11/meni-nege-zhumyska-almaydy-kazakstan-zhastary-arasyndagy

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген