400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРЫНА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Петропавл құрылыс - экономикалық колледжі








ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРЫНА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ БАЯНДАМА






Баяндаған: Заңтану пәндерінің

оқытушысы Жұмабаева Г.Б.


Заңтану пәндерінің әдістемелік циклдік

комиссияның отырысында қарастырылды

7 хаттама « 2 » сәуір 2019ж.

ӘЦК төрайымы __________Д.А.Байбусинова










Петропавл, 2019 ж

Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек. «Қазақстан-2050» Стратегиясы







Ұлт Көшбасшысының саяси еркінің арқасында мемлекеттік тәуелсіздікті алған күннен бастап Қазақстан жүйелі және мақсатты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асырып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында құбылыс ретінде саналатын жемқорлықты жоюды - әлемнің бәсекеге ең қабілетті 50 елдерінің қатарына кіруі бойынша басты басымдықтарының бірі екенін айқындады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың іргелі негіздері «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі Стратегиясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Респбуликасының 2015-2025 жылдарға арналған стратегиясында көрініс тапты.

"Қазақстан-2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер қатарына қояды және мемлекет пен қоғамды осы келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіруге бағыттайды.

Қазақстанның осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымын білдіретін еліміздің басты стратегиялық құжаты мемлекеттің алдағы жылдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізі болып табылады.

Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" және "Мемлекеттік қызмет туралы" заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функцияларды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.

Әлеуметтік шығу тегі мен мүліктік жағдайына қарамастан, оның кезінде басшылық орындарға қабілетті және кәсіби дайындалған адамдар орналасатын меритократия қағидаттарының негізінде мемлекеттік қызмет жүйесі қалыптасты, оның ішінде мемлекеттің әрбір органы мен лауазымды адамының функциялары мен өкілеттіктерінің аражігі нақты ажыратылып және айқындалып қалыптасты.

Шенеуніктердің азаматтармен тікелей байланыстарын қысқартатын және сыбайлас жемқорлық көріністері үшін жағдайларды барынша азайтатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту мен мемлекеттік аппараттың жұмысын ақпараттандыру жөнінде кешенді шаралар қабылданды.

Қазақстанға әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруге мүмкіндік берген азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру, ұлттық экономиканың өсуі, бизнесті жүргізу жағдайларын, халықтың құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік белсенділігін жақсарту, электрондық үкіметті енгізу жөніндегі қолданылып жатқан шаралар да заңға бағыну мәдениетін және жүріс-тұрыстың жалпы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдерін қалыптастыру үшін алғышарттар жасайды.

Сонымен бірге экономиканың одан әрі өсуі, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлемнің неғұрлым дамыған бәсекеге қабілетті отыз елінің қатарына кіру жөніндегі өршіл міндетті жүзеге асыру бойынша стратегиялық міндеттерді шешу мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жаңғыртуға негізделген жаңа жүйелі шаралар қабылдауды және оны іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруды талап етеді, бұл сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтуға мүмкіндік берер еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия айқындайтын жаңа бағдарламалық құжатын қабылдау қажеттігі болып тұр. сыбайлас жемқорлық деңгейін түбегейлі қысқартуға, мемлекет пен қоғам өмірінің түрлі салаларында оны тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға қабілетті превентивтік сипаттағы кешенді шараларға жетекші рөл берілуі тиіс. Яғни, басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуы тиіс.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бизнесті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жою, Қазақстанда жұмыс істейтін отандық және шетелдік кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін кез келген сыбайлас жемқорлық көріністерінен тиімді қорғау жөніндегі шаралардың басымдығын да көздейді.

Тұтастай алғанда, мұндай Стратегия мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын қамтуға, жан-жақты және дәйекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар кешенінің әзірленуін және жүзеге асырылуын көздеуге, сөйтіп, мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде, сондай-ақ, жекеше секторда сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуды қамтамасыз етуге, қазақстандық азаматтардың осы әлеуметтік зұлымдыққа төзімсіз көзқарасын қалыптастыруға тиіс.

Стратегия айқындайтын базалық бағыттар түпкілікті болуы мүмкін емес. Олар жекелеген іс-шаралардың орындалуына байланысты және сыбайлас жемқорлық құбылысына, оның себептеріне, сыбайлас жемқорлық жүріс-тұрысты ынталандыруға терең талдаудың нәтижелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы істердің жай-күйін байсалды және объективті бағалауды ескере отырып түзетілуге тиіс.

Мақсат пен міндеттер
Мақсат пен нысаналы индикаторлар

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Стратегияда қолданылатын нысаналы индикаторлар:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы;

қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімі;

халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі;

елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттыру және тиісті халықаралық рейтингтерді, оның ішінде "Transparency International" сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі Қазақстанның рейтингін жақсарту.

Стратегия міндеттері:

мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

қоғамдық бақылау институтын енгізу;

квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Корытынды

Жаңа жаһандық тегеурінді талаптар мен жылдам өзгеріп келе жатқан әлеуметтік-саяси жағдайларды ескере отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қабылданды. Онда 2015- 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрініс тапқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдері белгіленді. Оның ерекшелігі жемқорлықтың салдарымен күрес тәсілінен жемқорлықтың себептері мен жағдайларының алдын алу жүйесіне өтуі болып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23.04.2019
1270
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі