Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі білім стандарттарының теориялық-заңнамалық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Реферат, БАОӨЖ, МӨЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жоспар:

  1. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңына қысқаша шолу.

  2. Білім беру туралы заңнң міндеттері мен мақсаттары.

  3. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты.







Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. Заңға қол қойылған күн: Астана. Ақорда. 2007ж. 27 шілде. №319-ІІІ ҚРЗ.

Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.

ҚР Білім туралы жаңа Заңы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жаңа заңның құрылымы білім беру саласын модернизациялауды жүзеге асырудың, оның академиялық мазмұнын жаңартудың, субъектілердің құқықтық ережелерін жақсартудың жалпы концептуалды бағыттарын толық қамтып тұр.

Бұл Заң Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттерді шешу үшін қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңы дәл осы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Ол республикадағы жетілдірілген  жаңа білім беру ортасын қалыптастырудың концептуалдық идеясына сәйкес құрылған. Білім беру қызметі  іштей жүйелендіріліп, оның барлық аспектілері құрылымға бағындырылған, қисындық сабақтастыққа сәйкес заңның мазмұнынан көрініс тапқан. Заң «білім беру жүйесі» ұғымы мен оны құрайтын білім беру деңгейлерінің анықтамасынан басталады. Одан әрі әр түрлі деңгейдегі оқу бағдарламалары арқылы  білім берудің мазмұны ашылады. Келесі кезекте білім беруді ұйымдастыру, білім алушыларға қойылатын талаптар,  қабылдау ережелері, оқу түрлері, білім берудің оқу, тәрбие, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс сияқты түрлі бағыттары сипатталады. Сондай-ақ білім беру деңгейлері мен оларға сәйкес келетін білім беру ұйымдарының түрлеріне сипаттама беріледі.

Білім беру қызметінің субъектілері, олардың құзыреттері, құқықтары, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналары, басқа да заңды өкілдерінің міндеттері мен жауапкершіліктері жеке тарауға бөлініп берілген.

Заң құрылымындағы маңызды жаңалықтар дың бірі – педагогикалық қызметкердің мәртебесі туралы норманың енгізілуі. Бұрынғы заңда педагогикалық қызметкердің мәртебесі  туралы бірде-бір сөз айтылмаған еді. Одан кейін білім саласын басқарудың мазмұны ашып көрсетілген. Онда білім беру саласындағы мемлекеттік басқару мен мемлекеттік билік субъектілерінің құзыреттері жазылған. Заңның осы бөлігінде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті жеке бап түрінде беріліп отыр. Елбасы білім жүйесіне айрықша назар аударуымен қатар, білім саласын дамыту мен реформалауға қатысты көптеген шаралар оның бастамасымен, тікелей басшылығымен жүзеге асырылып отырғандықтан,  осылай болуы орынды да.

2. Ал енді заң қандай міндеттерді атқарады деген ге келсек, жаңа қабылданған ҚР-ның «Білім туралы» Заңы  мынадай міндеттерді шешуге:

1)әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге (интеграцияға);

2)педагог қызметкерлердің мәртебесін көтеруге;

3)сапалы білім берудің қол жетімділік кепілдігін көтеруге;

4)басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

ҚР-ның «Білім туралы» Заңына сәйкес Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру міндеті:

- білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту;

- оқыту технологиясын жетілдіру;

- білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы шешіледі.

Заңның жаңа редакциясының тағы бір үлкен ерекшелігі – Білім беру құрылымының халықара лық білім сыныптамасы стандарттарына сәйкестендірілуі. Яғни, нақтырақ айтқанда, сөз болып отырған заңда Білім беру құрылымы ЮНЕСКО ұсынған 1997 жылғы Халықаралық білім сыныптамасы стандарттарының  (ХБСС–1997) білім беру бағдарламалары сыныптамасы ның өлшемдеріне сәйкестендірілді.

Бұрынғы заңда – 4 деңгей (мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім) болса, жаңа заң  – 7  деңгейден (бастауыш, негізгі орта білім, орта білімнен кейінгі білім сынды жаңа деңгейлер енгізіл ді) тұрады.

Білім беру мазмұнының өзі жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларын ғана емес, сондай-ақ білім берудің арнаулы, арнайыландырылған оқу бағдарламаларын, қосымша білім берудің оқу бағдарламалары мен ересектерге арналған бағдарламалардың да жүзеге асырылуын қарастырады.

Осылайша білім берудің парадигмасы «өмір бойына алған білімнен»   қажеттілік пен мүмкіндікті сезінуге «бүкіл өмір бойы білім алуға» дейін өзгеріп отыр. Осы парадигмаға сәйкес білім берудің жаңа технологиялары мен әдістемелері, білімді өзгелерге жеткізу мен білім алушылардың уәжін дамытудың  жаңа  тәсілдері енгізіледі.

Атап айтуды қажет ететін тағы бір жаңалық – заңнамалық  деңгейде 12 жылдық орта бі лімге көшу қаматамасыз етілді.  2008 жылдан бастап 12 жылдық оқыту жүзеге асырылады. Заңда 12 жылдық білімнің құрылымы анықталды. Ол:

-   бастауыш білім – 4 жыл, 1- 4-сыныптар аралығы;

-   негізгі орта білім – 6 жыл, 5 -10-сыныптар аралығы;

-   жалпы орта білім – 2 жыл, 11-12-сыныптар аралығы.

Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үдерісімен,

білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып жəне үнемі өсіп отыратын, ақпарат көлемінің əр түрлі тегімен анықталады. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда жоғары оқу орындарындағы білім берудің сапасы мен-деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана бі ле тін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.
3. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бəсекеге қабілетті маман даярлау. Осы талапқа орай ізденімпаз оқытушының шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, студенттің жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арын таза ұстау — əр оқытушының борышы. Ол өз кəсібін, өз пəнін, барлық шəкіртін, оқу орнын шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация оқытушысы — педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға. Нарық жағдайындағы оқытушыларға қойылатын талаптар: бəсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кəсіби біліктілігі, əдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мəдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру — оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тəжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
«Адамға оқып-үйрену ең алдымен өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін интеграциялау, осыған сəйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары оқытушылардың үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мəні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызуды білдіреді. Білім сапасын арттыру жəне нəтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында оқытушылар мемлекеттік стандарттармен берілген нəтижелерге жетуде кəсіби шеберлік пен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары негізінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық-коммуникативтік мəдениеті жоғары тұлғалық-дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кəсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін үнемі оқып-үйрену» жəне өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. Елбасының биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстан-2050» Стратегиясын нақты жүзеге асыру міндеттері қойылған. Онда халықты жұмыс пен қамтуда мамандарды даярлау мен қайта даярлықтан өткізуде кəсіптік білімді тегін алуға, өмір бойы сапалы білім алуға жағдай жасау жəне барлық мүмкіндікті туғызу, шетелдік жұмысшыларды қазақстандық мамандардың күшімен алмастыру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының ең негізгі бағыты болатындығы атап көрсетілген. 

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мəртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансап тық өсуін, оқытылуы жəне кəсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагог ғалымдардың еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мəселелеріне үлкен мəн берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар əрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болаша ғы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дəстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кəсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты — мамандықтарды игерту ғана болса, ал заманауи əлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бəсекеге қабілетті тұлға дайындау үшінадамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну — қазіргі таңда негізгі өзекті мəселелердің бірі.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

·                  білім  мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байланысты;

·                  ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

·                  баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

·                  мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның  бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

·          қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.

·                  оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы  негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады;

·                  есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу; Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту, студенттердің даму ерекшеліктері туралы мәселелер, ұзақ жылдар бойы екшеліп жинақталған жоғары оқу орындарында білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып: бірінші кезекке, бұрынғыша студентті пәндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде студенттерге жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды. Білім беруде студенттің тәрбиесі мен дамуына приоритет берілуі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім Заңына орай оның қызметіндегі өзгерістер студенттерге сапалы білім беруді талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» көрсетілген білім беру жүйесінің негізігі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуды көздейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде  сипатталады. Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатысты, егер білім берудің мақсаты - білім жүйелерін меңгеру ретінде анықталса, онда технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгеру мен бағаланады. Бірақ, әдеттегі білім беру моделінің дағдарысы педагогикалық негізгі категориялардың бір қатар мазмұнын қайта қарауға әкеледі.

Педагогикалық инновация білім берудің негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталуы қажет.  Жоғары оқу орындағы инновациялық үдерісті басқару моделі  жалпыға  бірдей міндетті білім беру  мақсаты, мазмұны және оқу-тәрбие үдерісіне ендірілетін жаңалықтар сипаттары арасындағы қисынды байланыстар есепке алынып, құрылуы қажет.

Білім беру стандарттарын жүзеге асыру инновациялық үдерістің   қажеттілігін    келесі    себептерден    байқатады:

1. Сапа  менеджменті  жүйесі терең, тиянақты білім беруді талап етуіне  қатысты озық технологияларды пайдаланып, оқытуда зерттеушілік, шығармашылық, педагогикалық қызмет сипатын   қажет етеді.

2. Білім беру мақсатына қатысты жеке бағдарлы қазіргі заманғы педагогикалық қызметті ұйымдастыру, гуманистік тәсілдеме жасау білім беру үдерісіне қатысушылардың  барлығының жалпы дамуын жүзеге асыруға инновациялық үдерістер себепкер болып, сапалы жаңа білімді қалыптастыруға ықпал  жасайды.

3. Педагогикалық шығармашылықтың құрамды бөлігі есебінде жеке иннова циялық  қызмет  педагогтың  кәсіби өсуі, тұрақты өзін-өзі жетілдіруі, озық тәжірибелерді зерделеп, игеруі бойынша шығармашылықпен өзінің    жауапкершілік    сезімін    арттырады.

4. Білім берудің сапалануы, бәсекелестікке лайықты болуы,  педагогикалық әлемде жаңа құндылықтарды қалыптастыру, қарым-қатынастың жаңа, жетілдірілген  мәдениетін  көтеріп, қоғамдағы    рөлін дамуын  арттырады.

5. Инновациялық үдерістер білім беруді сапаландырудың тасымалдаушы    инструкциясы есебінде педагогикалық саналылық пен белсенділікті қалып тастырып, кәсіби шеберлігін шығармашылықпен үйлестіру арқылы талаптар деңгейінде  еңбек    етуге жеткізеді.

Қорытып айтқанда, жоғарыда баяндалған маңызды шаралардың барлығы мемлекетіміздің тəуелсіздігін сақтауға, республика халқының бірлігін нығайтуға, оның əлеуметтік-тұрмыс жағдайын, денсаулығын, тіршілік сапасы мен-деңгейін арттыруға бағытталғанын жан-жақты ашып көрсетеді. Осының барлығына біздің қолымыз Ата Заңымызда көзделген тарихи ережелерге сүйене отырып, Президентіміз белгілеп берген басымдықтарды жүзеге асыру, атап айтқанда: ғылым мен білімнің инновациялық жүйесін дамыту, денсаулық сақтау саласының қазіргі заманғы стандарттарына өтуін, ұлттың мəдени жəне рухани əлеуетін өркендеуін қамтамасыз ету арқылы жетіп отыр.

Пайдаланылған əдебиеттер мен деректер тізімі:

1. Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында. Алматы, 1999.

2. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ« — ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауы.

3. Ныязбекова К.С., п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті,

РЖА-ның профессоры  «ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ БАҒЫТТАРЫ» ғылыми мақаласы.

4.   Талғат Әминов «Қазіргі білім берудегі кейбір интеграциялық процестер туралы» мақала. © e-history.kz сайтынан алынған
http://e-history.kz/kz/contents/view/2127
© e-history.kz




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2024
241
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12