400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қазақстан Республикасының Конституциясына - 22 жыл! »

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы





Рахмеджанова Гулноза Махмуджонқызы

Төлеби ауданы

«Ханарық жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі


Ашық тәрбие

сағаты

«Қазақстан Республикасының Конституциясына - 20 жыл! »

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып,

жауапкершілікті арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу.

Дамытушылығы: жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, слайдтар, кинофильмдер, Қазақтан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Гимн. Н.Ә. Назарбаевтың портреті, кітаптар көрмесі. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық-біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қолдадық. Бұған сіздер мен біздер өз ғұмырымыздың біраз жылдарын арнадық. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік»

(Қазақстан Республикасының Президент жолдауынан)

Барысы:.Ұйымдастырушылық кезең.

Мемлекеттік әнұран орындалады.

Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз Ата заңымыздың қабылданғанына- Қазақстан Халқы Ассамблеясына -20 жыл толу мерекесіне арналып отыр.

Күн нұрындай сәуле шашқан өңірге,

Бақ - дәулетін аямаған жеріме.

Егемендік елдігіме жарасқан,

Ата заңым құт сыйладың еліме!

Мұғалім:Балалар,сендер бүгінгі ашық тәрбие сағатында бір-бірлеріңе қандай тілек айтар едіңдер?

-Міне осы жыр жолдарынан Ата заңымыздың мемлекетіміздің гүлденіп дамуына,халқымыздың бақытты өмір сүруіне ықпалы мен көмегінің орасан зор екенін байқаймыз.Ендеше барлығымыз 30 тамыз күні Ата заңымыз - Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойын тойладық.

Биыл егеменді еліміздің төлқұжаты - Ата заңымыздың қабылданғанына- 20 жыл! Ғасырлар бойы тәуелсіздікті армандаған Қазақстан халқының бұл Конституциясы адамзат дамуының ғаламаттық үрдісіне сай қазіргі заманғы либералды-демократиялық құндылықтарды толығымен бекітуімен ерекшеленеді.

Конституция – жеке тұлға және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Республиканың ең қымбат қазынасы ретінде танып, мемлекеттен олардың орындалуына жағдайлар жасауын талап етеді.

Сонымен қатар биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясына - 20 жыл!

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасында бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады

Қазақстан Республикасының Коституциясының , оның мазмұндық құрылымын көз алдымызға тағы бір елестетер болсақ, 98 бапты өз бойына қамтитын тоғыз бөлімнен тұрады.
1-    бөлім: Жалпы ережелер;
2-    бөлім: Адам және адамзат;
3-    бөлім:Президент;
4-    бөлім:Парламент;
5-    бөлім:Үкімет;
6-    бөлім:Конституциялық кеңес;
7-    бөлім:Соттар және сот төрелігі;
8-    бөлім:Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару;
9-    бөлім:Қорытынды және өтпелі ережелер.
Мұндай бөлімдердің бәрінде де мемлекеттік құрылысымыздың тұрпаты, ретпен орналасқан саяси басқару жүйесінің міндеттері мен қызметтері, Қазақстан қоғамындағы адамдардың, азаматтарды, құқықтары мен бостандықтары заңна
маға түскен.

Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жатады. Қазақстан Республикасының азаматтары сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез келген адам Мемлекеттік туды, Елтаңбаны және Әнұранды құрмет тұтуға міндетті. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленеді.

Еліміздің өзіне тән Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.

Әнұранымыздың авторлары: Н.Назарбаев, Ж.Нәжмединов, Ш.Қалдаяқов.

Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бастысы – шаңырақ. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі. Ол күн бейнесін ал уықтар одан тарап жатқан алтын сәулелері. Қазақта «Ат – адамның қанаты» деген мақал бар. Елтаңбадағы тұлпар бейнесі дала пырағы оның шапшаңдығы ер жігітті тәуелсіздікке жетелейді. Бес бұрышты жұлдызы - әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты. Күн мен айды, жұлдызды киелі тұтатын халқымыз «Жұлдызың жарқырай берсін» деген асыл арманын айтып тұрғандай.


2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды, сөйтіп Қазақстанның балалар құқығы туралы Заңы еңгізілді.
Бала құқықтары туралы халықаралық конвенциядан:
•    Мемлекет әрбір баланың аман-есен сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
•    Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
•    Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
•    Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
1.    Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
•    Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
•    Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
•    Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
•    Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біздің Негізгі Заң  дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі.

Мемлекетіміздің ата заңының 1-бабында Қ.Р -ның өзін демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Оның басты қазынасы адам және адамның өмірі. Құқықтары мен бостандықтары деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарына жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай тура жолмен жүріп еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу заман талабы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Казақстан республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.
2. Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім және демократиялық даму”. Егеменді Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз.

3.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан.

4олдасбаев Болат Амантайұлы 30 тамыз конституция күні тәрбие сағаты(Конституция-кемелдік кепілі)

5 .Қазақстан Республикасының бала құқығы туралы конвенциясы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
599
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі