Оқу-әдістемелік
нұсқау мазмұнының Қазақстан республикасының
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартына
сәйкестігі
«Жаратылыстану» әдістемелік
нұсқау мектепалды
даярлық бала- ларының жас және психологиялық
ерекшеліктері ескеріліп жазылды, қазір-
гі ғылыми түсініктер адам, табиғат,
қоршаған орта, физикалық құбылыстар
туралы көзқарастар берілген. 2016 жылғы
Мемлекеттік стандартқа сәйкес оқулықта
оқытудың жүйеліктұлғалық
және коммуникативтіктанымдық
түрлерін жүзеге
асыруға көп көңіл бөлінді.
Әдістемелік нұсқау
мазмұнында бақылау,
бақылағыш, ғылым
сала- лары,
ғалымдар,
өнертабыс
сияқты
мағыналық
түсініктермен
қатар
балалар- дың бойында
өзін-өзі тануға деген ықыластарын
қалыптастыру
көзделген.
6
Әдістемелік нұсқауда пәндік
нәтижелерді пайдалану
барысында мек- тепалды даярлық сынып
(тобы) балалары:
бақылау
мен бақылаушының рөлін білуі: қоршаған
ортаның нысан- дарын, құбылыстары мен
үдерістерінің қажеттілігін түсіндіре
алуы;
«бақылау»
деген ұғымды түсініп, қоршаған ортадағы
құбылыстарға бақылау жүргізе
білуі;
«тәжірибелік
жұмыс» деген ұғымды түсінуі және
қарапайым тәжіри- белік жұмыстарды
жүргізе
білуі;
өсімдіктердің
алуан
түрлілігі
туралы
түсіне
біліп,
өсімдіктердің
негіз-
гі бөліктерін және олардың қызметтерін
атай
білуі;
өсімдіктердің
тіршілігін бақылау үшін жағдай жасауы;
олардың сыртқы өзгерісін сипаттай
алуы; өсімдіктер мен жануарларды
салыстыра білуі; бөлме және басқа мәдени
өсімдіктерді күте
алуы;
жануарлардың
алуан түрлілігі туралы білуі; олардың
аттарын атап, басты
белгілерін
сипаттай
алуы;
жабайы
жануарлар
мен
үй
жануарларының
айырмашылықтарын білуі; олардың
ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ажырата
алуы; маусымның өзгеруіне қарай
жануарлардың қалай дайында- латындығын
түсіндіре
алуы;
адам
және адам организмі туралы түсініктері
болуы; адам денесінің басты бөліктерін
атап, олардың қызметтерін білуі; адамның
өсуі мен
дамуы
үшін не қажеттілігін анықтай алуы;
кейбір
физикалық құбылыстар туралы түсініктерінің
болуы; көп- теген денелердің қозғалысына
мысалдар келтіре алуы; табиғат пен адам
тіршілігінде қозғалыстың маңызды
екенін түсінуі; әртүрлі заттардың
қозғалыстарын бақылап, оны сурет арқылы
сала
алуы;
физикалық
құбылыстар: жарық, жарықтың табиғи және
жасанды көздері және олардың қажеттілігі
туралы түсініктері
болуы;
қараңғы
жарықтың болмауынан пайда болатындығын
түсінуі;
физикалық
құбылыстар: дыбыс, дыбыстың таралуы
туралы білуі; дыбыстың табиғи және
жасанды көздері және олардың қажеттілігі
туралы түсініктері
болуы;
физикалық
құбылыстар: электрдің не екенін; электр
энергиясының күнделікті тұрмыстағы
маңыздылығын
білуі;
физикалық
құбылыстар: магниттіліктің не екенін;
магниттік қасиеті бар денелер және
магниттің қасиеті туралы білуі
тиіс.
Әдістемелік нұсқауда
мектепалды даярлық
балаларында нәтижені қалыптастыру үшін
әр ҰОҚ-ға төмендегідей жұмыс түрлері
берілген:
7