400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Рәміздерді білуге құрметтеуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қадырғали Қосымұлы Жалайыри атындағы орта

мектеп- гимназиясы















Тәрбие сағаты: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»

Сыныбы: 5 «Б» сынып

Сынып жетекшісі: Наушабаева А.К.



















Балпық би ауылы

2017 жыл


Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері»
Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін кеңейту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді,танымдық ой - өрісін, қызығушылығын дамыту. Оқушының есте сақтауын, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру. Отансүйгіштікке адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Ойынды қызықты, ұйымшыл ойнауға үйрету.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері.
Сабақ барысы: Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек, өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.
Демек бүгінгі сынып сағатымыз мемлекеттік рәміздер төңірегінде болмақ.

Кіріспе бөлім:
Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі.
Бізде бүгінгі сынып сағатымызды еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)
Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не? «Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.
Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады.Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде,ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтеді. 1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Мұғалім : Міне, балалар Қазақстан Республикасының рәміздері туралы айттық. Енді біз рөлдік ойын ойнап көрейік. Онда бәріміз рөлдерді бөлісейік.
Ойын: «Қ.Р. рәміздердің авторлары »
Мұғалім : Мемлекеттік рәміздердің авторлары мектеп оқушыларымен кездесуге келеді. Әрі қарай рөлдік ойын ойнайды. Ойын соңында кімнің қалай ойнағандары жайлы қорытындылайды.
Арыс елтаңбасының авторы — Жандарбек Мәлiбеков рөлінде және Асылжан- Шотаман Уәлиханов рөлінде.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы Шакен Ниязбековтың рөлінде Әлібек ойнайтын болады.

Қазақстан Республикасының Әнұранының авторы ретінде Әкежан және Бектай сомдайтын болады.
Балалар өздері киініп әр кім өз жұмысына кіріседі. 5 «б» сыныбында мемлекеттік рәміздердің авторларымен кездесу кеші өтеді. Ең бірінші сәтте Қазақстан Республикасы рәміздерінің авторлары өздерін таныстырудан бастайды.

Мен Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бір боламын. 1938 жылы 12 - қарашада Тараз қаласында дүниеге келгенмін. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітіргенмін. Алматы қаласының бас суретшісімін деп өзін таныстырып өтті.

Мен өзімді таныстыра кетсем Жандарбек Мәлібекұлы. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келгенмін. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітіргем. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі боламын.

Мен Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туғанмын. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.

Мен Шәмші Қалдаяқов Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев тың сөзіне жазылған «Қазақстан Республикасының әнұранына »әнін жазған деп,өзін таныстырып өтті.

Оқушылармен танысқаннан кейін, мемлекеттік рәміздер жайлы сұрақтар қойды.

1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.(Ту, Елтаңба,Гимн)
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.(Көк, сары)
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.(Екі рет)
4.Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі (Жұлдыз)
5.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл (1992 жыл)
6. Мемлекеттік рәміздер күні (4 маусым)
7. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс (Қыран бүркіт)
8. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар (Қанатты пырақ)
9. Мемлекеттік Әнұранның авторлары?
- Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
10.Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды
-«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.

Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет. Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген. Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді. Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел - жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды.
Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
523
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі