400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан Республикасының рәміздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының рәміздерін білу, құрметтеу. патриоттық сезімдерін ұштастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні, сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері 
Грамматикалық тақырып: Септік жалғауларын қайталау.
Сабақтың мақсаты: 
1. Білімділік: Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру. Мемлекеттік рәміздер тақырыбына түсінік беру.Септік жалғауларын қайталау. Грамматикалық тақырыптарды практикада қолдана білуге үйрету. 
2. Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, қорғауға, туған жерін мақтан тұта білуге тәрбиелеу. 
3. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын тиянақты, дәл жеткізе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, дұрыс айту, ауыз екі сөйлеу тілдерін жетілдіру. 
Сабақтың көрнекілігі:карточкалар, тест тапсырмалары, мемлекеттік рәміздер.

Сабақтың әдіс- тәсілі:: түсіндіру, сұрақ – жауап, оқулықпен жұмыс, деңгейлеп оқыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих,
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, кезекшімен диалог, Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.  Бір біріне жақсы тілектер айту.
Лексикалық минут: Қазір қай мезгіл? Көктем айлары қандай? Көктемде ауа-райы қалай өзгереді? Балалар, сендер қай елде тұрасыңдар? Біз қай қалада тұрамыз? Сен қай көшеде тұрасың? Риддер қаласы қандай?

Фонетикалық минут: Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталату.

II. Үй тапсырмасын тексеру.  Отан туралы мақал-мәтелдер айту.

ІIІ. Оқушылардың қызығушылығын ояту. Кроссворд арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. Гимн орындау.

Жаңа сабаққа кіріспе. Сабақтың мақсатымен таныстыру. Балалар, бүгін біз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін өтеміз. Мәтінді аударамыз. Жаңа сөздермен танысамыз. Жаттығулар орындай отырып, Елтаңба мен Туды құрастыру.  Оқушылар екі топта жұмыс істейді.










Мәтінмен жұмыс:
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік Әнұран – Қазақстан Республикасының рәміздері болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында шаңырақ, бес жұлдыз, пырақтар бейнеленген. Астыңғы жағында Қазақстан деген жазу бар. Олардың барлығы алтын түстес.

Тудың көгілдір түсі тыныштықты білдіреді. Қыран құс бостандықты білдіреді. Өрнек қазақ халқының мәдениетін, салт дәстүрін білдіреді. Алтын түс бақыт пен байлықты білдіреді. Елтаңбадағы бес жұлдыз халқымыздың достығын білдіреді. Әнұранның сөздерін Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазған, ал әнін Шәмші Қалдыаяқов жазған.Тудың авторы Шакен Ниязбеков.Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков


Мәтін бойынша жаңа сөздермен жұмыс:

 Шаңырақ –  купол юрты

Тұлпар, пырақ –  скакун

Тікбұрышты- остроконечный

Қыранқұс- орел

Бейне–  образ, изображение

Қалықтап ұшқан — парящий

Достық - дружба

Өрнек – орнамент

Тыныштық - спокойствие

Бостандық – свобода

Жұлдыз - звезда



Қайталау, сөздікке жазу.

Оқылым: Мәтінді тізбектеп оқып, аудару.


Сергіту сәті:


Жазылым: Дәптермен жұмыс: 82 бет 2 тапсырма

Берілген сөйлемдердегі сөздердің тиісті жалғауларын қойып, жалғау түрлерін анықтаңдар.







Карточкамен жұмыс беру:


Тапсырма: Берілген сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.

  1. Тудың, мемлекеттік, алтын, бейнеленген, ортасында, күн, қыран,

құс, өрнек. 2. Төменгі, елтаңбаның, бар, жазу, Қазақстан, деген, жағында.



Диалог арқылы сөйлесу. Оқушылар 83 бетте 3ші тапсырмада диалогты оқиды. 2 топ бір-біріне сұрақтар қояды.


Бекіту: Екі топ сұрақтарға жауап бере отырып, елтаңба мен туды құрастырады. Соңында қорытындылап, қорғайды.

Сұрақтарға жауап беру.

1 сұрақ Тік бұрышты матаның түсі қандай?

2 сұрақ: Алтын күн нені білдіреді?

3 сұрақ: Өрнек нені білдіреді?

4 сұрақ: Қыран құс нені білдіреді?

5-сұрақ: Тудың авторы кім? Шакен Ниязбеков.


1 сұрақ Елтаңбаның ортасында не бейнеленген?

2 сұрақ: Шаңырақтың оң жақ және сол жағында нелер бейнеленген?

3 сұрақ: Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде не бар?

4 сұрақ: Елтаңбаның төменгі бөлігінде не бар?

5- сұрақ: Елтаңбаның авторы кім? Жандарбек Мәлібеков


Әнұранның сөздерін Жумекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев жазған, ал әнін Шәмші Қалдыаяқов жазған.


Қорытындылау: Бүгін біз сабақта не өттік? Тест арқылы бағалау. (Рефлексия). Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді? 

Үйге тапсырма: Диалог.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
428
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі