Материалдар / «Қазақстан Республикасының рәміздері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақстан Республикасының рәміздері»

Материал туралы қысқаша түсінік
А) Балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін толықтыру. Ә) Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Б) Отан сүйгіштікке баулу, елін. Жерін құрметтеуге тәрбиелеу. В) Тіл байлықтарын, сөйлеу қабілеттерін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Шілде 2023
253
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: «Қазақстан Республикасының рәміздері»

Мақсаты: А) Балалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін толықтыру.

Ә) Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту.

Б) Отан сүйгіштікке баулу, елін. Жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

В) Тіл байлықтарын, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап түсіндіру, тақпақ айту, шығармашылық.

Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Слайд көрсету.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

Балалар бүгінгі іс – әрекетіміз ерекше болмақ. Бүгін бізге қонаққа апайлар келіпті, қане барлығымыз шаттық шеңберін құрып апайлармен амандасайық.

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң апайлар

Сәлеметсіздерме?









Балалар шаттық шеңберін орындайды.

Ізденушілік - ұйымдастырушылық

Балалар оқу іс – әрекетімізді бастамас бұрын жыл мезгілдерін қайталап өтейік.

-балалар жылдың неше мезгілі бар?

-осы жыл мезгілдерін атаңдаршы?

-қазір жылдың қай мезгілі?


-күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?




-Жарайсыңдар балалар сендер жыл мезгілдерін естеріңе жақсы сақтапсыңдар

Балалар бүгін бізде ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіміз бойынша тіл дамыту. Оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау» деп аталады.

-Балалар бүгінгі оқу іс – әрекетімізді өлең жолымен бастаймыз.

Бәріде сенің отаның

Бойыңды биіктететін

Рухына балап атаның

Өлгенше сүйіп өтетін.

-Балалар осы өлең шумағында айтылған «отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз.

-Осы «отан» дегеніміз не?



-Дұрыс айтасың Нұрасыл


Қане отан туралы тақпақ айтайықшы










-Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?


-Дұрыс айтасыңдар, біздің Отанымыз, мемлекетіміз ҚР – сы деп аталады. Біздің еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің тұңғыш прездентін сайлады.

Біздің еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев.

ҚР- сы тәуелсіз мемлекет болғандықтан өз рәміздері болады. Олар: гимн,ту, елтаңба.

Біздің ұлттық тіліміз – қазақ тілі. Ал еліміздің Елордасы – Астана қаласы.

-Балалар Отанымызды, Президентімізді, Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу әрбір азаматтың міндеті.

-Ал енді балалар Отанымыз Қазақстан туралы кім қандай тақпақ біледі.










-Жарайсыңдар балалар, сендер өскенде өз отандарыңды қорғайтын азамат боласыңдар. Ол үшін сендер еліміздің мемлекеттік рәміздерін жақсы білулерің керек. Олай болса еліміздің рәміздерімен танысайық.

Туды көрсетіп сипаттау.


-Балалар мынау ҚР – ның мемлекеттік туы. Туымыздың түсі аспан түстес көк. Көк түс – бірлік пен ашық аспанды көрсетеді. Туымыздың ортасында сәуле шашақан күн бейнесі орналасқан. Ол тыныштық пен байлықтың белгісі.

Күн астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі орналасқан. Ол еркіндіктің , қазақ халқының жан – дүниесінің кеңдігінің белгісі.

Туымыздың сабы бекітілген тұсында қазақтың ұлттық ою – өрнегімен көмкерілген. Бұл ою – өрнек қазақ халқының қол өнер шебері болғанын білдіреді.

Мемлекеттік туымыздың авторы қазақтың қылқалам шебері Шәкен Ниязбеков.

-Қане балалар бәріміз бірге қайталайықшы.

-Балалар осы мемлекеттік туымыз туралы кім қандай тақпақ айтады








Әнұранды сипаттау.

-ҚР – ныңмемлекеттік рәміздерінің бірі – Гимн. Гимнді салтанатты жағдайларда, екі ел басшылыры кездескенде, үлкен жиындардың ашылуында орындалады. Сонымен бірге өз балабақшамызда күніге таңертең айтылады. Гимнді орындағанда міндетті түрде орындарымыздан тұрып, оң қолымызды жүрегіміздің тұсына қойып орындаймыз.

Әнұранның авторлары:

Нұрсұлтан Назарбаев

Жұмекен Нәжмеденов

Шәмші Қалдаяқов

-Балалар бірге қайталайық.

-Қәне балалар осы әнұран туралы тақпақ айтады.












-Балалар ендігі оқу іс – әрекетімізді шығармашылық жұмыспен жалғастырамыз. Шығармашылық

Жұмысымызды бастамас бұрын бойымызды жазып сергіп алайық.

Сергіту сәті

Жоғары қарап күн көрдім

Төмен қарап жер көрдім

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Егеменді ел көрдім.


-Балалар шығармашылық жұмысымызда желімдеп жапсыру арқылы Туды бейнелейміз.


-Балалар бүгін біз оқу іс – әрекетімізде ҚР – ның Мемлекеттік рәміздерімен таныстық.

-Балалар біздің Отанымыз қалай аталады екен?

-Елімздің президенті кім?


-Балалар ҚР – ның мемлекеттік рәміздерін атаңдаршы.



Жарайсыңдар балалар! Барлықтарыңда бүгінгі оқу іс –әрекетіне белсенді қатыстыңдар. Ендеше оқу іс – іс әрекетімізді ҚР – ның Әнұранымен аяқтайық.





Жылдың 4 мезгілі бар


Қыс,көктем, жаз, күз


Қазір жылдың күз мезгілі

Күн суытады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, күн бұлттанып жиі – жиі жаңбыр жауады.




Балалар оқу іс –әрекетімен танысады.










Балалар мүқият тыңдайды.






«отан» дегеніміз – адамның туып – өскен жері, атамекені.



Отанды біз атамекен

Деп аялап айтамыз

Өйткені оны мекен еткен

Бабамызбен атамыз


Отанды жас кәрімізде

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені онда бәрімізде

Туып өмір сүреміз



Қазақстан Республикасы деп аталады.






















Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқан Қазақстан

Елім менің тірегім,

Құшағында гүл ашам


Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл қаланы.

Ардақты атамекенім

Отаным – Қазақстаным





































Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда Биікке іліп қояды


Туымызға көгілдір

Бір қарамай өтпейміз

Сол көк тудың астында

Көгереміз көктейміз






















Қатар шапқан қос тұлпар

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй


Әнұраным жанұраным

Айтар әнім сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады Республика әнұраным.










Балалар сергіту жаттығуын орындайды





Балалар шығармашылық жұмысты орындайды.







Қазақстан


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Ту, Елтаңба, Әнұран

Балалар атап, көрсетіп береді.





Балалар орындарынан тұрып әнұранды орындайды.

Рефлексті түзетушілік

Дидактикалық ойын:«Кім жылдам?»

Мақсаты: Берілген сұраққа шапшаң,  әр дұрыс жауап беру керек.Ойын шарты:

Көк түсті асықты көтергенде, еліміздің қалаларын атау керек.

Сары түсті асықты көтергенде, еліміздің байлықтарын атау керек.

Қызыл түсті асықты көтергенде, елімізде тұратын ұлттарды атау керек.

Қорытындылау.












Сұраққа жауап берген балалар мақтап – мадақталады.



Күтілетін нәтиже:

450 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!