Материалдар / Қазақстан Республикасының рәміздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан Республикасының рәміздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық тәлімгерлермен сынып жетекшілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2018
396
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының рәміздері

Мақсаты:  Мектеп пен отбасылық ынтымақтастықты жүзеге асыру. Ата-аналармен жұмыс жүргізуде қазақ тіліне, жеріне  байланысты, олар білуге тиісті білімдерді өмірге бейімдеуде, тәлім-тарбие беруде, мектеп, мұғалім және ата-ана болып бірлесіп жұмыс атқару.

Тәрбие сағатының барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар және бүгінгі отбасылық сайыстың қатысушылары!

Құрметті ата-аналар! Бүгінгі отбасылық сайысқа қош келдіңіздер! Қадамдарыңызға гүл бітсін, сайыста жеңіске жетулеріңізге тілектеспіз, ақ жол тілейміз!

Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді  екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.

1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.

Рәмізім-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

 сынып оқушылары. ХОР. Елтаңба

Мұғалім:

Ата-ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін толассыз таусылмайтын қазына. Бүгінгі таңда нағыз ұлтжанды, жүрегі қазақ деп соғатын азаматтарды тәрбиелеу үшін ата-ана тәрбиесі ең басты, ең маңызды, ең қажетті, ең керекті тәрбие. Ананың балаға беретін ең зор сыйы-ана сүті. Ана сүтімен берілетін ең асыл сыйы – ана тілі. Ана сүтін бойға сіңірген, ана тілінің құдіретін түсініп, өз Отанын, өз  халқын сүйетін әрбір қазақ халқының ұрпағы өз тілін, дінін құрметтейтін «нағыз қазақ» болып өсуі тиіс.

Бүгінгі сайысқа 3 отбасы қатысады:

1.

2.

3.

 

Бүгінгі сайысымыздың әділ болуына ат салысатын әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейік.

 

Сайыс 6  кезеңнен тұрады:

  1.  «Отбасының визит карточкасы». Таныстыру.(5 ұпай)

  2.  «Өнерлі өрге жүзер». Өнерін көрсету.(5 ұпай)

  3.  Үй тапсырмасы.(10 ұпай)

  4.  «Тапқыр болсаң». Сұрақ – жауап.(10,20,30 ұпай)

  5. «Саз әлемі». Ән сайысы (5 ұпай)

  6. «Мақал сөздің мәйегі» Мақалды жалғастыру. (5 ұпай)

 

  1. 1.      Отбасылардың таныстырулары

Мұғалім: Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат Ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

 

 1 сынып оқушыларының Тәуелсіз еліміз жайлы дайындаған тақпақтарын тамашалайық.

Жамбыл: Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

Алатаудай көкке өрлеген  азатпен

 

Әсем:     Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

 

Нұрсұлтан: Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, Тәңірім, бізді баққа  жолықтыр…

Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Ассем:  Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда  тірлік бар »  деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын  жүрегіміз!

Мұғалім: «Өнерлі өрге жүзер» дегендей отбасыларымызды өнерлерін көрсетуге ортаға шақырамыз.

3.Келесі кезең: үй тапсырмасы

4 кезең. «Тапқыр болсаң» деп аталады.

Ережесімен таныстырып өту.

Сұрақтары:

Қазақстан Тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы 16 желтоқсанда.)

Тәуелсіз еліміздің қандай рәміздері бар? (Ту,Елтаңба,Әңұраны.)

Н.Ә. Назарбаев қашан республикамыздың президенті болып сайланды? (1991 жылы 1 желтоқсанда)

Қазақстанның Туы қай кезде көтерілуші еді? (Жеңіске жеткенде, мерекеде, екі ел арасындағы кездесуде.)

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы  қашан қабылданды? ( 1993 жылы 28 қаңтар)

Алғашқы қазақ ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда)

Төл теңгеміз дүниеге қашан келді? (1993 жылы 15 қарашада)

« Тәуелсіздік » монументі Алматыда  қашан ашылды?   (1996 жылы)

«Қазақстан Республикасының Тілдер туралы» Заңы қай жылы қабылданды. (1997 жылы)

Мұғалім: Құлақтан кіріп,бойды алар

Жақсы ән ментәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең,менше сүй, – дей келе келесі кезеңміз – Саз әлемі

1-      Муз Арт «Арман – ай»

2-      Орда «Белгісіз жан»

3-      Ерболат «Мен қазақпын»

4-      Заттыбек «Немерем»

5-      Қ. Нұртас « Ауырмайды жүрек»

6-      Т. Серік «Сыған серенадасы»

7-      Б:Қорған «Шоқ қыздар»

8-      Қ. Нұртас «Қызыл гүлім – ай»

9-      Әйгерім «Ертегілер»

 «Мақал – сөздің атасы» дей келе келесі соңғы сайысымыз – Мақал сөздің мәйегі. 6 кезең

Әдепті бала – ата –анасын  мақтатар,

(Әдепсіз  бала – ата- анасын қақсатар)

Ана сүтін ақтамағанды,

(Ешкім мақтамайды.) 

Әке көрген оқ жонар ,

(Шеше көрген тон пішер.) 

Отанды сүю – (отбасынан басталады.)

Отансыз адам,(Ормансыз бұлбұл).

Егемен елдің,

(Еңсесі биік.) 

Атаңа не қылсаң,
(Алдыңа сол келер.)

Туған жердің күні де ыстық, (түні де ыстық).

Өз балаңды өскенше бағасың,

(Немереңді өлгенше бағасың.)

Арузат: Халқымның мақтанышы – алып тұлға,

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарғанша, «Бәйтерек» әнін тамашалайық.

Сайыс қорытындысы

Аяқталуы:

Ойламаңыз өнерлерін аяп қалды,

Уақыт болса-бір шама таяп қалды.

Береке,бірлік тілеп әр жанұяға,

Сайысымыз осымен аяқталды.





Сәрсенбекова Гүлбану Абытқызы

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Әбдіғаппар ауылы

213 жалпы орта мектебі математика пәнінің мұғалімі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!