жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақстан Республикасының рәміздері 1- сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Дүниетану Күні: Бөлім:Салт- дәстүр және әдебиет Сынып: 1
|
Мектеп: Әбу Құдабаев атындағы №197 қазақ орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Нурманова Лайла Нурбаевна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы
|
Қазақстан Республикасының Рәміздері |
|||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары |
1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату. 1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу.
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Қазақстан Республикасының рәміздерін негізгі белгілерін таниды және мағынасын біледі. Оқушылардың басым көпшілігі: Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерімен салыстырады. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелейді. Кейбір оқушылар: Мемлекеттік рәміздердегі бейнелердің мағынасын түсіндіреді.
|
|||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
- Қазақстан Республикасының рәміздерін таниды - Басқа рәміздер арасынан анықтайды және көрсетеді - Қазақстан Республикасының рәміздерін сипаттайды. - Белгілердің мағынасы туралы айтады.
|
|||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздерін атайды. Пәнге тән лексика мен терминалогия Мемлекеттік рәміздер, ту, елтаңба, әнұран Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер
|
|||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту |
Жұптық оқыту негізінде сын тұрғысынан ойлауға, топтық жұмыс барысында сыйластыққа, құрметпен қарауға, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті сезінуге, жеке жұмыс арқылы өмір бойы оқуға дайын болуға баулу. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетуді үйрету.
|
|||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Өз ойын жүйелі жеткізуде сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс қолдану, сөз мағынасының дұрыс қолданылуы арқылы сауат ашу пәнімен, суретпен жұмыс кезінде көркем еңбек пәнімен және жаратылыстану пәнімен байланыс жасалады.
|
|||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білімді игеру
|
Қазақстан рәміздерін таниды. |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы
|
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
Ынтымақтастық атмосферасын құру. Армысыздар, балалар, Амансың ба, ұстазым.
Біз балдырған баламыз, Айтқан тілді аламыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз.
Топқа біріктіру Пазл арқылы 3 топқа бөлінеді. Қима қағаздарды құрастырғанда Ою, күн, қыран құстың суреттері шығады. Үш суретті таңдау арқылы топқа бірігеді. Оқушылар құрастырған суреттерінің қайда кездесетінін айтады.
«Ой қозғау» әдісі Суретке қара - Бұл суреттерді біз қайдан кездестіреміз? - Олардың әрқайсысы нені білдіреді, қалай ойлайсыздар?
- Біздің еліміздің туын көкке көтеру үшін қандай үлес қоса аласыздар? Сен өзің не істей алар едің?
Бағалау: Мұғалім мадақтамасы: "Жарайсыңдар", "Өте жақсы", "Керемет".
-Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыздар? Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру.
|
Пазлдар, қима суреттер
Суреттер |
||||||||||||||||||||||||||
Жаңа сабақ
Сабақтың ортасы
|
Қазақстан Республикасының Рәміздері. Видеоролик көрсету
Ұжымдық жұмыс «Миға шабуыл» әдісі Оқулықтағы 60- беттегі мәтінді оқу.
Мәтінді іштей оқыту. Белсенді оқуды қалыптастыру, білім алушылардың қызығушылығын арттыру. Оқылған мәтіннің мазмұнына қарай, әр деңгейлі сұрақтар қою.
Бағалау. Мұғалім мадақтама сөзі «Жарайсың!, Жақсы!, Керемет!»
(МТ) «Сен білесіз бе?» 61-бет Топтық жұмыс
1-топ: «Жапсырма» әдісі Мемлекеттік туды құрастырып, әңгімелейді
2-топ: «Жеті жебе» әдісі Елтаңба бөліктерін жазып шығады.
3-топ: «Құрастыр және жауап бер» әдісі Сынып туының үлгісін жасайды.
Кері байланыс
- Неліктен тудың суретін осылай болу керек деп шештіңіздер?
Бағалау:«"+","-", қызықты» әдісі арқылы бағалау.
Сергіту сәті. Жоғары қарап күн көрдім, Төмен қарап жер көрдім. Оңға солға бұрылып, Егеменді ел көрдім.
Жұптық жұмыс «Семантикалық карта»
Әр жұпқа карточка беремін. Жұптар карточкадағы белгілердің қандай рәмізге қатысты екенін анықтайды. Егер жауабын тапса, сол рәміздің астына «+» таңбасын қояды. Осы әдіс арқылы жұптар пікір таластырады. Әрі рәміздердің бөліктері туралы тереңірек біледі. Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма. Тапсырма: - Суретте бейнеленген рәміздің атауын айтыңыз. - Қазақстан Республикасын таныстыратын рәмізді белгілеңіз.
Дескриптор: - Бейнеленген рәмізді атайды; - Қазақстан Республикасының туын анықтайды.
2-тапсырма Қазақстан Республикасының елтаңбасын тауып, белгілеңіз. Елтаңбада бейнеленген элементтерді жазыңыз.
Дескриптор: - Қазақстан Республикасының елтаңбасын анықтайд. - Елтаңбаның элементтерін жазады.
Сараланған тапсырма: (Қарқын)
Қажетті сөздерді қойып оқы. Сөздерді көшіп жаз.
Ерте кезде ту ____________ айбындылық символы болған. Қазіргі уақытта ол елдің __________ білдіреді. Көгілдір түс еліміздегі_________пен________белгісі. Әр елдің өз __________ рәміздері бар. Оларға_______, _______ және _________ жатады.
Қажетті сөздер: әскери, тәуелсіздігін, тыныштық, бейбітшіліктің, мемлекеттік, ту, елтаңба, гимн.
|
|
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Бүгінгі жаңа сабақтан алған әсерлерін бөлісу мақсатында оқушылармен рефлексия жүргізіледі.
Рефлексия "Бағдаршам" әдісі
|
|
||||||||||||||||||||||||||
Саралау |
- Ұжымдық жұмыстағы тапсырмада әр деңгейдегі оқушылар мәтін бойынша менің қойған сұрақтарыма жауап беру арқылы саралау жүрді. - Топтық жұмыста "Құрастыр әдісі" бойынша мемлекеттік туды құрастырып, әңгімелеу арқылы тапсырманы орындауда саралау жүрді. - Қалыптастырушы бағалауда елтаңбада бейнеленген элементтерді жазу, табу, әңгімелеу арқылы саралау жүрді.
|
|
||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген