400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі. Күрделі сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі жайлы мәлімет алу. Күрделі сөздер туралы білім алу. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа және шынайылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып № 2

 Қазақстан Республикасының саяси жүйесі. Күрделі сөздер

11-сынып






Мақсаты

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі жайлы мәлімет алу. Күрделі сөздер туралы білім алу. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа және шынайылыққа тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі жайлы біледі. Күрделі сөздердің түрлерін ажырата алады. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы шығармашылықтарын шыңдайды және жаңа сабақтан алған білімдерін шынайы өмірде пайдалануға дағдыланады.


Қолданылатын

модульдер,


Оқыту  мен оқудағы жаңа тәсілдер;+Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

Оқыту  мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік  технологияларды пайдалану; Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+ Оқытуды басқару және  көшбасшылық


Сабақтың түрі

Аралас сабақ



Пәнаралық байланыс

орыс тілі



Әдіс-тәсілдер


Диалогтік оқыту, топтық әңгіме, миға шабуыл, сұрақ-жауап, талдау, ауызша-жазбаша, диалог, топтық жұмыс, кластер құру. ЖИГСО әдісі,топтастыру әдісі, Түрткі сұрақтары,қайта бағыттау сұрақтары


Сабақтың көрнекілігі

Оқулық, моноблок, бейнесуреттер (презентация), плакат, бағалау парағы, деңгейлік тапсырмалар


Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Ұйымдастыру

(5мин)

Психологиялықтренинг

«Оның есесіне мен...» жаттығуы.
Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне ..... .
- Мен шаршадым, оның есесіне ...... .
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне .... .
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне .... .
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне .... .
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне ... .
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне ... .
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне ....
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне ..... .
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... .
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне..... .
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне .... .
- Мен тым толықпын, оның есесіне.... .
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне ... .
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне ... .
- Менің жазуым әдемі ем
ес, оның есесіне ..... .

Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады


 

Суреттер


Үй тапсырмасын тексеру 4 мин

3,4-тапсырма, 139-бет. Мәтіннің мазмұны





Қызығушылықты

ояту(3мин)

Қазақстан Республикасының саяси жүйесі туралы не біледі. Сызбаны толықтыру.

Геометриялық фигуралар бойынша 3 топқа бірігеді.

 

 


 

Мағынанытану (20мин)

1.Жаңа сөздермен таныстыру.

2.1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер

3. Ережемен танысу.

4.4-тапсырма.Сөйлемді толықтырып жазыңдар.


Жаңа сөзбен жұмыс, сөздік дәптерге жазады, олармен сөйлем құрайды

2.1-тапсырма. Мәтінді оқиды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

3. Ережемен танысады.

4.4-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырады.

Мадақтау




Формативті баға

Оқулық,


Дәптер


Сергіту сәті /5мин/

Би «Қара жорға»

7. Сергіту сәтін ұйымдастыру арқылы жаңа тақырып бойынша миға шабуыл жасау: буындарын қимылдатып билету


Интербелсенді тақтада көрсетіліп жатқан бейне роликке қосылып, сергіту жаттығуларын қайталау




Қорытындылау /7мин/

Ойын.Сөйлемдерді кім жылдам аяқтайды? (сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қайталау)


Ойын.Сөйлемдерді кім жылдам аяқтайды?

Формативті баға

Жазу дәптері, оқулық


Рефлексия


 

Түрлі түсті стикерлер


Бағалау

Сабақ барысында жұмыс істегендеріне қарай баға беру.

Күнделіктеріне баға қойғызу

Суммативті баға беру.

Күнделік


Үйге тапсырма


Оқушыларға үй тапсырмасын орындалу тәртібін түсіндіреді. Мәтіннің мазмұны.

Мұқият тыңдайды. Күнделікке жазып алады.

2,3,5,-тапсырма, 141- бет


Күнделік

Ойын.Сөйлемдерді кім жылдам аяқтайды? (сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қайталау)

  • Бастауышы мүлде болмайтын жай сөйлем — (жақсыз)…

  • Бастауышы бар сөйлем (жақты)

  • Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысуы арқылы жасалатын жай сөйлем- (жайылма)

  • Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем (жалаң)

  • Айтылуға тиісті мүшелердің бірі түсіп қалған жай сөйлем (толымсыз)

  • Ойға қажетті сөйлемдердің бәрі қатысқан сөйлем(толымды)

  • Құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем. (атаулы)

  • Табыс септігіндегі толықтауыш (тура)

  • Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі толықтауыш (жанама)

  • Кім не сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі (бастауыш)

  • Ілік септігінің сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі (анықтауыш)

  • Сөйлемнің соңында тұратын сөйлем мүшесі (баяндауыш)

  • Қайда? Қайдан сұрақтарына жауап беретін сөйлем мүшесі

  • Қандай? Сұрағына жауап беретін сөйлем мүшесі

  • Құрмалас сөйлемнің түрлері (сабақтас, салалас, аралас)

  • Салалас құрмаластың түрлері (ыңғайлас, қарсылықты, себепсалдар, кезектес, талғаулы, түсіндірмелі)

  • Сабақтас құрмаластың түрлері (шартты, қарсылықты, себеп, мезгіл, қимыл-сын, мақсат)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
519
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі