жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл"
Ш. Бектасов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – тұғырым!!!» атты тарихи кеш!!!
Ұйымдастырушы: Акбар Бауыржан Базаралыұлы
«Тәуелсіздік – тұғырым!!!»
1-жүргізуші: Қайырлы күн, Тәуелсіз мәңгілік қазақ елінің азаматтары! 9 ә сыныбының ««Тәуелсіздік» – Тұғырым» атты тарихи кешімізге қош келдіңіздер!
2- Жүргізуші: Армысыздар, тәуелсіз Ұлы дала ұрпақтары! Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасы Тәуелсізднігінің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тарихи кешімізді бастаймыз. Қазақстан Республикасының ән ұраны!!!
1- Жүргізуші: Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
2-жүргізуші:
Мен
– қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта
тудым өмірге, қайта келдім.
Мен
мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта
бергім келеді, айта бергім. деп
ақындар жырлағандай
мың өліп мың тірілген қазақтың басынан не өтпеді десеңші.Бүгінгі тарихи кешімізді ашып беруге мектебіміздің директоры Қойжигитова Қалдыкүл апайымызды шақырамыз.
1-Жүргізуші: Ей,қазақтың ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер-суын қорғау бабаның,
Емес пе еді басты ұраны! деп, бабалар жырлағандай мақсатымыз тәуелсіздікті қорғау, ұлтымызды ұлықтау.
2-Жүргізуші: Биыл 2017 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл толды. 26 жыл тарих үшін қас қағым сәт әлбетте. Бірақта осы 26 жылда қазақ халқы талай белестерді бағындырды, шыңдарға шықты деп кеудеміз тола мақтанышпен айта аламыз.
Қарсы аламыз 9ә сынып оқушысы Полат Бекболаттың орындауындағы « Жаса Қазақстан» әнімен.
Жүргізуші:
(Автор
сөйлеп тұрады, көрінбейді)
Адам баласы, адамзат қоғамы
қашанда алдағы болатын оқиғаны әрі
аңсай, әрі абыржи тосқан ғой.
Төңірегімізге осы тұрғыдан көз
тастасақ, көкте бір Тәңірге, жерде бір
өзіне ғана сеніп, көрмес жарықты көріп,
бұйырмас ырзықты татып, сүйгізген
ұрпағын сүйіп, өлшеулі ғұмырға пейіл
болудан басқаның бәрі күпірлік екендігіне
көзіміз тегіс жете бастағандай. Оған
да «шүкір» дейміз. Көңілге медет қыларымыз
тек бір бұл емес. Ең бастысы, жаңа ғасыр
мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел, тәуелсіз
ұлт болып аттандық. Бұған жеткен де бар,
жетпеген де бар. Осылайша, біреуді көріп,
шүкір етіп, біреуді көріп, пікір ету
үшін де өткенге ой, бүгінге көз жіберуге
тура келді. Ол үшін, ең алдымен, бір
сауалға – бұл күнге қалай жеттік? –
деген сауалға жауап іздеуіміз қажет
сияқты. (1991 жылы 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік
күні видео).
Жүргізуші:
(Мәнерлеп
оқу!! Оқып жатқанда бір музыканың даусы
шығып тұрады)
Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің
барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің
келбетіңді арман ғып,
Боданына
бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың
басын тігіп бәйгеге,
Аналардың
жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік, қош келдің!
1-ші оқушы:
Ей, намыстың найзағайдай ұлдары,
Қызыл тілін қылыш еткен қыздары!
Қанды тарих қалшиып тұр мәңгіге,
Жанарында – Желтоқсанның ызғары.
Не көрдің сен қара жұлдыз, қара аспан,
Қан жұттың ба сен де қайсар қазақтан.
Өрімдей қыз өлмес ерлік жыры боп,
Саған қарай рухы ұшып баратқан.
2 –ші оқушы:
Ей, ұлы Алаң, лаңды Алаң!
Өзен шайып, өте алмайтын қанды Алаң.
Қара жерден шөлі қанған сенсің-ау,
Қан мен жасқа әлі шөлі қанбаған.
Сұрап алып сұрқы кеткен айдан нұр,
Азаттыққа арпалысқан майдан бұл.
Құрмет саған, Желтоқсандық боздақтар,
Өшпейтін жыр бұл – алаңға ойған жыр!
3-ші оқушы
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең
шерлі!
4-ші
оқушы
Отан деген от басынан басталар,
Отбасыма от салмасын басқалар.
Отан деген қасиетті, киелі,
Отан десем оянады асқақ ар!
Отансыздар мына өмірде бос қалар,
Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.
Отанымды күзетеді адалдық,
Сәттерімде мүлт кетпестен қас қағар.
5-ші оқушы
Көк тудың желбірегені
Қазақтың асқақ беделі.
Махаббат, қайрат екеулеп,
Шымырлатқан денені.
Көк тудың желбірегені –
Жаныма қуат береді.
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені
Жүргізуші: Ендігі сөз кезегін мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амирова Құттығыз апайымызға береміз.
1-Жүргізуші: Қазақ елі қашанда бақытқа толы, ырысқа молы, босағасы кең, шаңырағы биік шаттыққа тола. Ән орындайтын Рахман Айман, Әшім Дариға «Қазақ елі»
2- жүргізуші: Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі - тәуелсіздік сөзі. Осы тәуелсіздік көп ұлтты мемлекетіміздің мызғымас байлығы. Тәуелсіз Қазақстанда 130 астам ұлт пен этностар бар. Тәуелсіздігіміздің беріктігі мен татулығының бір сыры осы жұмылғын жұдырықтай, ұйыған айрандай халықтардың бірлігі кепіл бола алары ақиқат. Қарсы аламыз би көп ұлтты қазақстан!!!
1-Жүргізуші: Қазақ елінің тарихы қашанда терең де, біз оны әлі күнге дейін зерттеп, зерделеп келе жатырмыз. Жас ұрпақтың бойына адалдыққа, патротизмге, ерлікке, отанын, елін сүйюді үйретеді. Оны біз осы мектепте жүріп бойымызға сіңіреміз адалдық бейімделеміз. Ал осы қасиеттерді беретін әлбетте ол тарих. Дейкеле мектебіздің тарих әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Қонарбаева Үрзада апайымызға сөз кезегін береміз.
1-Жүргізуші:
Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы
мен ар — ұжданы азаттықты тілейді екен.
Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік
кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау
біткенге сыймай, шідер біткенді шірей
тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне
қол жеткізді.
Тәуелсіздік – ұлттық
тілдің, дәстүрдің, салт — сананың
мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі,
халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік –
арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша
арман бар. Сол арманға біздің қазақ
халқы жетті.
2-,Жүргізуші: Ежелгі қазақ даласындағы елін, жерін қорғау үшін жүргізілген шайқастар, мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймыз. Тамашалайық көрініс ата мен бала.
Бала
жүгіріп атасына келеді.
Бала:
Ата-ата, не істеп жатырсың?
Атасы:Ой
құлыным, мен кітап оқып жатырмын. Кел,
отыр, ойнап шаршаған шығарсың.
Бала:
Ата, мектепте Тәуелсіздік мерекесіне
дайындалып жатырмыз. Ата, «Тәуелсіздік»
деген не?
Атасы:
Е... құлыным-ау, «Тәуелсіздік» деген бұл
–үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ
халқы талай қиындықты бастан кешірді.
Қайсар батыр аға-апаларымыздың арқасында
ел болдық.Тәуелсіздік алғанымызға 26
жыл болды. Өзіміздің туымыз,әнұранымыз,елтаңбамыз
бар. Аллаға шүкір!
Бала:ата,
мен сізге тақпақ айтып берейін бе?
Атасы:
Айта ғой,құлыным!
Бала:
Күміс
күй мен әнге толып тұла бой,
Қуанышқа
кенелтеді асыл ой.
Шаттандырған
баласы мен бабасын,
Тәуелсіздік
күні бүгін-Ұлы той.
Атасы:
Ой ,ақылдым,өркенің өссін.
Ей,
балам, қазақ халқының болашағы
сендерсіңдер. «Қазақ» деп соққан
жүректерің мәңгі өшпесін. Біздің
Тәуелсіз Қазақстанымызды биіктен,
мектебіңнің атын жоғарыдан шығаратын
өздерің. (Одан соң сахнаға 11 оқушы шетінен
шығады, қолдарында шарлары бар.).
Бірінші
оқушы: «Т»- деген ол, тарихымыз тәуелсіздік
бастау алған; Екінші оқушы: «Ә» -
дегенің әділдік ел жүгінген;
Үшінші оқушы: «У» - дегенің уысыңнан шықпасын ел бірлігі;
Төртінші
оқушы: «Е» - ерлердің арқасы ел боп қалу;
Бесінші оқушы: «Л» - лапылдап жансын
намысың;
Алтыншы оқушы: «С» - сүйіп
өт елді, жеріңді;
Жетінші оқушы:
«І» - ілессін ұрпақ ұранға;
Сегізінші
оқушы: «З» - зиялы ұрпақ көп болсын;
Тоғызыншы оқушы: «Д» - даланың атын
ұлықтасын;
Оныншы оқушы: «І» -
ілінсін әлемнің биік шыңына;
Он
бірінші оқушы: «К» - көк байрағы көк
тіреп, жасасын мәңгі Қазақ елі;
Бәрі
бірге: «Жасай берсін, Тәуелсіздік,
Жасасын, Ұлы дала ұрпақтары! деп, хормен
айтады.
«Ескендір Қасанғалиев - Атамекен» өлеңін хормен айтады...
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазагымның алақаны деп білем
Қайырмасы
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем
Қайырмасы
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Асқар тауын аспаныммен астасқан
Қазағымның мәртебесі деп білем
Қайырмасы
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен
Жүргізуші:. Азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы, тарих атты қарт шежіренің қойнауына алтын әріптермен жазылған күн, егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздігіміз баянды болсын! - дей отырып, 9 ә сыныбының ««Тәуелсіздік» – Тұғырым» атты тарихи кешімізді аяқталғанын айта келіп, қош-сау болыңыздар дейміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген