Материалдар / Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге, жоғары сынып оқушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2021
718
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл

Мен бақытты баламын. Себебі мен тәуелсіз елдің ұрпағымын. Әр таңым тыныштық пен мамыражай күнге толы. Бұл баға жетпес, бабалар аңсауы болған тәуелсіздіктің ащы терімен келген тәтті күн. Тәуелсіздік - сонау ғасырлар бойы аңсаған, қара жердің қасиетін білген ата- бабаларымыздың теңдесі жоқ байлығы. Бары мен нарын, қаны мен жанын пида еткен батырлар аманаты. Сондықтан мен үшін «тәуелсіздік» сөзі – құдіреті шексіз, мағынасы терең ұлы сөз.

Бүгінде еліміздің тәуелсіз ел болып, өз алдына егемендік алғанына отыз жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында еліміз етек- жеңін жинап, алпауыт елдермен терезесін теңестіріп, әлем мойындаған елдер қатарына қосылды. Өз ұлтымызды ұлықтап, мәдениетімізбен мақтанып, рухани жаңардық. Еліміз 1993 жылы өз валютамызды айналымға енгізіп, 1995 жылы «Ата заңымызды» бекітті. 1994 жылы тұңғыш елбасы Н:Ә. Назарбаев Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды. 1998 жылы елордамыз Ақмолаға Астана аты берілді. Осылайша барлық жетістіктер мен жемістер қоржынымызға жинала берді. Еліміз бірнеше ұйымдарға мүше болып, өз деңгейін жоғарылата білді. Ал 2017 жылы өткен халықаралық ЭКСПО көрмесі қазақ халқының мәртебесін көкке жеткізгендей болды. Өз мәдениетіміз бен өнерімізді әлемге паш етіп, бүкіл ұлтты таңқалдырды. Бұл - мемлекетіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі болған тәуелсіздігіміздің арқасы. Тарихы бай, тамыры кеңге жайылған қазақ елі үшін бұдан асқан құнды байлық жоқ деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев « алғашқы он жылдық егемен Қазақстанның өз дербестігін қалыптастыру кезеңі болды. Екінші он жылдықта еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекітті. Үшінші он жылдықта мемлекетіміз шын мәнінде кемеліне келіп, әлемдік саясаттың төріне озды. Алдағы төртінші он жылдықта бізді жаңа міндеттер күтіп тұр» деп бағасын берді. Қазақстанның болашағы жарқын. Мен еліміздің еңсесі алдағы уақытта кеңге жайылып, бұдан да мықты болатынына сенемін. Себебі оқу мен білімді, өнер мен спортты сүйген жас ұрпақ болашаққа алтын арманмен аттанары сөзсіз. Мен де өзімді сол ұшқынның бір сәулесі ретінде сезініп, елімнің көркеюіне өз үлесімді қосамын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ