КЕЛІСІЛДІ
«Global
Education» БММ
ОӘЖ жөніндегі директордың
орынбасары
________________ Джунуспекова
А.М.
22.11.2024ж.
|
БЕКІТЕМІН
«Global Education» БММ
директоры
________________ Л.Л.
Ким
22.11.2024ж.
|
Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздігіне арналған
«Туған жердің дауысы»
атты
патриоттық әндер байқауының
сценарийі
2024–2025 оқу
жылы
Ұйымдастырушы: «Global
Education» БММ
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі: Мустафина А.А.
Жауапты тұлғалар: қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері:
Есбосынова Д.Қ., Маликова
А.Р., Урустемова З.Қ
Музыка пәнінің мұғалімі:
Санбаева Гуляем Жубатовна және сынып
кураторлары
Өткізілу күні: 13 желтоқсан
2024 жыл
Өткізілу орны: спорт
зал
Алматы 2024
жыл
Байқау
мақсаты:
Қазақстанның тәуелсіздігі мен
ұлттық бірлігін нығайту, елге деген патриоттық сезімдерді арттыру,
жас таланттардың шығармашылық әлеуетін
ашу.
Байқау
шарттары:
Қатысушыларға ұлттық
патриоттық бағыттағы әндерді орындау
ұсынылады.
Әндер қазақ тілінде
орындалады.
Жюриге арналған
кесте
Патриоттық әндер байқауын
бағалау критерийлері
сыныптар
|
Әннің
аты
|
Қатысушылардың сахнаға
шығуы
|
Мәнерлілігі
Әсерлілігі
Әртістігі
|
Орындау
сапасы
(үйлесімділігі,
композициялық бірлік)
|
Сыртқы
келбеті сахналық костюм кию, реквизиттер
|
Айырықша
белгілері
|
Балл
қорытындысы,
орын
|
1а
|
Отан менің
ата-анам
|
|
|
|
|
|
|
1б
|
Отан
|
|
|
|
|
|
|
2а
|
Туған
өлкем
|
|
|
|
|
|
|
2б
|
Біз бақытты
баламыз
|
|
|
|
|
|
|
3а
|
Сәлем,
Қазақстан!
|
|
|
|
|
|
|
3б
|
Татулықта
күшіміз
|
|
|
|
|
|
|
3в
|
Туған
елім
|
|
|
|
|
|
|
4а
|
Қазақстан - Отаным
менің
|
|
|
|
|
|
|
4б
|
Қазақстан
балалары
|
|
|
|
|
|
|
5а
|
Қазақстан - біздің ортақ
үйіміз
|
|
|
|
|
|
|
5б
|
Жаса,
Қазақстан!
|
|
|
|
|
|
|
6а
|
Жасай бер мәңгілік
Қазақстан
|
|
|
|
|
|
|
6б
|
Туған жердің көкірегі
саялы
|
|
|
|
|
|
|
7а
|
Қазақ
елім
|
|
|
|
|
|
|
Қазылар
алқасы:
Қазылар алқасы
құрамы:
Мектеп директорының оқу
әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары –
Джунуспекова Акмарал
Муратовна
Музыка саласының кәсіби маманы
– Сборщик Ратмира Каирхановна
Музыка пәнінің мұғалімі –
Санбаева Гуляем Жубатовна
Ата-аналар комитетінің мүшесі
– Самал Орынбасаровна
Жоғары сынып кеңесінің
төрағасы, 9-сынып оқушысы – Касымова
Арина.
Жүлделер:
Ортақ жүлде – 1-орын, 2-орын,
3-орын.
Арнайы сыйлықтар мен
дипломдар.
Қатысушыларға сертификаттар
мен естелік сыйлықтар.
І. Кіріспе
бөлім
Фанфар.
Нұрали:
Қайырлы күн, құрметті
ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және байқауға қатысушы талантты
балалар! Еліміздің патриоттық әндерін дәріптейтін «Туған жердің
дауысы» атты байқауымызға қош келдіңіздер!
Томирис:
Байқауымыздың мақсаты –
жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, тәуелсіздіктің
қадір-қасиетін ұғындыру, қазақ халқының рухани құндылықтарын
дәріптеу.
Нұрали:
Өнермен өрілген бүгінгі
шараның қатысушылары – біздің болашағымыз, яғни 1-7 сынып
оқушылары.
Томирис:
Байқау екі бөлімнен тұрады:
бірінші бөлімде бастауыш мектеп – 1-4 сынып оқушылары, екінші
бөлімде орта буын – 5-7 сынып оқушылары өнер
көрсетеді.
Нұрали: Байқауымызды
Қазақстан Республикасының Гимнімен
бастайық!
Қазақстан Республикасының
Гимні орындалады. (01:40 мин)
Томирис:
Ал қазір бүгінгі байқауымыздың
қазылар алқасымен танысайық. Қазылар алқасының
төрағасы:
Мектеп директорының оқу
әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары –
Джунуспекова Акмарал
Муратовна
Нұрали:
Музыка саласының кәсіби маманы
– Сборщик Ратмира Каирхановна
Томирис:
Музыка пәнінің мұғалімі –
Санбаева Гуляем Жубатовна
Нұрали:
Жоғары сынып кеңесінің
төрағасы, 9А сынып оқушысы – Касымова
Арина
Томирис:
Суретші, әнші, музыкант, әнші,
9А сынып оқушысы – Усенбек Амина.
ІІ. Байқау кезеңдерінің
ашылуы
Фанфар.
І
бөлім.
Нұрали:
Байқауымыздың бірінші кезеңін
ашық деп жариялаймыз! Қатысушыларымыз кезекпен өз өнерлерін
көрсетіп, елге деген патриоттық сезімдерін әнмен
жеткізеді.
ІІІ. Әндер
орындалады
Томирис:
Біздің байқауымызды ең
кішкентай балапандары – тәп-тәтті, көңілді 1 «А» сынып
оқушылары «Отан менің ата-анам» әнімен.
Қарсы алыңыздар! Сынып жетекшілері - Светлана Николаевна Королёва,
Надежда Александровна Пестерева
(1:30 мин)
Нұрали:
Бал тілдерімен «Отан –
Қазақстаным» деп жырлайтын, ақылды, мейірімді 1 «Б» сыныбын «Отан»
әнімен қарсы алайық! Сынып жетекшісі - Ануара Сержановна Османова
(1:10 мин)
Томирис:
Бұл ән біздің еліміздің әрбір
азаматының бойында Отанға деген сүйіспеншілікті
оятады.
Ал келесі қатысушыларымыз
«Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!» - деп
жырлайды. Ортада өте ширақ, спортқа бейім, ақылды әрі белсенді – 2
«А» сынып оқушылары. «Туған өлкем» әні. Сынып жетекшісі - Евгения
Валерьевна Рябова
(2:40 мин)
Нұрали:
Туған жер, туған өлке – біздің
мақтанышымыз, біздің жүрегімізде мәңгілік сақталатын
құндылық.
Біз – бақытты баламыз!
Қазақстанда туып, осы елде білім алып, өсіп-өнеміз. Қазір өнер
көрсететін сынып - тұтас әлем. Бұл әлем – қуатты, шығармашыл,
таңғажайып – 2 «Б» сыныбы! Сынып жетекшісі - Наталья Ивановна
Алдошина
(3:19
мин)
Томирис:
Қазақстанның әрбір тұрғыны,
әрбір бұтағы, әрбір көшесі біз үшін қымбат! Біздің өнерлі
бүлдіршіндеріміз 3 «А» сыныбы «Сәлем, Қазақстан!» әнімен. Сынып
жетекшісі - Жанна Геннадьевна Чаплинская
(2:05
мин)
Нұрали:
Бізге «Татулықта күшіміз» әнін
3 «Б» сыныбы ұсынады.
Сынып жетекшісі - Ирина
Николаевна Овчинникова
(2:50 мин)
Томирис:
Татулық – еліміздің күш-қуаты.
Бірлігіміз бен достығымызда үлкен күш
жатыр!
Көңілді, еңбексүйгіш, тамаша 3
«В» сыныбы «Туған елім» әнін алып келді.
Сынып жетекшісі - Елена
Вячеславовна Голоднова
(5:05 мин)
Нұрали:
Туған еліміз – біздің
өміріміздің мәні. «Қазақстан - Отаным менің» деп ән салатын келесі
сынып бастауыш мектепті аяқтап, ортаңғы буынға аяқ басатын
еңбексүйгіш, тәртіпті, дарынды 4 «А» сыныбы. Сынып жетекшісі -
Елена Викторовна Попова
(3:05
мин)
Томирис:
Бұл әнді тыңдағанда,
әрқайсымыз Қазақстанды өз Отанымыз ретінде терең
сезінеміз.
Келесі ән біздің болашағымыз –
жас ұрпақтың жарқын келешегіне деген сенімімізді білдіреді. Сахнада
«Қазақстан балалары» әнімен - бастауыш мектептің тағы бір түлектері
– белсенді әрі тапқыр 4 «Б» сыныбы. Сынып жетекшісі – Лариса
Леонидовна Бузунова
(3:50
мин)
Нұрали:
Құрметті қонақтар, көзді
ашып-жұмғанша байқауымыздың І (бірінші) бөлімі өте шықты. Барлық
қатысушылар керемет өнер көрсетті! Қазір қазылар алқасы әрбір
өнерпазды бағалауда. Осы аралықта біз 4 «А» сынып оқушыларын қазақ
биімен қарсы алайық!
ІV.
Үзіліс
ІІ
бөлім.
V. Әндер
орындалады
Томирис:
Қазақстан – біздің ортақ
үйіміз. Біз осы жерде тату-тәтті өмір сүру үшін барлық
күш-жігерімізді саламыз.
Байқауымыздың ІІ (екінші)
бөлімін «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» әнімен қайратты,
көшбасшылыққа бейім 5 «А» сыныбы ашады. Сынып жетекшісі -
Александра Васильевна Лебедева.
(3:15
мин)
Нұрали:
Елдің болашағы үшін барлығымыз
бірге боламыз, бірге күш саламыз! Сахна төрінде ақылды, дарынды 5
«Б» сыныбы «Жаса, Қазақстан!» әнімен. Сынып жетекшісі - Маржан
Бисенқызы Абишева
(2:27 мин)
Томирис:
Адал, позитивті, жалпы
алғанда, ең үздік - 6 «А» сыныбы. «Жасай бер мәңгілік Қазақстан»
әні. Сынып жетекшісі –Наталья Анатольевна
Островская.
(3:00 мин)
Нұрали:
Қазақстанымыз мәңгі жасай
берсін! Елінің болашағы үшін әрқайсымыз өз үлесімізді
қосамыз!
Қазір өнер көрсететін сынып -
дарынды, жалпы олар отқа да, суға да түсуге дайын тұрады. Қарсы
алыңыздар, 6 «Б» сыныбы. «Туған жердің көкірегі саялы» әні. Сынып
жетекшісі –Наталья Анатольевна Островская.
(3:15
мин)
Томирис:
«Соңғы түйенің жүгі ауыр»
демекші, бүгінгі байқауымыздың ең төзімділері, соңғы қатысушыларын
қарсы алайық! Жанды әрі қызықты ұжым – 7 «А» сыныбы. «Қазақ елім»
әні. Сынып жетекшісі – Шолпан Канатовна
Альсенова.
(3:45
мин)
Нұрали:
Отанымыз – біздің
мақтанышымыз. Біз қазақ еліне тиесілі болуымызды ерекше мақтан
тұтамыз!
Бүгін байқауға қатысқан
іні-қарындас, сіңлілерін қолдауға келген қонақтарымыз 8 «А» сыныбы
«Атамекен» әнімен байқауымыздың шымылдығын жаппақ. Құрметті жоғары
сынып білім алушылары, сіздер де орындарыңыздан тұрып, мәртебелі
әнді бірге орындауларыңызды сұраймыз!
VI. Қорытынды және
марапаттау
Томирис:
Барлық қатысушыларға
алғысымызды білдіреміз! Байқауға қатысқан әрбір сынып –
жеңімпаз!
Нурали:
Құрметті көрермендер, бізбен
бірге болғандарыңыз үшін көп рахмет! Әрқашан патриоттық рухпен,
елін сүйген азамат болыңыздар! Барлықтарыңызға шығармашылық табыс
тілейміз! Сөз кезегін қазылар алқасына
берейік!
VII. Марапаттау
рәсімі
1 орын:
[____сыныбы]
2 орын:
[____сыныбы]
3 орын:
[____сыныбы]
Көрермен таңдауы:
[____сыныбы]
VIII. Қорытынды
сөздер
Қазылар алқасы байқау
туралы, өнер көрсеткен сыныптар туралы пікірлерімен
бөліседі.
Байқау
аяқталды.
№
|
Сыныптар
|
Әндер
тізімі
|
1
|
1А
|
Отан менің
ата-анам
|
2
|
1Б
|
Отан
|
3
|
2А
|
Туған
өлкем
|
4
|
2Б
|
Біз бақытты
баламыз
|
5
|
3А
|
Сәлем,
Қазақстан!
|
6
|
3Б
|
Татулықта
күшіміз
|
7
|
3В
|
Туған
елім
|
8
|
4А
|
Қазақстан - Отаным
менің
|
9
|
4Б
|
Қазақстан
балалары
|
10
|
5А
|
Қазақстан - біздің ортақ
үйіміз
|
11
|
5Б
|
Жаса,
Қазақстан!
|
12
|
6А
|
Жасай бер мәңгілік
Қазақстан
|
13
|
6Б
|
Туған жердің көкірегі
саялы
|
14
|
7А
|
Қазақ
елім
|
Номинациалар:
Шығармашыл ұжым – креативный
коллектив
Талантты ұжым – талантливый
коллектив
Жігерлі ұжым – энергичный
коллектив
Шебер орындаушылар - искусные
исполнители
Үздік әсерлі орындау -
лучшее впечатляющее исполнение