400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне Ертеңгілік «Тәуелсіздік – ел тірегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге, туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеуге, патриоттық сезімдерін оятуға,ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыруға, танымдылық қабілеттерін арттыру мақсатында жасалған мектепалды даярлық тобына арналған ертеңгілік сценариі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО Үржар ауданы

«Қарабұйрат орта мектеп – бақша» КММ

Мектепалды даярлық тобы

Тәрбиеші: Камзаева Г.С.







Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне

Ертеңгілік

«Тәуелсіздік – ел тірегі»

Мақсаты:

  • Балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге, туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.

  • Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыру, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.


Балалардың өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу.

Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.

1 жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

2 жүргізуші: Тәуелсіз – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіз күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.

1 жүргізуші: – Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болдық. Біз тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты балалармыз! Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт талмасын деп тілек тілеп бүгінгі сайысымызды бастаймыз

2 жүргізуші: Бүгінгі сайысты бақылап, бағалайтын әділқазы алқасымен таныс болайық:

Мектеп директоры – Рымбаева А.С.

Оқу ісінің меңгерушісі – Алшынбаева А.К.

Тәрбие ісінің меңгерушісі – Буланова М.О.

Технология пәнінің мұғалімі – Игенбаев К.К.

2 жүргізуші: - Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармайық.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бейнефильм көрсету

1 жүргізуші: Осындай еркіндікті ел тілесін,

Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.

Ал енді Тәуелсіздік құтты болып,

Көк байрақ мәңгі – бақи желбіресін!

2 жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,

Болашағым, өнер - білім, өркенім.

1 жүргізуші: Сәлем бердік, кешіміздің көрермені

Қазақтың, ол анық қой, өнер – кені

Тәуелсіздік кешімізге қош келдіңіз,

Алдарыңда болашақ өрендірі

Бүгінгі сайысқа қатысатын топтарды ортаға шақырайық!

2 жүргізуші: Сайысымыздың бағдарламасымен танысайық:

1. Таныстыру

2. Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне арнап көркем сөз оқу

3. Патриоттық ән

4. Көрініс

1 жүргізуші: Әр топ өздерін таныстырып өтсін

2 жүргізуші: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Арамызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

1 жүргізуші: Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік өлең шумақты қабыл алыңыздар!

2 жүргізуші: Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,

Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.

Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,

Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.

1 жүргізуші: Келесі кезекте біздің оқушыларымыз Осы сайыста әр топ патриоттық ән орындайды. Кезекпен ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші: Естісін ел үніңді,

Дүние түгел естісін.

Тәуелсіздік туыңды

Биік көтер, жас ұлан!


1 жүргізуші: Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тамыры тереңде жатқан тарихи оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Ата – бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім, отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз.

2 жүргізуші: Сондықтан біздің қазіргі жас ұрпақтарымыздың алдына қойған мақсаттары: елін сүю, елінің салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын сақтау өзінің кіндік қаны тамған жерін қадірлеу, құрметтеу.

1 жүргізуші: Келесі кезекте әр топтың дайындап келген көріністерін тамашалайық!

2 жүргізуші: Көк байрағым желбіресін көгімде,

Әнұраным әуелесін елімде,

Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,

Тұрса артық не арман бар өмірде.

1 жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз осымен аяқталады. Келесі кезек әділқазы алқаларына беріледі: қай топ жүйрік, кім басып озды әділқазы өз шешімдерін айтсын.

2 жүргізуші: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойлап жатырмыз. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер, балалар!

1 жүргізуші: Барлықтарыңызға зор денсаулық, көңілдеріңізге шаттық, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын деп тілей отырып бүгінгі іс – шарамызды «Жасыл жайлау» әнімен аяқтаймыз.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
534
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі