400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Тәуелсіздігі туралы өлеңдер мақал, постер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру. Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, көрсету, оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге үйрету.

Көрнекілік: интер тақта, слайд, постер, эссе, мақал-мәтелдер, сюжетті суреттер.

Кіріспе:

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы терең жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егемен ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 29 жыл. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салтымен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды.

Тәуелсіздік -ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.

Еркіндігім.

Қасиеттім.

Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мүң!

Кеше сенің келбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,

Қош келдің!

Оқушылар өлеңдерін жаттайды

Құтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!

Мықты болсын еліміздің керегесі.

Жүректе намыс оты лапылдаған,

Күш –жігері жастардың сарқылмаған

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған,

Тәуелсіздік таңдары

Бақ береді баршаға

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым

Түсті бақыт жолыма

Менің Қазақстаным!

*****

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту- тәтті боп халқымыз әрқашан

Кетпесін туған жердің берекесі.

***** Отан туралы мақал-мәтелдер айтып мағынасыны түсіндіреді.

Өздері жасаған постерлерімен өз ойлрын жеткізеді.



Сабағымызды аяқтар алдында сіздерді атаулы мереке мен құттықтап М.Жұмабаевтің « Мен жастарға сенемін» өлеңімен қортындыласақ

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты-

Мен жастарға сенемін!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.12.2020
603
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі