15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстан Республиксының мемлекеттік рәміздері
Сабақтың тақырыбы |
Қазақстан Республиксының мемлекеттік рәміздері |
|||||||||||||||||||||||||||
Ортақ тақырып |
Менің туған өлкем |
|||||||||||||||||||||||||||
Бағдарламаның бөліміне сілтеме |
Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттік және патриотизм |
|||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мақсаты: |
2.3.5.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің маңызын түсіндіру. 2.3.5.2. Бақылау жасау негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолдану аясын анықтау. |
|||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
Оқушылар: – мемлекеттік рәміздер дегеніміз не және олардың біздің өміріміздегі маңызы қандай екенін түсіндіреді; – бақылау жүргізу негізінде ҚР мемлекеттік рәміздерінің қолдану аясын анықтайды; – оқулықтың мәтінінен, суреттер және бейнекөрсетілімдерден жаңа ақпаратты алады; – зейін және байқампаздық қасиеттерді дамытады; – ҚР мемлекеттік рәміздеріне құрметпен және ұқыптылықпен қарау қажеттілігін түсінеді. |
|||||||||||||||||||||||||||
Жетістік өлшемдері |
Оқушы мақсатқа қол жеткізеді, егер де: – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қолдану аясы туралы айтса; – топта белсенділік көрсетсе, тапсырманы орындауда өзінің пікірін ұсынса; – «постер жасағанда» шығармашылық тапсырмаларды орындаса; – жұптасып жұмыс істеуде қарым-қатынас дағдыларын дамытса. |
|||||||||||||||||||||||||||
Оқытудың әдістері мен тәсілдері |
«Байланыстырушы тізбек», топқа бөлу суреттер арқылы, «Граффити» миға шабуыл стратегиясы, жұптасып жұмыс орындау, «Хат » әдісі, «Сыбырлау» ,«Жеделхат» |
|||||||||||||||||||||||||||
Көрнекі құралдар |
Мұғалімге: интерактивті тақта, ҚР Мемлекеттік Гимнінің әуені, конверт, жі Оқушыға: түрлі түсті қағаздар, маркерлер,қарындаштар, стикер. |
|||||||||||||||||||||||||||
Кілттік сөздер және ой-пікірлер |
ҚР Елтаңбасы, Туы, Гимні. ҚР Мемлекеттік рәміздерінің қолдану аясы. |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||
Уа қыт
|
Сабақтың өту кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Тыңдаушылардың іс-әрекеті |
|||||||||||||||||||||||||
2 мин |
Ұйымдастыру кезеңі |
«Байланыстырушы тізбек» жаттығуы. Мұғалім қолында бір шүйке жіпті ұстап тұрып, барлығымен амандасады және жіпті қасындағы әріптесіне береді. Мұғалім: «Жіпті ақырындап тартып көріңдер, сонда біздер – бұл әлемде біртұтас екенімізді сезінеміз», – дейді. Топқа бөлу: Ту, Елтаңба, Бүркіт |
Тыңдаушылар шеңбер жасап тұрады. Жіп қолына түскен мұғалім барлығымен сәлемдеседі және жіптің бір ұшын өзінде ұстап, оны басқа ойыншыға береді. Солай шеңбер бойынша жүргізіледі. Шүйке жіп жүргізушінің өзіне қайтып келгенде барлығы бір жіппен байланысқан болып шығады. |
|||||||||||||||||||||||||
2 мин |
Мұғалімдер сабақтың мақсатын қою кезеңі |
«Граффити» миға шабуыл стратегиясы. Бұл барлық оқушыларды сабаққа тартуға ыңғайлы. Оқушылар жазудың орнына сурет салуды таңдай алады. Сыныптың әр жеріне Отан, Атамекен , Туған елім, Қазақстан ,Президент, Қазақстан рәміздері бірнеше сөзді жазып қоямын. Мұғалімдер сағат тілімен қозғалып берілген атауға қатысты түсініктерін жазып, сурет салады. Барлық топтар әр параққа өз үлестерін қосқанша жалғасады. Әр топ шолып өткеннен кейін бір топ салынған суреттер бойынша қорғайды. -Әріптестер, бүгінгі сабағымыз қандай болмақ? Біздің сабағымыздың тақырыбы: Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері . Кәне , бәріміз бірге айтайық. Қазақстан- Казакстан- Kazakhstan Отан- Родина-Motherland Ту- Флаг- flag Елтаңба - Герб- coat Әнұран- Гимн- Anthem |
Ту, Елтаңба, Әнұран
Тыңдаушылардың жауабы: – Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері
|
|||||||||||||||||||||||||
2 мин
2 мин
2 мин |
Жаңа білімдерді меңгеру кезеңі
Шығарма шылық жұмыс |
Слайдқа назар аударыңыздар. Қандай жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін: Туын, Елтаңбасын және Гимнін пайдаланатынын бір- бірімен ой- пікір бөлісу арқылы білесіңдер. Бұл салтанатты кездесу, ашылу рәсімі, шеру т.б. болуы мүмкін. Мемлекеттік Ту және мемлекеттік Гимн орындалған салтанатты рәсімдерден мысал келтіріңдер.
«Хат » әдісі.
Өз қалаңның (ауылыңның) елтаңбасының алғашқы үлгісін жасақта. Елтаңбаның пішінін (шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш), түсін, бейнесін ойластыр. Дайындаған нобайыңды галереяға апарып іл. |
Тыңдаушылар слайдтағы суреттерді қарастырады және жұптасып ойларын бөліседі. Тыңдаушылардың жауабы әртүрлі. Тыңдаушылардың жауабы: – салтанатты шеру, халықаралық олимпиаданың ашылуы және оның жеңімпаз дарына құрмет көрсету, шетел мемлекеттері басшыларының кездесуі т.б.
Конверт Шапалақтау
Постер қорғау. Топтан бір оқушы галереяны аралап жүргендерге өздерінің жасаған нобайларын таныстырады. Топ бір-бірін стикерге пікірлерін жазып бағалайды |
|||||||||||||||||||||||||
4 мин |
Жаңа тақырыпты түсінуді тексеру кезеңі |
Мұғалім: – Әріптестер, Қазақстанның Гимні орындалғанда өзіңді қалай ұстау керектігін білесіңдер ме? Қазір мен Гимнінің әуенін қосамын және біз барлығымыз оң қолымызды жүрек тұсымызға қойып, құрметпен тұрып тыңдаймыз. Мұғалім ҚР Мемлекеттік Гимнінің әуенін қосады. Мұғалім:әріптестер, Гимнінің әуенін қандай сөздермен сипаттаса болады? |
Тыңдаушылар парталарынан тұрып, оң қолдарын жүректеріне қойып, ҚР Гимнін тыңдайды.
Тыңдаушылар: Әуен салтанатты, айбынды, ол Қазақстанның кең-байтақ даласына ұқсайды. |
|||||||||||||||||||||||||
2 мин |
Жаңа тақырыпты бекіту |
«Сыбырлау»
|
Тыңдаушылар кестені толтырады
|
|||||||||||||||||||||||||
2 мин
|
Дескриптор
|
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қандай мағына береді? Кестені толтыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын неліктен қолды жүрек тұсына қойып тұрып орындайды деп ойлайсың? |
Дескриптор Білім алушы - ҚР мемлекеттік Елтаңбасындағы бейнелердің маңызын сипаттайды; - ҚР мемлекеттік Туындағы бейнелердің маңызын сипаттайды; - ҚР мемлекеттік Әнұранын орындау тәртібі туралы әңгімелейді. |
|||||||||||||||||||||||||
2 мин |
Рефлексия (ой қорыту) |
«Жеделхат» Сабақ аяқталғаннан кейін әр оқушыға жеделхат бланкісін толтыру ұсынылады және келесі нұсқаулықты назарларына ұсынамын: «Сен өткен сабақ туралы не ойлайсың? Саған ең бастысы не болды? Нені үйрендің? Не ұнады? Не түсініксіз болды? Келесі сабақтарда бізге қандай бағытқа қарай бет бұру керек? Маған қысқаша жолдау жазыңдар. Мен алдағы сабақтарда сендердің ойларыңды ескеруім керек» Кімнен________ Қашан_______ Қайдан________Нені _________ Үйрендім _______________ Ойым_____________________ Тілегім ___________________ |
«Жеделхат» бланкісі |
|||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі Білім алушы • ҚР мемлекеттік рәміздерінің маңызы туралы əңгімелейді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну Қолдану
Тапсырма
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қандай мағына береді? Кестені толтыр.
Атауы |
Бейнесі |
Нені білдіреді? |
Елтаңба |
Шаңырақ |
|
|
Уық |
|
|
Тұлпар |
|
|
Жұлдыз |
|
Ту |
Күн |
|
|
Қыран |
|
|
Ою- өрнек |
|
• Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын неліктен қолды жүрек тұсына қойып тұрып орындайды деп ойлайсың?
Дескриптор Білім алушы - ҚР мемлекеттік Елтаңбасындағы бейнелердің маңызын сипаттайды; - ҚР мемлекеттік Туындағы бейнелердің маңызын сипаттайды; - ҚР мемлекеттік Әнұранын орындау тәртібі туралы әңгімелейді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген