400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ТЖБ. 5-сынып. ІІ-ТОҚСАН

Материал туралы қысқаша түсінік
Тжб
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушының аты-жөні: _____________________________________сынып_______күні_____

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ ПӘНІ БОЙЫНША.

ТЖБ. 5-сынып. ІІ-ТОҚСАН. 20 – ұпай


1.Көп жауап нұсқаларынан бір жауапты таңдап белгілеңіз. 6–ұпай

1.Темір дәуірінің қамтитын аралығы:

А) б.з.б. XI-X ғасыр

В) б.з.б. YIII ғасыр б.з-дың VI ғасыры

С) б.з.б. XII-VI ғасыр

D) б.з.б. XII-VIII ғасыр

Е) б.з.б. XVI-VIII ғасыр

2. Ерте темір дәуірінде мал басының көбеюіне байланысты қалыптасқан:

А) отырықшылық

В) егіншілік

С) көшпелі мал шаруашылығы

D) отырықшы мал шаруашылығы

Е) сауда-саттық


3. Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілерден көшпелілердің айырмашылығы:

А) ру болып өмір сүруі

В) көсемдердің пайда болуы

С) еңбек құралдарын жасай білуі

D) өз шаруашылығында өнім өндіруі

Е) баспана жасай білуі

4. Жылқыны қолға үйретуге байланысты ойлап табылған жаңалық:

А) дөңгелекті ойлап табу

В) ет, сүтін пайдалану

С) көлік ретінде пайдалану

D) терісін пайдалану

Е) үзеңгі мен ауыздықты ойлап табу

5. Сақтар туралы жазбаша дереккөздер қалдырған елдер:

А) Грек, парсы авторларының шығармалары

В) Үнді, Грек

С) Рим, Парсы,Үнді

D) руна жазулар

Е) Қытай, Парсы

6. Парсы жазбаларындағы "сақ" сөзінің мағынасы:

А) жүйрік атты турлар

В) азиялық скифтер

С) еркін адамдар

D) құдіретті еркектер

Е) көшпелілер











2. Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының қалыптасуына әсер еткен себептерді атаңыз. (кемінде әрқайсысына 2 себепті ұсыныңыз) 4–ұпай


Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасу себептері

Егін шаруашылығының қалыптасу себептері









3. Сөйлемдерде жасырылған сөзді анықтаңыз. (сөйлемдерді бір сөзбен сипаттауға болады)

5–ұпай


  1. Мал шаруашылығы, алыс аймақтарға мал жаю...

  2. Қар астынан азық іздеу ...

  3. Олар 10 күн бойы су мен тамақсыз тіршілік етеді ...

  4. Олар тебіндеп азықтана алмағандықтан оларға қысқа арнайы азық дайындаған...

  5. Киізден жасалған көшуге ыңғайлы көшпелілердің баспанасы.....





4.Мәтіндегі бос орындарға тиісті сөздерді қойыңыз. 5–ұпай

Есік обасы (1________) дәуірінен сақталған ескерткіш. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласының маңында, Есік өзенінің жағалауында орналасқан. (2________) жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі (3________) мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген.

Антропологтардың анықтауынша, Есік обасына жерленген адам (4________) жасар, бет бітіміне қарағанда ол сақтарға жатады. (5________) мол тігілген сәнді киім киінген. Басына түгелдей түрі де, көлемі де әр түрлі алтын аптырмалармен сәнделген, төбесі шошақ, биік (65-70 сантиметр- ге дейін) бас киім киген.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
431
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі