Материалдар / Қазақстан тарихы 11-сынып , 2-тоқсан БЖБ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан тарихы 11-сынып , 2-тоқсан БЖБ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге тек 2-тоқсанның 11-сыныбына арналған БЖБ Қазақстан тарихынан
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2024
466
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Саяси -құқықтық процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Тақырып

Қазақстан халқының моноэтникалық құрамының өзгеруі (XVIII ғасыр- XXғасырдың басы).

Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы.

Оқу мақсаты

        1. Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдерін зерттеу

        2. Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіру үшін «депортация», «арнайы қоныс аударылғандар», «полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат»,

«интернационализм» ұғымдарын пайдалану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдеріне зерттеу жүргізеді

  • «Депортация», «арнайы қоныс аударылғандар»,

«полиэтникалық қоғам», «ұлттық саясат»,

«интернационализм» ұғымдарын пайдаланып Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма

  1. Деректерді пайдаланып XVIII – XX ғасырдың басындағы Қазақстан халықтарының этникалық құрамының өзгеруін зерттеңіз.

  1. Shape1

    Дала өңірінде Ақмола облысы орыс ұлт өкілдерімен неғұрлым көп қоныстандырылды. Орыстар бұл аймақта халықтардың арасында басым үлеске (58%) ие болып отыр, ал 1897 жылы бұл облыс қырғыз даласының әлі де елсіз өңірі болып, бұл жерде орыс халқының үлесі 33%-дан асып түспеген еді; орыс қоныстанушылардың жер аударылуы жағынан, бірінші кезекте Торғай облысы орналасқан. Мұнда орыс ұлт өкілдерінің саны 1897 жылы 35.028 адамнан 1911 ж. таман 225.480 адамға дейін, яғни 14 жылдың ішінде 7 есе арта түскенін байқауға болады

    дерек

(Прошлое Казахстана в источниках и материалах: (Сборник I. (V в. до н. э.-XVIII в. н. э.)) /

Под ред. проф. Асфендиярова С.Д. и проф. Кунте П.А. – А.: Казакстан, 1997. - 383 с. с. 292).2-

  1. Shape2

    1881 жылдан бастап 1894 жылға дейін Жетісуға бұрын Қытай жерін мекен еткен таранча мен дүнген ұлттары қоныс аударылды. Жетісуда 45 373 адамнан құралатын 9572 таранчи отбасы және де 4682 адамды құрайтын 1147 дүнген отбасысы мекендеді. 1897 жылғы санақ бойынша таранчи мен дүнгендер саны 71 091 адамды құрады (55 815 ұйғыр мен 15 276 дүнген)

    дерек

(История Казахстана: народы и культуры: Учеб. пособие / Масанов Н.Э. и др. Алматы:

Дайк-Пресс, 2001. 600 с. с. 221).

  1. Shape3

    ХІХ ғасырдың соңында Қазақстанға орыс шаруаларымен қатар ұйғырлар мен дүнгендер де қоныс аударды. Өйткені 1871-1881 жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында

    дерек

болды. 1881 жылы 12 ақпанда Қытай мен Ресей арасында «Петербург шартына» қол қойылды. Шарттағы 17 баптың алғашқылары келісімнің мәнін жан-жақты ашып көрсетті. Мысалы, шарттың 3-бабында: «Іле аймағының тұрғындарына Қытай қоластындағы мекендерінде қалу немесе Ресей жерлеріне көшіп, Ресей азаматтығын қабылдау ұсынылады» — деп қарастырылған. Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныстандыру арқылы патша үкіметінің көздеген мақсаты — оны жергілікті халықтың ұлт-азаттық көтерілісіне қарсы қолшоқпар ретінде пайдалануды көздеді.

Shape5




Кезеңдері

Қоныстандыру себептері

Салдары

Орыс

қоныстанушыларының бастапқы кезеңі



Ұйғыр және дүнгендерді

қоныстандыру



  1. Дерекке сүйене отырып, ХХ ғасырдың басындағы саясаттың қазақтардың этникалық құрамына әсерін талдаңыз.

Shape6

1897-1920 жж. санақтар аралығында Түркістан Республикасының халқы 13,3%-ға кеміді. Ерекше қатары ойсыраған қазақтар болды: 34,1%-ы қырылды. Мұны сол жылдардағы статистикалық мәліметтер былай деп дәлелдейді: Алматы уезінің халқы 1897-1920 жж. 5,4%- ға өскенде, уездегі қазақтар 1917-1920 жж. 32216 адамға (20,1%-ға) кеміді. Сол жылдары қазақтар Лепсі уезінде 42,1%-нан, Талдықорған уезінде 26,2%-нан, Әулиеата уезінде 43,8%- нан, Шымкент уезінде 55,0%-нан, Қазалы уезі 40,1%- нан және т.б. айрылды. Осы жылдары, ерекше қалаларда, қоныс аударушы орыс, украин, татарлардың саны мен үлесі өсті. Өзбектер, қырғыздар, ұйғырлардың саны мен үлесі кеміп, дүнгендер шығынға онша ұшырай қойған жоқ, саны да үлесі де бір мөлшерде өзгеріссіз қалды. Сонда 1917-1918 жж. ашаршылық жылдарында Түркістан Республикасындағы қазақ үштен бірінен айрылды. Осы жылдардағы аштықтан еңсесін көтермеген халық 1921 ж. ашаршылық қамытын қайта киді.

Дерек

Дереккөзі: https://e-history.kz/kz/contents/view/596

  1. 1897-1920 жылдары қазақ халқының санының кему себебі неде?

1.

2.

  1. Автохтонды халықтың азаюының қандай зардаптары болады?

1.

2. 3.Ұғымдардың мағынасын түсіндіріңіз.

«Депортация» ......................................................................................................................................

«Арнайы қоныс аударылғандар» .........................................................................................................

..................................................................................................................................................................

«Полиэтникалық қоғам» .......................................................................................................................

...................................................................................................................................................................

«Интернационализм» ...........................................................................................................................

...................................................................................................................................................................





















































Бағалау критерийлері

Тапсыр ма№

Дескрипторлар

Балл

Білім алушы

Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық құрамының өзгеру кезеңдеріне зерттеу

жүргізеді




1

Орыс қоныстанушыларының

бастапқы кезеңінің себебін жазады;

1

Ұйғыр және дүнгендерді қоныстандыру

себебін жазады;

1

Қазақстан халықтарының этникалық құрамының өзгеруінің салдарын

дәлелдейді;


1




2

1897-1920 жылдары қазақ халқының

санының кему 1-себебін талдайды;

1

1897-1920 жылдары қазақ халқының

санының кему 2-себебін талдайды;

1

Автохтонды халықтың азаюының

зардабына 1-аргумент келтіреді;

1

Автохтонды халықтың азаюының

зардабына 2-аргумент келтіреді;

1

«Депортация», «арнайы қонысаударылған дар»,

«полиэтникалық қоғам»,

«ұлттық саясат»,

«интернационализм» ұғымдарын пайдаланып Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіреді





3

«арнайы қонысаударылғандар» ұғымын

түсіндіреді;

1

«полиэтникалық қоғам» ұғымын

түсіндіреді;

1

«депортация» ұғымын түсіндіреді;

1

«интернационализм» ұғымын түсіндіреді.



1

Жалпы балл

11

«Саяси -құқықтық процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Қазақстан аумағындағы халықтың этникалық

құрамының өзгеру

кезеңдеріне зерттеу жүргізеді

Орыс қоныстанушыларының

бастапқы кезеңінің себебін жазуда, ұйғыр және дүнгендерді қоныстандыру себебін жазуда, Қазақстан халықтарының этникалық құрамының өзгеруінің салдарын дәлелдеуде қиналады


Shape7

Орыс қоныстанушыларының

бастапқы кезеңінің себебін жазуда, ұйғыр және дүнгендерді қоныстандыру себебін жазуда, Қазақстан халықтарының этникалық құрамының өзгеруінің салдарын дәлелдеуде қателіктер жібереді


Орыс қоныстанушыларының

бастапқы кезеңінің себебін жазуда, ұйғыр және дүнгендерді қоныстандыру себебін жазуда, Қазақстан халықтарының этникалық құрамының өзгеруінің салдарын дәлелдейді, талдайды



1897-1920 жылдары қазақ халқының санының кему 1/2 себебін талдауда және

автохтонды халықтың азаюының зардабына 1/2 аргумент келтіруде қиналады



1897-1920 жылдары қазақ халқының санының кему 1/2 себебін талдауда және

автохтонды халықтың азаюының зардабына 1/2 аргумент келтіруде қателіктер жібереді



1897-1920 жылдары қазақ халқының санының кему себебін талдайды және автохтонды халықтың азаюының зардабына аргумент келтіреді




«Депортация», «арнайы қонысаударылған дар»,

«полиэтникалық қоғам»,

«ұлттық саясат»,

«интернационализм» ұғымдарын пайдаланып Қазақстанның этникалық құрамының өзгеру үрдісін түсіндіреді

«Депортация», «арнайы қонысаударылғандар»,

«полиэтникалық қоғам»,

«интернационализм» ұғымдарын түсіндіруге қиналады






«Депортация», «арнайы қонысаударылғандар»,

«полиэтникалық қоғам»,

«интернационализм» ұғымдарын түсіндіруде қателіктер жібереді







«Депортация», «арнайы қонысаударылғандар»,

«полиэтникалық қоғам»,

«интернационализм» ұғымдарын түсіндіреді







Shape4



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!