400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан тарихы 7- сынып , тақырыптық тест

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларңа, тақырыптық тест
Материалдың қысқаша нұсқасы

7- сынып қазақстан тарихы

1. Сырым көтерілісі неше жылға созылды?

а) 10 в) 20 с) 15 д ) 14 е) 18

2. Сырым батыр көтерілісшілерінің барлық санын қанша деп көрсетуге болады?

а ) 5800 в) 3500 с) 2700 д) 5500 е) 5400

3. Отто Игельстром қандай қызмет атқарды?

а) Түркістан өлкесінің губернаторы в ) Орынбор өлкесінің губернаторы

с) Жетісу губернаторы д) жазалаушы топтың басшысы е) шекаралық сот басшысы

4. Орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды

а) 1795ж в) 1779ж с) 1775ж д ) 1778ж е) 1776 ж

5. 1797 ж 17 наурызда С. Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады

а) казак әскеріне в ) хан сарайына с) әскери бекініске д) жазалаушы топқа е) Орал шекара шебіне

6. Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі әкімшілік билікті беру көзделді.

а) хандық кеңес в) аға сұлтанға с ) шекаралық сотқа д) старшындар тобына е) расправаларға

7. С.Датұлы хандықты құртып, жоғары әкімшілік басқаруды кімдерге беруді көздеді?

а) халық сотына в) сұлтандарға с) старшындарға д) губернаторға е ) билерге

8. Орынборда Шекаралық комиссия қашан құрылды?

а) 1788ж в) 1787ж с) 1783ж д) 1789ж е ) 1786 ж

9. Датұлы көтерілісінің негізгі ошағы

а) Жайық шебі в ) Сағыз өзені ауданы с) Ор бекінісі д) Елек қалашығы е) Орынбор бекінісі

10. 1785 ж көктемінен кейін көтерілісшілердің басты мақсаттарының бірі

а) патша үкіметіне қарсы в ) Нұралыны тақтан тайдыру

с) ханды өлтіру д) көтерілісті тоқтату е) келісімге келу

11. Нұралы 1786 жылы қай жерге жер аударылды?

а) Ташкентке в) Симбирскіге с) Қазанға д) Хиуаға е ) Уфаға

12. Ералы кіші жүз ханы болып сайланды

а) 1786ж в) 1790ж с ) 1791ж д) 1793ж е) 1792 ж

13. Кіші жүзде шекаралық сот құруға келісім берген старшындар съезі қашан өтті.

а ) 1786ж в) 1790ж с) 1791ж д) 1793ж е) 1792 ж

14. Кіші жүзде Есімнің хан сайлануы

а) 1792ж в) 1796ж с ) 1795ж д) 1794ж е) 1792 ж

15. Жазалаушы Смирновтың тобы көтеріліске қатысы жоқ ауылдарды шауып, қанша қазақты тұтқындап әкетті? а) 60-ке жуық в) 50-ке жуық с ) 70-ке жуық д) 80-ке жуық е) 90 –ға жуық

16. Жазалаушы Назаровтың қолына түсіп, Орал қаласында тұтқында ұсталған сұлтан

а) Досалы в) Ералы с) Барақ д ) Айшуақ е) Шерғазы

17. Әскери жазалаудан сақтап үшін 1791 ж Сырым табын, кердері руларын қалай қарай ойыстырды?

а ) шығысқа в) батысқа с) оңтүстікке д) солтүстікке е) орталыққа

18. Сырым тобы Есім ханды қай жерде өлтірді?

а) Ойыл өзені бойында в ) Красногорск бекінісі маңында

с) Орынбор бекінісінде д) Елек қалашығы маңында е) Ор бекініс маңында

19. С. Датұлы 1802 жылы қай жерде қайтыс болды?

а) Ташкент в) Симбирск с) Бұхар д ) Хиуа е ) Уфа

20. С. Датұлы Кіші жүздің қай руынан шыққан?

а) адай в) табын с ) байбақты д) тана е) шекті





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
27.04.2021
3908
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі