Смагулова Лаура Болатовна Астна қаласы әкімдігінің
«№107 орта мектеп»КММ Қазақстан тарихы әлемі»
5 сынып оқушыларына арналаған әдістемелік құрал
Бағдарлама 5-сынып оқушыларының Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында дайындалған.Бұндай әдістемелік құралдар оқушыларға тақырыпты жақсырақ түсінуге, тарихты тереңірек зерттеуге көмектеседі және әртүрлі тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер арқылы оқу процесін жеңілдетеді.Бағдарлама аясында білім алушылар әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынаста тиімді пәндік нормаларды қолдануды меңгереді, пікірталас жүргізу, сұрақ қою және жауап беру сияқты практикалық дағдыларды үйренеді, мәдени және тарихи тақырыптарда өз көзқарасын еркін білдіруді қалыптастырады.
5-сынып оқушыларына арналған бұл бағдарлама Теңдесі жоқ жәдігерлер «Алтын адам» мен «Патша қорғандары», көшпенділер мәдениеті арқылы өз ата-бабаларымыз туралы тың деректерге шолу жасайды. Томирис патшайымның ерлігіне, Шырақ сарбаздың батырлығына көз жеткізеді. Жарты дүниені дүр сілкіндірген Мөде мен Аттиланың қолбасшылық өнеріне қызыға қарап әрі олардың қарапайымдылығынан үлгі алады. Киелі қазақ даласында өмір сүрген көшпелі тайпалар – сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, сарматтардың қоғамы, мәдениеті және өнерімен танысады. Ұлтымыздың төл тарихынан сыр шертетін танымы мен тағлымы мол құнды да қызықты мағлұматтар оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруда, тарихқа қызығушылығын арттыруда, рухани құндылықтарды бағалай білуге үйретеді.
1.Алғашқы адамдардың өмірі
Қазақстан жерінде алғашқы адамдар осыдан 1 млн жыл бұрын пайда болған.
Бірақ біздің жерімізде олардың қаңқа сүйегі табылмады, тек тұрақтары мен қолданған құралдары табылған. Қазақстанда палеолит дәуірінде өмір сүрген адамдарпитекантроптың замандастары болған. Қазақстан жерінен табылған тас дәуіріндегі белгілі археологиялық ескерткіштерге Батыс Қазақстандағы Шақпақ ата, Оңтүстіктегі Тәңірқазған мен Бөріқазған тұрақтары жатады.
|
№ |
Алғашқы адамдар |
Алғашқы адамдардың тұрпаты |
|
1 |
Австралопитек |
Олардың қолдары дамып, жетілген, бас бармақтары мықты болған. |
|
2 |
Тік жүретін адам (питекантроп, синантроп) |
Бас сүйегінде елеулі айырмашылық болды. Питекантроп адамының жақ сүйегі үлкен, маңдайы жазық және желкесі шығыңқы болған. Бел омыртқасы мен мен тізе сүйегі тік жүруге бейімделген. |
|
3 |
Неандертальдық |
Ежелгі адамдардың біршама дамыған түрі. |
|
4 |
Кроманьондық |
Ойлау қабілеті дамыған саналы адам. Кроманьондықтың дене бітімі, тұрпаты қазіргі адамға ұқсас болған. Оның бойы ұзын, маңдайы жазық болған. |
Тапсырма
Бос орындарға керекті сөздерді жаз.
1. Қазақстан жерінде алғашқы
адамдар осыдан
жыл бұрын пайда
болған.
2. Қазақстанда палеолит
дәуірінде өмір сүрген адамдар
замандастары деп
саналады.
3.
Қазақстанның барлық аймағын
мекендеген.
Керекті сөздер: кроманьондықтар, 1 млн, питекантроп.
Алғашқы адамдардың даму сатысы
Адамдардың алғашқы бірлестігі
А
дамдардың
алғашқы бірлестігін тобыр деп атаймыз. Алғашқы адамдарға
топтасып, тобыр болып өмір сүрген тиімді болды. Олар осылайша бірге
аң аулап, жыртқыш аңдардан бірге қорғанды. Тобыр бір жерде
тұрақтамай, жеуге жарамды өсімдіктері мол, жануарлары көп
аймақтарды іздеп, бір жерден екінші жерге үнемі көшіп жүрген.
Тобырда, шамамен, 30–40 адам болған. Бірақ олардың құрамы
тұрақты болмаған. Тобырдан бөлінген адам басқа тобырға барып
қосылып отырған. Кейіненнен адамдар тобыры бірте-бірте туыстар
ұжымын құрып, рулық қауымға айналды.
Рулық қауым– алғашқы адамдардың туыстық жағынан бірлесіп өмір сүрген тұрақты ұжымы. Алғашы кезде рулық қауымда әйелдердің беделі жоғары болған. Олар үй шаруасымен айналысып, жұмыртқа жинап, сүйек инелермен киім тіккен. Ру мүшелері жасаған еңбек құралдары барлығына ортақ болған. Кейін ру ішінде тәжірибесі мол ақсақалдардың беделі арта түсті. Руға қатысты маңызды мәселелер жалпы қариялардың жиналысында шешілетін болды.
Тапсырма
Тобыр мен рулық қауымға тән белгілерді анықта.
1
.
Туыстар ұжымы.
2. 30–40 адамнан құралды.
3. Қариялар жиналысы болды.
4. Құрамы тұрақты болмады.
5. Сүйек инемен киім тікті.
6. Алғашқы бірлестік болып құрылды.
7. Еңбек құралдары ортақ болды.
8. Бір жерде тұрақтамады.
9. Қариялардың беделі артты.
10. Үнемі көшіп жүрді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Әбдәкімов А. Қазақстан тарихы. Астана, 1999.
2. Әбілев А., Евдокимов В. Казахстан в древности. Қарағанды, 1991.
3. Артықбаев Ж.О. Казахское общество: традиции и инновации. Қарағанды, 1993.
4.Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: жоғары оқу орындарына арналған оқулық. Астана, 2006.
5. Асфендияров С., Кунте П. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Т.1. Алматы, 1935; Алматы, 1998.
6. Данияров К. История казахского государства. XV-XX вв. Екі бөлімді. Алматы, 2001.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстан тарихы әлемі

шағым қалдыра аласыз