жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақстан тарихы "Аттила және оның жаулаушылық жорықтары" сабақ жоспары, 5сынып
Қазақстан тарихы пәнінің сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Аттила және оның жаулаушылық жорықтары. |
Мұғалімнің аты-жөні: Жахина А.К. Күні: |
||||
СЫНЫП: 5 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||
Сабақ негізделген оқу мақсаты: |
5.1.1.3- ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету 5.3.2.2.- Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау |
||||
Сабақ нәтижесі |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Батыс ғұн империясының құрылуы жөнінде әңгімелейді. Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Оқушылардың көпшілігі мынаны орындай алады: Аттила жөнінде мәлімет алады және жаулап алған жерлері картадан көрсетеді. Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбірі мынаны орындай алады: Аттила туралы ежелгі авторлардың пікірлеріне талдау жасай отырып, Аттиланың тарихтағы орнына баға береді. Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||
Бағалау критерилері |
Батыс ғұн империясының құрылуы жөнінде айта алады.Аттила жаулап алған жерлерін картадан көрсетеді. Аттила туралы ежелгі авторлардың пікірлеріне талдау жасай алады. Аттиланың тарихтағы орнына баға бере алады, яғни жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындайды. |
||||
Тілдік құзыреттілігі |
Аттила жөнінде бейнеролик тыңдайды. (тыңдалыс дағдысы). Аттила жөнінде оқулықты пайдалана отырып, мәлімет алады (оқылым дағдысы). Аттиланың жаулап алған жерлерін картадан көрсетеді. кескін қартаға түсіреді (айтылым дағдысы). Тақырып бойынша деректермен жұмыс жасайды (жазылым). |
||||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
||||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әнгімелеу, түсіндіру, ойын көрнекілік. Рефлексия. |
||||
Пәнаралық байланыс |
География, музыка, қазақ тілі |
||||
Бастапқы білім |
Ғұндардың Батысқа қоныс аударуы |
||||
Сабақтың жоспары |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы |
Ресурстар |
|||
Басталуы 5 мин. |
Оқушылармен амандасу. Психологиялық ахуал: Оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлайтын «Шаттық шеңбері» арқылы сабағымды бастаймын. Оқушылар бір-бірлеріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. Осы психологиялық ахуал арқылы оқушылардың бір-бірлеріне деген құрметтілікпен сенімділікті дамыта алады. Топқа бөлу: Тақырыпқа байланысты 3түрлі сурет үйлестіріледі. Соның негізінде үш топқа бөлінеді. 1-топ. Мөде 2-топ. Чжи-чжи 3-топ. Аттила «Автобус аялдамасы» әдісі сұрақ-жауап арқылы, уақытты тиімді пайдаланып, үй тапсырмасын қорытындылаймын. |
Оқулық, суреттер, қосымша деректер |
|||
Жаңа білім 10 мин. |
Білу және түсіну Оқушыларға тақырыпқа байланысты «Аттила» туралы тарихи бейнематериал көрсетіледі. Оқушыларға ашық сұрақтар қоя отырып, олардық функционалдық сауаттылығын анықтай аламын. Осы бейнематериал арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысы мен диалогтік қарым-қатынасқа түсетінін анық байқауға болады. |
Бейнематериал
Кеспе қағаздардағы сұрақтар
Оқулық мәтіндері |
|||
Ортасы 10 мин. |
Топтық жұмыс:
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі Мәтінмен жұмыс: Топпен жұмыс. Топ мүшелері берілген тақырыпты оқып, соңында тақырыпты плакатқа түсіріп, постер қорғайды.
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі: Әр топ берілген тапсырмаларын қорғаған соң, бір-біріне ыстық лебіздерін білдіріп, ұсыныстарын, кемшіліктерін айтады. |
Тақырыпты топта меңгереді. Картамен жұмыс жүргізеді, Оқулықпен жұмыс жасайды және өздеріне керек мағлұмат алады. |
|||
Сабақты бекіту 10 мин. |
«Жалғасын тап» әдісі арқылы сабақты бекітемін. Сөйлемнің басы жазылған парақшалар оқушыларға таратылады, олар сөлемді жалғастырып, толықтырып айтады. Осы әдіс арқылы оқушылардың логикалық ойлауы дамып, жылдам ой түйіндеуге және қорытындылауға дағдыланады. |
Сөйлемдер жазылған парақшалар |
|||
Бағалау 5мин.
Кері байланыс 3мин. |
«Білім ағашы» кері байланыс
|
Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып ағашқа жабыстырады. |
|||
Қосымша ақпарат |
|||||
Саралау- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру денгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
Іріктелген тапсырмалар. Нақты бір оқушыданкүтілетін нәтижелер, оқушыларға дербес қолдау көрсету; Оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін еске ала отырып іріктеймін. |
Ауызша бағалау, кері байланыс, топтар бір-бірлерін бағалайды, «Екі жұлдыз, бір тілек», өзара бағалау. |
Сергіту сәтіндегі би қимылдары. |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген