400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Қазақстан тарихы Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тарихы 5-сынып


5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы:
Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде?


Мектеп:Түркістан облысы Жетісай ауданы "№43 "Қызыл таң" жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Уақыты: 2 сағат

Мұғалімнің аты-жөні: Пернебекова К

Сыныбы: 5


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;

5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну

Сабақтың мақсаттары

  • Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау

Бағалау критерийлері

  • киіз үйдің құрылысы іші-сыртының үш бөліктен тұратынын біледі

  • киіз үйдің ішкі құрылысы (оң қанат, сол қанат, төр ұғымдарының мәнін ашады

  • шаңырақтың мәні мен мағынасын зерттеп және қазіргі күнмен байланысын зерттейді

  • киіз үйге презентация/плакат/модель жасап қорғайды

  • көшпелілердің қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттайды

  • көшпелілердің баспаналары туралы тұжырым жасайды

  • Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білеміз

Пәнаралық байланыс

География, қазақ әдебиеті, дүние жүзі тарихы.

Құндылықтарды дарытуы

шаңырақтың мәні мен мағынасын зерттеп және қазіргі күнмен байланысын зерттейді

Құндылықтар:

- патриотизм

- отансүйгіштік

- өз халқы үшін мақтаныш

- ұлттық сана – сезім

АКТ дағдылары

Интернет арқылы бейне баян, презентация, бейне таспаны тыңдау.

Тілдік міндеттер

Пәндік лексика мен терминология:

Киіз үй, қанат, шаңырақ, қолданбалы өнер, кепе, жертөле, қолданбалы өнер, ауыздық, ер тоқым, бес қару.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Мен келесі өзгерістерді байқадым....

Көшпелі мал шаруашылығы адам өмірін өзгертті/өзгертпеді себебі....

Киіз үйдің мынадай түрлері болады.....

Біздің топтың ойынша....

Алдыңғы білім

Көшпелілік өмірдің қалыптасуын біледі.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар

Дерек көздері

Басы

10 мин
























10 мин





Б Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

«Сағат тілі» әдісі арқылы оқушылардың өткен тақырыпта меңгерген білімдерін тексеру. Оқушылар шеңберге тұрып төменде берілген сөздер мен атауларға анықтама беріп, сағат тілі бойынша жалғастырып кету керек.

  • Тебіндеу -

  • Ер – тоқым -

  • 350 кг -

  • Жем – шөп -

  • Көктеу -

  • Өнім айырбасы -

  • Арқан есу –

  • Тянь – Шань, Алтай таулары –

  • Батыс Қазақстан –

  • Қыстау –

  • Жартылай көшпелі –

  • Жайлау дегеніміз -

М Оқушылардың назарына суреттер ұсынылады. Оқушылардың жауаптары арқылы сабақтың тақырыбына шығу.

Балалар бұл суреттерден нені көре аламыз?

Балалар бүгінгі сабақтын тақырыбы қандай болуы мүмкін?

М Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

М Оқушылар көшпелілердің баспанасы туралы ИНСЕРТ стратегиясын толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Білдім









Қазақстан тарихы 5 сынып

Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық

С.Р.Ахметова, А.М.Ибраева, А.А.Құлымбетова, А.С.Мағзұмова, А.М.Марқабаева – Астана: НЗМ, 2017



Ежелгі Қазақстан тарихы:

Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық

Т.С. Садықов, Ә.Т. Төлеубаев, Ғ. Халидуллин, Б. Сәрсекеев. – алматы: Атамұра, 2011. – 176 бет.


https://yandex.kz/images/search?text=темір%20дәуірі%20тайпалары%20карта HYPERLINK "https://yandex.kz/images/search?text=темір%20дәуірі%20тайпалары%20карта&img_url"& HYPERLINK "https://yandex.kz/images/search?text=темір%20дәуірі%20тайпалары%20карта&img_url"img_url







Ортасы


10 мин









15 мин




5 мин





10 мин









5 мин


15 мин











10 мин

М Бүгінгі сабағымыздың зерттеу сұрағы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде?

Одан кейінгі кезекте оқушыларға дәптерлеріне баспаналарға қатысты түсініктерін екі топқа топтастыру ұсынылады. Оқушылар баспаналарды екі топқа: кешегі және бүгінгі деп бөліп, алдымен жеке, кейін жұпта талқылайды. Осыдан кейін оқушыларға баспанаға байланысты мәтін беріледі. Оқушылар мәтінді оқып болғаннан соң, ИНСЕРТ кестесін толықтырады.

Мәтінмен жұмыс

Ж Оқушыларға бейне материал көрсетіледі

"Ғажайып туынды" - Киіз үй

https://www.youtube.com/watch?v=5vTC7isnZCU


Оқушылар бейне материал көріп болғаннан сон төмендегідей сұрақтарға жауап береді:

  • Сіздер бұл бейнематериалдан не көрдіңіздер?

  • Не себепті киіз үй көшпелілер үшін ең қажетті баспана болып есептелді?

  • Киіз үйдің ерекшелігі неде?

Тапсырма

Ж/Т Зерттеу мен талдау

  • 1 топ - киіз үйдің құрылысы (іші-сыртының неше бөліктен тұратынын анықтап, мағынасын ашу керек).

  • 2 топ - киіз үйдің ішкі құрылысы (оң қанат, сол қанат, төр ұғымдарының мәнін ашу).

  • 3 топ - киіз ішінде тұратын дүниелердің жасалуын және қолдануын зерттеу.

  • 4 топ - шаңырақтың мәні мен мағынасын зерттеп және қазіргі күнмен байланысын табу.

Жұмысты қорғап болған соң, әр топ бір – бірін бағалайды


Тапсырма

Топтық жұмыс

  • «Киіз үй - көшпелілердің киелі баспанасы» макетін жасап қорғау (презентация/плакат/модель түрінде болуы мүмкін)


Критерийлері:

  • Макеттің көркемделуі (дизайны)

  • Мазмұндылығы

  • Қазіргі отбасы өмірімен байланысы


Тапсырма

ТҰЖЫРЫМ ЖАСА:
Деректерді мұқият оқып шығып, бір – екі сөйлем көлемінде тұжырым жасандар.

Гильом де Рубрук: «олар тұратын үйлер ағаш кеспектерден құрастырылып, бұтақтармен шабақталған, төбесінде жоғары қарай мойын созып, ықшамдана түсетін оттықтікі сияқты дөңгелек түтігі бар арба үстіне орналастырылады да, үнемі аппақ болып жарқырап тұруы үшін жүнге әк, ақ топырақ, сүйек үгіндісін қосып басқан киізбен қапталады екен. Осындай үйлі арбаға 22 өгіз жегіледі екен»

С. Руденко: «Қазақтың киіз үйі құрылымдық жағынан осы уақытқа дейін көшпелі халықтардың бірде-біреуі асып түсе алмаған, жылжымалы баспананың ең жетілдірілген түрі болып табылады»

А.Сейдімбек: «Киіз үй көшпелі өмір салтының негізгі алғышарттарының бірі болғандықтан ұдайы жетіліп, ұдайы шыңдалып, ұдайы сәулеттеніп отырды. Бұл ретте, киіз үйді көшпелілердің ғасырлар бойғы өмірлік тәжірибесінің, ой өрісінің, талғам – танымының және шеберлік – шалымының ең жарқын айғағы деуге болады»

Ибн Батута: «Дөңгелекті құрылғыны олар «арба» деп атайды. Көп дөңгелекті арбаның үстіне тұрғызғаны – бір-біріне қайыспен байластырылған ағаштардан құрастырылған күмбез сияқты қаңқа»











"Ғажайып туынды" - Киіз үй

https://www.youtube.com/watch?v=5vTC7isnZCU




Қазақстан тарихы 5 сынып

Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық

С.Р.Ахметова, А.М.Ибраева, А.А.Құлымбетова, А.С.Мағзұмова, А.М.Марқабаева – Астана: НЗМ, 2017




Ежелгі Қазақстан тарихы:

Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық

Т.С. Садықов, Ә.Т. Төлеубаев, Ғ. Халидуллин, Б. Сәрсекеев. – алматы: Атамұра, 2011. – 176 бет.


https://yandex.kz/images/search?text=темір%20дәуірі%20тайпалары%20карта HYPERLINK "https://yandex.kz/images/search?text=темір%20дәуірі%20тайпалары%20карта&img_url"& HYPERLINK "https://yandex.kz/images/search?text=темір%20дәуірі%20тайпалары%20карта&img_url"img_url

Соңы



5 мин








5 мин

Топ бағалау


Ой талқы:

Бағыттаушы сұрақтар:

  • - Бүгінгі күні киіз үйді қай жерден көруге болады?

  • - Қазіргі күні киіз үйдің қажеттілігі бар ма?

  • - Қазіргі заманғы сәулет өнерінде киіз үйдің элементтерін қолдануға бола ма?

  • - Әлемнің мәдени жетістіктеріндегі көшпелілер баспанасының алар орны қандай?


Кері байланыс


Қазақстан тарихы 5 сынып

Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық

С.Р.Ахметова, А.М.Ибраева, А.А.Құлымбетова, А.С.Мағзұмова, А.М.Марқабаева – Астана: НЗМ, 2017




Ежелгі Қазақстан тарихы:

Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық

Т.С. Садықов, Ә.Т. Төлеубаев, Ғ. Халидуллин, Б. Сәрсекеев. – алматы: Атамұра, 2011. – 176 бет.


https://yandex.kz/images/search?text=темір%20дәуірі%20тайпалары%20карта HYPERLINK "https://yandex.kz/images/search?text=темір%20дәуірі%20тайпалары%20карта&img_url"& HYPERLINK "https://yandex.kz/images/search?text=темір%20дәуірі%20тайпалары%20карта&img_url"img_url

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз қолдауды көбірек көрсетуді қалай ұйымдастырасыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай қалай ұйымдастырасыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

Сабақтың мазмұнын жеңілдету жолдарын қарастыру. Мысалы, оқушыларға өз ойларын тірек-кесте түрінде, графикалық органайзер түрлерін қолданады. Топтық жұмыс кезінде мұғалім әрбір оқушыға немесе топқа қолдау көресету мүмкіндігі бар. Топтық жұмыс кезінде әлді оқушылар әлсіз оқушыларға қолдау көрсетеді


Жоғарыда тізбектелген барлық әрекеттер қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктерін береді, өйткені мұғалім әрбір оқушы және топты қолдауға мүмкіндігі бар.

Тең бағалау мүмкіндіктері бар, алдына берілген немесе сыныппен ортақ талқылау негізінде құрастырылған критерийлер негізінде оқушыларға бір-бірін бағалау мүмкіндіктері бар

Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Дифференциация – Сіз қолдауды көбірек көрсетуді қалай ұйымдастырасыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай қалай ұйымдастырасыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

Сабақтың рефлексиясы

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма? ОМ барлық оқушылар қол жеткізді ме? Менің дайындаған дифференциациям жүзеге асты ма? Уақытты ұтымды пайдана алдым ба? Сабақ жоспарынан ауытқушылықтар болды ма? Неліктен?

Төмендегі орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сұрақтардың ішінен Сіздің сабағыңызға қатысы бар ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіздер?


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі сәтті өтті (оқу туралы да, оқыту туралы да ойланыңыз)?

1:



2:




Қандай екі жағдайда сабақтың тиімділігі арта түсер еді (оқу туралы да, оқыту туралы да ойланыңыз)?

1:



2:


Сабақ барысында келесі сабаққа дайындалуда ескеретіндей сынып туралы немесе жеке оқушы туралы қандай да бір қажетті ақпарат алдым ба?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
474
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі