400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан тарихы Оқу жұмыс бағдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының ЖМББС мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР ДСжӘД министрлігінің 29.07.2016 ж. №661 бұйрығына сәйкес және «Қазақстан тарихы» типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген қаулысы негізінде даярланды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Орта Азиялық медициналық колледжі»




«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

бойынша орынбасары:

_________ С.М. Пайзиев

« ____» _________2019 ж.



Жұмыс оқу бағдарламасы



Пән: «Қазақстан тарихы»


Мамандығы:0301000-«Емдеу ісі»


Біліктілігі:0301000–«Фельдшер»


Курс: 1

Тобы:ФЛК 01-19, ФЛК 02-19.


Семестр: 1

Сағат саны: 120

Жалпы сағат саны: 120







2016 жылғы медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің стандартына сәйкес үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.




Шымкент-2019 жыл





Жұмыс оқу бағдарламасы 2016 жылғы медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.

«Келісілген»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_________ С.М.Пайзиев


« » 20___ж.





«Келісілген»

Әдіскер:

___________ Х.Б. Кадирова


« » 20___ ж.





«Қаралған»

«Жалпы білім беру»

Циклдік (пәндік) комиссия

отырысында төрайымы

________Ш.А.Халмуратова


«____» _________ 20___ж.










Дайындаған оқытушы: ____________Жанысбай А.Ж.
















Мазмұны

  1. Түсіндірме жазба ..........................................................................................4

  2. Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер..................................................5

  3. Пәннің тақырыптық жоспары және мазмұны ..............................................9

    1. Пәннің тақырыптық жоспары .........................................................................9

    2. Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны ............................................13

  4. Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау.................................................19

  5. Әдебиеттер және оқу құралдардың тізбесі.......................................................24




































































1.Түсіндірме жазба

Жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының ЖМББС мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР ДСжӘД министрлігінің 29.07.2016 ж. №661 бұйрығына сәйкес және «Қазақстан тарихы» типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген қаулысы негізінде даярланды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсанындағы №554 бұйрығы бойынша ұлттық тарихты дамыту және тарихи сананы жаңғырту туралы тың мәліметтер енгізілді.

Әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстан тарихы пәні Отан тарихының түйінді мәселелерін ашып көрсетуге, және тарихи объективтілік, нақтылық және деректілік негізінде тарихи оқиғаларды салыстырып оған баға бере білуге, бұрынғы өткен және қазіргі фактілерді талдауға мүмкіндік беруде үлкен роль атқаруы тиіс.

Бағдарламаның мақсаты: тарих пен қоғамдық ойдың жаңа табыстарының негізінде еліміздің бүгінгі күнге дейінгі өткен тарихи оқиғаларын меңгеру арқылы бүгінгі заман талабына сай білім алушылардың ұлттық сана сезімін арттыру. Қазақстан Республикасының әлем мойындаған жетістіктерін, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енуінің стратегиялық міндеттерін меңгеріп, ел тарихын оқып білу арқылы белсенді азаматтық көзқарас қалыптастыру.

«Қазақстан тарихы» курсының негізгі міндеттері:

  • адамзат қоғамының даму тарихы туралы білімін қалыптастыру;

  • тарихи деректермен жұмыс жасай білу тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өкізуге дағдыландыру және оған өзіндік көзқарастарын білдіру.

  • Жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;

  • еліне қызмет етуге дайын Отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін және Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу.

І,ІІ,ІІІ бөлімдердегі тақырыптар мазмұны тереңірек қарастырылды. Оқу мазмұны Сержан Қасымұлы, Жоламан Тіленшіұлы жетекшілік еткен ұлт азаттық көтеріліс туралы мәліметпен толықтырылды. Қазақ елінің барлық дәуірдегі мәдени даму барысы қамтылды.

Қазақстан тарихын оқыту барысында бөлімдер мен тақырыптар жүйесі бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасындағы пәндермен тығыз байланыс орнату қажет: экономика негіздері, саясаттану және социология , мәдениеттану, құқық негіздері.

Техникалық және кәсіптік білімнің жұмыс бағдарламасын әзірлеу барысында білім беру ұйымы оқу бағдарламасының мазмұнын өзгертуге құқылы

2.Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер


Үлгілі оқу жоспарлыры мен білім беретін оқу бағдарламаларында жоспарланған құзыреттер

Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша білім нәтижесі


Білім алушылар төмендегідей құзыреттерді меңгеруі қажет:

БҚ 1. Рухани құндылықтар мен адамгершілік құлықтық ізгілік ережелер жиынтығын танып түсініп негізге алуды

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушылар

біледі:

-Қазақстан отаншылдықты қалыптастыратын рухани құндылықтардың нормаларын,

-Қазақстан Республикасының тарихына мәдени мұраларына және құқықтық тәртіпке құрметпен қарауды

меңгереді:

-азамат ретіндегі белсенділігін және төзімділікті қалыптастыратын құндылықтар мен нормаларды сараптау;

-мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан мемлекетінің аумағында тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен дәстурін салыстырмалы түрде кварастыра отырып құрметпен қарау

дағды қалыптастырады:

-тарихтың әртүрлі даму кезеңдеріндегі нормалар мен жалпы адамилық құндылықтарды саралай білу;

-әлеуметтік ортаның ерекшелігін, діни ағымдарды, идеологияны дұрыс бағытта қабылдап құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата білу

құзіретті:

-жалпы адамзаттық құндылықтар мен нормаларды сараптап талдауға.

БҚ 2. Әр түрлі сәттердегі қиындықтың шешімін таба біліп, білім деңгейін көтеруге

біледі:

-Қазақстандағы көпұлттылықтың себептерін, түрлі тарихи кезеңдердегі ұлтаралық қатынас саясатының және демографиялық жағдайлардың мәнін ашып көрсете алуды

меңгереді;

-жеке азамат ретінде қоғамдағы құбылыстарға сын көзбен қарап белсенді көзқарас білдіру;

-азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды қорғау мен оған қызмет ету

дағды қалыптастырады:

-елді дамытудағы қысқа және ұзақ мерзімдік бағдарламаларын талдай білу;

-қазіргі Қазақстандағы орын алған қиындықтар мен келеңсіз мәселелерге сай өз пікірін білдіру

құзіретті:

-қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаны талдауға;

-мерзімді баспасөз материалдарын күнделікті оқу үрдісінде пайдалана білуді меңгеруге

БҚ 3. Ауызша және жазбаша тілдесу тәсілдерін игеру.

біледі:

-кітапханалардағы қажетті материалдар, каталог-карточкалар, мұражайлардағы мұрағаттар бойынша өз бетімен жұмыс істеп, оны күнделікті сабақтарда пайдалана алу.

меңгереді:

-тарихи шығармалар жазу және оқиғаларға пікірталас кезінде өз пікірін қорғап сақтай білу.

дағды қалыптастырады:

-тарих сабағында алған ақпараттарын жазбаша жәнеауызша талдап тілдесу , тезистер жасай білу;

-пікірталас, пікіртартыс жүргізу

құзыретті:

-оқулықтың мазмұнын, тақырыптарын талдау мәтінге сай жоспар жасау.

БҚ 4. Электронды пошта, ғаламтормен жұмыс жасау және ондағы мәліметтерге талдау жасау қабілетін; игеру, сақтап алып ақпаратты қолдануды дамыту.

біледі:

-мәліметтер жиыстырудың компьютерлік әдісі мен ғаламтордан қажетті мәліметті іздестіру;

-электронды оқу құралдармен жұмыс істеудің негізін қалау.

меңгереді:

-өз бетімен білім алу және өзін өзі жетілдіру;

-ғаламтордан мәліметтерді салыстыра отырып қажеттідеген нақтыақпаратты игеру.

дағды қалыптастырады:

-тарихты оқытудағы қолжетімді құралдарды қолдана алу;

-іздестіру, сақтау, тарихи мәліметтерді талдау;

-тақырыптарға, тарихи тұлғаларға сай слайдшоу жасау.

құзыретті:

-қазіргі ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолдануға:

-жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті қолдана білуге;

-тарихи оқиғалар мен фактілердің хронологиялық және синхрондық кестелерін жасауға;

-жекелеген тақырыптарды меңгеру барысында компьтерді қолдануға

Кәсіби құзыреттілік

КҚ 3.2.1 Тарихи процестер, құбылыстар мен оқиғалардың маңызын түсіне білу

біледі:

-Қазақстан тарихының тұтастығы мен жүйелілігін айқындайтын процестерді, фактілер мен оқиғаларды;

-Қазақстанның тарихи-жағрафиялық орналасуын, онымен шектесетін мемлекеттерді;

-Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерінің хронологиялық шеңберізн, қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін;

-қазақ халқының антропологиялық типін және тілдік сипатын;

-көшпелілер өркениетінің қалыптасу ерекшеліктерін, тарихтағы орнын дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін;

-Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық күрестерімен қозғалыстарының тарихын. ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы басты-басты ұлт-азаттық қозғалыстарды, олардың себептерін, негізгі оқиғаларын, нәтжелерімен маңызын;

-Ресейлік империяның қарамағындағы және Ресейге қосылу кезеңіндегі Қазақстанның ішкі саяси жағдайы, жаулап алуы, отаршылдық саясатының салдарын ашып көрсетуді.

-Кеңес билігінің алғашқы кезеңдеріндегі Қазақстандағы этнодемграфиялық жағдай, қазақ диоспорасының қалыптасу тарихын;

-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдарды, оладың бағдарламаларының мәнін;

-1986жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісінің барысын, тарихи маңызын;

-КСРО-дағы «тоқырау» кезеңіндегі Қазақстан. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасындағы саясисаяси қоғамдық өзгерістері мен жетістіктерін:

меңгереді:

-Қазақстан тарихы әлем тарихының құрамдас бөлігі екендігін дәлелдей білу;

-әртүрлі дерек көздерінен тарихи ақпараттар іздестіру;

-тарихи археологиялық қысқа әңгімелер құрастыру;

-әр түрлі типте берілгенақпараттың (мәтін, карта, кесте, аудиовизуальді көрініс) оқиғалардың бір-біріне ұқсастықтарын және себеп-салдарын талдап сараптау;

-оқиғалардың арасындағы байланыстың себеп-салдарын айқындау, фактілерді салыстыру;

-тарихи мәлелелерге байланысты пікірталастарға қатысу, белгілі бір тақырыптарды талдау барысында өз пікірін қалыптастыру, басқа адамның жауабына пікір айту.

дағды қалыптастырады:

-тарихи ақпаратты талдау;

Қазақ халқының шығу тегін, этникалық тарихын, даму, қалыптасу үдерісін ашып көрсете алу;

-тарихи оқиғалар арасындағы байланыстардың себеп салдарын айқындау;

-ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана алу;

-танымдық жобалау, құрастыру және іздену, шығармашылықпен қолдану әдістерін.

құзіретті:

-әртүрлі бағыттағы тарихи ақпараттар іздестіру;

-дебат әдісі бойынша тақырыпқа сай мәлімет жинап қолдану.

КҚ 3.2.6. Тарихи процестерге талдау жасау әдістерін игеру

біледі:

-археологиялық деректерге сүйене отырып оқиғаларға сараптау жасау;

-ақын-жыраулар шығармаларынан тарихи процестердің ақиқатын аңғартып, талдап өз пікірін білдіру ;

-хандар, билер саясаты бағыттарын игеру;

Көрнекті қоғам қайраткерлерінің қызметіне сипаттама бере алу

меңгереді:

-ел билеу саясатының түрлері мен жүйесін анықтап меңгеріп саралау;

-саяси процестер мен оқиғаларға сипаттама жасау;

- тарихи ақтаңдақтарды саралап баға беру;

-көтерілістер мен саяси қарсылықтардың тарихи маңызын анықтай білу

дағды қалыптастырады:

Қазақстан тарихын меңгеруде қайталау мәтінге өздігінен жоспар жасап бір жүйеге келтіру;

оқиғаның негізгі бағыты мен түйінін табу қорытынды жасау әдіс тәсілдерін қолдану

құзыретті:

алдына қойылған мақсатқа парапар әдіс-тәсілдер таңдау, іріктеу

КҚ 2,3,7. Тарихи оқиғалар арасындағы байланыстардың себеп-салдарын анықтай білу

білігі:

-тарихи оқиғаларды салыстырып олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу.

-оқу материалынан жүйелі және ретті тарихи тізбектер құрастыру.

дағды қалыптастырады:

-тарихи процестерді оқу барысында тиімді әдістер мен құралдарды қолдану, ойын ықшамды және түсінікті етіп жеткізу;

-өз бетімен іздестірген ақпараттарға (реферат) талдау және қорытынды жасау;

-тарихи оқиғалар мен фактілердің хронологиялық және синхрондық таблицаларын жасау;

-мәтіндерге сай жоспар жасау;

құзіретті:

-тарихи оқиғалардың себеп - салдарын анықтай білу

-қоғам қайраткерлерінің (ғалымдар, ойшылдар, ақын-жыраулар, сазгерлер қызметіне сипаттама беру)































    1. Пәннің тақырыптық жоспары


№


Топтар бойынша сабақты өткізу күні


Бөлімдер мен тақырыптар атауы

Сағат саны

Сабақты оқыту түрі

Аудиториялық сабақ

1

2

3

4

5



ФЛК01-19

ФЛК 02-19








Кіріспе. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 ж. Тарих ғылым және пән ретінде.

2




1



Тақырып 1.1

Алғашқы қауымдық құрылыс және тас дәуіріндегі Қазақстан

2





1.2 тақырып

Қола дәуіріндегі Қазақстан

2




1. 3 тақырып.

Темір дәуіріндегі Қазақстан


2



1.4 тақырып.

Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттер


2



1.5 тақырып.

Б.з.б. ІІІ-І ғғ. ғұн тайпалары

2



2



2.1 тақырып.

Көне түркілер.

Түрік қағанаттары


2



2.2.тақырып .

Түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ қағанаттары

2



2.3 тақырып.

Қарахан мемлекеті, Қарақытайлар

2



2.4 тақырып.

Қыпшақ мемлекеті, наймандар, керейлер.

2



2.5 тақырып.

Көшпелі рухани мәдениеті. Қазақ даласының даналары

2



2.6 тақырып.

Қазақстан даласы Монғол шапқыншылығы дәуірінде

2



2.7 тақырып. Қазақстан Алтын Орда құрамында

2



2.8 тақырып.

Қазақстандағы Ақ Орда

2



2.9 тақырып.

ХІV-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер

2




2.10 тақырып. Қазақстандағы ортағасырлық дәуірдегі мемлекеттердің әкімшілік-саяси, экономикалық, шаруашылық жағдайы.

2




3



3.1 тақырып.

Қазақ халқының қалыптасу тарихы. Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.

2



3.2 тақырып.

Қазақ хандары хронологиясы.

Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік құрылымы

2





3.3 тақырып.

Рубеждік бақылау жұмысы

2




4


4.1 тақырып.

ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

2



4.2 тақырып.

Қазақ өлкесінің ХVІІІ ғасырдағы саяси-экономикалық дамуы

2



4.3 тақырып.

Патшалық Ресейдің отарлық саясаты.

ХІХ ғасырдың І-жартысындағы реформалар

2



4.4 тақырып.

ХІХ ғасырдың ІІ-жартысындағы әкімшілік реформалар

2





5.1 тақырып.

ХVІІІ ғасырдағы ұлт-азаттық көтеріліс

2



5


5.2 тақырып.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар

2



5.3 тақырып.

ХІХ ғасырдағы Саржан Қасымұлы және Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар.

ХІХ ғасырдың соңындағы ұлт-азаттық қозғалыстар

2



5.4 тақырып. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт- азаттық көтеріліс

2



5.5 тақырып.

Рубеждік бақылау жұмысы

2




6



6.1 тақырып.

ХХ ғасыр басындағы Ресейдегі саяси жағдайдың Қазақстанға әсері.

2



16.2 тақырып.

1917 төңкерістер. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

2



6.3 тақырып.

Саяси партиялардың қалыптасуы және қызметтері. Ұлттық автономиялардың құрылуы

2



6.4 тақырып.

Азамат соғысы. Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық саясаты

2



6.5 тақырып.

Қазақ АКСР-нің құрылуы. 1920-21 жылдардағы Қазақстандағы саяси экономикалық жағдай.

2



6.6 тақырып.

Индустрияландыру бағыты

2



6.7 тақырып.

Ауыл шаруашылығын құрудың Сталиндік-Голощекиндік үлгісі. Ұжымдастырудың әлеуметтік- экономикалық зардаптары.

2



6.8 тақырып.

1920-1933 жылдардағы ұлт –азаттық қозғалыстар

2




6.9 тақырып.

1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдениеттің дамуы

2



6.10 тақырып.

Қазақстан Коммунистік партиясы мен Комсомол тарихы

2



6.11 тақырып.

Рубеждік бақылау жұмысы

2



7








7.1 тақырып.

ХХ ғасырдағы І жартысындағы саяси қуғын-сүргін.

2



7.2 тақырып.

ХХ ғасырдың оратсындағы зиялы қауым өкілдерін қудалау

2



7.2 тақырып.

Қазақстанға халықтарды депортациялау.

2






8



8.1 тақырып.

Қазақстан майдан арсеналы


2




8.2 тақырып.

Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында

2



8.3 тақырып.

Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысындағы ерліктері

2



8.4 тақырып.

Рубеждік бақылау жұмысы

2




9



9.1 тақырып.

1950 жылдардағы Республикадағы қоғамдық саяси өмір


2



9.2 тақырып.

Тоқырау жылдарындағы Қазақстан


2



9.3 тақырып.

ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы толқулар.

2



9.4 тақырып.

Желтоқсан оқиғасы

2



9.5 тақырып.

Қазақстан түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде

2



10



10.1 тақырып.

Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістер

2



10.2 тақырып.

Конституция – саяси әлеуметтік тұрақтылықтың негізі.

2



10.3 тақырып.

Экономиканы тұрақтандыру

(1998-2001жж.)

2



10.4 тақырып.

Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуы

2



10.5 тақырып.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық жағдайы

2



10.6 тақырып.

Рубеждік бақылау жұмысы

2



10.7 тақырып.

Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы

2



10.8 тақырып.

Қазақстанның жаңа экономикалық бағыты

2



10.9 тақырып.

Тәуелсіз Қазақстанның білім, ғылым және мәдениеті

2




Барлығы:

120




3.2.Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

Кіріспе: Қазақстан Республикасының Констиуциясы. 30.08.1995 ж. Тарих ғылы және пән ретінде.

І Бөлім. Ерте дәуірдегі Қазақстан.

Тақырып 1.1. Кіріспе. Қазақстан тас дәуірінде.

Тас ғасырын дәуірлерге бөлу. Адамның пайда болуы және оның даму эволюциясы. Алғашқы адамдардың әлеметтік өміріне сипаттама. Палеолит, мезолит, неолит, энеолит дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан. Неолиттік төңкеріс. Ботай мәдениеті. Тас дәуіріндегі Қазақстанның археологиялық ескерткіштері. Өнер және діни наным-сенімдер.

Тақырып 1.2. Қола дәуіріндегі Қазақстан.

Қола дәуіріне сипаттама. Андронов мәдениеті (жалпы сипаттамасы және оның кезеңдері). Орталық Қазақстан – ертедегі металлургия орталығы. Қола дәуіріндегі Шығыс, Солтүстік, Батыс, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу. Кейінгі қола дәуіріндегі Беғазы – Дәндібай мәдениеті: өндірістік шаруашылықтың дамуы, мал шаруашылығы мен егіншілік. Қола дәуіріндегі қоныстар, обалар және жерлеу дәстүрі. Қола дәуіріндегі әлеуметтік дифференциация.

Тақырып 1.3.Темір дәуіріндегі Қазақстан

Темір дәуірінің ерекшеліктері. Жазба деректердегі ежелгі Қазақстан тарихы: одақтары мен ежелгі мемлекеттік бірлестіктер. Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегісақ тайпалары (хаомаварға, тиграхауда, парадарайя, аримаспылар және т.б.) сармат тайпалары. Шаруашылық түрлері, ертедегі металл өндірісі, зергерлік өнер, қыш өндірісі. Әлеуметтік құрылымы. Скиф үштағаны (триадасы), «Аң стилі»

Тақырып 1.4. Қазақстан аумағындағы ертедегі мемлекеттер

Үйсін мемлекеті, шаруашылығы, әлеуметтік құрылымы, басқа мемлекеттермен қарым-қатынастары, мәдениеті. Қаңлылардың саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті. Сырдария бойындағы археологиялық ескерткіштер.

Тақырып 1.5. Б.з.б. ІІІ-І ғ ғұн тайпалары

Ғұндар халықтардың ұлы қоныс аударуы. Ғұн тайпаларының көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасы. Шаруашылығы, егіншілік, әлеуметтік құрылысы материалдық мәдениеті. Ғұндардың Мөде тұсында өрлеуі. Ғұндар Еуропада, Атилла.

ІІ Бөлім.Қазақстан аумағындағы VІ-ХV ғасырлардағы мемлекеттер

Тақырып 2.1. Көне түркілер, Түрік қағанаты.

Түркі халықтарының түп төркіні, түрік қағанаты (құрылуы, дамуы, ыдырауы). Батыс және Шығыс түрік қағанаттарының саяси тарихы

Тақырып 2.2. Түркеш, қарлұқ, оғыз, қимақ қағанаттары.

Мемлекеттердің саяси тарихы, этникалық құрамы, мемлекеттік құрылысы және шаруашылығы.

Тақырып 2.3 Қарахан мемлекеті. Қарақытайлар.

Мемлекеттерінің саяси тарихы, этникалық құрамы, мемлекеттің құрылысы және шаруашылығы түркі дәуірінің материалдық және рухани мәдениеттері. Діни наным сенімдері.

Тақырып 2.4. Наймандар, керейлер, қыпшақтар.

Мемлекеттердің саяси тарихы, этникалық құрамы, мемлекеттік құрылысы және шаруашылығы. Қыпшақ мемлекеті. Экономикалық сауда мәдени байланыстары.

Тақырып 2.5 Қазақстан даласы Монғол шапқыншылығы дәуірінде.

Монғол шапқыншылығы. Отырардың күйреуі. Монғол шапқыншылығының зардаптары.


Тақырып 2.7. Қазақстан Алтын Орда құрамында

Жошы-Қыпшақ ұлысы державасы (Алтын Орда) Қазақстан аумағындағы жеке хандықтардың дамуының ерекшелігі, аумағы және рулық құрамы, ұлыстық жүйе.

Тақырып 2.8. Қазақстандағы Ақ Орда

Ақ Орда мемлекетінің құрылуы мен Қазақстандағы орта ғасырдағы алар орны.

Тақырып 2.9. ХІV- ХV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер.

Ноғай ордасы (Маңғыт жұрт), Моғолстан, көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр хандығы) Дешті –Қыпшақ мемлекеттердің саяси тарихы, этникалық құрамы.

Тақырып 2.10. Қазақстандағы ортағасырлық дәуірдегі мемлекеттердің әкімшілік-саяси, экономикалық, шаруашылық жағдайы.

Ноғай ордасы (Маңғыт жұрт), Моғолстан, көшпелі өзбектер мемлекеті (Әбілхайыр хандығы) Дешті –Қыпшақ мемлекеттердің саяси тарихы, этникалық құрамы, шаруашылығы.

ІІІ-Бөлім. Қазақ халқының қалыптасуы.

Тақырып 3.1.Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы.

Қазақ халқының тарихы. Қазақ халқының антропологиялық бет-бейнесі және тілдік сипаты. «Этнос», «этногенез», «этноним» ұғымдарының мазмұны «Қазақ» этнонимі Этносаяси аумақтық тұтастық Қазақ жүздері, ру тайпалық құрамы.

Хандықтың қалыптасуының алғышарттары. Қазақ жұртының өзбек ұлысынан бөлінуі. Қазақ хандығының құрылуы және саяси тарихы. Керей мен Жәнібек хандар-қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар. Қазақ хандығы туралы жазба дерек Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи-и-Рашиди» атты еңбегі. Қазақ хандығының нығаюы. Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы. Қазақ хандығына 550 жылдығы қарсаңындағы туындаған тарихи тың мәліметтер.

Тақырып 3.2. Қазақ хандары хронологиясы. Қазақ хандығының саяси әлеуметтік құрылымы.

Қазақ хандары хронологиясы. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Хақназар хан – қазақ, қырғыз ханы.Есім ханның ескі жолы.Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

Қазақ халқының саяси-әлеуметтік жағдайы. Қазақ мемлекетінің саяси және әлеуметтік құрылымдары. Хандардың мемлекетті басқару жүйесі, салықтар мен міндеткерліктер түрлері. Әдеп құқығы және «Жеті жарғы». Қазақ қоғамындағы меншік қатынастары. «Ақсүйек» және «қарасүйек» институттары.

Тақырып 3.3. Рубеждік бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысын ала отырып, білімділік мүддесін кеңейту.

ІV Бөлім. Ресей империясының құрамында.

Тақырып 4.1. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.

ХVІ ғасырдың басыХVІІ ғасырлардағы қазақтардың ойраттарға қарсы соғыстары Жоңғар хандығы.ХVІІ ғасырлардағы қазақ-жоңғар қатынастары, жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. «Ақтабан шұбырынды. Алқакөл сұлама жылдары» жоңғар шапқыншылығына қарсы Бұланды және Аңырақай шайқастары Азаттық соғыстың жеңіспен аяқталуына үлес қосқан ұйымдастырушылар (Әбілхайыр, Абылай хандар, батырлар: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай; Шапырашты Наурызбай, билер – Төле Әлібекұлы, Қазыбек Келдібекұлы, Әйтеке Бәйбекұлы және Бұқар жырау). Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына қарсыазаттық күресінің тарихи маңызы.

Тақырып 4.2. Қазақ өлкесінің ХVІІІ ғасырдағы саяси-экономикалық дамуы.

Қазақ өлкесінің ХVІІІ ғасырдағы саяси-экономикалық дамуы мен шаруашылығының дамуы

Тақырып 4.3. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. ХІХ ғасырдың І-жартысындағы әкімшілік реформалары

Әбілхайыр хан саясаты. Тевкелев елшілігі. Ресейдің отарлау шаралары. Кіші жүздің және Орта жүздің Ресейге өтуі. Қазақ жерлерін біріктіру мақсатындағы Абылай хан саясаты.

ХІХ ғасырлардағы патшалық Ресейдің реформалау саясаты. 1822ж «Сібір қырғыздары туралы Жарғы», 1824 ж «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» хандық биліктің жойылуы.

Тақырып 4.4. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Ресейдің Қазақстандағы әкімшілік реформалары.

1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережелер», 1886, 1891 жылдардағы «Басқару туралы Ережелер». Ресейдің Қазақстандағы отарлық саясаты және реформалардың салдары. Әкімшілік аймақты басқарудағы жергілікті биліктің әлсіреуі. Генерал-губернаторлықтар. Реформалардың отарлық мәні.

V Бөлім. Қазақ халқының Ресейдің отарлық үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық күрестері.

Тақырып 5.1. ХVІІІ ғасырдағы ұлт-азаттық көтеріліс.

Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілісі. (1783-1797ж)

Сырым Датұлы – көрнекті қайраткер, көтеріліс басшысы. Көтерілістің себептері және қорытындылары, тарихи маңызы. Игельстром реформасы.

Тақырып 5.2. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ұлт-азаттық қозғалыстар.

Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы жетекшілігімен болған қозғалыс, көтерілістің себептері және әлеуметтік негізі, қорытындылары. Бөкей ордасындағы ішкі және сыртқы жағдай. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтеміұлы бастаған көтеріліс (1836-1838ж) Көтерілістің себептері, негізгі оқиғалары. Тастөбе, Ақбұлақ шайқастары.Көтерілістің жеңілу себептері, тарихи маңызы.

Тақырып 5.3. Саржан Қасымұлы және Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстар.

ХІХ ғасырдың соңындағы ұлт-азаттық қозғалыстар.

Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс. Азаттық қозғалысының мақсаты. Сипаты және қозғаушы күштері. Кенесары Қасымұлы (1837-1847ж) Көтерілістің басталуы, кезеңдері және негізгі оқиғалары. Кенесары хандығы. Патша үкіметінің көтерілісті басып жаншуға жасаған әрекеті, азаттық жолындағы қозғалыстың жеңілу себептері К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының тарихи маңызы.

Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұқаметұлы басқарған көтерілісі.Қоқан хандығының өкімдігіне қарсы күрес. 1867-1868 жылдардағы Орал және Торғай облыстарындағы көтерілістер. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс.

Тақырып 5.4. 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс.

Көтерілістің негізгі ошақтары, алғышарттары. Патша үкіметінің жазалаушы әскерінің бейбіт халыққа көрсеткен зорлық зомбылықтары. Жазалаушы жасақтар. Көтерілісті ұйымдастырушылар А.Иманов, Әбдіғаппар Жанбосынов, Бекболат Әшекеев, Жәмеңке Мәмбетов, Ұзақ Саурықов, Кейкі Көкімбайұлы т.б. Көтерілістің жеңілу себептері, зардаптары, тарихи маңызы.

Тақырып 5.5. Рубеждік бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысын ала отырып, білімдерін тексеру.

VІ. Бөлім. Қазақстандағы ХХ ғасыр басындағы саяси экономикалық жағдай.

Тақырып 6.1.ХХ ғасырдың басындағы Ресейдегі саяси жағдайдың Қазақстанға әсері.

Патша үкіметінің аграрлық саясаты. Қазақстанға шетелдік капиталдың ене бастауы.Тау-кен өндірісі. Капиталистік қатынастардың дамуы. Қазақстанның бүкілресейлік нарыққа ықпалдасуы, сауданың дамуы, жәрмеңкелер, темір жолдардың салынуы. 1905-1907жж Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революцияның Қазақ өлкесіне әсері. Мемлекеттік дума және қазақтар. Алаш қозғалысы. Қазақ халқының саяси сана сезімінің өсуі.

Тақырып 6.2. 1917ж төңкерістер. Кеңес үкіметінің орнауы.

1917 ақпан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір. Қос үкімет. 917 жылғы қазан төңкерісі. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауы («Үш жүз»партиясы). «Ақ және қызыл» террор.

Тақырып 6.3. Саяси партиялардың қалыптасуы және қызметері. Ұлттық автономиялардың құрылуы.

ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар. «Үш жүз», «Ислам жолындағы кеңес» (Шуро-и-Ислам), «Алаш партиялары және олардың қызиеті. Саяси баспасөз.

Алаш үкіметінің құрылуы. «Алаш автономиясы. Қоқан автономиясының құрылуы және «Түркістан мұхтариат» үкіметі. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы ұлттық зиялылар тобы және ұлттық-демократиялық қозғалыстар. Саяси тұлғалар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, т.б.

Тақырып 6.4. Азамат соғысы. Кеңес үкіметінің Қазақстандағы экономикалық саясаты.

Шетелдік интервенция және азамат соғысы. Қазақ өлкесіндегі майдандар. «Әскери коммунизм» саясаты. Жер мен өнеркәсіп кәсіорындарын мемлекетттік меншікке алу. Кеңес үкіметінің күш қолдан шаралары (азық-түлік салғырты, еңбек міндеткерлігі, азық-түлікті реквизициялау т.б.)

Тақырып 6.5. Қазақ АКСР-нің құрылуы.1920-1921 жылдардағы Қазақстандағы саяси экономикалық жағдай.

Қазақ жерлерінің АКСР құрамында біріктірілуі және ондеғы зиялылардың қызметі және оның тарихи маңызы. «Әскери коммунизм» саясатының экономикалық салдары. 1921 жылғы жұт және ашаршылық. Жер-су реформасы. «Жаңа экономикалық саясат» және оны Қазақстанда жүзеге асырылу тәжірбиесі. ЖЭС-ты тоқтату және оның қорытындылар.

Тақырып 6.6. Индустрияландыру бағыты.

Қазақстанда жұмысшы табының қалыптасуы, өнеркәсіп саласының озаттары мен жаңашылдары. Түркісіб темір жол магистралы. Қазақстандағы индустрияландыруды жүзеге асырудағы туындаған қиындақтар, жетістіктер. Қазақстан жұмысшы тобының қалыптасуы, өнеркәсіп саласының озаттары мен жаңашылдары.

Тақырып 6.7. Ауыл шаруашылығын құрудың Сталиндік-Голощекиндік үлгісі.

Ұжымдастырудың әлеуметтік-экономикалық зардаптары.

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу. «Кіші Қазан» Көшпелі қазақтарды күштеп отырықшыландыру (седентаризация) Қазақ зиялы қауымының «Кіші Қазан» саясатына қарсы күресі. «Қазақ ұлтшылдарын» жазалау. Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың әлеуметтік-экономикалық зардаптары. 1930-1932 жылдардағы ашаршылық. Қазақтардың атамекеніне көшу бағыттары.



Тақырып 6.8. 1920-1930жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар.

1921-1922 жылдардағы шаруалар толқулары. 1929 жылғы көтерілістер, негізгі оқиғалары, олардың басшылары. 1930-1931 жылдардағы көтерілістер, олардың қамтыған аймақтары, басшылары. Кеңес үкіметінің жазалаушы әскерлерінің 1929-1931 жылдардағыазаттық жолындағы халық-азаттық қозғалысты қатыгездікпен басып-жаншуы.

Тақырып 6.9. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы мәдениеттің дамуы.

Сауатсыздықты жою халыққа білім беру.мектептік білім жүйесінің дамуы және саяси ағартушылық. Қазақстанның жоғарғы оқу орындары, ғылымның қалыптаса бастауы. Қазақстандағы алғашқы ғылыми мекемелер. Ғылым академиясы. Қазақстандағы Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы. С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов т. б. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ өнері. Бейнелеу өнері, музыка өнері, театр, киноматография. Өнер қайраткерлері. Ұлттық интеллегенцияның қалыптасуы.

Тақырып 6.10. Қазақстандағы Коммунистік партия мен комсомол тарихы.

Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құрылуы, оның мақсаты мен міндеттері Қазақстан Коммунистік Жастар Одағы және пионер ұйымы тарихы. Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның КСР-сы болып өзгеруі. Қазақстан КСРО-ның құрамдас бір бөлігі. Коммунистік партияның әміршіл басқару жүйесі. Директивалық бұйрықтар. Қазақстан Коммунистік партиясының басқару жүйесіндегі тоқыраудың көріністері.

Тақырып.6.11. Рубеждік бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысын ала отырып, білімдерін тексеру.

VІІ Бөлім.ХХ ғасырдағы жеке басқа табынудың зардаптары.

Тақырыптар 7.1. ХХ ғасырдың І-жартысындағы саяси қуғын- сүргін.

Тоталитарлық жүйенің орнауы. Қуғын-сүргіннің негізгі кезеңдері: 1920-1930 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қуғын-сүргін, 1937-1938жж жаппай қуғын-сүргін. ГУЛАГ жүйесіндегі Қазақстан. Қазақстан аумағынадғы еңбекпен түзеу лагерлері (Степлаг, Карлаг, АЛЖИР т.б.)

Тақырып 7.2.ХХ ғасырдың ортасындағы зиялы қауым өкілдерін қудалау.

Е.Бекмаханов. «Хрущев, кезеңіндегі» және тоқырау жылдарындағы ғылым және шығармашылық зиялы қауым өкілдерін қудалау. 1975ж «АЗиЯ» О.Сүлейменов.

Тақырып 7.3. Қазақстанға басқа халықтарды депортациялау.

Қазақстанға халықтарды депортациялаудың негізгі кезеңдері. 1930және 1940 жылдары Қазақстанға басқа халықтарды депортациялау.

VІІІ Бөлім. Қазақстан Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезеңінде.

Тақырып 8.1. Қазақстан - майдан арсеналы.

Экономиканың әскер жағдайга өтуі. Өнеркәсіп орындарының Қазақстан аумағына көшірілуі. Соғыс жылдарындағы құрылыстар. Жеңіс қоры. Соғыс мұқтаждықтарын қамтамасыз ету шаралары.

Тақырып 8.2. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында.

Ерлік көрсетуші дивизиялар. Б.Момышұлының сұрапыл жылдар туралы естеліктері Қазақстандықтар-Совет Одағының қаһарман батырлары.

Тақырып 8.3.Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысындағы ерліктері.

Қазақстандықтардың ұлы Жеңіске қосқан үлестері. Қазақтардың партизан қозғалыстьарына қатысуы. Соғыстан кейінгі жылдардағы бейбіт құрылысқа көшу. Қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру бесжылдығы. Екінші дүниежүзілік соғыстың халық санына тигізген әсері.

Тақырып 8.4. Рубеждік бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысын алу.

ІХ Бөлім. ХХғ екінші жартысындағы Қазақстан.

Тақырып 9.1. 1950 жылдардағы Республикадағы қоғамдық-саяси өмір.

Қазақстандағы әскери-өндірістік кешен. Семей жеріндегі ядролық сынақтар. «Байқоңыр» ғарыш айлағы. Н.Хрущевтің аграрлық саясаттағы «жаңа бағыты» және оның Қазақ КСР-нда жүзеге асырылуы «Жылымық» жылдары. Тың және тыңыайған жерлерді жаппай игеру және оның экологиялық зардаптары. Тың жерлерді игерудің Қазақстандағы демографиялық жағдайға әсері.

Тақырып 9.2. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан.

60-шы жылдардағы шаруашылық реформалары және олардың тағдыры. (1962-69ж) 1960-1980 жылдар арасындағы өнеркәсіптің дамуы. Д.А.Қонаевтің қызметі және қол жеткен жетістіктері. Жоспарлы экономиканың және экстенсивті шаруашылық әдісінің зардаптары. Арал қасіреті.

Тақырып 9.3. ХХ ғасырдың 50-80 жылдарындағы толқулар және көтерілістері

1959 жылғы Теміртау қаласындағы болған оқиғалар. 1979 жылы Ақмола және т.б қалаларда болған ереуілдер мен толқулар.

Тақырып 9.4. 1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан көтерілісі.

М.С.Горбачев саясатының ұрандары. 1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан көтерілісінің себептері, басталуға түрткі болған сылтау, көтерілістің сипаты, қозғаушы күштер. Жастардың бейбіт шеруін басып– жаншу. Желтоқсан көтерілісінің салдары, көтерілістің жас батырлары (Қайрат Рысқұлбеков және т.б), 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызы. «Невада-Семей қозғалысы».

Тақырып 9.5.Қазақстан түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде.

«Қайта құру» кезеңі. Демократиялық идеялардың пайда болуы. ТЖМК-ның құрылуы.

Х-Бөлім. Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістер.

Тақырып 10.1.Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістер.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жөніндегі» декларацияның қабылдануы. КСРО-ның ыдырауы, ТМД-ның құрылуы. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жариялануы. Мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік егемендік пен президент институтының нығаюы. Қазақстан Республикасының басқару формасы және билік тармақтары.

Тақырып 10.2 Қазақстан Республикасының Конститутциясы – саяси әлеуметтік тұрақтылықтың негізі.

Конститутциялардың қабылдануы 1993ж 28.01.және 1995ж. 30.08. 1990ж екінші жартысындағы Конституциялық қайта құрулар (2007). Қоғамдық қозғалыстар және саяси партиялар.

Тақырып 10.3. Тәуелсіз Қазақстанның экономиканы тұрақтандыру. (1998-2001 ж)

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының негізгі кезеңдері, ғасырлар тоғысында (1998-2001жж) Экономиканың тұрақталуы. Инвестициялық саясат және Қазақстандағы шетелдік инвестициялар, кәсіпкерліктің дамуы, шағын және орта бизнес. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы, экономикалық дамудың қорытындылары (жетістіктер мен мәселелер)

Тақырып 10.4. Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуы.

Қазақстанның әлемдік экономикаға ықпалдасуы, әлемдік қаржы дағдарысы және Қазақстан экономикасын тұрақтандандыру шаралары. Дүниежүзілік дағдарыс, оның Қазақстанға әсері. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының міндеттері және бағыттары.

Тақырып 10.5. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық жағдайы.

Қазастан Республикасының халықаралық деңгейде танылуы. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі сипатты белгілері.

Тақырып 10.6. Рубеждік бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысын алу.

Тақырып 10.7. Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы.

Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік бас қосуы. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайлары. «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы. Қазақтардың өз атамекеніне оралу кезеңдері, проблемалары, Н.Ә.Назарбаевтың съезде сөйлеген сөздері.

Тақырып 10.8. Қазақстанның жаңа саяси, экономикалық бағыты.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді және «Қазақстан – 2050» басым мақсат стратегиялары. Н.Ә.Назарбаев – Қазақстан республикасының Тұңғыш президенті. Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері «Астана – Қазақстан Республикасының жаңа Елордасы», Жаңа астананы ауыстырудың тарихи маңызы. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы. «Еуропаға жол» бағдарламасы. Жаңа экономикалық саяси бағыт «Нұрлы жол» -30 дамыған ел қатарына кіру қадамы. Қазақ елінің Ұлттық идеясы – «Мәңгілік ел» Елбасының 15.12.14ж. «Тәуелсіздік толғауы» - Қазақстан Ортазиялық кеңістіктегі Еуропаланған модернизацияланған ел.

Тақырып 10.9. Тәуелсіз Қазақстанның білім, ғылым және мәдениеті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» заңдарының қабылдануы. «Болашақ мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы». Қазақстан Республикасындағы «Мәдени мұра» бағдарламасы.




















Рефераттардың үлгі тақырыптары.

  1. Қола дәуіріндегі Орталық Қазақстандағы металлургия орталығы.

  2. Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі сақ тайпалары.

  3. Ұлы Жібек жолының мәдениет дамуындағы алатын орны

  4. Отырардың күйреуі. Монғол шапқыншылығының зардаптары.

  5. «Қазақ» этнонимі, қазақ халқының антропалогиялық типі және тілдік сипаты.

  6. Қазақ хандығының қалыптасуы мен нығаюы

  7. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»

  8. Жоңғар шапқыншылығына қарсы бүкіл халықтық Отан соғысы

  9. Абылай ханның ішкі-сыртқы саясаты.

  10. 1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережелер»

  11. Кенесары – мәмілегер, саясатшы, қолбасшы және хан.

  12. Қазақ АКСР-нің құрылуы.

  13. Алашорда үкіметі Қоқан автономиясының құрылуы.

  14. 1920-1930 жылдардағы ұлттық зиялы қауымға қарсы қуғын-сүргін, оппозицияны қырып-жою

  15. ХХғ басындағы сауатсыздық және онымен күрес.

  16. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында. Б.Момышұлы.

  17. Тың жерлерді игерудің Қазақстандағы демографиялық жағдайға әсері.

  18. Д.А.Қонаевтың қызметі.

  19. Желтоқсан көтерілісінің батырлары.

  20. Қазақтардың өз атамекеніне оралу кезеңдері.

  21. Мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік егемендік пен президент институтының нығаюы.

  22. Н.Ә.Назарбаев және Еуразия идеясы

Бақылау жұмыстары тестілеу, жазбаша бақылау алу және ауызша сұрақтар арқылы өтеді.

5.Әдебиеттер және оқу құралдардың тізбесі.

5.1 Негізгі әдебиеттер

1.Боранбекова Б.А. Орта ғасырлар тарихы (V ғасырдың екінші жартысы) А Фолиант 2013

2.Артықбаев Ж.О. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық А Фолиант 2013

3.Тілеубаев Ә, Қасымбаев Ж, Қойгелдиев. Қазақстан тарихы. А.2014

4.Тұрлығұл Т.Т. Қазақстан тарихы. 11 сынып А «Мектеп».2015

5.Жолдасбаев С. Қазақстан тарихы. 10 сынып А «Мектеп».2015

6.Қазақстан тарихы С.Сабырұлы «Оқу құралы» Жеті жарғы А. 2012

7.Шаймерденова М.Ж., Б.Аяған. Қазақстан тарихы. 9-сынып А 2001

8.Қаражан С. Қазақстан тарихы. Лекциялар курсы А. 2011

9.Қазақстан тарихы. Хрестоматия. Мектеп А. 2001

10.Сауенов Р Қазақстан тарихы. Мектеп А. 2001

11.Тұрлығұл Т. «Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі»

12.Турмалиева Б.К. Қазақстан тарихы: трек коспектілер, кестелер, сызбалар, тестілер, тапсырмалар, А: Фолиант 2014

13.Аяған Б. Әбжанов Ғ, Нұрымбетов Р. Егемен Қазақстан тарихы.: Тәуелсіздікке 20жыл:

Тарихи құжаттық зерттеу

14.Аяған Б.Г. Көркемсуретті Қазақстан тарихы «Қазақэнциклопедиясы» ІІІ-ІV т А

15.Ермуханова Х.К. Қазақстан тарихы. А . Шың кітабы, 2011

16.Игебаева С Қазақстан тарихы. Оқу құралы.

17.Тұрмашова Б.К. Берманова С.Т. Қазақстан тарихы оқу құралы А: Фолиант

5.2 Қосымша әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында А,: Атамұра, 1992

2. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында А. Өнер, 1996

3. Назарбаев Н.Ә. Эпицентр мира А.: Елорда, 2001

4. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздікке бес жыл А. Қазақстан, 1996

5. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл А. Атамура, 2001

6. Қазақстан тарихы (ежелгі заманнан осы уақытқа дейін) 5 томдық А,: Атамұра

7. Қаһарман қыз Хиуаз (Әскери ұшқыштың жазбалары, естеліктер, очерктер, мақалалар, сұхбаттар, өлеңдер)

8. Көлбаев Т. Өшпес даңқ – Алматы: «Алаш»

10. Республикасының Конституциясы 1993, 1995жж

5.3 Оқытудың қосымша ұсыныс құралдары:

1. Мультимедиялық кабинет.

2. Электрондық оқу құралдары.: «Қазақстан тарихы» 5-9-сыныптарға арналған электрондық оқулықтар.

3. Сайт «Қазақстан тарихы порталы»

4. «Қазақстан тарихы порталы» e-history.kz/


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1654
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі