400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан тарихы пәнінен 6-сыныпқа арналған дидактикалық материалдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған және оқу мақсаттарына сәйкес әзірленген. Оқушылардың ойлау, талдау және шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

І БӨЛІМ. VI - IX ҒАСЫРЛАР ДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

Тақырыбы: Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер.

Меңгерілетін білім:

  • Түрік қағанатының құрылу себептері мен тарихи маңызын біледі;

  • Түркі мемлекеттерінің (VI–IX ғғ.) саяси, әлеуметтік және мәдени дамуын сипаттайды;

  • Түркі мемлекеттері арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады;

  • Тарихи оқиғалардың өзара байланысын талдап, қорытынды жасай алады.

ТАПСЫРМАЛАР:

1. Кестені VI–IX ғасырлардағы түркі мемлекеттері туралы мәліметтермен толтырыңыз.

Мемлекет атауы

Тарихи шеңбері

Жер аймағы

Астанасы

Ел билеушілері

Жоғары билеушісінің титулы

Тайпалары

Әлсіреуінің себептері

Түрік қағанаты








Батыс Түрік қағанаты








Түргеш қағанаты








Қарлұқ қағанаты









2. Тарихи тұлғаны тап

С іздердің алдарыңызда Түрік қағанатының белгілі тұлғасының портреті берілген. Оның есімін атаңыз. Сіз осы тарихи тұлғаға қандай қысқаша сипаттама бере алар едіңіз?

...........................................................................................................................................

...........................................................................................................................................

...........................................................................................................................................


3. VI–IX ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің аумағын картаға түсіріңіз.


Нұсқаулық:

  1. Дәптеріңізге немесе берілген контур картаға ерте орта ғасыр мемлекеттерінің орналасқан аймағын белгілеңіз:

  2. Әр мемлекетті әртүрлі түспен бояп, шекараларын шартты сызықпен көрсетіңіз.

  3. Мемлекеттердің астаналарын белгілеңіз (болған жағдайда):

  4. Әр мемлекеттің атауын картаға жазып қойыңыз.

4. Батыс Түрік қағанатының әлеуметтік құрылымы. Тізбекті толықтыр. Әрбір термин тұсына мағынасын ажыратып жазыңыз

Shape2

5. Соғдылардың Жетісуға қоныстануы туралы пікірлерді тұжырымдаңыз

    • ______________________________________________

    • ______________________________________________

    • ______________________________________________

6. Пікірлер мен оның авторын сәйкестендіріңіз

1

В.В. БАРТОЛЬД

1- ..........

1

«Суяб қаласының батыс жағында бірнеше қала бар. Олар басқаларға тәуелсіз, бірақ түріктерге бағынышты өз билеушісі бар»

2

СЮАНЬ ЦЗЯНЬ

2- ..........

2

«Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіні жоқ»

3

МАХМУД ҚАШҒАРИ

3- ..........

3

«Араб шапқыншылығы соғдылардың Жетісуға қоныс аударуын күшейтіп жіберді»


7. VI–IX ғасырлардағы Түркі мемлекеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.

Салыстыру өлшемдері

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

Мемлекеттік құрылымы



Билеуші титулы



Тайпалық құрамы



Астаналары



Негізгі шаруашылығы



Әлсіреу себептері



8. Тарихи оқиғалардың өзара байланысын талдап, қорытынды жасаңыз.

  1. Берілген оқиғаларды оқып шығыңыз:

    • VI ғасырда Түрік қағанатының құрылуы

    • VII–VIII ғасырларда Түргеш мемлекетінің билікке келуі

    • IX–XI ғасырларда Қимақ қағанатының күшеюі

  2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Түрік қағанатының ыдырауы кейінгі мемлекеттердің құрылуына қалай әсер етті?

  2. Түргеш пен Қимақ мемлекеттері Түрік қағанатының дәстүрін қандай бағыттарда жалғастырды?

  3. Әрбір мемлекеттің әлсіреу себептері келесі мемлекеттің тарихына қалай ықпал етті?

  1. Қорытынды жасаңыз:

    • Түрік қағанатынан кейінгі мемлекеттердің дамуындағы сабақтастық пен айырмашылықты анықтап, өз ойыңызды 4–5 сөйлеммен жазыңыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
07.11.2025
81
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі