жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы
Жасақтаған: тарих пәнінің мұғалімі Баймағамбетов Ерлан Русланұлы (87012342331)
I ТАРАУ. ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАН
§ 1. Қазақстан тас дәуірінде
Тас дәуірі адамзат тарихындағы маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл кезеңде адамның, оның мүсін-кейпі мен мінез-құлқы күн көріс тіршілігі қалыптасты.
Тас дәуірі осыдан 2,5 млн. жыл бұрын басталып, б.з.д. 3 мыңжылдықта аяқталды. Ғылыми зерттеулерге қарағанда адам баласы осыдан 2 миллион жыл бұрын пайда болған. Бұл деректі археология ғылымы дәлелдеген. Археология-тарихи ескерткіштерді зерттейтін ғылым. Ең алғашқы адамның сүйегі Шығыс Африкада (Кения жерінің Олдувай шатқалы) табылды.
Адам дамуының сатылары:
1. «Епті адам» табылған жері - Африка (Кения жеріндегі Олдувай шатқалы) - 1 млн.750 мың жыл бұрын өмір сүрген.
2. «Тік жүретін адам» 1 млн жыл бұрын өмір сүрген:
а) питекантроп: табылған жері - Ява аралы (1891 жыл), Индонезия
ә) синантроп: табылған жері-Қытайдағы Чжо-коу-дянь үңгірі (1927 жыл).
3. «Неандертал адамы» табылған жері - Германиядағы Неандертал өңірі. Өзбекстанның солтүстік өңіріндегі Тесіктас үңгірі (1938 жыл).
4. «Кроманьон адамы» - Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылған.
Адам баласының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған және бұл кезең ұзақ уақытқа созылған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең - тас дәуірідеп аталған.
Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:
1. Палеолит - ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдыққа дейін).
а) Ерте палеолит (б.з.б. 2 млн. - 140 мың жж.);
ә) Орта палеолит (б.з.б. 140 - 40 мың жж.);
б) Кейінгі палеолит (б.з.б. 40 - 12 мың жж.);
2. Мезолит - орта тас дәуірі (12-5 мың жж.)
3. Неолит - жаңа тас дәуірі (5-3 мың жж.)
Палеолит дәуірі
Алғашқы адамдардың
тұрмыс-тіршілігі
Алғашқы адамдардың
баспанасы
Тастағы аң
бейнесі
Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аулайтын аңдары: бұғы, марал, жылқы, мамонт. Теретін жеміс-жидектері: жабайы алма, алмұрт, сәбіз, саңырауқұлақ, жаңғақ т.б. Бұл дәуірде адамдардың топтасып өмір сүру нәтижесінде рулық қауым қалыптасты. Адамдар тау үңгірлерін, қуыстарды баспана қылған. Өнер мен діни наным-сенім дамыды. Сол дәуірде үңгір қабырғаларына жылқы бейнесі, аң аулау сәттері көп бейнеленген. Бұл дәуір адамдарының бұрынғылардан бір ерекшелігі рухани жағынан әжептәуір жоғары болды. Үңгір қабырғаларына салынған суреттер осылай дейді. Сонымен қатар, кейінгі палеолитте еңбек құралдарының 20 шақты түрі болған. Кейінгі палеолит адамдары Қазақстанның барлық аумағынан табылады. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстандағы Ащысай тұрағы, Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағы, Қарабас көмбесі т.б.
Мезолит дәуірі
Мезолит дәуіріндегі
адамдар
Мезолит дәуірінде ауа райы күрт жылынып, мұздар еріді. Бұл кезеңде қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар түрі қалыптасты. Бірқатар жануарлар (мамонттар, мүйізтұсықтар) құрып кетті. Ірі жануарлар азайып, кішігірім аң-құстар пайда болды. Аң аулау сол кездегі адамдардың негізгі кәсібінің бірі болды. Аңшылық қарулар: жебелі садақ, бумеранг т.б. Садақты алғашында ағаштан жасаған. Жебелері де ағаш, ұштары сүйек. Жебе 80-100 метрге, күрделі жебе 450 метрге дейін жететін болған. Мезолит дәуірінде бумеранг пайда болды. Бумеранг - 100 метрге дейін ұшатын орақ тәріздес ағаш қару. Мезолит кезеңінде жебенің доғал және домалақ оқтұмсықтарын аңшылар терісі бағалы аңдарды аулау үшін қолданған. Балық аулау да жақсы дамыды. Оның себебі мұздар еріп, өзен, көлдер көбейді. Бұл дәуірде адамдар Еуропа, Азия, Америка материгін игерді. Бұл кезеңде жан-жануарларды қолға үйретіп, дәнді дақылдар өсіруді қолға алды.
Неолит дәуірі.
Неолит дәуірінің басты ерекшелігі еңбек өнімдеріне қол жеткізу. Неолит дәуірінде солтүстік-шығыс Балқашта құралдарды яшма мен кварциттен жасаған. Бұл дәуірде әйел еңбегінің маңызы артты, олар қоғамда жетекші орын ала бастады. Осылайша неолит дәуірінде аналық ру қалыптасты. Неолит дәуіріндегі тұрақтар: Сексеуіл тұрағы, Қарақұдық тұрағы. Солтүстік Қазақстанның неолиттік мәдениеті атбасарлық және маханжар болып екіге бөлінеді. Атбасар мәдениетінің тұрғындары Есіл бойының далалық өңірлеріне қоныстанып, негізінен аң аулаумен айналысқан. Ал, Маханжар мәдениетінің ескерткіштері Торғай мен Тобыл алқаптарында шоғырланған. Мұндай ұқсастықтар Еуразияның далалық алқаптарындағы тайпалардың мәдени және этникалық жағынан өзара жақын болғанын көрсетеді. Бұл кезеңде мал шаруашылығы қалыптасты. Сонымен қатар, жерлеу дәстүрінде өзгерістер болды. Атап айтсақ, қайтыс болған адамды өзі өмір сүрген тұрағында жерлеген. Адамның басын солтүстік-батысқа қаратып жерлеген. О дүниеде өмір бар деп сенген.
§ 2. Қазақстан қола дәуірінде
Қола дәуірі (б.з.д. 2-1 мыңжылдықтар). Тас дәуірі аяқталғаннан кейін, қола дәуірі басталды. Қола дәуірі деп аталуының себебі, осы кезде Еуразияда қола өндіру тәсілі дүниеге келген. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі қалыптасты, оған мал шаруашылығының егіншіліктен бөлінуі себеп болды. Қола дәуірінде бүкіл Қазақстан жерінде мал шаруашылығы жетекші салаға айналды. Тас дәуірінен кейінгі тарихи кезең - қола дәуірі аса ұзаққа созылған жоқ. Дегенмен қола дәуірі аз ғана уақытты қамтыса да ерекшеліктерге толы болды.
Қола дәуірінің үш ерекшелігін атап айтар болсақ:
1. Қола металлургиясы. Түсті металдар, оның ішінде алтын, өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстанның бірнеше өңірінде кен орындарын табылуы бұған дәлел.2. Бақташылық, мал шаруашылығы. Мал өсіру негізгі кәсіпке айналды. Үй жануарларының түрі көбейді.
3. Егіншілік. Егіншілік біршама дамыды. Металлургияның, мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы ер адамдардың қоғамдағы рөлін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастардың орнына аталық отбасылық рулық қатынас орнады.
Қола дәуірі бірнеше тарихи кезеңдерге бөлінеді:
1. Нұра кезеңі.
2.Атасу кезеңі.
3.Беғазы-Дәндібай кезеңі.
Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен орындары, тағы басқа археологиялық ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Себебі, Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1914 жылы Б.В.Грязнов ашты. Қола дәуіріндегі ежелгі қалалардың ең ескі тұрағы - Арқайым. Ол Қостанай және Шелябі облыстарының шекарасында орналасқан. Қола дәуірі тұрғындарын «мық» деп атаған. Бұл атау иран тілдес халықтарда да бар. «Мық» сөзі аласа бойлы, бірақ мығым дегенді білдіреді. Андронов мәдениетінің аумағы негізінен бүкіл Қазақстанды қамтиды. Қазақстандағы қола дәуір ескерткіші ең көп шоғырланған жер - Орталық Қазақстан. Орталық Қазақстанда Андронов мәдениетінің 30-дан аса мекені, 150-ден аса моласы табылды. Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Орталық Қазақстан жерінен қола дәуірінің теңдесі жоқ ескерткіштері - Беғазы-Дәндібай мәдениетін қазақтың біртуар ұлы, академик Ә.Х.Марғұлан ашты. Бұл аймақтан 50-ден аса қорған табылған. Андронов мәдениеті кезеңіндегі тайпалар геометриялық өрнек салуды білген. Адамдар мыс пен қалайыны қосып қорытуды үйренген. Ол б.з.д. 2 мыңжылдықта басталған.
Андроновтықтарда негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл, әрине егіншіліктің болғанын көрсетеді. Жерді тесемен өңдеген, сондықтан сол кездегі егіншілік «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсірілген. Мал шаруашылығымен қатар егіншілік андроновтықтардың негізгі кәсібі болды. Мал шаруашылығымен айналысқан қола дәуірі тайпалары қой, жылқы, сиыр малын өсірді. Қола дәуірінің тайпалары үнді-ирандық тілде сөйлеген. Андроновтықтар еуропоидті. Олардың сырт бет-бейнесін академик В.П.Алексеев зерттеген. Жекеменшік қалыптасты. Әлеуметтік теңсіздік орнады.
Андронов қолөнері: Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар ыдысты қыштан жасаған. Андронов мәдениетінің археологиялық рәмізі сырға мен алқа. Үй кәсіпшілігінде тоқыма кәсібі дамыған.
Андроновтықтардың кен өндіру әдістері:
а) Жұмсақ кен өндіргенде опыру әдісін қолданды;
ә) Қатты кен өндіргенде отпен уату әдісін пайдаланды;
б) Үңгіп қазу әдісі.
А
ндроновтықтар өндірген кенді сумен шаятын болған. Андроновтықтардың баспанасы - жертөле немесе жартылай жертөле.Діні мен өнері: Қола дәуірінің адамдары табиғат күштеріне көбірек табынды.
1. Мәйіттің басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратып жерлеген.
2.Өлікті қабірге аяқ-қолын бүгіп жатқызған.
3.Өлген адамды өртеп, қабірге оның күлін ғана қою ғұрпы да болған.
Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Ошақты қатты құрметтеген. Андронов тайпалары тасқа жабайы бұқа, бишілер, қос өркешті бактриан түйесі, екі аяқ арба, әскер шайқасы туралы суреттер көп салған. Андроновтықтарда зергерлік өнер жақсы дамыған. Әшекей бұйымдардан сақина, сырға, алтын білезік және тағы басқа түрлерін жасаған.
ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАЙПАЛЫҚ ОДАҚТАР
§ 3.Сақтар
Сақтар б.з.д. І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекендеген ежелгі тайпа. Ежелгі заманда Орта Азия өңірін мекендеген сақ тайпалары туралы тарихи деректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба деректерінде сақталған. Жалпы, сақ атауының мағынасы жайында әртүрлі пікір бар. Мысалы, «сақ» сөзінің мағынасын парсы жазбаларында «Құдыретті еркектер» деп түсіндіреді, ал Иран жазбаларында «Жүйрік атты турлар»деп атайды. Ежелгі грек авторлары сақтарды «Азиялық скифтер» деп атаған.
Сақтар батыр, жауынгер, «дұшпанға - қатал, досқа - адал» болған. Сақтар тайпалық құрамы мен мекендері жағынан мынандай топтарға бөлінеді:
|
№ |
Сақ топтарының аты |
Мекендері |
|
1 |
Теңіздің ар жағындағы сақтар (Парадария) |
Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңы, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысы. |
|
2 |
Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) |
Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу өңірлері. |
|
3 |
Хаома сусынын дайындайтын сақтар(Хаомаварга) |
Мұрғаб аңғары. |
С
Сақ патшайымы
Томирис
Сақ қоғамынан білім мен өнерді терең меңгерген белгілі тұлғалар шыққан. Соның бірі б.з.б. VI ғасырда аты аңызға айналған сақ ғұламасы Анахарсис. Геродот пен Страбон, оны «жеті ғұламаның» бірі санаған. Анахарсистан: «Басқа пәле тілден», «Татымсыз мың достан адал бір дос артық» т.б. нақыл сөздер қалған. Сақтардың қоғамдық өмірінде халық жиналысы маңызды рөл атқарды. Оған бүкіл ер азаматтар қатысқан. Ер адамдардың орны оның ру-тайпасының деңгейіне қарай анықталды.
Аң
бейнесі
Б.з.д. IV ғасырда Александр Македонский сақтармен соғысты. Парсы патшасы І Дарий сақ тайпаларын өзіне бағындыру үшін әлденеше шапқыншылық соғыс жүргізген. Дарий б.з.д. 519-518 жылдары сақтарды өзіне бағындырған. Сақ массагеттердің Томирис деген әйел патшасы болған. Томирис патшайым шамамен б.з.д. 570-520 жылдары өмір сүрген. Сондай-ақ, көне заманның тарихи жазбалары арқылы сақ патшайымы Зарина туралы да біршама деректер бізге жеткен. Грек авторы Ктесий «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп ұрысқа араласады»деп баяндайды.
С

Алтын киімді адам
ақтардың Жетісудағы тамаша ескерткіштерінің бірі – Есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адам». Ескерткішті 1969 жылы археолог К.Ақышев тапқан. Зерттеушілердің пікірі бойынша, ол б.з.д. V-ІV ғасырларға, ерте темір дәуіріне жатады. Оның жасы 17-18-де бойы 165 см шамасында. «Алтын киімді адам» сақ елінде өз заманына сай өркениеттің болғандығын дәлелдейді. Қазіргі таңда осы «Алтын киімді адам» бейнесі Қазақстанның егемендігінің рәмізіне айналып, Республика алаңында ұлттығымызды асқақтатып тұр. Ал сақ жауынгерінің бөркінде бейнеленген қанатты тұлпарлар біздің тәуелсіз Қазақстаннымыздың елтаңбасынан орын тапқан. Жалпы, сақ заманының тұрмыстық ыдыстары мен бұйымдары аң стилімен өрнектелген. Соңғы кезде зерттеушілер Қазақстанның шығыс және батыс өлкелерінен ерте көшпелілердің тамаша ескерткіштерін тапты. Олар - Берел қорғаны, Шілікті және Аралтөбе қазыналары деген атпен тарих шежіресінің бетінен орын алды.Шаруашылығы. Тарихи деректерге қарағанда, сақтар, мал шаруашылығымен айналысқан. Олар жылқы, ірі қара, қой, түйе өсірген. Сақтар өмірінде әсіресе жылқы өсіру маңызды орын алған. Батыс және Оңтүстік Қазақстанда түйе шаруашылығы дамыды. Сақтардың отырықшылығы және егіншілігі Сырдария алқабында кең тарады. Сақ қоғамында жайылымдарды және көшіп-қонатын қажетті жерлерді тайпа көсемі белгілеп беретін болған.
Діни-наным сенімдері. Сақтар діни наным-сенімдерді ерекше дәріптеген. Аң бейнелі бойтұмарлар кең тараған. Ал, қару-жараққа аң бейнесін салса, шайқаста рух береді деп сенген. Отырықшы сақтар Жерді киелі деп білді. Олардың түсінуінше, Жер-ана киелі күш иесі болып есептелді. Ал көшпелі сақтар болса күнге, отқа және өлген адамның аруағына сиынды, ол қайта тіріледі деп есептеді. Сақтар өлген адамды сәнді киім кигізіп жерлеген, өлікпен бірге қару-жарақ, тағы басқа заттарды қоса жерлеген. Кейде мінген аты да бірге көмілген. Сақтар аруақтарға арнап құрбандық шалатын болған. Сондай-ақ сақтар жынперіден сақтайтын киелі күш деп От пен Күнге табынған.
§ 4.Үйсіндер
Үйсіндер ежелден келе жатқан түркі тайпаларының бірі. Сондай-ақ, қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады. Жазба деректерде б.з.д. І ғасырда үйсін халқының саны 630 мың болған делінген. Мұның өзі олардың іргелі ел болғанын дәлелдейді. Үйсіндердің жайлаулары мен қыстаулары Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында болған. Іле, Талас өзендері бойында егіншілік өркендеген. Мемлекеттің астанасы Қызыл Аңғар (Чигучен) қаласы. Ол қала қазіргі Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағасында орын тепкен. Жетісудағы тиграхауд сақтардың орнын кейін үйсін тайпалары мекендеді. Үйсіндердің территориясы: батыста Шу, Талас өзендерін, шығыста Тянь-Шань тауларының шығыс бөлігін, ал солтүстікте Балқаш көлінен бастап, Оңтүстікте Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өңірді қамтыды.
Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулының атауы Гуньмо (Күнби) деп аталды. Үйсіндерде жерге, малға жеке меншік қалыптаса бастады. Мұның өзі мемлекеттің пайда бола бастауының белгілері еді. Әскербасшылар мен басқа да билік басындағы адамдардың алтыннан, мыстан жасалған мөрлері болды. Олардан кішірек басшылардың да мөрі болған. Бірақ олардың көбі тастан, күйдірілген саз балшықтан жасалды.
Үйсіндер жайлы ежелгі




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген