400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақстан тарихы пәнінен олимпиадаға дайындау". Авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарлама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы Балқаш қаласы «С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясы» КММ











Бағдарлама атауы: «Қазақстан тарихы пәнінен олимпиадаға дайындау»

Бағдарлама авторы: тарих пәні мұғалімі Карибжанов Ержан Турарович

































Балқаш 2018









Түсінік хат

«...Туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені - өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте болмайды. Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз...»

ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан.

Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өз болмысын таныта алатын дарынды жеке тұлға қалыптастыру маңызды міндет болып отыр. Сондықтан, зерттеушілер өркениетке жетудің жолын әр адамның шығармашылық, қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстырады. Прогресске ұмтылған демократиялық мемлекет үшін аумалы-төкпелі күрделі өмірде адамдардың өзін-өзі көрсетуіне, өзгелердің пікіріне байланбай, шешім қабылдау үшін өзіне жауапкершілік ала білуіне дайын болуы аса маңызды. Бұл міндетті жүзеге асыруда Қазақстан тарихын оқытудың орны зор. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескеру, оқытудың іс-әрекеттілік мәнділігін арттыру, білімнің шығармашылық бағытталуын күшейту, оқу материалдарының мазмұнын оқушының өмір тәжірибесіне жақындату, оның өз бетінше оқу және ізденушілік қызметін кеңейтетін жағдайлар туғызу-білім сапасын арттырудың пәрменді тәсілдері болып саналады. Осыған орай, " Қазақстан тарихы пәнінен олимпиадаға дайындау " атты қолданбалы курсы жоғары сынып оқушыларына арналып отыр.

Курстың мақсаты: оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан тарихы пәні бойынша алған білімдерін тереңдетіп, одан әрі білімдерін жетілдіруде күрделі құрылымды олимпиадалық тапсырмаларды орындау жолын қарастыру және жүйелі түрде орындау.

Міндеттері: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; оқушылардың өз қызметтерін жоспарлап, өзіндік жұмыс жасай білуге баулу; оқушыларда тарихты оқып үйренудегі көпөлшемділігі және тарихи процесстің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік беру; оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдануы; тарихи деректермен жұмыс істеу; тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру; Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Методология: модульдік технология бойынша блоктап оқыту, БжС технологиясы, кредиттік оқыту технологиясы, деңгейлеп оқыту, дамыта және үйрете оқыту, топтық және жекеленген жұмыстар, т.б.

Күтілетін нәтиже: оқушы курс соңында, Қазақстан тарихының аса маңызды кезеңдерін, ғылыми мәселелерін атай алады; негізгі тарихи кезеңдердің хронологиялық шегін біледі; Қазақстан тарихының негізгі ғылыми мәселелерінің зерттелу жайы, ондағы түрлі көзқарастар туралы түсінігі болады; тарихи оқиғаларды салыстыра алады, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады; олардың себептерін анықтайды, ұқсас оқиғалар мен фактілердің хронологиялық, синхрондық кестелерін жасай алады; тарихи картадан түрлі тарихи кезеңдердегі Қазақстан территориясында болған өзгерістерді, онымен шектесетін мемлекеттер шекараларын, тарихи-географиялық орындарды көрсетіп береді; өзіне берілген тапсырма бойынша архив орындарында тарихи құжаттармен, кітапханалардағы каталог-карточкалармен, мұражайлардағы мұрағаттармен өздігінше жұмыс істеп, оның нәтижесін керекті жағдайларда пайдалана алады; тарихи оқиғалар туралы түрлі көзқарастарға өз пікірін білдіреді, оны дәлелдейді, әр түрлі пікірталастарға қатысады; қазіргі қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, т.б. проблемаларды талдауға тарихи білімдерін еркін қолдана алады; Қазақстан тарихы пәнінен олимпиадаларға қатысып, берілген тапсырмаларды дұрыс орындайды, алған білімдерін тек мектеп қабырғасында емес болашақ өмірлерінде де қолданады.































Күнтізбелік- тақырыптық жоспар (сағат саны: 68 аптасына 2 сағат)

р/с

тақырыбы

сағат саны

мерзімі


1



2


3


4




5



6

7






8





9


10

11

12


13

14


15


16








17




18




19





20

21

22

23




24


25



26










27



28


29






30




31



32






33




34




35




36





37




38


39


40

41


42


43





44




45


46


47











48


49




50



51



52






53


54



55



56




57








58




59




60




61




62




63





64










65



66






67





68

Кіріспе.

Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаты мен міндеттері.

Қазақстан тарихы курсы пәні және міндеттері.

Қазақстан тарихын дәуірлеу.

Қазақстан тарихының аса маңызды мәселелері.

Қазақстанның ежелгі тарихы.

Қазақстан территориясындағы ерте дәуір.

Қола дәуірі.

Қазақстан территориясындағы тайпалар одақтары мен ежелгі мемлекеттер: сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар

Қайталау.

Ерте және дамыған ортағасырлық мемлекеттер. (VI – XIII ғғ. басы)

Түрік және Батыс түрік қағанаттары.

Түргештер, қарлұқтар.

Оғыз мемлекеті.

Қимақ пен Қыпшақ мемлекеттері.

Наймандар. Керейлер.

Қарахан мемлекеті. Қидандар.

Қыпшақ хандығы (ХI басы – 1219 ж.)

Қайталау

Қазақстан Моңғол

жаулаушылығы кезінде (XIII ғ.). Алтын Орда(1243ж. – XVғ. ортасы). XIV – XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер.

Шыңғысханның Қазақстан мен Орта Азия территорияларын жаулауы.

Ұлыстардың құрылуы. Алтын Орда (1243ж. – XV ғ. ортасы).

XIV – XV ғғ. Ортағасырлық мемлекеттер.

Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.

Қазақ халқының құрылуы.

«Қазақ» этнонимі.

Қазақ жүздері.

Қайталау.

XV – XVIII ғғ. басындағы Қазақ хандығы.

Қазақ халқының құрылуы және нығаюы.

XVI ғ. екінші жартысындағы Қазақ хандығы.

XVII ғ. мен XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік, экономикалық және саяси хал-ахуалы.

Қазақстан мен Ресей жаңа заман жағдайында.

Қазақстандағы отаршылдық дәуірдің басталуы.

XVII - XVIII ғғ. басындағы қазақ-жоңғар соғыстары.

«Ақтабан шұбырынды ...» жылдары.

Қазақстан Ресейге бодандыққа түсуінің экономикалық және саяси алғышарттары.

Қазақ жүздерінің Ресей бодандығын қабылдауы.

Қазақстандағы Ресей патшалығының отаршылдық саясатының басталуы.

Қазақ халқының халық – азаттық қозғалыстары. (1731 - 1837)

Қайталау

XIX – XX ғғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуы.

XIX – XX ғғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуы.

1905 – 1907 жж. Орыс революциясы және оның Қазақстанға тигізген әсері.

Халық азаматтық қозғалыстағы қазақ интеллигенциясының рөлі.

1917 ж. Ақпан буржуазиялық – демократиялық эволюциясы кезіндегі Қазақстан.

Қайталау.

Қазақстан мәдениеті(XVIII-XX ғғ. басы).

Қазақстандағы халық білімін дамыту.

Өлкені ғылыми зерттеу және Қазақстан ғылыми.

Қазақтың жазба әдебиеті.

Қазақ халқының сөз өнерінің мұралары.

Қазақтардың материалдық мәдениеті.

Қайталау.

1917 ж. Қазан төңкерісі және оның алғышарттары. Азамат соғысы. Халық қасіреті.

1917 ж. Қазан төңкерісі. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы және оның ерекшеліктері.

Қазақ өлкесіндегі саяси-әлеуметтік хал-ахуал.

Қазақстан Азамат соғысы жылдары (1918-1920жж.)

Қайталау.

Өлкедегі Кеңестік мемлекеттіліктің құрылуы: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру- Қазақстан шаруаларының қасіреті. Индустрияландыру: сипаты, қарқыны, масштабы.

Қазақстандағы ЖЭС кезеңі.

1926-1940 жж. Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

1920-1930жж. Қазақстандағы мәдени құрылыстар.

Сталиндік тоталитарлық тәртіптің жаппай қуғын-сүргіні.

Қайталау.

Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезінде. Қазақстан кейінгі жылдарда(1946-1953 жж.)

Соғыстың басталуы мен сипаты.

Қазақстанда соғыс жағдайына байланысты қайта құру.

Ұлы Отын соғысы майдандарындағы қазақстандықтар.

Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда

(1946-1953 жж.)

Қайталау.

Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында(1953-1964 жж.). Қазақстан 1960 ж. Екінші жартысы мен 1980 ж. бірінші жартысында.

XX ғ. 50-60 жж. Қазақстандық қоғамдық саяси және экономикалық жағдайы.

XX ғ. 70-80 жж. Қазақстан дамуындағы қарама-қайшылықтар мен қиыншылықтар.

Қайталау.

Қазақстандағы «Қайта қүру» саясаты (1985-1991 жж.)

КОКП ОК 1985 ж. Сәуір Пленумы. Горбачевтік қайта құру: мәні мен негізгі кезеңдері.

1986 ж. Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы: себептері, сипаты, салдары.

Кеңестік саяси жүйені реформалау. «Тіл туралы заң». «1990 ж. Мемлекеттік егеменділік туралы Декларация».

Қоғамдық-саяси партиялар мен қозғалыстардың дамуы.

Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан Республикасы Мемлекетінің құрылуы. Экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы. Сыртқы саясаты.

КСРО-ның ыдырауы және егеменді тәуелсіз мемлекеттердің орнығуы.

Қазіргі Қазақстанның дамуындағы жаңа экономикалық тенденциялар.

Жаңа саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылуы.

Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты: экономикалық, қоғамдық саяси, рухани дамуы.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев – Ұлт лидері.



1



1


1


1




1



1

1






1





1


1

1

1


1

1


1


1








1




1




1





1

1

1

1




1


1



1










1



1


1






1




1



1






1




1




1




1





1




1


1


1

1


1


1





1




1


1


1











1


1




1



1



1






1


1



1



1




1








1




1




1




1




1




1





1










1



1






1





1
























Білім мазмұны

Кіріспе

Қазақстан тас ғасырында

Тас ғасырын дәуірлерге бөлу . Адамның пайда болуы және даму эволюциясы .Төменгі орта кейнгі палеолит . Құралды пайдалану . Әлеуметтік ұйымдардың формалары және олардың қалыптасуы . Ертедегі тұрақтар . Мезолит дәуірі. Неолит мәдениеті. неолит дәуірі адамдарының кәсібі. Рулық құрылыстың дамуы . Энеолит Ботай мәдениеті



Қазақстан қола дәуірінде

Б. З. б екінші мыңжылдықтың бас кезінде қола қорытуға көшу . Орталық Қазақстан ертедегі металлургия орталығы. Андронов мәдениеті Петров ,Алакөл,федоров мәдениеттері мал шаруашылығы мен егіншілік қоныстар,обалар,және жерлеу дәстүрі.Кейінгі қола дәуіріндегі Дәндібай-Беғазы мәдениеті. Мал бағу шаруашылығы Әлеуметтік дифференциация типі . Біздің өлке Ежелгі Қазақстан дәуірінде



Қазақстан территориясындагы тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттер

Тайпа одақтары мен ежелгі мемлекеттік бірлестіктер туралы деректемелік негіздер. Археологиялық деректемелер Қытай ,ертедегі парсы,грек ,рим деректемелері . Тарихтың атасы Геродот Қазақстанды мекендеген тайпалар туралы . Сақ философы Анархасистің әлемдік философиялық ой кешу үрдісіндегі орны. Осы кезеңнің тарихи әдебиеттердегі зерттелу дәрәжесі

Қазақстан ерте темір дәуірінде

Ерте темір ғасыры. Көшпенді шаруашылыққа ауысу және темір металлургиясы. Қазақстан территориясын ерте темір дәуірінде мекендеген тайпалар халықтың шаруашылық өмірі Археологиялық ескерткіштер

Сақ-сармат дәуіріндегі Қазақстан

Скиф-сақ әлеміндегі тайпалар тағдыры . Теңіздін аржағындағы смақтар,хаомавар сақтары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер. Орталық Қазақстандағы Тасмола идеологиясы . Антропологиялық бейнесі.

Қазақстан территориясындағы ертедегі мемлекеттер

Үйсін мемлекеті. Орналасуы. Этногенез жәнеэтникалық тарихы. Әлеуметтік-саяси ұйымдар. Үйсіндердің алыс-жақын елдермен қарым-қатынасы. Қаңлылар.Территориясы, орналасуы. Олардың көршілермен қарым-қатынасы. Шаруашылығы. Сырдария бойындағы археологиялық ескерткіштер.

Ғұндар туралы ертедегі Қытай деректері.Б.з.б. III-I ғасырлардағы ғұндардың этникалық территориясы. Көршілермен қарым-қатынасы. Ғұндардың Мөде тұсында өрлеуі.Ғұндардың оңтүстік,солтүстік болып бөлінуі. Ғұндар Жетісуда. Б.з. бас кезінде ғұндардың Қазақстанға қоныс аударуы.Көшпенді мал шаруашылығы- ғұн қоғамының экономикалық негізі. Ғұндардың қалалары.Егін шаруашылығы. Әлеуметтік құрылысы. Материалдық мәдениеті. Әскери ісі. Ғұндардың батысқа қарай қозғалуы. Ғұндар Еуропада.Ғұндар және халықтардың ұлы қоныс аударуы.

Біздің өлке б.з. I-V Ғасырларында.

Қазақ халқының қалыптасуы / этногенезі /

Мәселенің зерттелу жайы. Негізгі деректер.Қазақ халқының қалыптасу кезеңі.Негізгі кезеңдері. Түркі халықтарының түп төркіні.Көне түркілер. Қазақстан аумағындағы Батыс-түрік, түркеш,қарлұқ,оғыз,қимақ мемлекеттері. Қыпшақтардың шығу тегі және әуелгі тарихы. Түрік, түрік-оғыз тайпаларымен қарым-қатынасы, Дешті-Қыпшақ, Қазақ халқының қалыптасуының басталуы. Қазақ халқының негізін құрған тайпалар қыпшақ мемлекеттік бірлестігінің құрамында. Қазақ хандығының құрылуы-қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы.Этнос термині туралы. Ру тайпалық құрамы.Қазақ жүздері. Қазақ этнонимнің шығуы. Қазақ халқының антропологиялық типі.Тілдік сипаты.

Көшпелілер немесе Дала өркениеті / Көшпелі қоғам эволюциясы /

Проблеманың зерттеу жайы. Көшпелілер – дала өркениеті туралы ғылымдағы соңғы көзқарас.Қазақстан тарихында номадизмніңалатын орны мен рөлі. Көшпелі өмір салтының қазақ халқының генезисіне тигізілген әсері. Көшпелі қоғамның өзіне тән шаруашылық жүргізу әдістері,әскери өнері,басшы беделі,далалық әскери демакратиялық ерекшне ел билеу жуйесі. Материалдық және рухани медени мұралар.Зорастризи мен ислам сияқты әлем діндерінің өмерге келуі. Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс.Қалалар мен дала мәдениеті-көшпелі және отырықшы өркениетерді жақындастыратын көпір.Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі.

Қазақстан территориясында мемлекеттіліктің пайда болуы,дамуы,қалыптасуы

Мәселенің зерттелу тарихынан. Проблеманы зерттеп қорытындылаудағы бұрмалаушылықтар.Көшпелі қоғамдық мемлеккеттілігінің пайда болуы,дамуы,құрылымы. Қазақ мемлекеттігінің туу тарихынан. Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Әуелгі ортағасырлық көшпелі империялар : құрылуы,дамуы,ыдырауы.XIV – XV ғасырлардағы жеке хандықтардың дамуы, ерекшелігі және олардың саяси- әлеуметтік құрылымына моңғол феноменінің тигізген әсері. Қазақ хандығының құрылуы- қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихының заңды нәтижесі. Саяси тарихы. Қазақ хандары ұстаған саясаттың негізгі бағыттары. Хандық мемлекеттегі басқару жүйесі. Хандық билік . «Ұлыстық» құрылымы .Әлеуметтік құрылымы. «Ақ сүйек» және «Қара сүйек»институттары. Құқық және сот жүйесі. Жеті жарғы. Меншік мәселесі. Салықтар мен міндеткерліктер түрлері.

Көшпелілірдің рухани мадениеті. Қазақ даласының даналары.

Рухани мәдениеттің даму ерекшеліктері . Негізгі бағыттары. Тіл мен жазу. Ежелгі жазба ескерткіштері / түрік, соғда, араб./ Ғылым мен адебиет. Әл –Фараби, Жүсіп Баласағұн,Махмұд Қашғари , Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы ,Мұхамед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри. Ауызша шығармашылық. Ақындар мен жыраулар. Асан-қайғы ,Қазтуған ,Сыпыра,Доспамбет жыраулар. Эпикалық аңыздар. Музыка өнер. Қолданбалы өнер. Ұлттық салт-дәстүрлер,әдет-ғұрыптар. Ұлттық ойындар. Дін. Наным-сенімдер . Ұлы Жібек жолының мәдениет дамуындағы алатын орны .

Қазақстан Ресей империясының қол астында

Ғылыми проблеманың зерттелу жайы. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталуы. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы . Әбілқайыр хан жоспары және оны жузеге асыру.1731 жылғы жарлық. Тевкелев елшілігі. Ресейге қосылуды жақтаушылар мен қарсыласушылар. Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейге қосылуы. Қазақ жерлерін біріктіру мақсатындағы Абылай хан күресі. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды Ресейдің жаулап алуы.

Қазақстан – Ресей империясының шикізат базасы. Металлогенді провинциясы. Қазақстанның табиғат байлықтарын игеру және елден тыс жерге шығару. Қазақстандағы капиталистік қатынастардың енуі. Жәрмеңкелер. Қазақстандағы патша өкіметінің реформаторлық саясатының эволюциясы. Қазақстанға Ресейдің әкімшілік саяси басқару жүйесінің енгізілуі. 1822, 1824 жылдардағы.«Жарғылар» 1867-68 жылдары,1884,1891 жылдардағы «Ережелер».

Патшалық Ресейдің Қазақстанда жүргізгін көшіп-қондыру саясаты. Қазақ әскері мен орыс шаруаларын қоныстандыру. Қазақтардың шұрайлы жерлерін тартып алу, Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы Орыс мектептердің ашылуы,орыс миссонерлерінің қызметі. Орыс демократиялық өкілдері Қазақстанда.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күрес

Жоңғар хандығының құрылуы, оның басқыншылық саясаты. Қазақ-жоңғар қатынастары. Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі, Орбұлақ шайқасы.Қарақұмдағы құрылтай. «Ақтабан шұбырынды...». Жоңғар шапқыншылығына қарсы бүкілхалықтық Отан соғысының жеңісін ұйымдастырушылар:хандар- Тәуке, Әбілқайыр, Абылай, батырлар- Қанжығалы Бөгенбай,Қаракерей Қабанбай, Наурызбай Құтпанбетұлы; билер-Төле Әлібекұлы, Қазыбек Келдібекұлы, Әйтеке Бәйбекұлы, Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудың тарихи маңызы.

Қазақ халқының Ресейдің отаршылдық үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы (ХҮІІІ-ХХ ғасырлар)

Ұлт-азаттық қозғалыстардың ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері.Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. Көтерілістің басталуы, оның себептері. Сырым Датұлы көрнекті қайраткер, көтеріліс басшысы, әрі белгілі би.Көтерілістің негізгі оқиғалары, жеңілу себептері, тарихи маңызы.

Кенесары Қасымұлының басшылығымен болған халық-азаттық қозғалыс

Халық-азаттық қозғалыстың алғышарттары және себептері. Азаттық қозғалысының мақсаты, сипаты және қозғаушы күштері. Кенесары Қасымұлының азаттық қозғалысының қолбасшысы, әрі батыры саясатшы-мәмілегер.Көтерілістің басталуы, етек алуы. Кенесары хандығы, оның мемлекет ретіндегі ерекшеліктері. Көтерілістің оқиғалары. Патша өкіметінің көтерілісті тұншықтыруға жасаған әрекеті. Азаттық жолындағы қозғалыстың жеңілу себептері. К.Қасымұлы бастаған халық-азаттық қозғалысының тарихи маңызы.

ХIX ғасырдың 50-70 жылдарындағы және ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыстар

Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісі. 1867-1868 жылдары Орал мен Торғай облыстарындағы көтерілістер.1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс.ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың жалғасуы. 1905-1907 жылдардағы революция кезіндегі шаруалар, жұмысшылар қозғалыстары.

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

1916 жылғы көтерілістің алғышарттары, себептері. Көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты, басталуының сылтауы. Көтерілістің басталуы, оның көрнекті басшылары мен батырлары. Жанбосынов Әбдіғафар, Амангеллі Иманов, Мәмбетов Жәмеңке, Саурықов Ұзақ, Әшекeeв Бекболат , Көкімбайұлы Кейкі т.б.Қарулы көтеріліс туралы түрлі пікір-көзқарастар.

Көтерелістің барасы, оның негізгі ошақтары. Көрші елдерге әсері, оларда 1916 жылы болған көтеріліс оқиғалары. Көтерілістің жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары. Патша өкіметінің жазалаушы әскерінің бейбіт халыққа көрсеткен зорлық-зомбылықтары.Мыңдаған бейбіт тұрғын халықтың алыс-жақын шетелдерге қоныс аударуы. Көтерілістің тарихи маңызы.

1929-1931 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыс

Қазақстандағы 1929-1931 жылдардағы азаттық қозғалысының алғышарттары, қозғалыстың сипаты. Қозғалыстың негізгі ошақтары. 1929 жылғы көтерілістер, негізгі оқиғалары, олардың басшылары. 1930 жылғы көтерілістер, олардың ірі орталықтары, басшылары. 1931 жылғы көтерілістер, олардың қамтыған аймақтары, басшылары. Кеңес өкіметінің жазалаушы әскерлерінің 1929-1931 жылдардағы азаттық жолындағы халық-азаттық қозғалысты қатыгездікпен басып-жанушы. Қарапайым халықты қырғынға ұшыратуы. Мыңдаған жергілікті халықтың шетелдерге қоныс аударуы.

ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы наразылықтар, көтерілістер, қозғалыстар

ХХ ғасырдың 20-80 жылдары аралығында болған әртүрлі толқулар мен көтерілістердің негізгі себептері, алғышарттары, сипаты, қозғаушы күштері.

1940-1941 жылдардағы “Қазақ халқын қорғаушылар одағы”. 1959 жылғы Теміртау қаласында болған оқиғалар.Кеңес одағы Коммунистік партиясының Қазақстанда “Неміс автономиясын” құрмақ болған әрекетіне қарсы 1979 жылы Ақмола т.б. қалаларда болған ереуілдер мен толқулар.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары.Алматы қаласындағы басталған Желтоқсан оқиғаларының себептері, басталуға түрткі болған сылтау. Оқиғалардың сипаты, қозғашуы күштері.17-18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғалар, олардың басқа қалаларға әсері. Кеңес Одағы Коммунистік партиясы мен Үкіметінің жастардың бейбіт шеруін қарудың күшімен басып-жанушы. Желтоқсан оқиғаларының салдары. Желтоқсан оқиғаларының Қайрат Рысқұлбеков және басқа да жас батырлары. Желтоқсан оқиғаларының тарихи маңызы.

1989 жылғы Жаңаөзен қаласындағы көтеріліс.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық және қоғамдық-саяси , мәдени жағдайы.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) жылдарында

20-жылдардың бас кезіндегі ауыл шаруашылығының жағдайы. Халықтың хал-ахуалы , әлеуметтік тұрмысы. Жаңа экономикалық саясатқа көшу қажеттігі, оның ерекшеліктері және қиындықтары. Жер-су реформалары. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижесі.

Қазақстанның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

Ұжымдастыру қарсаңындағы қазақ ауылының жағдайы. Шаруаларды жаппай ұжымдастыру және отырықшыландыру. Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде кеткен асыра сілтеушіліктер, зорлық-зомбылықтар. 1931-1932 жылдардағы қуаңшылық және ашаршылық. Жергілікті тұрғын халықтың мыңдаған отбасыларының республикадан тыс жерлерге қоныс аударуы. Ауылдық жерлерде жасалған зорлық-зомбылықтарға қарсы наразылықтар, көтерілістер. Ұжымдастыру қорытындылары.

Қазақстан өнеркәсібінің даму сипаты

Өнеркәсіп саласында орын алған алғашқы қиындықтар.Өнеркәсіпті қалпына келтіру шаралары, олардың саланы жақсартуға тигізген ықпалы. Қазақстан өнеркәсібін дамытудың жаңа кезеңі. Қазақстан жұмысшы табының қалыптасуы. Өнеркәсіп саласының озаттары мен жаңашылдары. Өнеркәсіпті дамытудағы сыңаржақтылық саясаттың салдары.

Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі

20 жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің сипаты. Республикада партия мен комсомолдың орталық органдарының құрылуы. Ғани Мұратбаев. Ауылдық жерлерде мәдени-көпшілік жұмыстарының өрістеуі. Республика партия ұйымының бірінші басшылығына Ф.И.Голощекиннің келуі және ұлт саясаты бұрмалауының запдаптары.Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы.

20-30 жылдардағы Қазақстан мәдениеті

Осы кезеңдегі Қазақстан мәдениетінің жалпы сипаттамасы. Ересек адамдардың сауатсыздығын жою. Халыққа білім бері ісінің дамуы.Кәсіптік білім берудің жайы.Ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуы.Әдебиеттің дамуы. Қазақ өнерінің гүлденуі. Мәдениетті дамытуда кездескен қиындықтар мен нәубеттер.Осы кезеңде мәдениетті дамытуға үлес қосқан көрнекті қайраткерлер зерттелу жайы. Қазақ диаспорасының пайда болу тарихы. ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметі аграрлық реформасының қазақ диаспорасының ұлғаюына әсері. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың қазақ диаспорасын одан әрі кеңейтуі. Қазан төңкерісі мен азамат соғысы кезіндегі Қазақ диаспорасы.

ТМД елдеріндегі қазақтар, олардың Тәуелсіз Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасы. Дүние жүзі қазақтарының I,II Құрылтайлары. Шетелдегі қазақтардың өз отанына оралу проблемасы.


ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси партилар мен

ағымдар


Қазан революциясы қарсаңындағы Қазақстандағы саяси партиялар

Ресейде әртүрлі патриялардың пайда болуы. Қазақстандағы бұқаралық ұйымдар. Жастар қозғалыстары және жастар ұйымдары, олардығ қызметі. Алаш партиясының құрылуы, оның тратегиясы мен тактикасы. “Қазақ” газетінің қызметі. Алашорда автономиясы. “Үш жүз” партиясының құрылуы, оның бағдарламасы.


Қазақстан халқының этнографиясы

“Этнография” ғылымы. Этнос тілінің орны. Мәдениет. Тұрғын үй. Ұлттық киім. Ұлттық тағам. Ыдыс-аяқ. Қару-жарақ. Қолданбалы өнер және оның салалары. Қолөнер. Сәулет ескерткіштері. Халық күнтізбесі.


Кеңес дәуірінің алғашқы кезіндегі этно-демографиялық ахуал

20-30 жылдардағы этно-демографиялық ахуал. Қоныстандыру саясаты. Отарлау саясатының этно-демографиялық жағдайға әсері.

Кеңес өкіметінің көш-қон саясаты. Жер мәселесі. Кеңес

өкіметінің Қазақстанға қоныс аударуға кең жол ашуы. Бірінші жалпыхлықтық санақ. Қазақстан лагерлер өлкесі.


Тәуелсіз Қаақстан Республикасы (1991-2018 жылдар)

Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси саласындағы өзгерістер

Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі. Мемлекеттік құрылымы. Мемлекеттік символдары. Астана-Қазақстанның жаңа астанасы. Мемлекеттік тіл. Бұқаралық ақпарат құралдары. Елдегі саяси тұрақтылық негіздері. Саяси партиялар мен қозғалыстар.

Тәуелсіз Қазақстанның экономикасы(1991-2018 жылдар)

Экономикалық тоқырау және оның зардаптары. Нарықтық экономиканың Қазақстандық моделі. Жекешелендіру-экономикалық реформаның маңызды бағыттарының бірі. Шағын және орта бизнес. Өнеркәсіптің сипаты мен оның даму болашағы. Республика экономикасын дамытудағы мұнай мен газдың рөлі және даму келешегі. Инвестициялық саясат. 2000 жылдан басталған Қазақстан экономикасындағы жетістіктер.

Қазақстанның дүниежүзілік ұйымдармен, шетелдермен экономикалық қарым-қатынасы.

Қазақстан-дүниежүзілік беделді ұйымдардың мүшесі. Қазақстанның шетке шығаратын және шетелдерден әкелетін тауарлары. Шетелдермен экономикалық байланыстарды барынша дамытып отырған белгілі шет елдер мен компаниялар.


Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық жағдайы

Кеңес үкіметі тұсындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының сипаты. Қазақстанның геосаяси жағдайы және дүниежүзілік халықаралық саясаттағы орны. Тәуелсіз Қазақстанды дүние жүзінің тануы.

Қазіргі Қазақстан ұстанған сыртқы саясаттың негізгі сипатты

белгілері.Тәуелсіз Қазақстанның дүниежүзілік халықаралық саясаттағы орны.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары . Қазақстанның - бүкіл әлемдік қоғамдастықтағы орны төрағалық етуде.

Курс бойына қорытынды(каникул және жазғы демалыста берілетін тапсырмалар)


















































Глоссарий

Адаптация-қалыптасқан жағдайда бейімделу.

Акционер-(фр.-actionaire- владелец акций)-акция иесі.

Бизнес – (ағылш.business)-бизнес, табыскер.

Гулаг-Лагерьлер Бас Басқармасы.

Декрарация-мемлекеттер, үкіметтер, партиялар, ұйымдар атынын жасалатын мәлімдеме; негізгі ұстанымдары ресми түрде жариялау, сондай-ақ олар баяндалған құжаттардың жалпы атауы.

Демография(грекше демос — халық) —халықтың саның, құрылымын, өсуін зерттейтін ғылым.

Депортация –(лат. Deportation-изгнание, высылка)-биліктің нұсқауымен жеке адамдардың,халықтың еріксіз,күшпен жер аударылуы.

Диаспора-өз отанынан алыс елдерде қоныстанған халықтар.

Демобилизация-әскери қызметкерлерді міндетті қызметтен босату, не отставкаға, резервке шығару.

Дефитцит-тапшылық , жетімсіздік.

Диверсификация- өнім түрлерінің, көрсетілген қызмет түрлерінің,т.б. ұлғайтылуы, өзгертілуі.

Жарлық-әмір, бұйрық.

Жекешелендіру-мемлекеттің өз құқығын жеке қызметін толықтай немесе ішінара жек тұлғаларға,ұжымға,жергілікті қоғамдық атқарушыморгандарға беруі.

Жұт- ауа-райының қолайсыздығынан малдың жаппай қырылуы.

Ирредента-босатылмаған,азат етілмеген(жер).

Индустрияландыру- ірі машиналық өндірісті құру үдерісі,экономикадағы өнеркәсіп өндірісі үлесінің ұлғайтылуы.

Интеллегенция-ғылым мен мәдениеттің түрлі салаларында арнайы білімі бар, оқыған, ой-еңбегінің қызметкері.

Интервенция-бір немесе бірнеше елдің басқа бір елдің ішкі істеріне зорлықпен қол сұғуы.

Оралман-шетелдерден өз еліне оралған адамдар.

Кадет-жабық әскери орнының тәрбиеленушісі.

Квалификация-белгілі бір еңбек түрі жарамдылық деңгейі.

Комсомол-Коммунистік жастар одағы.

Конгломерат-әртүрлі заттардың ретсіз жинағынан құралған механикалық қосынды.

Концепция-тұжырымдама, белгілі бір мәселеге немесе құбылысқа қатысты көзқарастар жүйесі.

Конфискация – сот үкімінің қаулысына сәйкес мемлекет пайдасына жеке мүліктің тіркеленуі.

Кооперация-ортақ мақсатты жүзеге асыру үшін адамдардың өзара бірігіп жұмыс істеуі.

Купон – бағалы қағаздардың кесіп алынатын талоны.

Құрылтай-1) жаңа ұйымды құру жиналысы;2) съезд.

Карлаг-Қарғанды лагерьлер басқармасы.

Ликвидация-белгілі бір ұйымның жұмысын тоқтату.

Маргинал-қалыптасқан әлеуметтік шеңберге, тұрақты әлеуметтік институттарда жікке,топқа жату белгілерін жоғалтқан, олардың арасындағы жеке жағдайдағы адамдар.

Мәмлегер-елді келісімге шақыратын,білімдар ,ақылгөй,бітімші.

Мәжіліс--Қазақстан парламентінің төменгі палатасы.

Метрополия-басқа елдерді басып алып, отарлап билеуші,қанаушы империялистік мемлекет.

Миграция-халықтың қоныс аударуы.

Мобилизация-мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру.

Облигация-құнды қағаз,сол арқылы өз иленушісіне осы қағаздың өзіндік құнын үстемеақша ретінде кіріс кіргізіп отырады.

Радикализм-терең,батыл шаралар қолдану әрекеті. Мәмлеге келмейтін саяси ұймдар тобы .

Рационализация-өндіріс үдерісін ақсарту.жетілдіру,арзандату мақсатымен қолданылатын шаралардың жиынтығы.

Референдум- мемлекеттік құқықта сайланушылар корпусының конституциялық заңдылық және ішкі сыртқы бойынша түпкілікті шешім қабылдату.

Реабилитация-тағылған айыпты жоққа шығару,сот арқылы ақтап, заңды құқығын қайтару.

Репрессия-мемлекеттік органдар қолданатын жазалау шарасы.

Ресурстар-кез келген заттың қоры, қайнар көзі.

Реформа-қайта құру, өзгерту қайта жасау.

Саботаж-өндірістік жұмысқа әдейі кедергі келтіру.

Сенат-1)Ежелгі Римде жоғары мемлекеттік органдардың бірі;2)Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасы болып табылады.

Степлаг-далалық лагерьлер Басқармасы.

Тәркілеу-мүлікті,т.б, қазына есебіне тіркеу.

Террор-лаңкестік.

Трест-бір немесе бірнеше сала кәсіпорындарының өндірістік және коммерциялық дербестігін жоя отырып құрылған монополиялық бірлестігі.

Унитарлы-құрамында федеративті құрылымдары болмайтын мемлекеттік құрылыс формасы.

Ұжымдастыру- шағын шаруа шаруашалықтың ірі ұжымдық шаруашылыққа біріктіру.

Шовинизм-ұлтшылдық саясаттың бір бағыты.

Экспанция-басқа елдерге ықпал етуді кеңейтуге,нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Энтузиазм-құлшыныс,ықылас

Эрозия-белгілі бір нәрсенің беткі қабатының бүлінуі.

Этнография-  әлем халықтарының құрамын,шығу тегін,қоныстануын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін ғылым.









Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • 6,7,8,9,10,11- сыныптарға арналған Қазақстан тарих оқулықтары..

  • Жаңартылған оқу бағдарламасына сай жазылған жаңа буын оқулықтары.Қазақстан тарихы 5,6,7,8-сыныптар.

  • Абылгожин Ж.Б. Традиционная сруктура Казахстана. Алматы-Ата,1991.

  • Абдакимиов А. История Казахстана. Алма-Ата,2002.

  • Аджиев М.Полынь Половецкого поля. Москва, 1994.

  • Аққошқаров Е. Қазақ тарихынан. Алматы, 1997.

  • Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. Алматы,1996.

  • Алматы. 1986. Желтоқсан . Авторлар Коллетиві. Алматы, 1992.

  • Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы.XIXв. Алма-Ата, 1992.

  • Гумилев Л. Көне түріктер. Алматы,1994.

  • Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. Алматы, 2017.

  • Есенберлин І. Шыңғысхан- Әлем сілкіндірушісі.Алматы, 2001.

  • Есмаханбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде. Алматы, 2001.

  • Ежелгі Қазақстан . Энциклопедия. Алматы, 2002.

  • Жақыпов А.Хан батыр Қабанбай. Алматы, 2001.

  • История Казахстана: белые пятна (сборник статей). Алма-Ата,1991.

  • История Казахстана. С древнейших времен до наших дней . т. 1,2. Алматы, 1996.

  • Кан Г. История Казахстана. Алматы, 2002.

  • Қазахстан тарихы 1,2,3-томдар. Алматы,1996,1998,2002.

  • Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

  • Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1-4 томдар. Алматы, 2016.

  • Қазақтар. I-IXтом. Алматы, 1998.

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2017.

  • Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992.

  • Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. 1,2-кітап. Алматы,1998.

  • Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылым не дейді? Алматы,1993.

  • Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы, 1995.

  • Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі, Алматы, 1994.

  • Мусин Ч. Қазақстан тарихы.Алматы, 1975.

  • Сүлейменов О.О. Азия. Алматы, 2000.

  • Назарбаев Н.Ә.Әділеттің ақ жолы. Алматы, 1991.

  • Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992.



- Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы- қоғамының идеялық бірлігінде. Алматы, 1993.

- Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996.

- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- 2030, Алматы, 1997.

- Назарбаев Н.Ә. Қалың елім, қазағым. Алматы, 1998.

- Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы, 1999.

- Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жол. Алматы, 2003.

- Нысанбаев Ә. Қазақстан.Демократия. Рухани жаңғыру. Алматы, 1999.

- Рыспаев К. История Республики Казхстан. Алматы, 2002.

- Өмірзақов Ө.Ресейге қосылғаннан не ұттық? Алматы, 2003.

- Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың. Алматы,1998.

- Шегало Н.Б. История очество . Москва, 1998.

- Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана. Алматы, 2003.

- Ысқақов Б. Ұмытылмас есімдер. Алматы,2016.

- ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына әр жылдардағы Жолдауы.













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
27 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
3795
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі