жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақстан тарихы пәнінен қысқа мерзімді жоспар
|
Бекітілді: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сариев Б.А Сынып:6 Пәні: Қазақстан тарихы |
|||||
|
Сабақ тақырыбы |
Түркі әлемі қалыптасуының басталуы. |
||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
6.1.1.1.-түркі тілдес тайпаларды атап, оларды картада территориялық орналасуын көрсету. 6.3.2.1.-тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын түсіндіру; |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар:- Әр түрлі тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграция үдерістерін оқып біледі.Оқушылардың басым бөлігі:- Түркі тілдес тайпаларды атап, олардың территориялық орналасуын картадан көрсетеді;Кейбір оқушылар:- Түркі халықтарының миграциясы нәтижесіндегі саяси, экономикалық, этникалық, мәдени өзгерістерін жіктейді; |
||||
|
Бағалау критерийі |
-тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграциясын үдерістерін біледі (білу, түсіну)-Түркі тілдес тайпаларды атап, олардың территориялық орналасуын картада көрсету арқылы сипаттама береді (қолдану)- Түркі халықтарының миграциясы нәтижесіндегі саяси, экономикалық, этникалық, мәдени өзгерістерін жіктейді (талдау, жинақтау) |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты лексика мен терминологияМиграция, ассимиляция, саяси өзгерістер, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелер. Мәтіндегі негізгі ойды бірлесе оқиды, оқушылар түркі тілдес тайпалардың миграциясына сипаттама жазады. Ойларын ортаға салады және өз пікірлерін айтады. (тыңдалым- айтылым, оқылым-жазылым:) |
||||
|
Құндылықтарға баулу |
-Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық. |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
География, дүние жүзі тарихы пәндерінен алған білімдерін картамен жұмыс жасау барысында пайдаланады. |
||||
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Сөзжұмбақ1.552 жылы жужандар әскерін кімдер талқандады? түріктер2.он мың әскерді кім басқарды? түмен3.704-756 ж. өмір сүрген қағанат. Түргеш4. Түргеш қағанатының негізін қалаушысы кім? Үшлік5.Түріктердің баспанасы . Киіз үй6. Қимақтар неге табынды? Тәңір |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Оқушыларды түгендеу, «Шаттық шеңбер» құру арқылы психологиялық жағымды ахуал тудыру.Бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.«Түстер» арқылы үш топқа бөлінеді.1-топ. «Қызыл»2-топ. «Жасыл»3-топ. «Сары»Оқушылардың зейінін сабаққа аударып, жаңа тақырыпты ашу мақсатында интербелсенді тақтада бейнежазба көрсетемін. Ой-шақыру. Оқушыларға сұрақ: Осы бейнежазбадан не көрдіңіздер соны картадан көрсетіңіздер.Оқушылар картадан түрік мемлекеттердің жер аумағын көрсетеді.Талқылаудан кейін бүгінгі жаңа сабақпен сабақтастыру.Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттары таныстырылады. |
Оқулық 6-сынып (жоба) |
|||
|
Сабақтың ортасы 1 тапсырма: 10 минут 2-тапсырма: 10 минут Сергіту сәті 5 мин 3 тапсырма 5 мин |
2-ші тапсырма. Т Әр топқа түркілер туралы жеке тапсырма беріледі. І топ: түркілердің шаруашылығы; ІІ топ: түркілердің дүниетанымы Зерттеу барысында келесі сұрақтарды қарастырылады: 1. көшпелі халықтың өмір сүру салтының артықшылығы неде? 2. көшпелілердің діни наным сенімдері қандай? 3. көшпелілердің шаруашылығы мен діни наным сенімдері негізінде қандай тұжырымға келуге болады? Бүгінгі күнде оның қандай ұлттық құндылығы бар? Дифференциация: Оқушыларға берілген тапсырма бойынша қорғау форматын таңдауға мүмкіндік беріледі(презентация, постер, көрме т.б.) Бағалау. Топтар құрастырған критерийлер бойынша өзара бағалайды. Критерийлер үлгісі: -тақырыпты ашуы; -дәлелдер келтіруі; -креативтілік. «Көшпелі өркениеттің жетістіктері қандай болды?» сұрағына әрбір оқушы өз ойын білдіріп, топтық жұмысқа қорытынды жасалады. Жеке жұмыс Тапсырма 1.Қытай және араб деректерінен келтірілетін үзіндімен авторымен немесе тайпа атауымен сәйкестендіру. Абу Дулаф аль-Хазраджи, Х ғасыр Оғыз тайпасы туралы. А «Үйлерін теріден жасайды. Сарыбұршақ, қой және ешкі етін жейді. Жүзім өсіреді, оның бір жағы – ақ, екінші жағы – қара болып келеді. Магнит таспен жауын шақырады, қар жаудырады. Жазу жазатын ерекше қаламдары бар». 2.Қарлұқтар тайпасы туралы. B «Түркістан аймағындағы қойлар мен ешкілер басқа ешбір жерде кездеспейді. Онда бір қой жылына алты-жеті қозы береді. Қойларының терілері өте құнды. Бір терінің бағасы төрт динардан екі динарға дейін сатылады. Терінің тазалығы, түсі, әдемілігіне қарай бағасы шарықтай түседі». «Түркістан аймағындағы ең танымал қала – Испиджаб болып табылады. Қала тегіс жерде орналасқан. Ол медина, цитадель, рабадтан тұрады. Цитадель қираған». «Қаланың ғимараттары саздан салынған. Халық медина мен рабадта тұрады. Ішкі медина мен рабад дуалмен қоршалған. Рабадта бақтар мен су арналары бар». «Базарлар мединада орналасқан. Басқару үйі, түрме, мұнаралы мешіт ішкі мединада орналасқан. Бұл өте бай және кең қала болып табылады». 3.Жікіл тайпасы туралы. C «Суяб қаласына келдік. Онда түркілердің жабғу-қағанының кездестірдік, ол аңшылыққа шыққан екен. Қаған жасыл жібекті шапан киген. Жалаңбас екен, бірақ басына бір чжан (3,2 м) байлау таққан. Қағанмен бірге 200 жуық тархан еріп жүр. Тархандар қамқа тон киіп, шаштарын өріп қоя берген. Жауынгерлердің қолында айбалта, ту, садақ. Қаған алтын түспен сәнделген киіз үйде тұрады екен. Аңшылықтан үш күннен кейін келді. Қаған алдына дастархан жайылды. Оның екі жағына тархандары жайғасты. Қаған көшпелілердің билеушісі дегені болмаса, құрмет пен адалдық сенімін тудырады. Қаған ордасында әр елдің саудагерлері мен соғдылықтар аралас өмір сүреді. Суябтан батысқа қарай қалалар орналасқан. Олар өзара тәуелсіз болып келеді, қалалар бір-біріне бағынбайды. Әрқайсысының жеке билеушісі бар. Қала билеушірінің түгелі түркі қағанына бағынады. болады». 4.Кимек тайпасы туралы D «Қаласы тастан, ағаштан салынған. Патшалары халыққа салық салып, алым жинайды. Үндістан және Син мемлекеттерімен сауда жүргізеді. Бидайды асқа қолданады, олардың елінде көкеністер жоқ. Теріден және кендірден киім киеді, бірақ жүннен емес». 5.Ибн Хаукал, Х ғасыр E «Қарлұқтар асбұршақ, чечевицаны жейді. Киімдері жүннен жасалған. Ғибадатханалары бар, оның қабырғаларында патшаларының суреттері салынған. Ғибадатханалары жанбайтын ағаштан салынған». 6.Сюань Цзан(VІІ ғасырдың 30-жылдары): F «Олар арпа, сарыбұршақ, еттен тек қана қой етін жейді. Түйені соймайды, сиырды мүлдем өсірмейді. Онда маңдайында мүйізі бар сиыр текті жануарларды кездестіруге болады. Тапсырма:Тарихи диктант. Сөйлемдерді толықтыр. 1. Түріктер ....табынды. 2. Түріктер ... сиынды. 3. Түріктерде ...әулие ана деп табынды. 4.....Балшықтан жасалған, қызыл сырмен боялған будда мүсіндері табылды. 5. Киіз үйге ұқсас құрылыс жүйесі... деп аталды. Қажетті сөздер:Дың ескерткіші, Жетісу қалалары отқа, көк бөрі аспан әлемі, көк, тәңір Ұмай ана Сабақты бекіту: Тақырыптың түйінді сөздері Келтірілген сөздердің қайсысы ____ жатады? Сөздер банкі Біздің тақырып М Оқушыларға «миграция» ұғымын және оның ерікті әрі мәжбүрлі болатынын, сонымен қатар «этнос», «миграция», ұғымдарын түсіндіру. Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.1.Топтарға тапсырмаМәтіндегі деректі қолдана отырып, әр топ өз тайпасының көші-қон бағыттарын анықтайды және олардың территориялық орналасуын картаға түсіреді. І топ – қарлұқ тайпаларының орналасқан жерін анықтап, территориясын картаға түсіреді.ІІ топ - оғыз тайпаларының орналасқан жерін анықтап, территориясын картаға түсіреді.IІІ топ - қимақ тайпаларының орналасқан жерін анықтап, территориясын картаға түсіреді.Критерийлер: -тақырыптың ашылуы;-дәлелдер келтіруі;-ойын нақты жеткізуі.Бағалау. Әр топ өз жұмысын сынып алдында қорғайды. Топтап бірін бірі «бас бармақ» арқылы бағалайды. 2. Тапсырма: Жеке дәптермен жұмыс.Түркі халықтарының миграциясы нәтижесіндегі саяси, экономикалық, этникалық, мәдени өзгерістерін жіктеу.1.Миграция нәтижесіндегі саяси өзгерістер.2.Миграция нәтижесіндегі экономикалық өзгерістер.3.Миграция нәтижесіндегі этникалық өзгерістер.4.Миграция нәтижесіндегі мәдени өзгерістер. Дескриптор1.Саяси өзгерістерді анықтайды2. Экономикалық өзгерістерді анықтайды.3.Этникалық өзгерістерді анықтайды4.Мәдени өзгерістерді анықтайды 3. Тапсырма «Кластер» әдісі |
|
|||
|
Сабақтың соңы 10 минут |
Критерий бойынша өзін-өзі «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша оқушылардан кері байланыс алу.Оқушыларды бағалауҮй тапсырмасы: Қарахан мемлекеті 53 бет. |
парақша |
|||
|
Оқушылардың шығармашылық қабілеті ескеріліп, 3-ші тапсырманың орындалуын форматын өздері таңдады. Тілдік қабілеті жоғары оқушылар басқаларға қолдау көрсету үшін топтарда тиімді орналастыруды қадағалау. Мұғалімнің кері байланысы; Топтардың өзара бағалауы; Жұптардың өзара бағалауы; Өзін-өзі бағалауы Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасайды. Берілген мәтіндерде талапқа сай шрифтің өлшемі сақталынды |
Тапсырмаға құрылған дескритор, критерий арқылы, топтар бір- біріне кері байланысты геометриялық фигуралармен бағалайды |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау Сергіту сәті |
|||
|
Рефлексия |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||
|
Қорытынды бағалау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1:2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта аллды (оқытуы да, оқуды да ескеріңіз)? 1:2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген