400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан тарихынан квест ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы пәнінен 6 сыныптарға арналған квест ойыны
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тарихы пәнінен 6а-6б сыныптарға арналған квест ойыны


Тақырыбы: БАБАЛАР ІЗІМЕН

Мақсаты:

Қазақстан тарихының маңызды оқиғалары мен тұлғаларын таныстыру;

Оқушылардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту;

Командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

Формат:

Квест бірнеше кезеңнен тұрады. Әр кезеңде оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жасырылған келесі сұрақтың орнын картадан табады. Квест мектеп аумағында немесе сынып ішінде ұйымдастырылады.

Квесттің кезеңдері және ұйымдастыру жоспары

1-кезең: “Тарихтың бастауы”. (Спорт зал)

Сұрақ:

  • Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Шығыстың ғұлама ойшылы (Ә.Н Әл-Фараби)

  • Тас дәуірі неше кезеңге бөлінеді? (Палеолит,мезолит,неолит)

Бағыттауыш:Картада келесі нүктенің орналасқан жері көрсетіледі.

2-кезең: “Ұлы дала хандары” (207 кабинет)

Тапсырма:Қазақ хандығының құрылуы мен хандары туралы сұрақтарға жауап беру қажет.

Сұрақ:

• Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? (Керей, Жәнібек)

• Қазақ хандығы қай жылы құрылды? (1465ж)

Бағыттауыш:Сұраққа дұрыс жауап берген соң, картада келесі сұрақ жасырылған орынды табу керек .

3-кезең: “Адасқан әріптер құпиясы” (Психолог кабинеті)

Тапсырма:Оқушыларға тарихқа қатысты сұрақтар беріледі. Сұрақтарға жауап беру арқылы келесі нүктені анықтайды.

Сұрақ:Мына әріптерден сөздер құрастыр.

1.РХЕАГИЯОЛО-заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым.

2.ТРОЕПФЛИГ- тас,жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған сурет.

Бағыттауыш:Сұрақ жасырылған орынды картадан анықтайды (Файе).

4-кезең: “Батырлар ізін басқан” (Файе)

Тапсырма:Оқушыларға түрік қағанаты қатысты жұмбақ сұрақтар беріледі.

Сұрақ мысалдары:

«Бұдун, тат» сөздерінің мағынасы. Жауабы: «Халық, құл».

  • Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп кімге табынған. Жауабы: Ұмай анаға.

Бағыттауыш:Спорт зал.

5-кезең: “Тарихи құпияны ашу” (Қорытынды кезең)

Тапсырма:

Әр кезеңде жинаған дұрыс жауаптары үшін оқушыларға жеке әріптер беріледі. Соңғы кезеңде сол әріптерден Қазақстан тарихына қатысты сөз құрастыру қажет “Тарих”.

Қорытынды:

Барлық кезеңнен өтіп, дұрыс жауап берген команда жеңімпаз атанады.

Қосымша ақпарат








































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
06.12.2024
418
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі