Материалдар / Қазақстан тарихынан олимпиадаға дайындық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан тарихынан олимпиадаға дайындық

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сыныпқа арналған тапсырмалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
666
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

стр. 13

7-сынып

«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылы. 1723 жыл.

«Алаш» сөзі шамамен алғаш рет қолданыла бастады: ІХ-Х ғасырларда.

«Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл – біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» деп айтылған Жүсіп Баласағұнның еңбегі. «Құтадғу білік».

«Дешті уәләяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді» деп жазды: Өтеміс қажы «Шыңғыснама».

«Ер Көкше», «Базар дулат» поэмалары жазылған тіл. Керейлер тілі.

«Жами ат-тауарих» шығармасының авторы. Қадырғали Жалаири.

«Жастығымда бейнет бер, Қартайғанда дәулет бер» деп айтылады: Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік».

«Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңеске жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылған: Қарусыз келген адам.

«Жеті жарғы» бойынша хан: Барлық ру бірлестігінің басшысы.

«Жеті жарғы» бойынша хан: Бас қолбасшы болды.

«Жеті жарғыны» жасауға қатысқан билер: Ұлы жүзден-Төле би, Орта жүзден Қазыбек би, Кіші жүзден Әйтеке би.

«Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері» деп айтқан ғалым. Ш.Уәлиханов.

«Қазақ» («еркін адамдар») сөзі этникалық мағынаға ие бола бастайды: XIV ғасырдан бастап.

«Қазақ» атауы ІХ-Х ғасырларда әлеуметтік мағынада қолданылды: Шығыс Дешті-Қыпшақ.

«Қазақ» сөзі көне түрік дәуірінде пайда болып, ХІІІ ғасырға дейін қолданылып келген мағынасы. «Еркін адамдар».

«Қазақ» сөзі ХІІІ ғасырдағы хорасан түркімендері арасында кездесетіні жайында айтқан тарихшы. Б.Е.Көмеков.

«Қазақ» сөзіне «еркін», «кезбе» деген түсіндірме берілген: «Араб-қыпшақ» сөздігінде.

«Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен» деп айтқан: Плано Карпини.

«Қарлұқтар тұрған аймақ... халық неғұрлым жиі қоныстанған және ең бай жерлер» деп айтылады: «Худуд әл-алам».

«Қорқыт ата», «Оғызнама» шығармалары қағазға түсе бастады: ХІ ғасырдан бастап.

«Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) аталған кең байтақ өлкенің алып жатқан территориясы. Алтайдан Еділге дейінгі аралық.

«Монғол жеріндегі ІХ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел. Олар тек Шыңғысхан ... әсерінен әлсіреді» деп айтқан: Рашид ад-Дин.

«Монғолдың құпия шежіресінде» айтылады: Керей хандығы мен монғол тайпаларының қарым-қатынасы.

«Оғызнаманы» XVII ғасырда толық жазып қалдырған: Әбілғазы хан.

«Отырар апаты» болған жыл. 1218 жыл.

«Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы», «Шайбани ұлысы» деген терминдер: Әбілқайыр хандығына тән.

«Тарих-и Абулхайр-хани» кітабының авторы. Масуд ибн Усман Кухистани

«Тарих-и Рашидидің» авторы: Мұхаммед Хайдар Дулати:

«Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын, олармен осы жерлердің тұрғындары арасында қарым-қатынас болмасын» деп жарлық шығарды: Мұхаммед Шайбани.

«Түрік» этнонимі қытай жылнамаларында кездесе бастаған жыл. 542 жыл.

«Шыңғыснама» кітабының авторы. Өтеміс қажы.

1089 жылы Қарахан жеріне басып кірді: Салжұқ сұлтаны Мәлік шах.

1143 жылы Елюй Дашы қаза тапқан соң оның орнына келді: Әйелі Табуян.

1208 жылы қарақытайлар жеңіледі: Наймандардан.

1211-1215 жылдары Шыңғысхан әскері Қытайды басып алған соң ие болған қарулар. От лақтырып өрт шығаратын соғыс техникасын қолға түсірді.

1379 жылы Тоқтамыс Темір-Мәлікті жеңіп басып алған қала. Сығанақ.

1379 жылы Тоқтамыс Темір-Мәлікті жеңіп, Сығанақты басып алғаннан кейін: Тоқтамыс күшейе бастайды.

1456-1457 жылдары Әбілқайыр хан ойраттардан жеңіледі: Сығанақ түбінде.

1490 жылы Азов қаласында туған жырау. Доспамбет жырау.

1510 жылы Шайбани хан Иран шахымен болған шайқаста қаза тапқаннан кейінгі жағдай: Шайбан ұрпақтарының арасында билік үшін күрес күшейді.

1570 жылдардың аяғында Хақазар ханның билігінде қалды: Жетісудың батыс бөлігі.

1583 жылы Тәуекел хан Абдаллах хандығына шабуыл жасап басып алған қалалар: Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам.

1584 жылы ұрыста Ермакты жеңген батыр. Сәтбек.

1597-1598 жылдың қысында Абдаллах хан мен оның баласының арасындағы қайшылықты тиімді пайдаланған Тәуекел хан Абдаллах әскерін жеңді: Ташкент түбінде.

1603 жылы бірінші қазақ-бұхар соғысы өткен жер. Айғыржар.

1627 жылы ең соңғы қазақ-бұхар шайқасында қазақтар көбінесе шектелген соғыс тәсілі. Қорғанысты шайқас.

1627 жылы қазақ-бұхар шайқасында Есім ханды жеңіске жеткізді: Ұтымды соғыс тәсілі.

1694 жылы ІПетрмен елші Аталықов арқылы сауда байланысын жасаған. Тәуке хан.

1710 жылы қазақ жүздерінің өкілдері бас қосып жау шабуылын тойтару мәселесін талқылау үшін жиналған жер. Қарақұм маңы.

1710 жылы қазақ жүздерінің өкілдерінің Қарақұм маңында бас қосып талқылаған мәселесі: Жау шабуылын тойтару.

1724-1725 жылдары жоңғар феодалдары басып алып, талан-таражға ұшыратқан қала. Түркістан мен Ташкент.

1728 жылы қазақ жасақтары жоңғар әскеріне күйрете соққы берге жер. Бұланты.

568 жылы Түрік қағанаты мен Византия мемлекеті: Иранға қарсы одақ құрды.

751 жылы Атлах маңындағы түргештер мен қытайлар арасындағы шайқастың нәтижесі. Қытайлар Жетісудан біржола кетті.

965 жылы (Х ғасыр) оғыздар одақ құрған мемлекет. Киев Русі. (Хазарларға қарсы)

VII ғасырдың аяғы – VIII ғасырдың басында салыңған будда дінінің ғибадатханасы табылған ортағасырлық қала. Ақбешім.

VII ғасырдың басында қимақтар мекендеген өлке. Монғолияның солтүстік-батысы.

VIII-IX түрік жазуын ығыстырды: Ислам дінінің ықпалы және араб жазуы.

VII-IX ғасырларға жататын әдеби шығармалар: «Қорқыт ата», «Оғызнама».

VII-VIII ғасырларда басталып бітпей қалған ғимарат. Ақыртас.

VI-IX ғасырларда Қазақстанның қалалық мәдениет дамыған өңірі. Жетісу.

VI-IX ғасырларда салынған Мырзашөл сардобасының жобасы. Киіз үйге ұқсас.

VIІ ғасырдың басындағы қытайдың «Таньшу» хроникасында көрсетілетін қарлұқтардың құрамындағы тайпалар: Бұлақ, жікіл, ташлық.

XIII-XV ғасырларда дамыған ауызша поэзияның белгілі өкілдері. Асан Қайғы, Кетбұға.

XIII-XV ғасырларда қазақ халқының өмірінде музыканың айырықша орын алатынын жазып қалдырған: Якуб.

XIV ғасырға дейінгі Түркістан қаласының атауы. Йасы.

XIV ғасырдың аяғында XV ғасырдың бірінші жартысында қазақ деген этносаяси қауымдастықтың болғандығы айтады: Рузбихан.

XIV ғасырларда исламның таралуына қатты көңіл бөлінді: Өзбек хан мен Моғол ханы Тоғылық-Темір билігі кезінде.

XIV-XV ғасырлар аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша үлгісі. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі.

XIV-XV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты ескерткіштері: Алаша хан кесенесі, Жошы хан кесенесі.

XIV-XV ғасырларда жазылған Дурбектің шығармасы. «Жүсіп-Зылиха».

XIV-XV ғасырларда жазылған өзбек ақыны Хорезмидің туындысы. «Мухаббатнама».

XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды. Оның ғылыми атауы. Фольклор.

XIV-XV ғасырларда Қазақстанда шаруашылықтың басты саласы. Мал шаруашылығы.

XIV-XV ғасырларда Қазақстандағы материалдық игіліктер негізделді: Мал басынан алынатын шикізатқа.

XIV-XV ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған туынды. «Оғызнама».

XIV-XV ғасырларда салынған ірі архитектуралық құрылыс. Дәуітбек кесенесі.

XIV-XV ғасырларда сәулет өнерінде жетілдірілген жаңа үлгі. Күмбез-шатыр жүйесі.

XIV-XV ғасырлардағы белгілі эпостық жыр: «Қобыланды жыры».

XIV-XV ғасырлардағы еңбектердің ішіндегі халықаралық қатынастары сөздік ретінде пайдаланылғаны: «Кодекс куманикус».

XIV-XV ғасырлардағы жазбаша әдебиет туындысы. «Оғызнама».

XIV-XV ғасырлардан бері келе жатқан тәрбиелік мәні зор ертегі: «Жоямерген», «Жерден шыққан Желім».

XV ғасырда Қазақ хандығының экономикалық жағынан күшеюіне жол бермеуге ұмтылған: Мұхаммед Шайбани.

XV ғасырдағы қазақ халқының ауа көшуінің себебі: Ру-тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру.

XV ғасырдың 50-70 жылдары Әбілқайыр хандығынан бөлініп Керей, Жәнібек сұлтандардың қоластына көшіп келген халықтың саны: 200 мың.

XV ғасырдың 70-жылдарында Қазақ хандарының басып алған жерлері. Сырдария бойы мен Қаратау өңірі.

XV ғасырдың аяғында Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып әлемге танытты: Сыр бойындағы қалалар.

XV ғасырдың бас кезін Қазақ хандығының тағына отырған Жәнібек ханның ұлы: Қасым.

XV ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының кеңеюі мен нығаюына белсене араласып, өзі елін алыс-жақын елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға. Қасым хан.

XV ғасырдың басында Ақ Орда мемлекеті ыдырап оның орнына құрылды: Әбілқайыр хандығы.

XV ғасырдың екінші жартысында салынған, жартылай сақталған ескерткіш: Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі.

XV ғасырдың екінші жартысындағы қазақ хандығының негізгі қарсыласы. Шайбани хан.

XV ғасырларда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар ықпал етті: Қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына.

XVI ғасырдың аяғында Жетісу қазақтарының жағдайының ауырлай түсуінің себебі: Ойраттардың тонаушылық жорықтарының жиілеуі.

XVI ғасырдың аяғындағы Тәуекел хан мен Өзбек хандарының арасындағы шайқастың нәтижесі: Екі жағы да хансыз қалған Өзбек хандығы мен Қазақ хандығы соғысты тоқтату шартына қол қойды.

XVI ғасырдың орта шенінде қазақтарға қарсы Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтарының жиілеуі себеп болды: Хақназар ханның Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертуге.

XVI ғасырдың орта шенінде қазақтарға қарсы Сібір ханы мен Моғолстан билеушілерінің шапқыншылық жорықтарының жиілеуі себебінен Хақназар хан: Шайбани әулетімен қатынас орнатуға ұмтылды.

XVI ғасырдың ортасында жазылған «Шыңғыснама» шығармасының авторы. Өтеміс қажы.

XVI ғасырдың ортасында Жайық пен Еділ бойындағы шайқастан кейін Қазақ хандығы қосып алды: Ноғай ордасын.

XVII ғасырдағы Тұрсын ханның сенімді тірегі. Саны көп, айбынды қатаған руы.

XVII ғасырдан Ұлы Жібек жолының қатынасының әлсіреуіне себеп. Теңіз жолдарының ашылуы.

XVII ғасырдың 70-жылдары Жоңғар әскерлері басып алған қалалар саны. Тоғыз қала.

XVII ғасырдың басында өзін тәуелсіз хан етіп жариялап, Ташкент қаласын астана етті: Тұрсын хан.

XVII ғасырдың басындағы (Есім хан кезіндегі) Қазақ хандығындағы билік жүйесінде: Екі хан билік құрды.

XVII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығына өткен Түркістан Осы хандықтың: Астанасы.

XVII ғасырдың ортасында Жоңғар мемлекетінің күш-қуатының біршама артуына себеп болған қоңтайшы: Батыр.

XVII ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақ мемлекетінде ұлы ханның билігін әлсіретіп, ішкі-сыртқы саясатта беделін түсірген: Кіші хандардың дара билік жүргізуі.

XVI-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының таза малмен айналысатын түрі: Көшпелі.

XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығындағы екі әлеуметтік топ. Феодалдар және қарапайым адамдар.

XV-XVII ғасырларда Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде әдеби тіл ретінде қолданылған тіл. Қыпшақ тілі.

Абдаллах өлген соң Тәуекел ханның Мауаранннахрға басып кірген жыл. 1598 жыл.

Адамның шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыру. Тотем.

Ақ Орда Алтын Ордадан біржолата бөліне бастайды. XIV ғасырдың екінші ширегі.

Ақ Орда мемлекетін: Темір шапқыншылығы әлсіретті.

Ақ Орда мемлекетінің астанасы. Сығанақ.

Ақ Орда өмір сүруін тоқтатты. XV ғасырдың басында.

Ақ Орданың аумағы қамтыған жерлер. Орда Ежен мен Шайбан хандарының жері.

Ақ Орданың билігін өзі қолына алып мемлекеттің күш-қуатын нығайтады. Ұрұс хан.

Ақ Орданың орнына құрылды: Әбілқайыр хандығы.

Ақ Орданың соңғы ханы. Барақ.

Алаша хан кесенесінің қабырғалары: Сыртқы жағынан кереге көзді кілем тәрізді.

Алтын орда дәуірінен бері келе жатқан күйлер: «Жошы ханның жортуы», «Сағыныш».

Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр. «Ер Тарғын», «Орақ-Мамай».

Алтын Ордада әскери істерге басшылық жасады. Беклер бек.

Алтын Ордада ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Өзбек хан.

Алтын Ордада уәзір билік жүргізген сала. Азаматтық істер.

Алтын Орданы құрған хан. Батый хан.

Алтын Орданың әлсіреуі нәтижесінде: Ноғай Ордасы құрылды.

Алтын Орданың орталығы. Сарай-Бату қаласы.

Арабтар ашық майданға түсуден, соғысудан сескенген Түргеш қағаны. Сұлу.

Арабтардың «дін үшін соғыс» ұранымен көрші елдерді жаулап ала бастауы. 633 жыл.

Арабтардың Орта Азияның бірқатар аймақтары мен Қазақстанның оңтүстігіне басып кірген уақыты. 737-748 жылдар.

Арыстан баб кесенесіндегі бөлме саны: Екі бөлме.

Арыстан баб кесенесінің құлап қалған күмбезін XIV ғасырларда қайта салғызған: Әмір Темір.

Ахмет Йасауйдің Бұхара қаласында білім алған кездегі ұстазы. Юсуф Хамадани.

Ахмет Иүгнекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі жазылған тіл. Қарахан халқына түсінікті түрік тілінде.

Ахмет Иүгнекидің бізге жеткен еңбегі. «Ақиқат сыйы».

Аягөз маңында қазақтар мен жоңғарлар арасында үш күнге созылған күрес болған жыл. 1718 жыл.

Әбу Наср әл-Фараби Отырар қаласында осы тілде білім алды: Қыпшақ тілінде.

Әбу Наср әл-Фараби өзі шығармаларын жазған тіл. Араб тілі.

Әбу Наср әл-Фарабидің өмір сүрген уақыты. 870-950 жылдар.

Әбу Наср әл-Фарабидің туған жері. Фараб аймағындағы Отырар қаласы.

Әбілқайыр хандығы негізгі үш халықтан – шайбанилерден, қарақалпақтардан, қазақтардан тұрған. Олардың ішіндегі ең көбі және ержүректері қазақтар деп айтты: Тарихшы Рузбихан.

Әбілқайыр хандығы өмір сүрді: 1428-1468 жылдары.

Әбілқайыр хандығындағы ру-тайпаның саны. 92 ру-тайпа.

Әбілқайыр хандығының территориясы. Шығыс Дешті-Қыпшақ.

Әбілқайыр ханның Сығанақ түбінде ойраттардан жеңілген уақыты: 1456-1457 жылдар.

Әл-Бирунидің айтуынша оғыздар көшіп жүрді: Ұлытау баурайында.

Әмір Темір 1370 жылы басып алды: Мәуереннахрды.

Әмір Темір 1371-1372 жылдары әскер аттандырады: Моғолстанға.

Әмір Темір 1405 жылы қайтыс болған қала. Отырар.

Әмір Темір мен Ілияс-Қожа ханның арасында «Батпақ шайқасы» болды: 1365 жылы 22 маусымда, Ташкент маңында.

Әмір Темір мен Ілияс-Қожа ханның арасында 1365 жылы 22 маусымда Ташкент қаласының маңында болған шайқас. «Батпақ шайқасы»

Әмір Темір өмір сүрген жылдар: 1336-1405 жылдар.

Әмір Темір шапқыншылығының зардабы. Қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына зардабын тигізеді.

Әмір Темірдің 1391 жылы 18 маусымда Тоқтамыстың әскерімен соғысып жеңген жер. Құндызша.

Әмір Темірдің әскері Терек өзенінің жағасында Тоқтамыстың әскерін жеңді: 1395 жыл.

Әмір Темірдің Қожа Ахмет Йасауи кесенесін салуға бұйрық берген жыл. 1397 жыл.

Әмір Темірдің Моғолстанға

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!