400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан тарихынан қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүние жүзі тарихы, өнер, қазақ әдебиеті пәндерінен алған білімдерін көшпелі өркениетінің жетістіктерін талдау барысында қолданады; Қазақ тілі пәнінен алған білімі мен дағдыларын өз ойын дұрыс жеткізу кезінде пайдаланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді: Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сариев Б.А

Сынып:6 Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақ тақырыбы

Түркілер туралы деректер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.4.1.2 көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау

6.2.1.1 түркілердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты


Түркілердің әскери өнері мен қолданбалы өнерінің жетістіктерін, шаруашылығын сипаттайды

Бағалау критерийі

1. Түркілердің шаруашылығының ерекшеліктерін анықтайды;

2. Түріктердің дүниетанымдық ерекшеліктерін түсінеді

3.Түріктердің дүниетанымын сипаттайды, анықтайды


Тілдік мақсаттар



Түркілердің әскери өнері мен қолданбалы өнерінің жетістіктері, шаруашылығы туралы мәтінмен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы).

Құндылықтарға баулу


Түркілердің мәдени жетістіктерін талдау барысында оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу;

Топтық жұмыс кезінде құрмет пен ынтымақтастық, толеранттылық құндылықтары іске асады.

Пәнаралық байланыс


Дүние жүзі тарихы, өнер, қазақ әдебиеті пәндерінен алған білімдерін көшпелі өркениетінің жетістіктерін талдау барысында қолданады;

Қазақ тілі пәнінен алған білімі мен дағдыларын өз ойын дұрыс жеткізу кезінде пайдаланады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Қазақстан территориясындағы VI – IX ғғ. түркі тайпаларының миграциясын, олардың әлеуметтік құрылымын, қағанаттардың пайда болу тарихын, олардың ішкі және сыртқы саясатын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі

«Мейірімді жүрек» әдісі бойынша оқушыларды сергіту. /1 минут/

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

«Көңіл-күй қоржыны» смайлдары арқылы оқушылардың көңіл күйін білу, сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастыру.

Үй тапсырмасын сұрау.

Т Екі топтың оқушыларына үйге берілген зерттеушілік тапсырмалары бойынша үй тапсырмасы сұралады.Бірінш топқа түркі тайпалары туралы араб деректері екінші топқа қытай деректері беріледі.

1-ші тапсырма.

І топ: қытай деректері

ІІ топ: араб деректері

Әр топ сынып алдында қорғайды.

Бағалау: Мадақтау, жылы шырай таныту

Б Стартер ретінде оқушыларға түркі әскері, дүниетанымы мен шаруашылығына қатысты суреттер топтамасы көрсетіледі.

-Бұл суреттен не көрдіңіздер?

-Суреттер бойынша қандай ой келді?

-Қандай сұрақтар туындады?


Оқушылардың пікірлерін тыңдалып, жаңа тақырыпқа шығу.

Сурет қиындыларын құрастыр арқылы топқа бөлу.


М Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері хабарланады.

Тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсету.

Презентация

Оқулық 6-сынып (жоба)












Сабақтың ортасы


1 тапсырма:

10 минут



2-тапсырма:

10 минут







Сергіту сәті

5 мин


3 тапсырма 5 мин

2-ші тапсырма.

Т Әр топқа түркілер туралы жеке тапсырма беріледі.

І топ: түркілердің шаруашылығы;

ІІ топ: түркілердің дүниетанымы

Зерттеу барысында келесі сұрақтарды қарастырылады:

1. көшпелі халықтың өмір сүру салтының артықшылығы неде?

2. көшпелілердің діни наным сенімдері қандай?

3. көшпелілердің шаруашылығы мен діни наным сенімдері негізінде қандай тұжырымға келуге болады? Бүгінгі күнде оның қандай ұлттық құндылығы бар?

Дифференциация:

Оқушыларға берілген тапсырма бойынша қорғау форматын таңдауға мүмкіндік беріледі(презентация, постер, көрме т.б.)

Бағалау. Топтар құрастырған критерийлер бойынша өзара бағалайды. Критерийлер үлгісі:

-тақырыпты ашуы;

-дәлелдер келтіруі;

-креативтілік.

«Көшпелі өркениеттің жетістіктері қандай болды?» сұрағына әрбір оқушы өз ойын білдіріп, топтық жұмысқа қорытынды жасалады.

Жеке жұмыс Тапсырма

1.Қытай және араб деректерінен келтірілетін үзіндімен авторымен немесе тайпа атауымен сәйкестендіру.

Абу Дулаф аль-Хазраджи, Х ғасыр

Оғыз тайпасы туралы.

А

«Үйлерін теріден жасайды. Сарыбұршақ, қой және ешкі етін жейді. Жүзім өсіреді, оның бір жағы – ақ, екінші жағы – қара болып келеді. Магнит таспен жауын шақырады, қар жаудырады. Жазу жазатын ерекше қаламдары бар».

2.Қарлұқтар тайпасы туралы.

B

«Түркістан аймағындағы қойлар мен ешкілер басқа ешбір жерде кездеспейді. Онда бір қой

жылына алты-жеті қозы береді. Қойларының терілері өте құнды. Бір терінің бағасы төрт динардан екі динарға дейін сатылады. Терінің тазалығы, түсі, әдемілігіне қарай бағасы шарықтай түседі».

«Түркістан аймағындағы ең танымал қала – Испиджаб болып табылады. Қала тегіс жерде орналасқан. Ол медина, цитадель, рабадтан тұрады. Цитадель қираған».

«Қаланың ғимараттары саздан салынған. Халық медина мен рабадта тұрады. Ішкі медина мен рабад дуалмен қоршалған. Рабадта бақтар мен су арналары бар».

«Базарлар мединада орналасқан. Басқару үйі, түрме, мұнаралы мешіт ішкі мединада орналасқан. Бұл өте бай және кең қала болып табылады».

3.Жікіл тайпасы туралы.

C

«Суяб қаласына келдік. Онда түркілердің жабғу-қағанының кездестірдік, ол аңшылыққа шыққан екен. Қаған жасыл жібекті шапан киген. Жалаңбас екен, бірақ басына бір чжан (3,2 м) байлау таққан. Қағанмен бірге 200 жуық тархан еріп жүр. Тархандар қамқа тон киіп, шаштарын өріп қоя берген. Жауынгерлердің қолында айбалта, ту, садақ. Қаған алтын түспен сәнделген киіз үйде тұрады екен. Аңшылықтан үш күннен кейін келді. Қаған алдына дастархан жайылды. Оның екі жағына тархандары жайғасты. Қаған көшпелілердің билеушісі дегені болмаса, құрмет пен адалдық сенімін тудырады. Қаған ордасында әр елдің саудагерлері мен соғдылықтар аралас өмір сүреді. Суябтан батысқа қарай қалалар орналасқан. Олар өзара тәуелсіз болып келеді, қалалар бір-біріне бағынбайды. Әрқайсысының жеке билеушісі бар. Қала билеушірінің түгелі түркі қағанына бағынады. болады».

4.Кимек тайпасы туралы

D «Қаласы тастан, ағаштан салынған. Патшалары халыққа салық салып, алым жинайды. Үндістан және Син мемлекеттерімен сауда жүргізеді. Бидайды асқа қолданады, олардың елінде көкеністер жоқ. Теріден және кендірден киім киеді, бірақ жүннен емес».

5.Ибн Хаукал, Х ғасыр

E «Қарлұқтар асбұршақ, чечевицаны жейді. Киімдері жүннен жасалған. Ғибадатханалары бар, оның қабырғаларында патшаларының суреттері салынған. Ғибадатханалары жанбайтын ағаштан салынған».

6.Сюань Цзан(VІІ ғасырдың 30-жылдары):

F «Олар арпа, сарыбұршақ, еттен тек қана қой етін жейді. Түйені соймайды, сиырды мүлдем өсірмейді. Онда маңдайында мүйізі бар сиыр текті жануарларды кездестіруге болады.

Тапсырма:Тарихи диктант. Сөйлемдерді толықтыр.

1. Түріктер ....табынды.

2. Түріктер ... сиынды.

3. Түріктерде ...әулие ана деп табынды.

4.....Балшықтан жасалған, қызыл сырмен боялған будда мүсіндері табылды.

5. Киіз үйге ұқсас құрылыс жүйесі... деп аталды.

Қажетті сөздер:Дың ескерткіші, Жетісу қалалары отқа, көк бөрі аспан әлемі, көк, тәңір Ұмай ана

Сабақты бекіту:

Тақырыптың түйінді сөздері

Келтірілген сөздердің қайсысы ____ жатады?

Сөздер банкі Біздің тақырып

Рисунок 1

Дескриптор:

  1. Кимақтардың өмір сүрген уақытын біледі.

  2. Қимақтардың тарихын зерттегендерді айтады.

  3. Қимақтардың орналасқан жерін, астаналарын картаға түсіреді



























Сабақтың соңы

10 минут


Рефлексия пирамидасы

1.Есте сақтау керек бір нәрсе

2.Білгіңіз келетін екі нәрсе

3.Бұрыннан білетін үш нәрсе

4.Сіз үйренген төрт нәрсе


парақша

Оқушылардың шығармашылық қабілеті ескеріліп, 3-ші тапсырманың орындалуын форматын өздері таңдады.

Тілдік қабілеті жоғары оқушылар басқаларға қолдау көрсету үшін топтарда тиімді орналастыруды қадағалау.

Мұғалімнің кері байланысы; Топтардың өзара бағалауы;

Жұптардың өзара бағалауы;

Өзін-өзі бағалауы

Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасайды.

Берілген мәтіндерде талапқа сай шрифтің өлшемі сақталынды

Тапсырмаға құрылған дескритор, критерий арқылы, топтар бір- біріне кері байланысты геометриялық фигуралармен бағалайды


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сергіту сәті

Рефлексия


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта аллды (оқытуы да, оқуды да ескеріңіз)?

1:2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
775
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі