400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан татулық мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
1 мамыр " Қазақстан халықтар бірлігі" күніне арналған эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы











Picture 1

Мұхтар Амина







Аты жөні: Мұхтар Амина

Мектебі: Шымкент қаласы №117 жалпы орта мектебі

Мекен жай: Шымкент қаласы Алтынтөбе № 4

Сыныбы: 10

Телефоны: 87071916044

















Қазақ елі татулықтың мекені.


Қазақ елі татулықтың мекені, достықтың мекені. Біз көп халықты құшағын айқара ашып, қонақжай қарсы алатын бейбітшілікте өмір сүретін елміз.Себебі біздің елімізде түрлі ұлттар : орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр, шешен, кәріс, қытай, татар т.б ұлттармен өмір сүреміз. Біз қазақ жеріндегі барша ұлттармен тату- тәтті отбасы секілді күн кешудеміз. Еліміздің қонақжайлылығы соншалық, «таспен атқанды аспен ат» деп ата бабаларымыз айтып кеткендей, дұшпанымызға да құшақ жаятын халықпыз. Қазақ елі өзінің қонақжайлылығын, мейірімділігін, адамгершілігін, достыққа адал екендігін , баяғыдан қанға сіңген қасиет екендігін көрсете білді. Қазақ тілінде , қаны таза қазақта ерліктің, жігердің нышаны, сонымен қоймай қонақжайлылықтың , жомарттықтың нышаны байқалады. Иә сондықтан да шығар әр ұлтты бауырындай, туысындай қарайтыны. Барлық ұлт бір отбасының балаларындай, біреуі қиындыққа душар болса , екіншісі көмектеседі. Бүгінгі күнде де сүйіспеншілікпен, бақыт пен қуаныштан, шаттықпен марқайып өмір сүріп жатырмыз. Ол әрине еліміздегі достықтың ізі әрине, бұл еліміздің ауызбіршілігінің арқасы деп ойлаймын

Қазақ халқының басынан ұлт болып қалыптасқалы небір зобалаңдар өтті.Тағдырдың тәлкегіне дауа бар ма, бүкіл тіршілігіміз өзгерді. ---Келешек сендердің қолдарыңда,- дейді ұстазымыз. Бүгін енді ұстазымның сөздерін еске түсіре, алған білімімді негізге ала отырып, жүрекжарды ойымды осы параққа түсіргім келеді.

Иә, уақыт өзгерді. Бүгінгі таңда қазақ халқы өзгелер сияқты өзінің рухани әлеуметтік тіршілігін жаңғырту, жаңарту үстінде. Тарихқа келер болсақ Ресейдің отаршыл саясаты нәтижесінде жерімізге өзге ұлттар түрлі себептермен қоныс аудара бастады. Атап өтсем 1918-25 жылдары тәркіленген орыс кулактары, 1925- 40 жылдары жер аударған саяси сенімсіздер, 1939-44 жылдары депортацияға ұшырап , Қазақстанға көшірілгендер, 1954-59жылдары тың игерушілер және өздігінен келіп, шұрайлы жерлерді қоныстанушылар. Қазақ халқы қиын қыстау заман болса да қоныс аударып келгендерге өздерінің жеп отырған нанымен, ас суымен бөлісіп, өздерінің достық, қонақжайлылық қасиеттерін көрсеткен. Ел бірлігінің маңыздылығы, бүгінде қол жеткізген жетістіктеріміз қазақ еліндегі барлық ұлттардың татулығының, этносаралық ауызбіршіліктің арқасында жүзеге асырылып отыр. Біздің бағымыз да, барымыз да – Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіз елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Ассамблея еліміздегі этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі берекетіне айналды. Бүгінде «1мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні» жылда тойланып келеді. Бұл мереке осындай бақытты елде бейбіт өмір сүріп жатқан халықтардың достығын, тату-тәтті тірлігін көрсетеді. Ынтымақ пен достықтың үлгісін паш ететін « Бірлік мерекесін» барша ұлттар атап өтеді. Олар өзге ұлт болғанымен олар үшін Қазақ жері олардың  кіндік қаны тамған жер. Олар Қазақ елінің ауасымен тыныстап, жүрегінде туған жерім Қазақстан деп санайтындар. Мысалға алар болсам әйгілі Денис Тен. Соның бір сөзі маған қатты әсер етіп еді. «Мен өзімді қазақпын деп санаймын.Себебі мен осында туылдым, өзімді өзге елде елестете алмаймын , деп жүрек тебірентіп айқан сөзі. Әрине одан айрылдық .Оның қазасына бүкіл Қазақстан халқы қайғырды. Былтырғы Арыстағы қайғылы жағдай ше, ол жерде де көптеген ұлттар арыстықтарға көмектесті. Бұл жерде айтпағым қанша ұлтқа бөлінсек те қайғы мұңымыздың бір екенін білдік , достығымыздың берік екеніне тағы да куә болдық. Қазақ қазақ болғалы ұлтқа бөлінбей , руға бөлінбей, елдігімізді танытар болсақ алар асуымыз көп болмақ. Сондықтан да бірлік пен татулық, достық пен ұйымшылдық әрқашан жолдасымыз болса деймін.

Еліміз қазір қиын қыстау кезеңдерді бастан кешуде. Елімізде төтенше жағдай жарияланды. Барша жұртшылық түсіністік танытып жатыр. Осындай кезеңде халықты ауызбіршілікке шақырып,ел еңсесін көтеретін жағдайлар да болып жатыр. Оның ішінде білім саласына ,бізге барлық жағдайда білім алуға түрлі жағдай жасалынып жатыр. Біз қашықтықтан оқысақ та, одан әрі білім алуға ынталанып жатырмыз. Әлеммен бірге біз де даму үстіндеміз. Мен өз еліме көп рахмет айтқым келеді. Себебі мен осындай бейбіт, тыныш мемлекетте өмір сүрудемін. Аллаға шүкір! Біз басқа елдерден кем түспей білім алудамыз. Біз басқа елдермен қарым-қатынас жүргізе отырып, олардан түрлі технологияны үйренудеміз . Менің әлі үйренетінім қаншама. Сол алған білімімді өз елімнің дамуына жұмсаймын. Менде арман мақсат толып жатыр. Елімізді танытып отырған қазақстандықтарды көргенде жүрегім атша тулайды. Мен елім үшін болашақта не істей аламын. Әрине елімнің дамуына өз үлесімді тигізу үшін білімді, креативті, жан жақты дамыған тұлға болуым керек. Мен қалайда биіктерді бағындырып, Қазақ елін барша әлемге танытамын . Мен осы жерде туылдым және қазағымның ауасымен тыныстап жүрмін. Сондықтан әрбір табиғат бөлшегі маған ауадай қажет, алтындай қымбат. Елімнің әрбір тарихи оқиғалары, тарихта болған батырлары маған бір үлгі тұтарлықтай. Әрбір азамат өз елінің тарихын жатқа болмасада білу керек. Себебі тарих ол сенің ата-бабаларыңның тарихы. Біз оларды алтын әріптермен жазуымыз қажет.Ол ғасырлар бойы сақталады. Еш өшпейді, еш өлмейді. Мен өз елімнің тарихын жадымнан шығармаймын. Себебі болашақ ұрпақ бізден өз елінің тарихы туралы сұрайды. Сол кезде білетініміздің барлығын айту менің міндетім. Еліміздің абыройын, ата-бабаларымыздың әрбір сөзін еш есімізден шығармайық. Еліміздің жарқырауына арманы мен мақсаты қиылысқан, кемел келешекке бір көзбен қараған, ынтымағы мен  бірлігі ұштасқан ұлттар болмаса, Тәуелсіз Қазақ елі мұнша жасамас еді деп ойлаймын. Бүгінде әлем елдері қызғана да, қызыға да қарайтын мемлекетіміз көк аспанның астындағы бейбіт өмірінің тұғырын биік ұстауда. Себебі біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы - Қазақстан халқының ортақ тарихы. Ғасырлар бойы тағдыр талайына ұшыраған халықтарды құшағына сыйдыра білген қасиетті Қазақ елі көптеген ұлттардың құтты қонысына айнала білді. Сондықтан да атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың болашағын бірлігімізбен берік етсін. Еліміздегі бірлікті мақтана да, тамсана да ән-жырымызға қосуға болады.Ендеше өз сөзімді мына өлең жолдарыммен қорытындылағым келеді.


Бүгін міне қаламгерлік шабытым шымырланып

Жүрегімде бір дүрсіл тұр дабыл қағып,

Бірлігі туралы елімнің жазбай кетсем,

Тұла бойым тыншымайды жалын қағып.

Қазақ елі татулықтың мекені

Ынтымақты елге бақыт құсы келеді.

Тату тәтті бірге тұрған ұлттардың

Бірлігіне ең бірінші сенімділік керегі


Ант берісіп, туыс болып қалуға

Қиындықтан аман жеттік дамуға

Қазағымның көк байрағын биік ұстар барша ұлт

Елімізде достықтары мәңгі болып қалуда


Жалыным бар ешкім оны сөндірмес,

Тұлғаларым құрған қазақ жерін кім білмес

Елімдегі барша ұлттың баласы,

Жұлдызы биік Қазақ елін сөндірмес.

 




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
2424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі