Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін.Қазақстан үшін,қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді .Халқымыз бостандықты аңсап,Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік-барлы- ғы мыз үшін ерекше қасиетті күн.Қазақ елі-байтақ,бақытты ел.Мен өз еліме тыныштық, жақсылық тілеймін. Қазақстан бағың жансың мәңгілік!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл

1991жыл-еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы.Сол сәт- тен бері міне 30 жыл да өте шықты. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде,азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр.Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса,оны құлатпай сақтап қалуға сон- шалықты күш керек. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық,саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.Қазақстан жас мемлекет бола тұра,көптеген елдерден әлдеқайда алда.Біздің еліміздің жан-жақты дамуы көптеген ұлттар өкілдерінің тұрақтылығы және бейбітшілік тіршілік етуімен байланысты. Өз мемлекетіміз үшін мақтаныш сезіміне бөленіп,біртұтас отбасы сезімін сезінуге,қазір бүкіл дүние жүзі білетін Республика Туын,Елтаңбасын,Әнұранын ардақтап, құрметтеуге тиіспіз.Бір қаламның ұшымен жазылып,барша қауымның жүрегіне орнаған,бір ауыздан айтылып,кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз,ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес,бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі бізге.Жарастығымыздың да,жақсылығымыз- дың да,тыныштығымыздың да қиясы,махаббатымыздың да ұясы-Қазақстан.Талай-талай қас батырлар жанын қиып,қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған,талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз-Қазақстан! Қазақстан-тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Тұтқиылдан түскен мәлімет алаңға жастарды жинады .Аяз қысып,қаһарын төгіп тұрса да,жастар қатарын сиретпеді.Оларды тарату үшін билік бар білген зұлымдығын жасап бақты.Оларға жала жапты.Ұлтшыл,нашақор деп кінә тақты.Қазақ елі Қайрат,Ербол,Ләззат,Сәбира сынды ер жүрек қыз-жігіттерінен айырылды. Егемендік үшін қан төккен аға-апаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтаймыз.Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық.Еліміздің басынан азап та,аштық та,сұм соғыс та өтті.Тәуелсіздік-ұлттық тілдің , дәстүрдің,салт-сананың мызғымас тірегі, күші,алтын діңгегі ,халықтың бақ жұлдызы.Тәуелсіздік-арман!Мен осындай жалауы көкке көтерілген,бейбіт елде туып-өсіп жатқаныма қуанамын. Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемелекетіміздің ұлттық валютасы-теңгені енгізу,көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу,Конституциямызды бекіту бар еді.Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра,бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін.Қазақстан үшін,қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді .Халқымыз бостандықты аңсап,Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік-барлы- ғы мыз үшін ерекше қасиетті күн.Қазақ елі-байтақ,бақытты ел.Мен өз еліме тыныштық, жақсылық тілеймін. Қазақстан бағың жансың мәңгілік!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2022
515
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі